Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01401 Дене шынықтыру және спорт в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, зияткерлікпен, жоғары мәдениетпен және төзімділікпен ерекшеленетін дене шынықтыру және спорт бойынша жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Акробатика
Жеңіл атлетикадан сабақтар өткізу
Гимнастика сабақтарын өткізу
Мектептегі жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі
Тандаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Баскетбол
Мектепте волейболды оқыту әдістемесі
Мектепте мини-футболды оқыту әдістемесі
Мектепте баскетболды оқыту әдістемесі
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Волейбол
Футбол
-
2 Оқу жылы
Анатомия, спорттық морфология негіздері
Экономика және құқық
Білім берудегі менеджмент
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Педагогика
Гимнастика оқыту әдістемесімен
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Жасанды интеллект
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
-
3 Оқу жылы
Қол добы оқыту әдістемесімен
Мектеп бағдарламасындағы спорт ойындары
Дене қасиеттерін жетілдіру
Бағалаудың критериалды технологиялары
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).
Гандбол
Дене шынықтыру тарихы, олимпиадалық спорт
Мектепте ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі
Балалар мен жасөспірімдер спортының негізі
Спорттық саяхаттар мен сапарларды ұйымдастыру
Таңдап алған спорт түрі бойынша жаттықтыру әдістемесі
Таңдап алған спорт түрінен жалпы және арнайы дене дайындығы
Рефлексивті қызметтің тиімділігін, өнімділігін зерттеу
Спорттық туризм
Дене қасиеттері мен психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру
Ұлттық спорт түрлері
Базалық спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
Мектепте футболды оқыту әдістемесі
-
4 Оқу жылы
Емдік дене шынықтыру және массаж
Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Дене тәрбиесінің тәрбиелік әлеуетін дамыту
Спорт гигиенасы
Шахмат оқыту әдістемесімен
Спорттық гигиена және нутрициология
Денсаулық және салауатты өмір салты
Тоғызқұмалақ оқыту әдістемесімен
Дене шынықтыру және спорт менеджменті
Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы
Командалық ойынның қозғалыс дағдысы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Оқытылатын саладағы білім мен түсініктерді көрсетеді, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін белгілі бір табиғи, техникалық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді меңгереді, кәсіби міндеттерді шешу кезінде білімді қолданады, Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсетеді. Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну, тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.
- Осы саладағы әлеуметтік-этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады, тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас проблемаларын шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасай біледі, грамматикалық білімдер жүйесін, тиісті ниеттерді белгілі бір тілде білдірудің прагматикалық құралдарын барабар түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалана біледі.
- Оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, теориялық және практикалық құндылығы бар оқу материалын ұсынады, спорттық-педагогикалық шеберлікті қалыптастырады, психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда арнайы әдістерді қолданады.
- Мифологиялық діни және ғылыми дүниетаным қағидаттары негізінде қоршаған болмысты бағалайды, кәсіби міндеттерді шешу үшін инновациялық білім беру технологияларын қолдану негізінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана біледі, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық актілеріне сәйкес әрекет етеді, дене шынықтыру және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы саласындағы халықаралық құқықтық құжаттармен танысады.
- Дене шынықтыру және спорт саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгереді, өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамытады, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері мен технологияларының менеджменті мен маркентингі туралы қазіргі заманғы егжей-тегжейлі білімді қалыптастырады, мәдени байлық, рухани құндылықтар, Қазақстан мен әлем халықтарының дәстүрлері туралы білімді талдау және қорыту, дене шынықтырудың тарихи дамуының және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды шынайы қабылдайды.
- Дене шынықтыру және спорт ғылыми-әдістемелік саласындағы негізгі әдіснамалық қағидаттар мен дәстүрлердің ерекшеліктерін және осы әдіснамалық мектептердің негізгі өкілдерінің еңбектерін біледі, алған білімдерін кәсіби деңгейде қолдана біледі, жобалайды, құрылыс негіздері бойынша білімді қолданады, кәсіби қызметте спорт ғимараттарын жөндейді және пайдаланады, жабдыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды, спорттық тренажерларды пайдалану кезінде білім алушының өмірі мен денсаулығын қорғау дағдыларын меңгереді.
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар үшін маңызды әлеуметтік-гуманитарлық пәндік білімнің барлық негізгі блоктарының сипаттамаларын ашады. Спорттық тамақтанудың дұрыс және ұтымды ерекшеліктерін ескере отырып, олимпиадалық білім беру жүйесінде спорттық даярлықтың әлемдік мәдениетінің жетістіктерін пайдаланады, арнайы дене шынықтыруды оқыту әдістемелерін меңгереді, дене шынықтыру және спорт негіздері бойынша психологиялық-педагогикалық физиологиялық және гигиеналық білімді қолданады, мектепте негізгі спорт түрлерін оқыту әдістемесін меңгереді, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді құралдарын, әдістерін, нысандарын анықтайды.
- Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсінеді, әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға береді, Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалана біледі, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология базалық білімдері негізінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіптік қатынастардың түрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды, жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілік танытады, коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалайды.
- Дене шынықтыру және спорт негізінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, базалық, ұлттық, таңдалған спорт түрі бойынша оқу сабақтарын, жарыстарды және төрешілік қызметті ұйымдастыра және өткізе біледі, гигиена саласындағы білімді көрсетеді, сондай-ақ емдік дене шынықтыру және спортты ұйымдастырудың тиімді құралдарын, әдістерін, технологияларын қолданады, дене шынықтыру саласының буындарында ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмысты жүзеге асырады; дене шынықтыру және спорт бойынша ғылымды дамытуды және бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етеді, ғылыми негізде таңдалған спорт түріндегі спорттық даярлау процесін басқарады, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінде гигиеналық нормалар мен талаптардың сақталуын бақылайды, спорттық, спорттық коммерциялық саяхаттарды дайындау және өткізу дағдыларын және экстремалды жағдайларда кедергілерді еңсеру техникасы туралы арнайы білімді біледі, туристік базаларда спорттық-ойын-сауық іс-шаралары мен ойындарын өткізеді.
- Практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады, дене шынықтыру мен спортта өлшеу теориясы мен техникасының метрологиялық негіздерін, спорттағы физикалық, психологиялық және техникалық-тактикалық дайындықты өлшеу әдістері туралы білімді, өлшеу және тестілік дағдыларды қолданады, дене шынықтыру мен спорттағы өлшеу нәтижелерін сапалы және сандық бағалайды, белгілі бір спорт түріне мамандану үшін балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілеттерін анықтайды, дене шынықтыру және спорт саласының құраушыларын талдайды, заманауи әдістемелер негізінде сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізуге арналған әдістемелік материалдар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде және адам денсаулығын нығайтуда халық арасында аурулардың алдын алуда бұқаралық спорттың рөлін анықтайды.
- Ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинап түсіндіреді, дене шынықтыру және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше меңгеру қабілетін көрсетеді, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін түсіндіреді, олардың теориялық және практикалық маңыздылығын анықтайды, теориялық және практикалық білімді оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін, әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары қолдана біледі.
- Өзін-өзі дамытады және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құрады, дене шынықтыру әдістері мен құралдарының көмегімен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстанады, пайымдаулар мен білімдерді пайдалану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде білімді қолданады, анатомиялық және физиологиялық, морфологиялық, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері және олардың жынысы мен жасын ескере отырып, дененің дамуына әсерін анықтайды.
Ұқсас БББ
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Шымкент университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Қазақ спорт және туризм академиясы
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
«Мирас» университеті (Мирас)
6B01401 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
«Мирас» университеті (Мирас)