6B01503 Информатика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттайтын, кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті информатика мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Білім алушы компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық қасиеттерімен танысады; ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің арифметикалық, логикалық, алгоритмдік негіздерін қолданады; микрокомпьютердің оқу моделі мен машиналық деңгейдегі командаларды және олардың орындалу механизмін біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алгоритмдеу және программалау негіздері
Курс соңында Python алгоритмдік тілдің құрылымын, тілдің мүмкіндіктерін, бағдарламалау ортасында алгоритмдер құру принциптерін сипаттайды; Python-ның басқару құрылымдарын, алгоритм түрлерін, циклдерді, тізімдер, кортеждер, жиындар мен сөздіктерді, массивтерді, алгоритмнің трассировкасын игереді; Python-ғы негізгі стандартты модульдерді, қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау әдістерін, алгоритмдер мен бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мобильді қосымшаларды әзірлеу
Білім алушылар мобильді қосымша құрудың негіздерін түсінеді; интерфейс пен қолданба логикасы принциптерін иегереді; MIT App Inventor бағдарламасында жобалар жобалап, Android қолданбаларының архитектурасын талдайды; қолданушы тәжірибесін бағалап, Android Studio бағдарламасында толық функционалды қосымшаларды әзірлейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Компьютерлік графика және 3D модельдеу
Білім алушылар компьютерлік графика мен 3D модельдеудің негіздерін біледі; 3D объектілердің модельдерін, графикалық примитивтерді, векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құруды игереді; графикалық жобаларды құрастыру кезінде дизайн принциптері мен композицияны қолданады; Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free бағдарламаларында кәсіби жобалар мен шығармашылық тапсырмаларды орындауды жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау
Білім алушылар Python тілінің объект, класс, экземпляр құрылымдарын біледі; көптеген мәселелерді шешуге инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм принциптерін практикада қолданады; күрделі жүйелерді модельдеу үшін объектілік тәсілді және ОББ-ны Python бағдарламалау тілі арқылы нақты жоба жасауда іс жүзінде пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары математика
Білім алушылар жоғары математиканың нақты және кешенді айнымалылар, функциялар, шектер, үзіліссіздік, дифференциалдау мен интегралдау ұғымдарын түсінеді; бір және бірнеше айнымалылы функциялардың туындысы мен интегралын, дифференциалдық теңдеулер, олардың шешу әдістерін информатикада модельдеуде пайдаланады; векторлық алгебра, матрицалар, анықтауыштар, сызықтық теңдеулер жүйесін информатиканың практикалық міндеттерін шешуде практика жүзінде қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Информатиканың теориялық негіздері
Курс соңында информатиканың фундаментальды ұғымдарын: ақпараттар теорисяның негізі, сандық автоматтар теориясы, алгоритмдер теориясы, ақпаратты модельдеу, информатиканың семантикалық негізін біледі; ЭЕМ-ң элементтік базасын ықшамдау, салыстыру операцияларын, алфавиттерді кодтау, алгоритмдерді іздеу, таңдау дағдыларын игереді; алгоритмдерді сұрыптау тиімділігі мен күрделілігіне талдау жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Физика
Білім алушы жалпы физика курсының іргелі заңдарын меңгереді, физикалық идеяларды сипаттайды, мектеп физика курсының негізгі бөлімдерін қарастырады, есептерді талдап шығарады, заңдылықтарды қолдана алады. Физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді, алынған нәтижелерді өңдеп саралайды, оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
ОЖ және қолданбалы информатика
ОЖ мен қолданбалы бағдарламалардың негізгі функцияларын сипаттайды; әр түрлі форматтағы файлдар, жұмыс процесін автоматтандыру, ОЖ-нің утилиталарын, қолданбалы бағдарламалар мүмкіндіктерін пайдаланады; компьютерлік қауіпсіздік негіздерін, компьютерді құрастыру мен жаңғырту, бағдарламалық жасақтаманы баптау жұмыстарын іс жүзінде шешуге дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика есептерін шығару практикумы
Бұл курс есептерді шешу арқылы физика курсын тереңірек зерттеуге, физикалық есептерді шешуде әдіснамалық білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ мұғалімдердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға және тұрақты бақылауға бағытталған; есептерді шешудің әртүрлі әдістерін (аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б.) меңгереді. Курс барысында мектеп физика курсының есептерін талдап, шығару жолдары мен шешімдерін айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Робототехника негіздері
Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехника негіздерін игереді; сенсорлардың жұмыс жасау принципін түсінеді, EV3 негізіндегі модельдерді бағдарламалайды; робот әрекетін талдап, алгоритм жұмысын бағалайды; қолданбалы есептерді нақты немесе имитацияланған ортада шешу үшін өз шешімдерін құрады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дискретті математика
Білім алушылар информатика саласындағы теориялық және практикалық есептерді шешуде дискретті математиканың негізгі ұғымдарын біледі; логикалық формулаларды, жиындар теориясын, қатынастар мен функцияларды есептерді шешуде пайдаланады; комбинаторлық әдістерді, графтар мен ағаштардың қасиеттерін алгоритмдерді талдау мен модельдеуді практика жүзінде қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Web бағдарламалау
Білім алушылар HTML, CSS және JavaScript негіздерін иегереді; веб-беттердің құрылымы мен әрекетін түсінеді; интерактивті интерфейстер жасап, Веб-эргономиканың ереекшеліктерін, клиент-сервер өзара әрекеттесулерін талдайды; код сапасы мен өнімділігін бағалайды; заманауи фреймворктар мен технологияларды қолдана отырып, толық жұмыс істейтін веб-қосымшаларды әзірлейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бұл курста - ҚР Білім беру саласындағы нормативтік актілерін, мектептегі іс жүргізу әдістерін, бағалаудың негізгі тәсілдерін біледі; информатиканы оқытуда қолданылатын дәстүрлі және заманауи әдіс-тәсілдерді, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады; әртүрлі оқу контенттері мен АКТ құралдарын пайдаланып, оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сай оқыту әдістерін талдайды;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Мақсаты: оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсіну және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз ету және бағалауға қатысты түсініктер мен тәжірибелерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау мүмкіндігі Студенттер, мүмкін: • бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін жақсы түсіну (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау) • оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Олимпиадалық тапсырмаларды бағдарламалау
Бағдарламалау тілдерінің алгоритмдері мен деректер құрылымдарын біледі; Олимпиадалық форматтағы есептерді талдайды және шешу стратегиясын құрастыра алады; бағдарламалау тілдері бойынша олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын көрсетеді; алған білімдерін кәсіби саласында оқу-практикалық қызметіндегі мәселелерді зерттеу және шешу үшін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Интеллектуалды жүйелер және IoT
Курс соңында білім алушылар IoT және интеллектуалды жүйелердің негіздерін игереді; компоненттердің архитектурасы мен өзара әрекеттесуін түсінеді; жобаларда технологияны қолданып, құрылғының деректері мен мінез әрекетін талдайды; шешімдердің тиімділігін бағалайды және сенсорларды, алгоритмдерді, желілік технологияларды біріктіру арқылы ақылды жүйелерді дамытуды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті цифрлық білім беру технологиялары
Инклюзивті білім беру ұғымын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған цифрлық құралдар мен ресурстарды біледі; инклюзивті ортада информатика пәнін оқытуды ұйымдастырады және АКТ құралдарын педагогикалық тұрғыда дұрыс қолданады; ерекше оқушыларды қолдауға бағытталған қолданбалы бағдарламаларды меңгерту мен білім беру процесіне бейімдеу әдістерін көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
VR/AR және және блокчейн технологиясы
Курс соңында білім алушылар VR/AR және блокчейн принциптерін, олардың қолданылуын түсінеді; негізгі жобаларды жүзеге асыруда, технологиялық шешімдерді талдап, интеграцияның тиімділігін бағалайды; виртуалды орта мен орталықтандырылмаған жүйелердің үйлесімін қолдана отырып, инновациялық цифрлық өнімдерді жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі информатика негіздері
Білім алушылар информатика ғылымының бастауыш мектеп деңгейіне бейімделген негізгі ұғымдарын біледі; бастауыш сынып информатика курсының мазмұнын, құрылымын және білім беру мақсаттарын түсінеді; дербес компьютер, қарапайым алгоритмдер құру, роботтар жұмысын іске асыру әдістерін көрсетеді; цифрлық білім беру ресурстарын, интерактивті құралдарды, білім беру платформаларын кәсіби саласында қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
STEAM стартап жобалау
Білім алушылар STEAM әдіснамасы негізінде стартап жобаларды құрастыру негіздерін түсінеді; жобалау процесінде ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларын интеграциялау әдістерін қолданады; Жобаны іске асыру үшін қажетті Crowdfunding (краудфандинг) платформаларды және ұйымдастырушылық ресурстарды талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағдарламалау ортасында математикалық модельдеу
Білім алушылар бағдарламалау тілдері және құралдарын пайдалана отырып, нақты процестер мен құбылыстарды математикалық модельдеу негіздерін біледі; бағдарламалау ортасында құрылған модельдердің нәтижесін талдайды; модельдеу нәтижелерін визуализациялау мен оңтайландыру әдістерін қолданады; математикалық модельдеуді кәсіби-практикалық есептерді шешуде тиімді пайдаланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
Білім алушылар желілер мен хаттамалардың негіздерін біледі; компьютерлік желілерді ұйымдастыруды түсінеді; Cisco Packet Tracer ішінде желілерді модельдейді; конфигурациялар мен маршруттарды талдап, шешімдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бағалайды; берілген шарттарға сәйкес оңтайландырылған желілік архитектураларды жобалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Big Data технологиялары
Білім алушылар Big Data технологияларының негізгі ұғымдарын, құралдарын және әдістерін біледі; SQL тілінде сұраныс жасап, деректерді өңдеудің тиімді әдістерін қолданады; мәліметтерді визуализациялау және талдау үшін заманауи құралдарды пайдалана алады; үлкен деректер негізінде аналитикалық шешімдер қабылдап, деректердің сапасын бағалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім мен дағдыларды бағалау практикумы
Курс болашақ информатика пәні мұғалімінің кәсіби саласы бойынша педагогикалық, әдістемелік дағдыларды, цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Практикум барысында информатика ғылымының негіздері мен ақпараттық процестерді біледі. Әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыруда заманауи программалау тілдері, компьютерлік жүйелер және графика құру әдістерін қолданады. Зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытуда мәліметтер қоры, Wеб-жобалау мен бейнеконтент жасау дағдыларын көрсетеді. Курс соңында бітіруші түлектер педагогтың білімін бағалау біліктілігін алу мүмкіндігіне ие болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Студенттер ақпараттық жүйелер мен мәліметтер қорының негізгі ұғымдары мен түрлерін біледі; реляциялық мәліметтер қорының құрылымын және жұмыс принциптерін түсінеді; SQL тілінде деректер қорын құру, мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу, есептер құрастыруды іс жүзінде қолданады; мәліметтер қорының құрылымын бағалап, ақпараттық жүйелерді жобалау шешімдерін синтездейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі бұлттық технологиялар
Студенттер бұлтты қызметтер ұғымдары мен олардың білім берудегі рөлін түсінеді; бірлесіп жұмыс істеу құралдарын қолданып, платформалар мен шешімдерді талдайды; бұлтты технологиялар негізінде өздерінің білім беру орталарын құрады және педагогикалық құндылығын бағалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатика пәнінен цифрлық білім беру ресурстарын жобалау
Білім алушылар цифрлық білім беру ресурстарының түрлерін, құрылымын және педагогикалық ерекшеліктерін түсінеді; ЦББР-ды әзірлеуде авторлық құқық, этика және киберқауіпсіздік қағидаларын біледі; Онлайн платформалар мен цифрлық құралдар арқылы оқу материалдарын әзірлеп, жобаланған цифрлық ресурстардың тиімділігін бағалай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Криптография және деректерді қорғау
Деректерді қорғау әдістері мен криптографияның негіздерін біледі; шифрлау және декодтау тәсілдерін түсінеді, ЭЦҚ, деректердің тұтастығын қамтамасыз ету жолдарын, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері мен криптоталдау әдістерін қолданады; стандарттарға сәйкес ақпаратты қорғау құралдарын тиімді пайдаланады; қауіпсіздік жүйелерін талдайды және ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін синтездейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орта мектепте информатика пәнінен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Бұл курста информатика пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсаты, міндеті, құрылымы және кезеңдері туралы негізгі ұғымдарды түсінеді; ғылыми гипотеза құру, әдіс таңдау, деректер жинау және талдау дағдыларын қолдана отырып зерттеу жобаларын жоспарлайды; оқушылардың ғылыми баяндамаларын, презентацияларын және есептерін рәсімдеу стандарттарына сай тексеріп, бағалай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Информатика, іргелі математика, заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы теориялық білімдерді таратады;
- Компьютерлік жүйелер архитектурасы, операциялық жүйелерді, желілік технологияларды және ақпараттық қауіпсіздік принциптерін тиімді қолданады;
- Кәсіби стандарт талаптарына сәйкес меңгерген құзыреттіліктерін, информатика пәнін оқыту әдістемесін, бағалау негіздерін, олимпиадалық және физикалық есептерді шешудің тиімді әдістерін, ШЖМ, қашықтықтан оқыту, инклюзивті білім беру жағдайындағы инновациялық технологияларды меңгергендігін көрсетеді;
- Кәсіби саласында білім алушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық білімдер мен әдістерді оқу процесінде, оқушылармен өзара әрекетте тиімді пайдаланып, тәрбие жұмысын жоспарлап, жүргізе алады;
- Алгоритмдік ойлау мен бағдарламалық шешімдерді әзірлеуде объектіге бағытталған, веб, мобильді және жүйелік бағдарламалау әдістерін қолданады.
- Ақпараттық және модельдеу жүйесін, компьютерлік желілер, бұлттың қызметі, Big Data, IoT құралдарын кәсіби қызметте пайдаланады.
- Роботтық жүйелердің нобайын, 3D моделдеу принциптерін, жасанды интелект, VR/AR, цифрлық білімдік ресурстарды жобалауда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерін кәсіби салада белсенді көрсетеді;
- Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерін түсініп, стартаптар мен STEAM жобаларын әзірлеу мен ұйымдастыру, экологиялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы білімдерін көрсетеді.
Ұқсас БББ
6B01503 Информатика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01503 Информатика мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01503 Информатика
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01503 Информатика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01503 Информатика
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01503 Білім беру жүйесіндегі информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті