Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01802 Әлеуметтік педагогика в QYZPU

Пәндер

  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эмоционалды интеллект

    Пән студенттерде эмоционалды зият технологияларын білім беру қызметінде қолданудың теориялық және тәжірибелік білімдер, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Оқыту нәтижесінде студенттер икемді дағдыларды ұйымдастырудың, диагностикалау мен бағалаудың заманауи әдістері мен технологияларын, жеке білім беру бағыттарын қалыптастыру және soft skills-тің дамуын ескере отырып топтық қызметті ұйымдастыру әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамға қызмет көрсету

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Пәнді оқу барысында мынандай тақырыптар қарастырылады: Білім - кәсіби қызмет жүйесі және құзыретті маман қалыптастыру нәтижесі ретінде. Әлеуметтік педагог - педагогикалық мамандық ретінде. Тұлға, оның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мәселелері. Әлеуметтік педагогтың негізгі функциялары. Әлеуметтік педагогтың этикалық нормалары мен құндылықтары. Әлеуметтік педагогтың маман ретіндегі құқығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік педагогика тарихы

    Студенттер жалпы және педагогикалық мәдениетті арттыру, әлеуметтік педагогиканың әлемдік және отандық тарихындағы педагогикалық ойдың дамуы туралы тұтас түсініктерді қалыптастыру мақсатында негізгі педагогикалық білімді меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, студенттерде әлеуметтік педагогиканың даму заңдылықтары мен мәнін зерттеу әдістері мен тарихи-педагогикалық білімді меңгеру арқылы аналитикалық іскерліктер, зерттеу қызметіне қызығушылық, кәсіби құзыреттілік қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогика

    Пән педагогикалық білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың мәні туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқыту барысында: Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерін. Әлеуметтік-педагогикалық процесс және оны жетілдіру жолдарын. Әлеуметтік тәрбие: мәні және мазмұны әлеуметтік-мәдени орта, тұлғаны тәрбиелеу және дамытуды. Оқу-тәрбие мекемелері өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде. Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және жеңу жолдарын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар

    Курс оқу үдерісін ұйымдастыру, әдістемелік материалдарды әзірлеу үшін цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста білім беруді ұйымдастыру мен басқаруға арналған компьютерлік бағдарламалар, цифрлық оқыту технологиялары, АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері, виртуалды орта және қашықтықтан оқыту технологиялары секілді білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарының цифрлық бағдарламалары мен техникалық құралдарын басқару дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың кәсіби-этикалық негіздері

    Пәнді оқу барысында студенттер мектептегі өзін-өзі тану сабақтарын кәсіби оқыту; әлеуметтік және тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде этикалық нормаларды сақтау дағдыларына ие болады. Пән әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың кәсіби құндылығы, әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімінің моральдық нормаларын сақтау қажеттілігі туралы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Өзін-өзі тану

    Пән адамзаттың жаһандық мәселелерін түсінуді және оларды шешу жолдарын; қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдығын қалыптастырады. Пәнде: "өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тарихи-философиялық негіздері. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқудан тыс қызметті ұйымдастыру тақырыптары қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану тарихы

    Пәнді оқу барысында студенттер Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану дамуының тарихи аспектісімен танысады: ежелгі грек ойшылдарының философиясымен; Аристотель мен Платонның ілімдерімен; ерте орта ғасырдағы өзін-өзі тану ерекшеліктерімен; Әл-Фараби ілімінің Шығыс перипатетизмімен және араб тілді әлемнің басқа ойшылдарымен. (Й.Баласағұн, Қ. А. Яссауи.) Жаңа заман дәуіріндегі өзін-өзі тану; неміс классикалық философиясындағы өзін-өзі тану идеясы; қазақ дүниетанымында өзін-өзі тануы; дала ойшылдарының ілімдері. Өзін-өзі тану мәнін түсінудің әртүрлі тәсілдерін сыни талдау дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогикалық диагностика

    Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері. Диагностика ғылымның қолданбалы саласы ретінде. Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың пәні, объектісі, міндеттері. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың орны мен рөлі және педагогикалық процестің барлық субъектілерімен өзара әрекеттесуі. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі әлеуметтік-педагогикалық диагностикалық әдістердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-педагогикалық диагноздың мәні мен мазмұны.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Конфликтология негіздері

    Конфликтологияның әдіснамасы, тарихы және теориялық негіздері. Конфликтология: пәні, мақсаты, қоғамдағы маңызы. Конфликтологиялық идеялардың пайда болуы және дамуы. Дау-дамайдың жалпы теориясы. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің түрлі аумақтарындағы қақтығыстар. Тұлға ішілік қақтығыстар: ерекшелігі, көрінісі, формалары. Тұлғааралық және топтық қақтығыстар: өмір сүру салаларының алуан түрлілігі. Ұйымдастырушылық қақтығыстар: көрініс беру ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Девиантология

    Курс барысында студенттер келесі тақырыптармен танысады: Девиантологияның теориялық-әдіснамалық негіздері. Мінез-құлық бұзушылықтарының құрылымы мен түрлері. Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік-мәдени негізделген түрлері. Девиация кезіндегі психологиялық көмек негіздері. Постмодернизм. Девиантологиядағы эмпирикалық зерттеу әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Этнопедагогика

    Студенттер этнопедагогиканың негізгі ұғымдары мен бөлімдерін меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, студенттер әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі тұлғаны оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың объективті байланыстарын сипаттайды. Топта жұмыс істей отырып, студенттер педагогикалық дәстүрлерге салыстырмалы талдау жасайды, педагогикалық тәжірибені жинақтайды, ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балаларды тәрбиелеудің әдістері мен құралдарының негізін құрастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 7
  • Девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық кеңес беру

    Курсты оқу барысында студенттер девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық кеңес беруде жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді үйренеді. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеу тәсілдерін және әлеуметтік-педагогикалық әдістемелерін іріктеуді үйрену.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Психологиялық кеңес беру және психологиялық түзету негіздері

    Курсты оқу барысында студенттер психологиялық кеңес беру және отбасыны психологиялық түзету дағдыларын меңгереді. Пәнде келесі тақырыптар қарастырылады: Отбасы қарым-қатынас психологиясына кіріспе. Отбасы: мәні, мәселелері, даму тенденциялары. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас психологиясы. Отбасылық психологиялық кеңес беру негіздері. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріндегі отбасы. Сүйіспеншілік қазіргі отбасының негізі ретінде. Сүйіспеншілік теориялары мен түрлері. Отбасылық жанжалдар және отбасылық қарым-қатынастың психотехникасы

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 7
  • Тұлғааралық коммуникацияның педагогикасы мен психологиясы

    Курсты оқу барысында студенттер педагогика мен психологияның тұлғааралық коммуникациядағы өзара әрекеттестігі туралы білімді игереді. Келесі тақырыптар қарастырылады: Қарым-қатынас тұлғааралық коммуникацияның негізі ретінде. Тұлғаның психикалық сипаттамаларының тұлғааралық қарым-қатынас сипатына әсері. Тұлғааралық коммуникациядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктері. Тұлғааралық коммуникацияның гендерлік сипаттамасы. Тұлғааралық коммуникациядағы қиындықтар. Тұлғааралық қақтығыстар психологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемесі

    Пәнде келесі тақырыптар қарастырылады: "өзін-өзі тану" пәнін оқытудың аксиологиялық негіздері. Бастауыш және орта мектепте Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі. Өзін-өзі танудағы мұғалімнің рөлі. Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау дағдылары, өзін-өзі тану сабағында шығармашылық және топтық іс-әрекет жүргізе білу, оқушылардың рухани-адамгершілік қалыптасуындағы дамуын мониторинг жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері

    Пән әлеуметтік-педагогикалық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Студент балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты негізгі халықаралық құжаттарды, ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын сыни талдап, салыстырмалы талдау жасай алады. Оқылатын тақырыптар: Әлеуметтік іс-әрекеттер теориясы. Әлеуметтік ұтқырлық. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы. Әлеуметтік жоспарлау және басқару технологиялары

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Тұлғаны әлеуметтік-педагогикалық түзету

    Бұл курс әлеуметтік педагогты: қоғамда қабылданған модельдерге және оқушының мінез-құлық стандарттарына сәйкес келмейтін психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік ерекшеліктерін түзету жөніндегі маман ретіндегі қызметін білдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогиканың клиникалық негіздері

    Курсты оқу барысында студенттер: білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық сипаттамаларды құрастыру дағдыларын меңгереді. Әр түрлі мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлауы игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік-педагогикалық тренинг

    Студенттер әлеуметтік-педагогикалық тренингті ұйымдастыру және өткізумен байланысты теориялық білім мен практикалық білік жүйесін меңгереді. Балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық өсуіне, олардың үйлесімді дамуына бағытталған педагогикалық және әлеуметтік технологияларды іске асыру қабілетін қалыптастыру үшін оқу топтарында тренингтік сабақ әзірлейді және өткізеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік психология

    Пәнді оқу барысында студенттер әлеуметтік психология курсының мақсаттарын, міндеттерін, объектісі мен зерттеу пәнін игереді. Пәнде келесі тақырыптар қарастырылған: Жеке тұлға - әлеуметтік-психологиялық зерттеу объектісі ретінде. Тұлғааралық қақтығыстар және оларды шешу жолдары. Шағын топтардың пайда болуының объективті және субъективті факторлары. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдіснамалық мәселелері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Әртүрлі топтағы тұрғындармен әлеуметтік педагогтың жұмысы

    Пән халыққа әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Халықтың әлеуметтік мұқтаждықтарына диагностика жүргізу, халықтың әр түрлі топтарына консультациялық көмек көрсету дағдыларына ие болады. Балалармен, жастар бірлестіктерімен және ұйымдармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясын зерделейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Тәуекел топтағы балаларды және отбасыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау

    "Тәуекел тобындағы"баланың отбасына патронаж ұйымдастыру және жүргізу. Отбасы мен баланың өмір сүру жағдайларын әлеуметтік диагностикалау әдістері. Отбасылық қолайсыздықтың өзекті мәселелері және мәселені шешудегі іс-әрекеттің ерекшелігі. Балаға қатысты отбасындағы зорлық-зомбылық.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қиын өмірлік жағдайдағы жастармен жұмыс

    Курс барысында студенттер келесі тақырыптармен танысады: Қазіргі жастардың әлеуметтену процесінің ерекшеліктері. Қиын өмірлік жағдай психоәлеуметтік құбылыс ретінде. Қиын өмірлік жағдайларды жеңу стратегиялары (еңсеру стратегиялары). Курс барысында студенттер қиын жағдайдағы жастармен жұмыс жасау дағдыларын игереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Жетім балаларға арналған ұйымдардағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

    Жетім балаларға арналған ұйымдардағы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ерекшелігін, жұмыс әдістері мен тәсілдерін, мамандардың пәнаралық тобында жұмыс жасауды үйренеді. Пән жетім балаларды әлеуметтендіру бойынша жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары

    Курсты оқу барысында студенттер әлеуметтік педагогтың кәсіби іс – әрекетінің дағдыларын, және отбасымен жасалатын әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістері мен технологияларын әдістемелік дұрыс қолдану дағдыларын меңгереді. Әлеуметтік патронаж мен қадағалауды, отбасылық кеңес беруді жүзеге асыра алады. Топтармен, балалар және жастар бірлестіктерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік педагогикалық жұмыс бойынша практикум

    Курс барысында студенттер келесі тақырыптармен танысады: Қазіргі психотерапияның теориялық негіздері. Пәннің ғылыми-категориялық аппаратының базалық түсініктерінің жүйесі. Психотерапияның көрнекті өкілдерінің еңбектері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

    Пән, қолайсыз отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, отбасылық қатынастарды түзету дағдыларын қалыптастырады. Пәнде: қоғамның даму тарихындағы отбасылық қарым-қатынастардың динамикасы. Қазіргі отбасының даму тенденциялары. Отбасының әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс технологиясының ерекшеліктері. Экстремалды жағдайлардағы отбасылық қарым-қатынас – тақырыптары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Отбасы психологиясының негіздері және отбасылық кеңес беру

    Курсты оқу барысында студенттер отбасылық кеңес беру әдістемесін меңгереді. Отбасылық қарым-қатынас психологиясын және отбасылық конфликтерді жою бойынша жұмыс дағдыларын меңгереді. Отбасылық қарым - қатынас психологиясын; ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас психологиясын; отбасылық конфликтер мен отбасылық қарым-қатынас психотехникасын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік дағдыны дамыту әдістемесі

    Пәнді оқу барысында әлеуметтік дағдыларды дамыту әдістері курсын зерттеудің мақсаттарын, міндеттерін, объектісі мен пәнін меңгереді. Пән бойынша келесі тақырыптар қарастырылады: әлеуметтік-коммуникативтік дағдылар, әлеуметтік дағдылардың теориясы, әдіснамасы және практикасы, аффективті әлеуметтік дағдылар, ілгері әлеуметтік дағдылар, әлеуметтік дағдыларды қалыптастырудағы қиындықтар, әлеуметтік дағдыларды дамыту әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогикалық анимация

    Курста әлеуметтік-педагогикалық анимация технологиясының негіздері, клубтық шараларды ұйымдастыру әдістері мен технологиялары анықталған. Пән әртүрлі мақсаттарда анимациялық бағдарламаларды алға жылжыту және енгізу дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық жобалау

    Оқу пәні студенттерге әлеуметтік-педагогикалық жобалау әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесін оқуға, жобалық қызметтің дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді
  • Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген
  • Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген
  • Осал отбасылардан шыққан әртүрлі санаттағы балалардың әлеуметтік әлеуетін қолдайды, кәсіби және академиялық ортада идеяларды еркін талқылайды
  • Білім беру ұйымдарында әлеуметтік қолдау және сүйемелдеу технологияларын меңгерген, зерттеу нәтижелері мен басқа да сыртқы дәлелдеу көздерін пайдалана отырып, инновациялық тәжірибені бағалайды
  • Еңбек қарым-қатынастарының нормалары мен этикасына бағдарлана отырып, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалайды; ақпараттық технологияларды меңгерудің жаһандық ұтқырлығын көрсетеді
  • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық технологияларын түрлендіреді, ұйымдарда, оңалту және түзету орталықтарында, оның ішінде психологиялық-педагогикалық консилиумда командалық жұмысты ұйымдастырады
  • Мектеп және волонтерлік қызмет проблемаларын анықтайды, әлеуметтік-педагогикалық технологияларды қолданады: алдын алу, оңалту, Медиация, әртүрлі контингенттермен жұмыс істеу үшін: девиантты мінез-құлықты балалар, дарынды балалар, қиын өмірлік жағдайдағы балалар, жетім балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
  • Жаңа білімдердің интеграциясын дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады, өз ойларын жазбаша және ауызша түрде дұрыс және қисынды баяндайды, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданады
  • Тұлғалық-бағдарлы оқыту және тәрбиелеу жағдайында субъектілік қатынастардың үштігінде (бала-ата-ана-әлеуметтік педагог) ынтымақтастық педагогикасын қолданады
  • Білім алушылардың іс-әрекетін әлеуметтік-педагогикалық қадағалау әдістерін практикада қолданады, балаларға және халықтың қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша практикалық және қолданбалы жұмысты талдайды
  • Функционалдық міндеттер шеңберінде әлеуметтік - педагогикалық процесті басқара алады, кәсіби білімді дамыту және кәсіби қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік алады

Ұқсас БББ

Top