Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Қазақ аруы
    Несиелер: 5

    Пән университеттің символы болып табылады. Пән әрбір студентті тарихы бен ұлттық дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, заманға сай іскерханымның бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Пән әйел бейнесін қыз, әйел, ана, отбасын сақтаушы, көшбасшы-маман ретінде толық аша отырып, қыздарға моральдық-этикалық, эстетикалық тәрбие беру мәселелері мен әдеп мәселелерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында мынандай тақырыптар қарастырылады: Білім - кәсіби қызмет жүйесі және құзыретті маман қалыптастыру нәтижесі ретінде. Әлеуметтік педагог - педагогикалық мамандық ретінде. Тұлға, оның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мәселелері. Әлеуметтік педагогтың негізгі функциялары. Әлеуметтік педагогтың этикалық нормалары мен құндылықтары. Әлеуметтік педагогтың маман ретіндегі құқығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Пән ұлы қазақ философы, ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың ұлттық шығармашылық мұрасын зерттей отырып, студенттерді мәдени-рухани тәрбиелеу арқылы қазақ әйелінің тұлғасын айқындауға бағытталған. Пән ұлы ақынның 175 мерей тойына қарсаңында ұйымдастырылған шараларды қолдау, ақынның шығармашылығын құрметтеу мақсатында 2020 жылы оқу жоспарына енгізілді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өзін-өзі танудың әлеуметтік мәдени негіздері
    Несиелер: 6

    Өзін-өзі танудың әлеуметтік-мәдени негіздерінің гуманитарлық білім саласы ретіндегі мәні. Олар нақты әдіснамалық тәсілдерді зерттейді: аксиологиялық, гуманистік, тұтас, мәдени және олардың мүмкіндіктері өзін-өзі танудың әлеуметтік-мәдени өзегі туралы теориялық білімнің әдістемелік ережелері түріндегі мүмкіндіктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұлы дала тарихы
    Несиелер: 5

    Пән ұлттық рухты тәрбиелеуге, қазіргі қазақ әйелдерінің ұлттық дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге бағытталған. Курс түркі халықтарының мәдени дүниетанымы мен бейбітшілікті қабылдауының ерекшеліктерін, қазақ халқының ұлттық нақышын, оның мәдениеті мен мәдени құндылықтарының тарихи және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ Ұлы даладағы адамгершілік ілімдері мен ұлттық идеяның әлеуметтік негіздерін баяндайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 5

    Пән адамзаттың жаһандық мәселелерін түсінуді және оларды шешу жолдарын; қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдығын қалыптастырады. Пәнде: "өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тарихи-философиялық негіздері. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқудан тыс қызметті ұйымдастыру тақырыптары қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік педагогиканың клиникалық негіздері
    Несиелер: 7

    Курсты оқу барысында студенттер: білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық сипаттамаларды құрастыру дағдыларын меңгереді. Әр түрлі мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлауы игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы
    Несиелер: 6

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін, психиканың даму динамикасы мен механизмдерін, психикалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Өзін-өзі танудың психологиялық-педагогикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән өзін-өзі танудың теориялық негіздері туралы білім қалыптастырады. Пән келесі тақырыптарды қарастырады: Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тануының құрылымдық бөлігі ретінде. Идентификация және рефлексия өзін-өзі тану тетіктері ретінде. Өзін-өзі дамыту, ішкі әлемнің қалыптасуы. Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың кәсіби-этикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында студенттер мектептегі өзін-өзі тану сабақтарын кәсіби оқыту; әлеуметтік және тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде этикалық нормаларды сақтау дағдыларына ие болады. Пән әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың кәсіби құндылығы, әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімінің моральдық нормаларын сақтау қажеттілігі туралы түсінік қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 7

    Пән педагогикалық білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың мәні туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқыту барысында: Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерін. Әлеуметтік-педагогикалық процесс және оны жетілдіру жолдарын. Әлеуметтік тәрбие: мәні және мазмұны әлеуметтік-мәдени орта, тұлғаны тәрбиелеу және дамытуды. Оқу-тәрбие мекемелері өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде. Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және жеңу жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Девиантология
    Несиелер: 5

    Курс барысында студенттер келесі тақырыптармен танысады: Девиантологияның теориялық-әдіснамалық негіздері. Мінез-құлық бұзушылықтарының құрылымы мен түрлері. Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік-мәдени негізделген түрлері. Девиация кезіндегі психологиялық көмек негіздері. Постмодернизм. Девиантологиядағы эмпирикалық зерттеу әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Психологиялық кеңес беру және психологиялық түзету негіздері
    Несиелер: 6

    Курсты оқу барысында студенттер психологиялық кеңес беру және отбасыны психологиялық түзету дағдыларын меңгереді. Пәнде келесі тақырыптар қарастырылады: Отбасы қарым-қатынас психологиясына кіріспе. Отбасы: мәні, мәселелері, даму тенденциялары. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас психологиясы. Отбасылық психологиялық кеңес беру негіздері. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріндегі отбасы. Сүйіспеншілік қазіргі отбасының негізі ретінде. Сүйіспеншілік теориялары мен түрлері. Отбасылық жанжалдар және отбасылық қарым-қатынастың психотехникасы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогикалық процессте өзін-өзі тануды интеграциялау
    Несиелер: 6

    Пәнде келесі тақырыптар қарастырылады: "Өзін-өзі тану" пәнін және басқа да оқу пәндерін интеграциялаудың философиялық алғышарттары. "Өзін-өзі тану" пәнін және басқа да оқу пәндерін интеграциялаудың педагогикалық принциптері. Қазіргі ғылымның аксиологиялық әлеуеті. "Өзін-өзі тану" пәні мен эстетикалық цикл пәндерінің интеграциясы. "Өзін-өзі тану" пәні мен қоғамдық-тарихи цикл пәндерінің интеграциясы. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушылардың оқудан тыс қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тұлғааралық коммуникацияның педагогикасы мен психологиясы
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында студенттер педагогика мен психологияның тұлғааралық коммуникациядағы өзара әрекеттестігі туралы білімді игереді. Келесі тақырыптар қарастырылады: Қарым-қатынас тұлғааралық коммуникацияның негізі ретінде. Тұлғаның психикалық сипаттамаларының тұлғааралық қарым-қатынас сипатына әсері. Тұлғааралық коммуникациядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктері. Тұлғааралық коммуникацияның гендерлік сипаттамасы. Тұлғааралық коммуникациядағы қиындықтар. Тұлғааралық қақтығыстар психологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық кеңес беру
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында студенттер девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық кеңес беруде жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді үйренеді. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеу тәсілдерін және әлеуметтік-педагогикалық әдістемелерін іріктеуді үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Конфликтология негіздері
    Несиелер: 4

    Конфликтологияның әдіснамасы, тарихы және теориялық негіздері. Конфликтология: пәні, мақсаты, қоғамдағы маңызы. Конфликтологиялық идеялардың пайда болуы және дамуы. Дау-дамайдың жалпы теориясы. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің түрлі аумақтарындағы қақтығыстар. Тұлға ішілік қақтығыстар: ерекшелігі, көрінісі, формалары. Тұлғааралық және топтық қақтығыстар: өмір сүру салаларының алуан түрлілігі. Ұйымдастырушылық қақтығыстар: көрініс беру ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында студенттер әлеуметтік психология курсының мақсаттарын, міндеттерін, объектісі мен зерттеу пәнін игереді. Пәнде келесі тақырыптар қарастырылған: Жеке тұлға - әлеуметтік-психологиялық зерттеу объектісі ретінде. Тұлғааралық қақтығыстар және оларды шешу жолдары. Шағын топтардың пайда болуының объективті және субъективті факторлары. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдіснамалық мәселелері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану тарихы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттер Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану дамуының тарихи аспектісімен танысады: ежелгі грек ойшылдарының философиясымен; Аристотель мен Платонның ілімдерімен; ерте орта ғасырдағы өзін-өзі тану ерекшеліктерімен; Әл-Фараби ілімінің Шығыс перипатетизмімен және араб тілді әлемнің басқа ойшылдарымен. (Й.Баласағұн, Қ. А. Яссауи.) Жаңа заман дәуіріндегі өзін-өзі тану; неміс классикалық философиясындағы өзін-өзі тану идеясы; қазақ дүниетанымында өзін-өзі тануы; дала ойшылдарының ілімдері. Өзін-өзі тану мәнін түсінудің әртүрлі тәсілдерін сыни талдау дағдыларын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәнде келесі тақырыптар қарастырылады: "өзін-өзі тану" пәнін оқытудың аксиологиялық негіздері. Бастауыш және орта мектепте Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі. Өзін-өзі танудағы мұғалімнің рөлі. Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау дағдылары, өзін-өзі тану сабағында шығармашылық және топтық іс-әрекет жүргізе білу, оқушылардың рухани-адамгершілік қалыптасуындағы дамуын мониторинг жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тұлғаны әлеуметтік-педагогикалық түзету
    Несиелер: 5

    Бұл курс әлеуметтік педагогты: қоғамда қабылданған модельдерге және оқушының мінез-құлық стандарттарына сәйкес келмейтін психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік ерекшеліктерін түзету жөніндегі маман ретіндегі қызметін білдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудағы педагогикалық қолдау
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында: Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарының кәсіби қызметінің гуманистік стилін дамытады; болашақ педагогтың өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудағы педагогикалық қолдау қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері
    Несиелер: 6

    Пән әлеуметтік-педагогикалық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Студент балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты негізгі халықаралық құжаттарды, ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын сыни талдап, салыстырмалы талдау жасай алады. Оқылатын тақырыптар: Әлеуметтік іс-әрекеттер теориясы. Әлеуметтік ұтқырлық. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы. Әлеуметтік жоспарлау және басқару технологиялары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қиын өмірлік жағдайдағы жастармен жұмыс
    Несиелер: 5

    Курс барысында студенттер келесі тақырыптармен танысады: Қазіргі жастардың әлеуметтену процесінің ерекшеліктері. Қиын өмірлік жағдай психоәлеуметтік құбылыс ретінде. Қиын өмірлік жағдайларды жеңу стратегиялары (еңсеру стратегиялары). Курс барысында студенттер қиын жағдайдағы жастармен жұмыс жасау дағдыларын игереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тәуекел топтағы балаларды және отбасыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау
    Несиелер: 5

    "Тәуекел тобындағы"баланың отбасына патронаж ұйымдастыру және жүргізу. Отбасы мен баланың өмір сүру жағдайларын әлеуметтік диагностикалау әдістері. Отбасылық қолайсыздықтың өзекті мәселелері және мәселені шешудегі іс-әрекеттің ерекшелігі. Балаға қатысты отбасындағы зорлық-зомбылық.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік педагогтың жұмысы бойынша практикум
    Несиелер: 6

    Курс барысында студенттер келесі тақырыптармен танысады: Қазіргі психотерапияның теориялық негіздері. Пәннің ғылыми-категориялық аппаратының базалық түсініктерінің жүйесі. Психотерапияның көрнекті өкілдерінің еңбектері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жетім балаларға арналған ұйымдардағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
    Несиелер: 7

    Жетім балаларға арналған ұйымдардағы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ерекшелігін, жұмыс әдістері мен тәсілдерін, мамандардың пәнаралық тобында жұмыс жасауды үйренеді. Пән жетім балаларды әлеуметтендіру бойынша жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
    Несиелер: 6

    Пән, қолайсыз отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, отбасылық қатынастарды түзету дағдыларын қалыптастырады. Пәнде: қоғамның даму тарихындағы отбасылық қарым-қатынастардың динамикасы. Қазіргі отбасының даму тенденциялары. Отбасының әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс технологиясының ерекшеліктері. Экстремалды жағдайлардағы отбасылық қарым-қатынас – тақырыптары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Отбасы психологиясының негіздері және отбасылық кеңес беру
    Несиелер: 6

    Курсты оқу барысында студенттер отбасылық кеңес беру әдістемесін меңгереді. Отбасылық қарым-қатынас психологиясын және отбасылық конфликтерді жою бойынша жұмыс дағдыларын меңгереді. Отбасылық қарым - қатынас психологиясын; ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас психологиясын; отбасылық конфликтер мен отбасылық қарым-қатынас психотехникасын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясы
    Несиелер: 6

    Курсты оқу барысында студенттер әлеуметтік педагогтың кәсіби іс – әрекетінің дағдыларын, және отбасымен жасалатын әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістері мен технологияларын әдістемелік дұрыс қолдану дағдыларын меңгереді. Әлеуметтік патронаж мен қадағалауды, отбасылық кеңес беруді жүзеге асыра алады. Топтармен, балалар және жастар бірлестіктерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асыра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әртүрлі топтағы тұрғындармен әлеуметтік педагогтың жұмысы
    Несиелер: 7

    Пән халыққа әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Халықтың әлеуметтік мұқтаждықтарына диагностика жүргізу, халықтың әр түрлі топтарына консультациялық көмек көрсету дағдыларына ие болады. Балалармен, жастар бірлестіктерімен және ұйымдармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясын зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік-педагогикалық жобалау
    Несиелер: 5

    Оқу пәні студенттерге әлеуметтік-педагогикалық жобалау әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесін оқуға, жобалық қызметтің дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік педагогикалық анимация
    Несиелер: 5

    Курста әлеуметтік-педагогикалық анимация технологиясының негіздері, клубтық шараларды ұйымдастыру әдістері мен технологиялары анықталған. Пән әртүрлі мақсаттарда анимациялық бағдарламаларды алға жылжыту және енгізу дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік дағдыны дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында студенттер әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды дамытады және әлеуметтік дағдылардың теориясын, әдіснамасын және практикасын зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Жаһандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселелер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген және икемді дағдыларды (Soft skills) меңгерген көшбасшы-қыз

  • Код ON7

    Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану аясындағы жаңа білімдер мен білімдерді интеграциялаудың пОНцедураларын дамыту бойынша ғылыми-зерттеушілік пен жаңаша іс-әрекетті жүзеге асыру, әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану аясындажазбаша және ауызша түрде өз ойларын дұрыс және логикалық тұрғыда рәсімдеу, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу;

  • Код ON10

    Білім алушылардың әрекеттерін тәжірибеде қадағалаудың әлеуметтік-педагогикалық әдістерін талдау және қолдану, оқу үрдісін жоспарлау, тәжірибені зерттеу контекстінде әріптестермен рефлексиялық тұрғыда бірлесе отырып әдістерді қолдану;

  • Код ON4

    Кәсіби және академиялық ортада ойларды еркін талдау дағдыларын көрсете алу, ой қорытындыларын дәлелдеу, өзгелерді сендіру;

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON5

    Әлеуметтік-педагогикалық білімдер аясына қатысты әлеуметтік-педагогикалық пен әдістемелік сипаттағы және білім алушылардың өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту бойынша мәселелерді шешуді жүзеге асыру;

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON8

    Білім алушылардың тілдік және мәдени қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін әлеуметтік-білім берудің қолайлы ортасын дамытуға ықпал ету;

  • Код ON6

    Әлеуметтік-педагогикалық үрдіс пен өзін-өзі танудың компоненттерін құрастыру, ендіру, бақылау, бағалау және түзетуді жобалау;

  • Код ON11

    Білім берудің барлық сатыларында оқытудың сабақтастығы үшін рухани-адамгершілік дамудың жан-жақтылығы мен интеграциялаудың қағидаларын ескере отырып, әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану аясындағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;

  • Код ON9

    Жаңартылған білім бағдарламасын ескеріп білім алушылармен тұлғаның рухани-адамгершілік дамуындағы әлеуметтік- педагогикалық үрдісті жобалау;

  • Код ON12

    Кәсіби іс-әрекеттің нәтижелері мен кәсіби білімнің дамуына жауапты болу, қызметтік міндеттердің аясындағы әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді басқару қабілеттерін көрсету.

6B01801 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 6B01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану , инклюзивті білім беру тьютері
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы мамандарды дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы мамандарды дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top