Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогика және психология саласында мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдардың жұмыс істеу және даму стратегияларын жасауға, логикалық әдістерді пайдалануға, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимыл модельдерін құрастыруға және басқару әдіснамасын менгеруге, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеуге, енгізуге және бейімдеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері

    Пән аясында білім беру процесін ұйымдастырудың психологиялық ғылыми ойлары теориялары, заңдылықтары, принциптері, теориялық-әдіснамалық негіздері оқытылады, пәнді зерделеу нәтижесінде психологияны жүйелі түсіну, осы саладағы зерттеу дағдылары мен әдістері қалыптасады. Докторант өзінің білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа хабарлау қабілетін игеріп, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзінің ерекше зерттеулерімен үлес қосады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық квалиметрия және білім беру сапасын басқару

    Курсты оқыту барысында білім сапасын өлшеу мен бағалау құралдары, өнімнің сапасының сандық бағалануы, сапа көрсеткіштері, оларды анықтау мен ықшамдау, сандық нәтежелерін өңдеу мен сараптау, нәтежелерді түсіндіру мен шешім қабылдау әдістері талданып зерттеледі. Нәтижесінде докторант зерттеу жұмыстарында квалиметрия құралдарын қолдану заңдарын білу, диагностикалау, талдау, оқу үдерісіне квалиметриялық әдісті енгізу дағдысына машықтанып, олардың өлшемдік тиімділігіне және тәуекелдік жағдайларына байланысты шешім қабылдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы терең білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Бұл білім алушыға өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін негізге ала отырып дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми ізденістің заманауи талаптарына сәйкес жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдылары қалыптастырылады. Жасанды интеллект негізіндегі құралдарды (мәтіндік модельдер, автоматтандырылған библиография, деректерді талдау жүйелері) қолдану арқылы ғылыми ақпаратты құрылымдау, зерттеу гипотезаларын дәлелдеу және академиялық жазылым сапасын арттыру мүмкіндіктері кеңейтіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу технологиясы

    Пән шеңберінде "білім беру", "білім беру бағдарламалары" ұғымдарының мәні, функциялары, білім беру бағдарламаларын әзірлеу технологиясы және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері зерделенеді. Оқыту нәтижесінде білім беру бағдарламаларын жобалау кезінде маңызды зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, білім беру бағдарламасын жобалау, енгізу және өзгеретін жағдайларға бейімдеу дағдылары қалыптасады. Пәнді оқу барысында талдау, бағалау, синтездеу және отандық немесе шетелдік тәжірибемен салыстыру әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы

    Пән аясында мамандықтарға сәйкес кәсіби білім беру бағдарламаларының пәнаралық байланыстарын жүйелеудегі орны, рөлі және маңызы, философиялық - әдіснамалық негіздері, парадигмалық және құзіреттілік тұғырлары, ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасы мен әдістері туралы білімдер зерттеледі. Докторант пән аясында ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастырып, зерттеу дағдыларына машықтанып маңызды зерттеулердің нәтижелерін білім беру үдерісін жобалауда қолданып, сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазу барысында ғылыми этика нормаларын сақтай отырып, академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа алады және халықаралық ғылыми дерекқорлар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланады.
  • Психологиялық-педагогикалық маңызды зерттеулердің нәтижелерін өңдеп, сараптай отырып, нәтежелерін түсіндіріп, диагностикалап, оқу үдерісінде қолданып, шешім қабылдайды.
  • Зерттеу бағытына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы алынған зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ғылыми негізделген қағидалар ұсынады, ғылыми еңбектерді әзірлейді және ғылыми қауымдастық алдында қорғайды.
  • Зерттеу дағдылары мен әдістерін игере отырып, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа хабарлай отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өз түпнұсқа зерттеулерімен үлес қоса отырып, зерттеу саласы туралы жүйелі түсінік көрсетеді
  • Жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдай отырып, ғылыми көзқараспен маңызды зерттеу процесін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсетеді
  • Әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды инновациялық технологиялардың іскерлік қолданбаларымен сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді.
Top