Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Академиялық хат

    Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру және аналитикалық мәтіндік қызметпен байланысты коммуникативтік құзіреттілікті кеңейту; докторанттарда лингвистикалық және прагматикалық ойлау дағдыларын, тілдің экспрессивті бірліктерін талдай білу және қарым-қатынас мақсаттары мен шарттарына байланысты қажетті бірлікті дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұнының ғылыми-әдістемелік негіздері

    Білім мазмұнын жаңартудың негізгі принциптерімен танысу, негізгі теорияларды, заңдарды, ұғымдар мен мәселелерді, сондай-ақ адамзаттың жалпы танылған мәдени-тарихи жетістіктерін зерделеу және осының негізінде кәсіби қызметте жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын қолдану мүмкіндіктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Докторанттарда нақты ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуде зерттеу әдістерінің кешенін қолдану арқылы Педагогика және психология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау, жүйелеу және жалпылау негізінде зерттеу қызметін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Докторанттардың теориялық білімдерін жалпы философиялық, жалпы ғылыми және жеке негізде дербес ғылыми зерттеулер жүргізу процесінде қолдана білуін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық пәндерді оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің теориялық негіздері

    Оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің ерекшеліктері мен өміршеңдігін меңгеру, оқу-әдістемелік кешендерін құру шеберлігі талдауын, білімгердің педагогикалық пәндерді оқу үрдісінде психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін диагностикалау, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жобалаудың педагогикалық және концептуалды негіздерін дайындай алуы. Білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін және жеке-тұлғалық даму негіздерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі педагогикалық теориялар

    Педагогикалық құбылыстардың қатаң талдау шеберлігін түсіндіретін және сипаттайтын теориялық білімдерін жүйесін меңгеру. Бастапқы талаптар мен ұғымдар: заңдарды, заңдылықтарды, қағидаларды, педагогикалық теорияларды құру ережесін білуі қажет. Педагогикалық теориялар классификациясын реттей алуды қалыптастыру ( жекеменшік және жаһандық нақты білім беру шындығын тудыратын сұранымдар)

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп кадрларын даярлау кезіндегі педагогикалық диагностика

    Білім алушыларды олардың психологиялық-педагогикалық дайындығын күшейтуге ықпал ететін теориялық біліммен қамтамасыз ету; тұлға психодиагностикасының ғылыми-теориялық негіздерін тереңдете оқыту; психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша жұмыста мамандарды даярлауды жетілдіру үшін практикалық дағдыларды меңгеру, практиканың әр түрлі салаларында психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік кешендерін құру технологиясы

    Оқу пәнінің әдістемелік және ғылыми-теориялық негіздерін білуі, білім беру стандарты мен ҚР-ның нормативті-құқықтық актілерінен хабардар болуы, білім алуға концептуалды қадам жасай алуы, ПОӘК құру шеберлігін қалыптастыра білуі қажет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жасанды интеллектті қолдану

    Психология мен педагогика салаларындағы зерттеулерде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың теориялық негіздерін, практикалық құралдарын және әдіснамалық тәсілдерін үйрету. Нейрондық желілер, машиналық оқыту, мәтінді талдау, эмоцияны тану жүйелері сияқты ЖИ компоненттерін психологиялық және педагогикалық зерттеу үдерісінде қолдануды меңгереді. Сонымен қатар, деректерді визуализациялау, модельдеу, талдау әдістерін ЖИ арқылы жүзеге асырудың жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасындағы және әлемдік ғылымдағы озық педагогикалық тәжірибені және психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін қорытындылау және жүйелеу.
  • Жеке тұлға мен ұжымның дамуын жобалау үшін педагогикалық диагностика әдістемелерін әзірлеу.
  • Өзіндік жаңа ғылыми идеяларыңызды құрастыру және оларды ғылыми қоғамдастыққа жеткізу.
  • Білім беру үрдісінің табыстылығын болжау және қамтамасыз ету үшін оқу пәндерінің мазмұнын жобалау.
  • Білім беру стандарттары мен нормативтік-құқықтық актілерін талдау негізінде жоғары мектептегі жаңалықтар алгоритмін әзірлеу.
  • Білім беру мазмұны мен оқыту технологияларын әзірлеу үшін педагогика және психология саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларға талдау, бағалау және салыстыру жүргізу.
  • Педагогика және психология саласында инновациялық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді қолдана отырып, оқытушылық қызметті және пәнаралық білімді біріктіруді жүзеге асыру.
  • Заманауи теориялар мен талдау әдістеріне негізделген академиялық тұтастықпен сипатталатын тәуелсіз ғылыми зерттеу жүргізу.
  • Ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу тетіктерін синтездей отырып, заманауи педагогикалық теорияларды талдау және салыстыру.
  • Ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ғылыми жұмыстарды жазу үшін заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу
Top