Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01402 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгереді;
  • Қазіргі заманғы өнер түрлерінің көркемдік ерекшеліктерін сәндік-қолданбалы өнер және дизайн саласындағы практикалық білімдері мен дағдыларын біріктіретін өзінің шығармашылық жобаларын жасай алады;
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолданады;
  • Үйдің ішкі және сыртқы интерьерін жасауда шығармашылық идеялармен компьютерлік технологияны пайдалана алады, «hand made» сәндеу элементтерін және көркемдеу тәсілдерін қолданады;
  • Көркем іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін (сурет, кескіндеме, мүсін, көркемдік құрылым), сондай-ақ АКТ негізіндегі көркемдік әрекеттің арнайы пішіндерін (сандық фотосурет, бейне жазба, мультипликация элементтері және т.б.) практикалық білік дағдыларында көрсетеді;
  • Үш өлшемді кеңістікте композициялық өнер туындыларын тұрғызудың принциптері мен құралдарын, көркемдік элементтерін меңгереді, визуалды өнер теориясының негізгі ережелері, бейнелеу және көркем қабылдау психологиясы туралы білімді түсіндіреді;
  • Қолданбалы өнер мен дизайнның сипаттамаларын, еңбек операцияларын орындау үшін өмір сүру ортасының эстетикалық, техникалық, экологиялық және эргономикалық жағдайларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, заманауи талаптар негізінде материалдарды көркемдеп өңдеудің технологиялық процестерінің нәтижелері мен көркем өнер туындыларының материалдылығын дизайнның даму тенденциялары негізінде талдайды;
  • Әлем халықтарының ас үй мәдениеті мен дәстүрлерін, тағам дайындау технологиясын, өсімдік шаруашылығы негіздерін біледі, салауатты тамақтанудың ережелерін сақтайды, тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қолданады;
  • Конструктивтік, анатомиялық және пропорционалды қатынастарды сақтай отырып, заттар мен адам фигурасын шынайы бейнелеуде кескіндемелік және графикалық шеберліктің әртүрлі көркемдік әдістері мен тәсілдерін қолданады;
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалауды оқытудың оқу үдерісінде ынтымақтастық педагогикасы тұрғысынан көшбасшы ретінде, сондай-ақ инклюзивті білім берудің теориялық ережелері мен академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін сақтай отырып, заманауи педагогикалық технологияларды ұйымдастырады;
  • Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесін меңгереді, сызбаларды, конструкторлық және сәндік-қолданбалы жұмыстарды орындауда компьютерлік технологияның негіздерін тәжірибеде қолданады;
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді;
Top