Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02302 Аударма ісі в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Аударма және аударма технологиялары саласында кең ауқымды теориялық және тәжірибелік білімді меңгерген; ғылыми-техникалық ақпаратпен дербес жұмыс істеуге қабілетті, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланып, алынған ақпаратты жүйелеп, жинақтай алатын; сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді өз бетінше ала алатын жоғары білікті аудармашы-мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • аударма мәтінінің грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктерін және бастапқы мәтіннің сипаттамаларын, лексикалық баламалық нормаларын сақтай отырып, ауызша және жазбаша аударма жасау дағдыларын дамытады
  • академиялық адалдық мәдениетін түсініп, және оны сақтай отырып, кәсіби қызметтің инновациялық технологияларын қолданады
  • лексикалық эквиваленттік, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, жазбаша аударманы жүзеге асырады, зерттелетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдана біледі
  • ілеспе аударма түрлерімен танысады (парақтан аудару, әңгімелер мен келіссөздерді аудару), студенттердің кәсіби қызметінде ілеспе аударманың дағдылары мен біліктерін қалыптастырады, аудармашылық талдау жасап, аударма мәселелерін шешеді
  • зерттеу қызметі мен академиялық жазу әдістерін меңгеріп, теориялық тәжірибеге, аударма процесінің әдістемесі мен техникасын, аударма тәсілдерін қолдана алады
  • АКТ пайдалана отырып, білім алушылардың жеке қызығушылықтарына сәйкесінше аударма қызметін оқытудың оқу үдерісін ұйымдастырады
  • аудармашыларды кәсіби даярлаудағы қазіргі үрдістері, пәндік сала бойынша білімін жинақтай алады
  • барабар аудармаға барынша қол жеткізу үшін түпнұсқа мәтінінің лингвистикалық ақпаратын пайдаланады; жалпы және кәсіби тақырыптар шегінде ағылшын тіліндегі белсенді сөздік қорын кеңейтеді; лексикографиялық дереккөздерден, анықтамалық арнайы әдебиеттерден және компьютерлік желілерден аударма үшін ақпарат алады
  • әдеби процестің дамуының жалпы заңдылықтары туралы түсінік қалыптастырып, зерттеу әдебиетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, мәтінді филологиялық талдау тәжірибесінде білімді қолдана біледі
  • сыни ойлау, шығармашылық ізденіс арқылы аударма процесін зерттеудің құрылымын, негізгі тұжырымдамалары мен әдістерін талдайды, зерттелетін саладағы озық білімге негізделген білім мен оны меңгеру деңгейін көрсетеді
  • аударма саласында шетел тілінің кәсіби-бағдарланған сөйлеу әрекетінің өзара байланысты түрлерін жүзеге асыра отырып, қосымша білім алуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгереді
  • шет тілін еркін меңгерумен қатар қарым-қатынасқа, жедел жадқа және ақпараттық мәдениетке дайындығын көрсетеді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді
Top