Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01801 Әлеуметтік педагогика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде болашақ кәсіби қызмет кеңістігінде бастапқы бағдарын және кәсіби іс-әрекеттің жалпы көрінісін қалыптастырады, таңдалған мамандықта өзін-өзі жүзеге асыру мотивациясын дамытады, кәсіби қызмет объектісімен танысу мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны келесі сұрақтарды қамтиды: мұғалімнің жеке басының профессиограммасы, педагогикалық шеберліктің компоненттері мен педагогикалық қарым-қатынас, тұлға, әлеуметтік педагогикалық үдеріс, тұтас педагогикалық үдерістің педагогикалық категория ретіндегі мәні.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде педагогика ғылымының жалпы теориялық негіздерін, педагогикалық теориялар мен технологияларға деген көзқарастарын, оқытудың инновациялық әдістерін қолдана білуін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән келесі мәселелерді зерттейді: педагогикалық процесс, оқыту және тәрбиелеу принциптері, заңдылықтары, білім беру мазмұны, дидактика, жалпы білім беретін мектептегі оқу процесінің инновациялық технологиялары, тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік педагогика тарихы
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті дамыту туралы тарихи білім жүйесін, әлеуметтенудің негізгі институттарының адам тәрбиесіне әсер етуінің әлеуметтік-педагогикалық факторларын, қоғамдағы әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті тарихи-педагогикалық талдау дағдыларын және әлеуметтік педагогика идеяларының генезисін қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ҚР "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын енгізу және іске асыру кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын қолданудың өзекті мәселелерін, түрлі кәсіби салаларда цифрлық технологияларды пайдалану тәсілдерін қарастыруды көздейді. Пәннің мазмұны мыналарды ашады: экономика салаларын цифрландыру, "Цифрлық мемлекетке" көшу, адами капиталды дамыту, Инновациялық экожүйені құру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұлттық рухани құндылықтар негізінде моральдық тәрбие беру
    Несиелер: 5

    Пән ұлттық рухани құндылықтардың қайнар көздері туралы білім жүйесін қалыптастыру; студенттердің бойында адамгершілік қасиеттерді, моральдық нормаларды және ұлттық сана-сезімді дамыту; елдің табысты дамуы мүддесінде дербес шешімдер қабылдауға қабілетті жаңа Қазақстанның патриотын тәрбиелеу мақсатында оқытылады. Пән Қазақстанда және шетелде білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбие дәстүрлерінің қалыптасуы мен дамуы, білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің нормативтік және теориялық негіздері, балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің әдістемелік негіздері мәселелерін ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскерлік мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді іскерлік қарым-қатынастың негізгі стратегиялары мен тактикаларымен таныстыруды, сөйлеу жағдайларында әр түрлі деңгейдегі іскерлік серіктестермен кәсіби қарым-қатынас жасай білуді көздейді. Пән мына мәселелерді ашады: қарым-қатынас мәдениетінің негіздері; ауызша іскерлік қарым-қатынас (диалогтық жанрлар, полемика); Қазақстан Республикасының стандарттары бойынша басқару құжаттары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұлттық тәрбие негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студент жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің бойында Қазақстан этностарының құндылықтарына, жалпыадамзаттық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән ұлттық сана, ұлттық мәдениет категориялары, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ халқының адами құндылықтары мәселелерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты адамның өмір сүру қауіпсіздігінің негіздерін, "биосфера – қоғам-техногендік орта" жүйесіндегі өзара әрекеттесудің негізгі заңдылықтарын, экологиялық дүниетаным жүйесін, экологиялық мәдениет пен тәрбиені арттыруды көздейді. Пәннің мазмұны қазіргі жастардың экологиялық санасын, қазіргі қоғамның экологиялық мәселелерін, кәсіби қызмет саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету ережелерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 5

    Пән білім беру үдерісінде тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтары мен тетіктері туралы нақты психологиялық-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру, әдістемелік дағдылар және оларды оқу іс-әрекетінде қолдану мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны педагогикалық психологияның негізгі түсініктерін, даму психологиясын, оқыту психологиясын, тәрбие психологиясын, педагогикалық қызмет психологиясын ашып көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Пән инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту әдістемесі туралы, ұйымның ықтимал нысандары, ерекше қажеттіліктері бар балаларға түзету-педагогикалық ықпал етудің мазмұны мен бағыттары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны инклюзивтік білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін, дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға инклюзивтік білім берудің психологиялық негіздерін, инклюзивтік білім беру процесін оңтайландырудың психологиялық тәсілдерін ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнопедагогика және этнопсихология
    Несиелер: 5

    Пән этникалық мәдениеттің психологиялық және педагогикалық аспектілері туралы білім мен білік жүйесін қалыптастыру (ерекшеліктер, пәннің теориялық және практикалық маңызы, халық педагогикасының қазіргі білім беру парадигмаларына, этносаралық қатынастар мәдениетіне әсері) мақсатында оқытылады. Пән келесі сұрақтарды ашады: жеке тұлғаның мәдени сәйкестігі, өмірлік циклдің рәсімдері және әлемнің әртүрлі халықтарындағы дәстүрлі білім беру жүйелері, қазіргі әлемдегі әлеуметтенудің дәстүрлі модельдері мен жүйелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пән ауызша және жазбаша тілдік нормаларды, іскерлік риторика нормаларын, сондай-ақ әр түрлі жағдайлардағы (жағдаяттарда) мәнерлі тілдік құралдарды пайдалану қабілетін қалыптастыру мүмкіндігін дамытуға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми зерттеудің логикасы мен дизайны, ғылыми зерттеу әдістерінің жүйесі, бітіру жұмыстарын орындау кезінде зерттеу міндеттеріне сәйкес келетін тиісті әдістерді қолдана білу туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: ғылыми зерттеудің жалпы сипаттамасы, зерттеудің логикалық құрылымы, ғылыми зерттеу әдістерінің жіктелуі, эксперименттің ерекшеліктері, ғылыми зерттеу нәтижелерін жобалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным негіздерін қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін тәрбиелеуді көздейді. Пәннің мазмұны мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен әдеп кодексін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің сипаты мен ерекшелігін, әлеуметтенудің негізгі институттарын, жеке адаммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс біліктілігі мен дағдылары туралы теориялық және практикалық білімді игеруін қамтамасыз ету мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны әлеуметтік педагогиканың жалпы теориялық негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық іс - әрекеттің әдістері мен технологияларын, әлеуметтік-педагогикалық қолдау технологияларын ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі көшбасшылық
    Несиелер: 5

    Пән көшбасшылықтың теориялық және тарихи негіздері, көшбасшылықтың дәстүрлі және жаңа теориялары, ұйымдағы адамдардың өзара әрекеттесуінің негізгі теориялары мен тұжырымдамалары, білім беру ұйымындағы топтық динамика мен командалық білім негіздері жөніндегі білімді қалыптастыруға; білім беру ұйымы жағдайында көшбасшылық негіздері туралы білімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға; білім беру ұйымындағы жеке және топтық мінез-құлыққа әсер етудің заманауи технологияларын жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән бөлімдерді қамтиды: көшбасшылықтың рөлдік функциялары мен типологиялық сипаттамалары; педагогикалық көшбасшылық стильдері; педагогикалық көшбасшылық және жетекшілік; топтағы әлеуметтік қақтығыстар және оларды басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепте өзін-өзі тануды оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді заманауи тұжырымдамалардың даму үрдістерімен, өзін-өзі тану бойынша түрлі технологияларды әзірлеу және пайдалану тәжірибесімен таныстыру, мектепте өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі бойынша технологияларды қолдану дағдысын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны мектепте өзін-өзі тануды оқыту әдістемесінің міндеттерін, өзін-өзі тануды метапән ретінде, «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі бағыттарын, жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасын, адамгершілік педагогиканың постулаттарын, рухани-адамгершілік білім берудегі сабақтан тыс іс-әрекеттің рөлін, сабақ мониторингін және оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын бағалауды қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 5

    Пән топтардың психологиялық механизмдерінің топаралық қарым-қатынас ерекшеліктеріндегі адамдардың түйсігіне әсерін анықтау мақсатында оқытылады. Пән қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын, қақтығыс ерекшеліктерін зерттеуді, үлкен және кіші топтардың негізгі әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын түсінуді ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Девиантология
    Несиелер: 5

    «Девиантология» пәнін енгізудің қажеттілігі девиантты мінез-құлық мәселесіне қызығушылықтың артуымен негізделеді, ол педагог-психологтардың девиантты мінез-құлық психологиясының негіздерімен таныстырудың қажеттігін көрсетеді. Пәнді оқу барысында білім алушылардың тұлғаның девиантты мінез-құлқының мәні, олардың алдын алу және түзету тәсілдері, тұлғаның қоғамдағы мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік нормаларының ерекшеліктері мен өзгешелігі жөнінде ғылыми негізделген түсініктері болады, тұлғаның девиантты мінез-құлқының алдын алудың негізгі түрлерімен және түзету-дамыту жұмыстарымен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі коучинг
    Несиелер: 5

    Пән коучингтің негізіне алынған негізгі ұғымдар мен қағидаттар туралы, ұйымдар қызметіндегі коучингтің базалық қағидаттары туралы, тайм-менеджмент құралдары туралы білім жүйесін; нақты міндеттерді шешуде коучинг әдістерін қолдана білуге; білім беруде коучингті қолдану дағдыларын, уақыт ресурстарын бағалау және талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән бөлімдерді қамтиды: адам ресурстарын тиімді басқару; коучинг түрлері, ұйымдағы коучинг; әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі коучинг, басқару топтарындағы коучинг-көшбасшылық.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің отбасымен әлеуметтік-педагогикалық процесті жүзеге асыруға, білім алушыны дамыту және әлеуметтік-педагогикалық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға кәсіби дайындығын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән қазіргі отбасының сипаттамасы, әртүрлі типтегі отбасылардағы қарым-қатынас модельдері, қазіргі отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, әлеуметтік мұғалімнің отбасымен жұмыс істеу әдістері мен формалары, отбасылық демалысты ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Даму психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде онтогенездегі адам психикасының даму заңдылықтары туралы ғылыми білімді, психикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, әр түрлі жас кезеңдеріндегі адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеу ерекшеліктерін, психикалық және тұлғалық дамудың жеке дара ерекшеліктерін диагностикалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән келесі бөлімдерді қамтиды: онтогенездегі психиканың даму теориялары; жас дағдарыстарының психологиясы; депривация жағдайында баланың психикалық дамуының ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән білім беру мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары арқылы оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән әлеуметтік мұғалімнің тәрбие жұмысының технологиясы туралы түсінік алу, тәрбие жұмысының технологиясының жағдайларын ашу және оларды кәсіби қызметте шығармашылық пайдалану мәселерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Виктимология
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде виктимологиялық-қылмыстың, жәбірленушілік мінез-құлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-әрекетке қажетті теориялық білім, практикалық дағдылар кешенін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән келесі мәселелерді қамтиды: виктимология пәні, тұлғаның және әлеуметтік топтардың виктимологиясы, қазақстандық қоғамның жаппай әлеуметтік құбылысы ретіндегі виктимизация, виктимизация және қауіпсіздік, криминологиялық қатынастар мен профилактикалық әлеует, виктимологиялық сипаттамалар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ювенальды педагогика
    Несиелер: 5

    Пән бала құқықтары мен мүгедектердің құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды кәсіби қызметте қолдану, баланы әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы туралы білім негізінде кәсіби қызметті құру дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән ювеналды педагогиканы педагогикалық ғылымның саласы ретінде, превентивті педагогика, тәртіп пен қауіпсіздікті педагогикалық қамтамасыз ету, бала құқықтары мен мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық және отандық құжаттар, халықпен құқықтық тәрбие жұмысының әдістері, халық педагогикасы және құқықтық тәрбие мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде адам ағзасының тұтастығы туралы, өмірдің әртүрлі жас кезеңдерінде ағзаның жұмыс істеуінің жалпы және маңызды заңдылықтары туралы білім жүйесін, дене шынықтыру және спорт арқылы денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән келесі мәселелерді қарастырады: балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының физиологиялық заңдылықтары, балалар мен жасөспірімдердің даму үдерісінде жоғары жүйке қызметі қалыптасуының физиологиялық негіздері, балалар мен жасөспірімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиатехнология
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде медиа технологиялардың ерекшеліктері мен түрлері, әлеуметтік медиа негіздері, виртуалды өзін-өзі таныстыру және желілік этикет, әлеуметтік платформалардың типологиялары және коммуникацияларды ұйымдастыру ерекшеліктері, цифрландыру дәуіріндегі блогинг, оларды қазіргі әлеуметтік-педагогикалық үдерісте медиа мәдениеттің бөлігі ретінде қолдану туралы білім жүйесін қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиапедагогика
    Несиелер: 5

    Пән медиа білім беру тұжырымдамаларының, теорияларының, бағыттарының жалпы теориялық және практикалық негіздерін игеру; болашақ мамандардың медиа сауаттылығын, медиа құзыреттілігін, медиа мәдениетін дамыту үшін қазіргі білім беру үдерісінде медиа құралдарды тиімді пайдалану дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Отбасы терапиясы
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде отбасының функционалды-рөлдік құрылымының қалыптасуы мен даму заңдылықтары, ерлі-зайыптылық және балалар - ата-аналар қатынастарының психологиялық ерекшеліктері, отбасылық қатынастарды диагностикалау мен емдеу әдістерін іс жүзінде қолдануға дайындығы туралы білім жүйесін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән отбасы психологиясына кіріспе, жалпы ережелер мен негізгі ұғымдар, отбасы функциялары, отбасының өмірлік циклі, отбасылық қатынастардың психологиялық ерекшеліктері, бауырластық-мейірбикелік қатынастар психологиясы, отбасылық қатынастарды зерттеудің әдіснамалық негіздері сұрақтарын қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі стресс менеджмент
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде стресс, оның себептері, көріністері мен салдары туралы білім жүйесін; стресс диагностикасын жүргізу және қолданбалы жағдайларда стрессті диагностикалау мен түзетудің психологиялық әдістерін енгізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән стрессті зерттеудің әдістемесі мен әдіснамасы, стрессті басқарудың теориясы мен практикасы, стресстік жағдайлардың психодиагностикасы, стрессті ұйымдық диагностикасы, психологиялық стресс мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік педагогикалық іс–әрекетті құқықтық қамтамасыз ету
    Несиелер: 6

    Пән балалар үйіндегі, толық емес отбасылардағы балалардың құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғаудың құқықтық негіздері туралы білімді қалыптастыру, әлеуметтік педагогтың практикалық қызметінде нормативтік стандарттарды қолдану қабілетін дамыту мақсатында оқытылады. Пән әлеуметтік-педагогикалық қызметтің біліктілік сипаттамалары мен стандарттары, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер қызметінің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері, білім беру мекемесінің әлеуметтік педагогының құжаттамасы, қазақстандық әлеуметтік-педагогикалық білім беруді жаңғыртуды нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік-педагогикалық диагностика
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде ең танымал психодиагностикалық әдістер, нәтижелерді түсіндіру әдістері, емтихан ережелері, психологиялық-педагогикалық практиканың әртүрлі салаларында психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастырудың қолданбалы дағдыларының жиынтығы туралы білім жүйесін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың сипаттамасы, психодиагностикалық құралдардың жіктелуі, психодиагностика әдістерінің сипаттамасы, кәсіби саладағы әлеуметтік-педагогикалық диагностика, әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың этикалық және кәсіби мәселелері қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өмірлік қиын жағдаятта жастарды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің өмірлік қиын жағдаятта жүрген жастар туралы, өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен жастарды әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың әдістемелері мен технологияларын әзірлеу, іске асырудың базалық біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Пән өмірлік қиын жағдаяттағы жастардың категориялары, өмірлік қиын жағдайдағы жастарды әлеуметтендірудегі жалпы және нақты мәселелері, өмірлік қиын жағдайдағы жастарды әлеуметтендірудегі мәселелерді шешудің негізгі әдістемелері мен технологияларын және әлеуметтендірудегі мәселелерді шешу бойынша жұмыс бағдарламаларын іске асыру ерекшеліктері мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балаларды әлеуметтік қорғау
    Несиелер: 6

    Пән студенттерде балалықты әлеуметтік қорғау стандарттары, білім беру саласындағы балаларды әлеуметтік қорғау аспектілері, балалықты әлеуметтік қорғаудың тиімді моделін әзірлеу дағдыларын дамыту, білім берудің гуманистік парадигмасы жағдайында модель құру және жұмыс істеу қағидаларын негіздеу мақсатында оқытылады. Пән келесі мәселелерді қарастырады: балаларды қазіргі жағдайда әлеуметтік қорғау, баланы әлеуметтік қорғау стандарттары, балаларды білім беру саласында әлеуметтік қорғау, баланы қорғау нысаны ретінде қорғаншылық және қамқоршылық, мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау, баланы әлеуметтік қорғаудың құқықтық базасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ізгілік педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пән ізгілік педагогикасының мәні мен мазмұны туралы теориялық білім жүйесін қалыптастыру, білім берудің отандық тәжірибесінде гуманистік педагогика идеяларын жүзеге асырудың озық тәжірибесінің сипаттамалары, білім беруді дамытудың өзгермелі жағдайында гуманистік педагогика идеяларын қолдану дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Пән адамгершілік педагогиканың теориясы мен практикасы, адамгершілік-тұлғалық педагогика, гуманистік педагогика, адамгершілік педагогиканы жүзеге асыру моделі, қоғам мен баланың тұлғасы арасындағы делдал ретінде мұғалімнің іс-әрекетінің гуманистік бағыты мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Психологиялық-педагогикалық кеңес беру негіздері
    Несиелер: 5

    Пән психологиялық-педагогикалық кеңес беру саласындағы теориялық аспектілер мен принциптер туралы білімді, психологиялық-педагогикалық кеңес берудің практикалық міндеттерін шешуге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пән келесі бөлімдерді қамтиды: психологиялық-педагогикалық кеңес берудің теориялық негіздері; психологиялық-педагогикалық кеңес берудің негізгі заманауи бағыттары; психологиялық кеңес берудің жекелеген бағыттары шеңберінде әдістемелерді іске асырудың практикалық аспектілері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік-педагогикалық деонтология
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік-педагогикалық деонтологияның теориялық негіздерін, оның принциптерін, негізгі түсініктерін, әлеуметтік-педагогикалық деонтологияның этикалық және нормативтік негіздерін дамытудың негізгі кезеңдерін, кәсіби парызды түсіну критерийлерін, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі қайшылықтар мен дилеммаларды шешу қабілеттерін игеру мақсатында оқытылады. Пән әлеуметтік-педагогикалық деонтология мәселелері, әлеуметтік-педагогикалық қызмет этикасы, деонтологиялық принциптер, нормалар, деонтологиялық нормаларды іске асыру механизмдері, әлеуметтік мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және деонтология, әлеуметтік мұғалімнің мінез-құлық кодексі мәселелерін ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Педагогтың зерттеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пән студенттің зерттеу мәдениетін дамыту, ғылыми-зерттеу әдістері мен әдістемелерін қолдану, зерттеу қызметін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән мына сұрақтарды қарастырады: зерттеу мәдениеті мұғалімнің кәсіби дайындығының басым міндеттерінің бірі ретінде, «зерттеу қызметі», «мұғалімнің зерттеу мәдениеті» ұғымдарының мәні, ғылыми-педагогикалық ойлау белгілері, зерттеу қызметінің мазмұны мен әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жетімдіктің ерекшеліктерімен, жетім балалармен әлеуметтену және әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру, жетім балаларға қатысты Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі ережелерін талдай білуді үйрету мақсатында оқытылады. Пән келесі мәселелерді қамтиды: жетімдіктің мәні, оны жеңу себептері мен жолдары, әр түрлі жастағы әлеуметтік жетім балалардың сипаттамалары, жетім балаларды әлеуметтендіру және әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктері, жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік-педагогикалық жобалау
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориясы мен практикасы саласындағы білім жүйесін, әлеуметтік жобаларды жасаудағы технологиялық тәсілдерін және әлеуметтік педагогикада жобалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік жобаларды әзірлеу кезінде әлеуметтік-педагогикалық жобалау теориясы саласындағы білімді қолдана білу мақсатында оқытылады. Пән келесі мәселелерді қарастырады: әлеуметтік-педагогикалық жобалау түсінігі мен мәні, әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың формалары мен қағидалары, әлеуметтік-педагогикалық жобаны әзірлеудің негізгі кезеңдері, әлеуметтік-педагогикалық жобаны әзірлеу технологиясы, жоба бюджетін жоспарлау және әзірлеу, жобаларды сараптау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жасөспірімдерді әлеуметтік-педагогикалық оңалту
    Несиелер: 6

    Пән бейімделмеген жасөспірімдерді әлеуметтік-педагогикалық оңалту процесін ұйымдастыруға қолдау көрсету, бекітілген стандартты әдістер мен технологияларды қолдану, сондай-ақ бейімделмеген жасөспірімдерді оңалтудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын ұйымдастыру дағдыларын дамытуға ықпал ету мақсатыннда оқытылады. Пән келесі мәселелерді қамтиды: жасөспірімдердің бейімделуі, мәні, ерекшеліктері, бейімделмеген жасөспірімдерді әлеуметтік-педагогикалық оңалту үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бейімделмеген жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүйесі, бейімделмеген жасөспірімді оңалту жолдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Педагогикалық аксиология
    Несиелер: 5

    Пән педагогикалық аксиологияның теориялық негіздері, білім берудің даму стратегиясы мен мазмұны, білім берудің аксиологиялық функцияларын анықтаудағы құндылық тәсілдері жөніндегі білімді қалыптастыруға; білім беру үдерістерінде туындайтын әлеуметтік маңызды мәселелерді талдау, олардың аксиологиялық мәнін анықтау дағдыларын қалыптастыруға; жеке тұлғаның аксиологиялық даму әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән келесі бөлімдерді қамтиды: білім және оның аксиологиялық қызметі; қазіргі мұғалімнің аксиосферасы және оның дамуы; педагогикалық аксиологияның негізгі категориясы ретінде құндылық сана; педагогикалық өзара әрекеттесудің аксиологиялық негіздері, құндылық мінез-құлық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік педагогикалық жұмыс технологиялары
    Несиелер: 6

    Пән студенттерді әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың сан алуан түрлерімен және олардың құрылымымен таныстыру, әлеуметтік-педагогикалық технологияларды дербес әзірлеу үшін балалармен, жасөспірімдермен, жастармен практикалық іс-әрекетте әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың әртүрлі типтері туралы теориялық білімді қолдану қабілетін, диагностикалық әдістемелерді, әлеуметтік-педагогикалық профилактика, түзету және оңалту технологияларын іске асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пән әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық технологиялар, профилактикалық әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет технологиялары, қайта әлеуметтендіру, оңалту, түзету технологиялары, балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мәселелерін ашып көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON3

    азаматтық ұстаным тұрғысынан тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу дағдыларын және дүниетанымдық көзқарас тұрғысында тарихи-философиялық, әлеуметтік-саяси білімдер жүйесін игеру.

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау дайындығы болуы.

  • Код ON6

    әр түрлі жас кезеңдерінде адамның психофизиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік педагогика идеяларының генезисін, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің деонтологиялық қағидаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде болашақ кәсіби қызметтің тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіру кеңістігіне бағдарланған тетіктерін меңгереді

  • Код ON8

    психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық білімдерін, жобалау мен құрастырудың зерттеу дағдыларын кәсіби қызметінде, ғылыми-педагогикалық ақпаратты талдау және өңдеу кезінде пайдалана алуды көрсету

  • Код ON4

    дене шынықтыру мәдениетінің әдістері мен құралдары туралы білімдерді игеру, экология мен өмір қауіпсіздігінің негіздерін, жемқорлықсыз білім берудің құндылықтарын, өмірдің нақтылы жағдайларында адамгершілік, құқықтық және экологиялық кешендерді пайдалану дағдыларына ие болу.

  • Код ON9

    білім беру және әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыру қабілетін көрсете білуі, алған арнайы білімді психологиялық-педагогикалық кеңес беру мен коучтарда тәжірибелік мәселелерді шешуде қолдана білуі, білім беру ұйымдарында жеке және топтық мінез-құлыққа ықпал етудің заманауи технологияларын игеруі

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі түрлерін пайдалану және өмірдің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білуі, сондай-ақ ғылыми зерттеу әдістерін таңдау және оларды бітіру жұмыстарын жазу кезінде қолдану қабілетін көрсете білуі.

  • Код ON7

    этномәдениетті дамытудың жалпы және арнайы заңдылықтарына сәйкес және ұлттық дәстүрлерге негізделген тәрбие технологиялары туралы білім кешенін қолдануы

  • Код ON12

    Болашақ маманның медиасауаттылығын, медиақұзіреттілігін және медиамәдениетін дамыту үшін білім берудегі медиа негіздері мен медиатехнологиялар туралы алған білімдерін қолдана білуі

  • Код ON11

    өмірлік күрделі жағдайдағы тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету механизмдерін жүзеге асыру және өзара қарым-қатынас моделін құрастыру дағдыларын көрсете білуі

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау

  • Код ON10

    Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес қоғамның әлеуметтік өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті дағдыларды қолдану

6B01801 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 6B01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану , инклюзивті білім беру тьютері
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы мамандарды дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және тьюторлық
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы мамандарды дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 Әлеуметтік педагогика
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top