Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Информатика в Yessenov University

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ жоспарларын құра отырып, оқытудың тиісті әдістемелері мен бағалау құралдарын айқындай отырып, оқу сабақтарын жоспарлайды.
  • Өз ісін одан әрі ұйымдастыру мүмкіндігімен өз біліктілігін арттыруды жоспарлау арқылы кәсіби қызметті жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындай отырып, Үздік педагогикалық тәжірибелерді зерделей отырып, өз қызметінің рефлексиясын жүзеге асырады.
  • жаһандық, ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарға ие өзінің азаматтық және адамгершілік ұстанымын білдіреді
  • оқушылардың даму педагогикасы, даму психологиясы және физиологиясы туралы білімдерін қолданып, білім алушылардың эмоциялық интеллект деңгейін ескере отырып, тұлғаға құрмет көрсете отырып, тәрбие үдерісін құрады
  • зерттеу (жобалау) жұмыстарындағы топтық жұмыс және рефлексия әдістерін, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін пайдалана отырып, информатиканы оқытудағы қажеттіліктер мен қиындықтарды анықтайды.
  • білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамыта отырып, педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды.
  • Білім беру процесін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде Big-Data негіздері және деректерді талдау, робототехника негіздерін, компьютерлік графика және 3D модельдеу, мобильді қосымшаларды әзірлеу әдістерін қолдана отырып, информатика саласында инновациялық тәжірибелерді оқытуда сабақты зерттеуді (Лессон Стади) пайдаланады.
  • Білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыта отырып, сыныптағы жайлы, қолжетімді оқу ортасын және эмоционалды-психологиялық ахуалды қолдайды, білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесе отырып, стандартты емес ойлауды дамытады, инновациялық идеяларды бастай отырып, интернет-ресурстардан ақпаратты дұрыс таңдап, пайдаланады, тиімді коммуникацияны жүзеге асырады.
  • Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму траекториясын жобалайды, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясын және білім беру ресурстарының кең спектрін қолдана отырып, Информатика және Негізгі мектепте информатиканы оқыту әдістемесі, Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту бойынша оқыту бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлейді.
  • заманауи бағдарламалау құралдарының көмегімен түрлі операциялық орталарда бағдарламаларды өз бетінше құру үшін деректерді жинауды және түсіндіруді, бағдарламалық кодты жазуды, тестілеуді, модельдеуді, жобалауды, олимпиадалық есептерді шешу әдістерін жүзеге асырады
  • Экономикалық теория, құқық, кәсіпкерлік, ойлау дизайны, шет тілі, STEM оқыту негіздерін және информатиканы оқыту әдістемелерін білуін пайдалана отырып, дербестіктің жоғары дәрежесімен, кейіннен өз ісін ұйымдастыру мүмкіндігімен одан әрі оқыту бағыттарын айқындайды
  • кәсіби қоғамдастықтардың, құқық қорғау органдарының, әлеуметтік, экологиялық қызметтердің өкілдерін оқу-тәрбие процесіне тарта отырып, мамандарға да, маман еместерге де ақпаратты, идеяларды, проблемалар мен шешімдерді хабарлай отырып,кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасайды
Top