Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11101 Туризм в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризмология негіздері
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі қоғамдағы туристік қызметті дамыту саласында базалық көріністі, туристік қызметті ұйымдастыру ерекшелігін және туристік индустрияның қызмет ету заңдылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Зерттеулердің белгілі бір бағыттарында іс жүзінде қалыптасқан туризмнің жұмыс істеуінің мынадай аспектілерін бөліп көрсетеді: экономикалық, тарихи, географиялық, әлеуметтік, экологиялық, саяси, мәдени, психологиялық.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризм тарихы
    Несиелер: 5

    Пән жеке туристік аумақтарда туристік іс-әрекеттердің дамуының тарихи алғышарттары бойынша теориялық білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл болашақта білім алушыға жеке дестинацияда туристік-рекреациялық қызметті дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туристік елтану
    Несиелер: 5

    Пән дүниежүзі аймақтарындағы мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, мәдениеті, экономикасы, саясат ерекшеліктері, шаруашылығы, қазіргі кездегі туризмнің дамуы мен болашағы және де оған әсер ететін рекреациялық ресурстармен, аумақтық рекреациялық жүйе туралы түсінік қалыптастырады. Пән территорияда туризмді ұйымдастыру және дамыту үшін жағдай мен алғышарттарды құрайтын елдің компоненттерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстандағы экстремалды туризмнің түрлері
    Несиелер: 6

    Пәнде экстремалды туризмнің негізгі ұғымдарына сипаттама беріледі, экстремалды туризмнің ерекшеліктері, олардың түрлері, технологиясы, туризмнің экстремалды түрлері бойынша адамдардың мотивациясы мен қажеттілігі қарастырылады. Қазақстандағы туризмнің осы саласының дамуы, проблемалары мен перспективалары баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мұражайтану
    Несиелер: 6

    Пән мұражай мекемелерінің ақпаратты жинақтаудың, сақтаудың және таныстырудың принциптерін, технологиялары мен процестерін, сондай-ақ, мұражайдың пайда болу, даму және қоғамдық қызмет ету процестерін оқытады. Пән мұражай ісінің негізін құрайтын негізгі ұғымдар кешенін, сонымен қатар, мұражаймен таныстыру қызметін жүзеге асыратын гидтің жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті негізгі практикалық дағдыларды туралы білімдерді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экскурсиятану
    Несиелер: 5

    Пән білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздеріне сүйене отырып, туристің кәсіби дайындығының фундаментальды құрылымдарын қарастырады. Сонымен қатар, курс студенттерді экскурсияны ұйымдастыру мақсаттарымен, міндеттерімен, мазмұнымен, нысандарымен және құралдарымен таныстырады және туристік қызмет менеджері үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
    Несиелер: 6

    Пән студенттердің Қазақстанның мәдени-тарихи орталықтарының жалпы және ерекше сипаттамалары саласындағы білім кешенін қалыптастыруға бағытталған. Пәнде еліміздің киелі жерлерімен және Қазақстан тарихымен танысу арқылы мәдени орындардың даму салаларымен және Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
    Несиелер: 6

    Пән туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының мынадай негізгі ұғымдарын қарастырады: Белсенді туристік саяхаттардың отандық және шетелдік жіктелуі, туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлемелердің мазмұны мен құрастыру әдістемесі, белсенді туристік саяхатта тамақтануды ұйымдастыру, уризммен айналысу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және белсенді туристік саяхаттардың алдын алу шаралары және медициналық қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлемдік туристік орталықтар
    Несиелер: 6

    Пәнде әлемдік туризмнің даму факторлары және әлемдік туристік орталықтар қарастырылады. Елдер мен аудандарды зерттеу, география, экономика, табиғат, халық, шаруашылық, тарих, мәдениет, әлеуметтік-саяси ұйым және әлемдік ауқымдағы қалыптасқан туристік орталықтар туралы әртүрлі деректерді синтездей алады. Экономикасы ашық елдер мен халықаралық несие-қаржы қатынастары және дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Коммуникациялық теория негіздері
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі коммуникативистикада қолданылатын негізгі теориялық концепциялар мен терминдердің мазмұнын ашып көрсетеді. Коммуникацияның тарихи кезеңдері, коммуникацияның мазмұны, теориясы, типтері, функциялары және құралдары, деңгейлері, модельдері және құрылымдық компоненттері, әлеуметтік-психологиялық доминанттары оқтылады. Коммуникативтік жүйелердегі коммуникациялық алмасуды қамтамасыз ету, коммуникация тиімділігінің мәселелері, қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы коммуникация, мәдениетаралық коммуникация, коммуникацияның зерттеу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Туризм менеджменті
    Несиелер: 5

    Пән туризм менеджментін шаруашылық басқарудың бір түрі ретінде оқытады. Пәнде туризм менеджментінің қалыптасу тарихы, менеджменттің түрлері мен функциялары, менеджменттің заманауи концепциялары мен тәсілдері, Әлемнің әр елдеріндегі кәсіби менеджерлер - кадрларды даярлау жүйесі, туристік кешендер мен оларды басқару жүйесі және Қазақстандағы туризмді басқару құрылымы қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару
    Несиелер: 6

    Пән туристік индустрия кластерінің теориялық-әдістемелік негіздерін оқытады, жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді, шағын және орта бизнесті жақсарту мәселелерін, туристік саланың мүмкіндіктерін қарастырады. Кластерлерді басқару бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Туризмдегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәнде заманауи компьютерлік бағдарламалармен, интернеттік технологиялармен, және жаһандық дистрибьюторлық жүйе (GDS) - халықаралық компьютерлік брондау жүйесімен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері қарастырылған. Сонымен қатар, туризмді цифрландырудың негізгі бағыттары мен қазіргі мәселелері, туроператорлар жобалаған турларды онлайн-сатып алу, мобильді қосымшаларды әзірлеу, интернет желісінде бірыңғай ақпараттық платформаны әзірлеу мәселелері келтірілген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Туризм маркетингі
    Несиелер: 5

    Пән туристік маркетингтің теориялық негіздері мен жүйесін оқытуға бағытталған. Пән туристік маркетинг жүйесі, нарықты және турфирманың сыртқы ортасын зерттеу, нарықты сегменттеу және позициялау, тұтынушының мінез-құлық моделін және өнім және өнімнің өмірлік циклін зерттеу қарастырады. Сондай-ақ, туризмдегі сапаны маркетингтік басқару, туристік индустрияның тауарлары мен қызметтерін бөлу арналары, туристік маркетинг коммуникациялары., бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік мәселелері оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Халықаралық туризм географиясы
    Несиелер: 5

    Пән туризм географиясының негізгі ұғымдары мен категориялары, туристік ресурстарды кеңістікте орналастыру, туризмнің негізгі түрлері, әртүрлі елдердегі туризмнің даму ерекшеліктері туралы білімдерді қалыптастырады. Сондай-ақ, халықаралық туризм шетелдік туристің мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әртүрлі туристік қызметтер мен туристік сұраныс тауарларын ұсынуға бағытталған қызмет түрі ретінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Туризм мен сервис
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде сервис және туризм саласы туралы, сала қызметінің ережелері туралы жүйелі білім қалыптастыруға бағытталған. Пәнде қызмет көрсету және қызмет көрсетудің сапасын құрайтын байланыс аймағы, сервистік қызмет түрлері, халыққа қызмет көрсету ережелері және тұтынушылардың құқықтары, сервистік технологиялар түсінігі, қызметтің жаңа түрлері және қызмет көрсетудің прогрессивті түрлері және қонақ үй мен ресторан сервисі туралы мәліметтер қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Туристік фирманың экономикалық қауіпсіздігі және тәуекелділік
    Несиелер: 5

    Пән туризм саласы кісәпорындарының, туристік фирмалардың экономикалық қызметінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды шешуді оқытады. Туристік фирмалардың әлеуметтік түрлерінің ерекшелектері және экономиканың шектес салаларымен байланысы, жұмыс жүргізу барысындағы экономикалық қауіпсіздікті жоспарлау мен уйымдастыруын, экономикалық жағынан фирманы алға жылжыту факторларына практикалық тұрғыдан талдау жасауға, фирманың жұмысын ілгерілетуде тәуекелділікке баруға мүмкіндік беретін білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Туристік-экологиялық қызмет
    Несиелер: 5

    Пән туристік қызметтегі аймақтың экологиялық сипаттамаларын бағалаудың әдістемелік тәсілдері мен амалдары саласында кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнде туризм бойынша болашақ менеджердің және туристік-өлкетану жұмысы бойынша ұйымдастырушының дүниетанымын қалыптастыру, табиғи-аумақтық кешен туралы білімді қалыптастыру, географиялық қабықтың даму заңдылықтары, оның аумақтық дифференциациясы және экологиялық тұрақтылығы сияқты мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Рекреациялық туризм
    Несиелер: 5

    Пән рекреациялық шаруашылықтың даму деңгейі мен алғышарттарын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жолдарын, шаруашылықтың экологиялық және экономикалық тиімділігін оқытады. Курс келесі ұғымдарға анықтама береді: адам іс-әрекетіндегі бос уақыттың функциясы, рекреациялық іс-әрекет туралы түсінік, территориялық дифференциация туралы түсінік, демалыс адамзат тіршілігінің бір құрамдас бөлігі ретінде.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Емдік-сауықтыру туризмі
    Несиелер: 5

    Пән емдік-сауықтыру туризм географиясының ерекшеліктерін, спорттық және бальнеологиялық туризмнің қазіргі жағдайы мен дамыту мәелелерін оқытады. Сонымен бірге, Қазақстан аумағының рекреациялық аймақтары мен рекреациялық орындары, халықты сауықтырудың табиғи жағдайлары мен тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән туристік бизнестің соңғы жаңалықтары мен жетістіктерін қарастырады. Туристік бизнесте практикалық және ғылыми негіздерді пайдалану дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ нарықтық жағдайларда туристік бизнесте алынған білім мен құзыреттілікті пайдалануға ықпал етеді. Пән Болашақ бакалаврға қонақ үй бизнесін жоспарлау мен ұйымдастырудың міндеттері, бағыттары мен әдістері туралы кешенді түсінік беруге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстандағы туризм индустриясын басқару
    Несиелер: 6

    Пән отандық кешенді туризмді дамытуды қамтамасыз етуді және қолайлы жүзеге асыруды оқытады. Мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы саласының бағытын айқындайды. Республикалық және өңірлік деңгейлерде туризмді дамыту жөніндегі бірлескен жоспарлау мен саясатты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туризмдегі этика мен этикет
    Несиелер: 5

    Пән туризм саласын дамытуда этикет саласындағы білім, білік және дағды жүйесі, яғни азаматтық және іскерлік салада қабылданған мінез-құлық кодексінің негіздері, этикеттің даму тарихы, іскерлік қатынастардағы этикалық қағидалар мен нормалар туралы білім береді. Пәнде қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, сәлемдесулер мен ұсыныстардың этикасы, визит карточкасы, мәдени өзара іс-қимыл, әртүрлі елдердегі іскерлік этикеттің ерекшеліктері, іскер адамның киімі және сыртқы келбеті этикеті, іскерлік этикеттің ерекшеліктері, іскерлік өзара іс-қимыл қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туризмдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән туризмдегі қауіпсіздік мәселелерін оқытады. Туристердің (экскурсанттардың) қауіпсіздігі, олардың мүліктерінің сақталуы, сондай-ақ, қоршаған ортаға, қоғамның материалдық және рухани құндылықтарына, саяхат жасау кезінде мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу қарастырылады. Туристердің қауіпсіздігі және олардың мүліктерінің сақталуы туралы түсініктер мен көзқарастар қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың кластерлік әдісі
    Несиелер: 6

    Пән кластерлер арасындағы өзара алмасуға ықпал ететін механизмдердің рөлі мен ерекшеліктерін оқытады. Ақпараттың жеңіл қозғалуына және көлденең және тігінен байланысқан туристік фирмалардың мүдделерін үйлестіруге ықпал ететін жағдайларды, кластерлер ішіндегі мақсаттардың сәйкес келуін және үйлесімділігін анықтайтын факторлар қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туризмдегі статистика
    Несиелер: 5

    Пән туризм статистикасы туралы және туризм статистикасындағы базалық концепциялар, анықтамалар және жіктеулер, туристік сапарлар статистикасы туралы білім береді. Пәнде туризмдегі статистикалық ақпарат пен статистикалық көрсеткіштер, туристік сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері, статистикалық есеп әдістері, елдің төлем балансы, туризм статистикасын ұйымдастыру және туризм статистикасын жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туризмдегі баға белгілеу
    Несиелер: 5

    Пән туризм индустриясы кәсіпорындарының қызметінде баға белгілеу саясатын оқытады. Пәнде тур қызметінде баға белгілеудің негізгі факторлары, туризмдегі баға түрлері, турфирманың нормативтік кірісі, сұраныстың сипаты мен бағалық сезімталдығы, турфирма бағасын қалыптастыру үлгілері, қызмет түрлеріне бағаларды бейімдеу тәсілдері, бағаларды саралаудың негізгі бағыттары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туризмдегі сақтандыру және стандарттау, сертификаттау
    Несиелер: 5

    Пән туристік қызметте көрсетілетін сақтандыру мен стандарттаудың, сертификаттаудың, лицензиялаудың мәнін, мақсатын, түрлерін, функцияларын, нысандарын қарастырады. Туризмдегі сақтандырудың қажеттілігі мен ерекшеліктерімен, туристік кәсіпорынның және туристердің (саяхатшылардың) қауіп-қатерден, медициналық сақтандыру тәртібімен, Қазақстандағы сақтандыру ісінің жай-күйімен таныстырады. Туристік қызметтерді стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың құқықтық негіздері, техникалық және құқықтық нормалары туралы және стандарттар мен сертификаттар, лицензия беретін құжаттар туралы терең білім қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Экологиялық туризм
    Несиелер: 5

    Пән экологиялық туризмнің мазмұны мен даму тарихын, экологиялық туризм объектілерінің географиясын, экологиялық туризм түрлерін, табиғатқа экотуризмнің әсерін, ерекшеліктерін, мәселелерін және экотуризмнің қоғам өміріндегі орны мен келешегін қарастырады. Экологиялық туризмді реттейтін құжаттар мен практикалық әдістермен жұмыс жүргізуге, экологиялық турлар мен маршруттарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге, экологиялық менеджмент жүйесінің стандарттары мен туризмдегі экологиялық аудит, экотуризм инфрақұрылымының ерекшеліктерін оқытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мейрамхана бизнесі
    Несиелер: 5

    Пән мейрамханалардың жіктелуі және олардың сипаттамаларын, тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін анықтайтын факторларын, мейрамхана мәзірін қалыптастыру және рәсімдеу ерекшеліктерін, мерамханадағы технологиялық процесс пен персоналдың еңбегін ұйымдастыру әдістерін, мейрамханалық қызмет көрсетудің түрлері мен формаларын қарастырады. Қазақстандық мейрамхана бизнесінің даму тенденциялары мен мейрамхана қызметкерінің кәсіби этикасының ерекшеліктері, фирмалық стилі мен имидж саясаты, дизайны қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қонақ үй шаруашылығы
    Несиелер: 5

    Пән кәсіпорынның функционалдық салалары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, қонақ үйлер қызметінің барлық салаларын оқытуды қарастырады. Пәнде қонақ үй шаруашылығы және оның даму динамикасы, қонақ үй құрылыстарын жіктеу, Қонақ үйде қызмет көрсетудің технологиялық сұлбасы, туристік-қонақ үй кешенінің құрылымы, қонақ үйдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туристік кәсіпорын қызметкерлерін басқару
    Несиелер: 5

    Пән туристік агенттікті тиімді басқару бойынша менеджердің рөлі, қызметкерлердің рөлі, фирманың бөлімі, қызметкерлердің қажеттіліктерін жоспарлау, қызметкерлердің кәсіби дамуы және персоналды таңдау, еңбек нарығы, әдістерді талдау және бағалау, іскерлік кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыру, күйзелісті басқару, даулар мен қақтығыстарды реттеу, туризм бойынша менеджердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі туралы білім береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Туризмдегі салық салу жүйесі
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан Республикасының туризмінде салық салу жүйесінің қызметі туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі салық менеджментінің негіздерімен танысуды, әлеуметтік-экономикалық себептерді және оның даму кезеңдерін зерделеуді қамтамасыз етеді. Адамдардың туристік қызметке қажеттілігін тудыратын объективті факторлар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Туристік өлкетану жұмыстарының негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде туристік-экскурсиялық жұмыс бойынша мамандарды дайындау жүйесіндегі өлкетанудың орны, өлкетанудың түрлері мен нысандары, өлкетанудағы физика-географиялық зерттеулер, өз өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау міндеттері, өлкетанудағы экономикалық-әлеуметтік-географиялық зерттеулер, тарихи өлкетану негіздері қарастырылады. Сонымен бірге, туристік өнімнің жарнамасы мен маркетингі, ішкі турларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, ерекше қорғалатын аудандарда экотурды ұйымдастыру мәселелері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Туризмдегі мемлекеттік реттеу
    Несиелер: 5

    Пән экономиканы мемлекеттік реттеуді туристік қызметтегі негізгі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару үшін мемлекет қолданатын шаралар, іс-қимылдар кешенін қарастырады. Қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының қызметін мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін, туризмді мемлекеттік реттеу міндеттері мен функцияларын анықтауды, сондай-ақ фискалдық саясат, бюджет, салық және т.б.оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлемдік табиғи және мәдени мұра
    Несиелер: 5

    Пән дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра объектілері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Студенттер мәдени нысандар мен табиғи көрікті жерлерге арналған бағалау критерийлерін үйренеді. Сондай-ақ, елдер мен аймақтар бойынша Дүниежүзілік мұра тізімімен жұмыс істеу дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастырады және Дүниежүзілік мұра комитеті сессиясының материалдарымен жұмыс істеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON4

    Туристік бизнестің түрлі салаларында туристік қызмет көрсету үшін маркетингтік зерттеу әдістерін меңгереді.

  • Код ON8

    Туризмдегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру, жаңа туристік маршруттар құру және саланы кластерлік дамыту технологияларын меңгереді.

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

  • Код ON11

    Кәсіби қызметте туристік əлеуетті, нарықтық конъюнктураны, туристік қызметтің тиімділігін бағалайды.

  • Код ON12

    Қазіргі заманғы туристік сервистермен жұмыс істеу барысында және кәсіби міндеттер мен проблемаларды шешу кезінде дербес шешімдер қабылдайды.

  • Код ON2

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген.

  • Код ON7

    Ұлттық және шетелдік тәжірибені есепке алу негізінде туристік бизнес жоспарларын және туризмді дамыту перспективаларын әзірлейді.

  • Код ON6

    Туризм саласындағы халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық құжаттарды ескере отырып, кәсіби қызметті жоғары деңгейде жүзеге асырады.

  • Код ON3

    Кәсіби қызметте заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялармен жұмыс істеудің инновациялық әдістері мен дағдыларын қолданады.

  • Код ON10

    Әлемдік экономикадағы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, табиғатты ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және туризмнің экстремалды түрлері бойынша туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастырады.

  • Код ON9

    Туристік саланың қазіргі даму жағдайында сараптамалық талдау, бағалау және кеңес беруді кәсіби түрде жүргізеді.

  • Код ON5

    Кәсіби қызметтің түрлі деңгейлеріндегі стандарттардың талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұйымдастырады.

6B11101 Туризм
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 6B11101-Туризм (к/т)
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11101 туризм
Бакалавриат

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Еуразия Технологиялық Университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

"Тұран" университеті мекемесі

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Алматы экономика және статистика академиясы

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11101 Туризм және сервис
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11101 Туризм. Қонақжайлылықты басқару
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм. Қонақжайлылықты басқару
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру
Бакалавриат

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

БББТ: B091 Туризм

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top