Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11180 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Қонақжайлық индустриясының негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі жағдайда қонақжайлылық индустриясының даму ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған, қонақ үй және мейрамхана қызметтері саласында қолданылатын негізгі терминологияның мазмұнын ашады. Пән қазіргі қоғамдағы қонақжайлылық индустриясын дамыту саласындағы негізгі идеяларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мейрамхана және қонақ үй бизнесіне кіріспе
    Несиелер: 3

    Пән қонақ үй және мейрамхана бизнесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді және қазіргі жағдайда қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорындарының жұмыс істеуінің негізгі шарттарын қарастырады. Курс студенттерге қонақ үй және мейрамхана бизнесінің дамуы туралы негізгі теориялық білім береді, сонымен қатар қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорнының жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана индустриясының тарихы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: студенттерге әлемдегі қонақжайлылық индустриясының даму тарихының кезеңдері, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы түсінік беру, негізгі ұғымдарды игеру, қонақ үй бизнесін дамытудың негізгі кезеңдерін оқып үйрену. Пән қонақжайлық және мейрамхана индустриясының қазіргі жағдайын және оның даму тенденцияларын бағалауға, қонақ үй бизнесін дамытудың негізгі перспективалары мен бағыттарын анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қонақжайлық және мейрамхана кәсіпорындарында қызмет көрсету технологиясы
    Несиелер: 4

    Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында клиенттерге қызмет көрсету технологиясының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Қонақжайлылық саласында қызмет көрсетудің, сондай-ақ кездесу, қонақтарды орналастыру және оның бос уақыты үшін жағдай жасау шеңберінде қызмет көрсетудің практикалық дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана бизнесіндегі маркетинг
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты - қонақжайлық және мейрамхана бизнесіндегі маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын және тәжірибелік әдістерін қолдануын, сегменттеу ерекшелігін және қазіргі қызмет көрсету нарығында қызметті жылжыту стратегияларын әзірлеу спецификасын қарастырады. Пән қызмет көрсету нарығында маркетингтік зерттеу және нарықтағы шаруашылық қызмет шарттарына сәйкес келетін маркетингтік стратегияны таңдау, өнімді жылжыту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана бизнесіндегі менеджмент
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты қонақүйлер мен мейрамханаларды басқару принциптері мен әдістерін қарастырып үйретуге негізделген. Пән қонақүйлер мен мейрамханаларды басқару жүйелерінің бөлімшелері мен қызметтерінің жұмысына талдау, басқару шешімдерін қабылдау, келіссөздер жүргізу, қызмет көрсету персоналын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы/
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру. Көшбасшылықтың негізгі теорияларын қолдану арқылы даулы жағдайларды шешудің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге және басқарудағы көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана бизнесіндегі бухгалтерлік есеп
    Несиелер: 3

    Қонақжайлық және мейрамхана бизнесіндегі бухгалтерлік есеп пәні: бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері; ақша қаражаты мен есеп айырысу операцияларының есебі; Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі оқытылады. өндірістік қорларды есепке алу; еңбекақы төлеу бойынша персоналмен есеп айырысу есебі; меншікті қаражат және қарыздар есебі; қонақ үйлер кірістерінің бухгалтерлік және салықтық есебі; қонақ үйлер шығыстарының бухгалтерлік және салықтық есебі қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Номерлік қорды жабдықтау және басқару
    Несиелер: 3

    Нөмірлік қорды басқарумен айналысатын қонақ үй бөлімшесі қызметінің ерекшелігін зерделейді. Нөмірлерді брондау, қонақтарды қабылдау, оларды тіркеу және нөмірлер бойынша орналастыру, қонақтарға номерлерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, нөмірлердің қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайын және тұрғын үй-жайлардағы жайлылық деңгейін қолдау, қонақтарға тұрмыстық қызмет көрсету саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бар өндірісі және қызмет көрсету технологиялары
    Несиелер: 3

    Бар өндірісі және қызмет көрсету технологиялары пәнінің аясында қарастырылады: бар бизнестің негіздері; материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету; аралас сусындарды жіктеу және дайындау; аралас сусындарды дайындау үшін қолданылатын компоненттердің сипаттамасы; барды қызмет көрсетуге дайындау, барменнің жұмыс әдістері; шкафтар, инвентарь және бардың керек-жарақтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі қаржылық талдау
    Несиелер: 4

    «Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі қаржылық талдау» пәнін меңгерудің міндеттері: ұйымдарды басқарудың маңызды функциясы ретінде қаржылық талдаудың тұтас көрінісі,қаржылық талдаудың негізгі әдістерін түсіну және оларды басқару мен шешім қабылдау процесінің әртүрлі кезеңдерінде қолдану;өндірістік, экономикалық, қаржылық және инвестициялық қызметтің әртүрлі бағыттарын талдау және бағалау бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Front Office менеджменті
    Несиелер: 3

    «Front Office менеджменті» пәнін оқытудың мақсаты – front office қонақүйлердегі рөлін, фронт-офис қызметкерлерінің негізгі функциялары мен міндеттерін, брондауды, туристік профильдердің сатылым профилін талдауды және әртүрлі сападағы бөлмелердің сату бағаларын анықтауды, бронь жасау, клиент профилін қалыптастыру, акция жасауды және қонақ үйдің қазіргі жағдайын талдауды қарастырады және әр түрлі қонақ үйде қолданылатын программаларды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сусындар технологиясы
    Несиелер: 3

    Сусындар технологиясы пәні аясында: бар өнері, алкоголь және алкогольсіз сусындарды дайындау, кофе түрлері мен дайындау технологиясы, шарап және сусындар картасын жасау және қалыптастыру принциптері, аралас сусындарды дайындау әдістері мен классификациясы, аралас сусындарды дайындау үшін қолданылатын компоненттердің сипаттамасы, сусындарды дайындау технологиясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қонақ үйдің әлемдік теориясы мен практикасы
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты- қонақ үй бизнесінің дамуының әлемдік тәжірибесін үйрету. Пән аясында әр түрлі елдердің қонақжайлылығының дамығандығы, қонақжайлылық индустриясының бүгінде әлемде қандай рөл атқаратыны, қазіргі таңдағы әлемдік қонақ үйлердің жаңа технологияларды, қонақ үй менеджментінің ұйымдастырушылық құрылымының басқару модельдерін қолдануы, нарықта бәскегеқабілеттілікті басқаруының теориясы және практикасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана бизнесіндегі экономика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қонақжайлылық кәсіпорындарының экономикасын оқып үйрену, олардың экономикалық және қаржылық қызметін дұрыс және объективті бағалау мен болжауға үйрету. Пәнді оқу барысында кәсіпорын қызметін талдау және оңтайлы экономикалық шешім таңдау дағдылары қалыптасады. Кәсіпорынның экономикалық талдауын жүргізуде Opera, Excell, Statist қосымшаларын қолданудың практикалық дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Меню жоспарлау
    Несиелер: 7

    Курстың мақсаты - тамақтану кәсіпорнының принциптеріне негізделген меню жоспарлауды үйрету. Пән аясында: менюдің пайда болу тарихы және дамуы, тағамдық қызмет менюін әзірлеудің және басқарудың негізгі аспектілері, менюдің дизайны және жарнама ерекшеліктері, меню дизайнына қатысты өнімнің нақты және толық сипаттамасының маңыздылығы, ерекшеліктері, тамақтану стандарттарының менюді дайындауға әсері, маркетингтің байланысы, меню жасау кезінде тағам аллергендерін ескерудің маңыздылығы талқыланып қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қонақ үй бизнесінің халықаралық стандарттары
    Несиелер: 7

    "Қонақ үй бизнесінің халықаралық стандарттары" пәнінің мақсаты - бұл қонақ үйлердің халықаралық стандарттарының критерийлерін, рәсімдер жиынтығын, нормативтік құжаттармен таныстырады, жұмыс жасау тәртібін үйретеді. Пән халықаралық стандарттар ережелері негізінде отандық және халықаралық нарықта қонақ үй бизнесін жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мейрамхана қызметіндегі калькуляция және баға белгілеу
    Несиелер: 6

    Мейрамхана қызметіндегі калькуляция және баға белгілеу пәнін оқытудың мақсаты - студенттерді қазіргі нарықтық жағдайларда бағаларды қалыптастыру, баға саясаты мен басқарудың негізгі концепциялары мен принциптерімен, негізгі заңдылықтарын үйрету болып табылады. Пән мейрамхана қызметіндегі калькуляциялау әдістерін және баға белгілеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана саласындағы кәсіпкерлік қызмет негіздері
    Несиелер: 5

    Қонақжайлық және мейрамхана саласындағы кәсіпкерлік қызмет негіздері пәнін оқытудың мақсаты - студенттерді қонақ жайлылық және мейрамханадағы кәсіпкерлікті басқару саласында теориялық және практикалық білімдермен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттары бойынша студенттерде білім кешенін қалыптастыру және кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуде іс жүзінде дағдыларды меңгеруге көмектесу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қонақ үй индустриясының этикалық-психологиялық негіздері
    Несиелер: 6

    Пән аясында қонақжайлылық индустриясында клиентті психологиялық тұрғыдан танып білу, нақты практикалық ұсыныстарды жасау үшін қолданылатын сенімді фактілер мен ақпаратты алу әдістері мен құралдарын, мамандардың психологиялық мәселелерін, ішкі және сыртқы имиджді іске асыру тетіктері, қақтығыстарды шешу әдістерін, қызметкерлердің басқару тиімділігі мен коммуникациялық мәдениеті қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ұлттық және шет ел асханасында тағам дайындау технологиясы
    Несиелер: 7

    Пәнді оқытудың мақсаты - әлем халықтарының тамақтану мәдениеті мен дәстүрлері, ұлттық дәстүрлер мен діни дүниетанымдардың тамақтану мәдениетімен байланысы туралы үйрету. Пән әлем елдерінің ұлттық тағамдарының технологиясын зерттеу және оларды ұсыну және әлем халықтарының ұлттық тағамдарын дайындау технологияларын дербес игеру және оларға қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана инфрақұрылымы
    Несиелер: 5

    Қонақжайлылық инфрақұрылымының даму ерекшеліктерін зерттейді. Қазіргі жағдайда қонақжайлылық инфрақұрылымын дамытудың негізгі аспектілерін қарастырады, қызмет көрсетудің бастапқы, екінші және үшінші деңгейіндегі кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекше ерекшеліктерін анықтайды, білім алушыда қонақжайлылық индустриясының басқа субъектілерімен қонақ үй (мейрамхана) кәсіпорындарының өзара іс-қимылын жолға қою іс жүзіндегі дағдылары мен біліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби байланыс саласындағы шет тілі
    Несиелер: 8

    Кәсіби байланыс саласындағы шет тілі пәнінің негізгі мақсаты шет тілін меңгеру, шетел серіктестерімен қарым-қатынас жасағанда тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызметтің әр түрлі салаларында әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қажетті және жеткілікті коммуникативтік құзыреттілік деңгейін меңгеру, сондай-ақ өз бетімен білім алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қонақжайлылық және мейрамхана индустриясының сандық технологиялары
    Несиелер: 6

    Пәннің негізгі мақсаты- білімгерлерді қонақжайлылық және мейрамхана индустриясы кәсіпорындарында қолданылатын заманауи сандық технологиялармен таныстыру. Дайындық деңгейін арттыру қажеттілігі ең алдымен экономистер шешетін практикалық міндеттердің күрделенуімен, қазіргі заманғы технологиялардың даму үрдісін анықтаудағы қажеттілігімен, оларды меңгерудің маңыздылығымен айқындалады.Пәнді оқу барысында Amadeus, Galileo, Worldspan, Sabre сияқты электрондық және цифр жүйелерін кәсіби қызметте қолданудың практикалық дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Food and Beverage стилистикасы
    Несиелер: 7

    Food and Beverage стилистикасы пәнінің мақсаты - мейрамхана кәсіпорындарында тағамды безендіру (дизайн) техникасы, түрлері, принциптерін, тағамды безендірушінің міндеті мен оған қойылатын талаптарымен, безендірілген тағамды ұсыну техникасымен таныстыру. Food and Beverage стилистикасы пәні тағамды безендірудің технологияларын игеруге, заманауи сән тенденцияларын анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Резерв және броньдаудың халықаралық жүйесі
    Несиелер: 7

    Пән қонақ үй және мейрамхана қызметтері саласындағы брондау және резервтеу технологиясымен жұмыс істеу тәртібін зерттейді. Galileo, Amadeus, Saber, Worldspan, Fidelio, Elektra, Opera және т.б. автоматтандырылған жүйелерде жұмыс жасау ерекшеліктерін қарастырады. Ол студенттерге брондау және брондау технологияларын отандық қонақжайлылық индустриясында қолдану дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби ағылшын тілі
    Несиелер: 8

    Кәсіби ағылшын тілі курсы ағылшын тілді қарым-қатынас жағдайында кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін қажетті коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады. Кәсіби ағылшын тілі пәні шетелдік клиенттермен кәсіби қызметті жүргізу жағдайларына жылдам бейімделу дағдыларын қалыптастыруға және шет елдерде кәсіби қызметті жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қонақ үй желілерін ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны желілік қонақ үй құрылымдарының қалыптасуы мен дамуына байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды. Курс қонақ үй қызметтерінің халықаралық және ұлттық нарығындағы бизнес-үдерістер туралы теориялық білімді, сондай-ақ ғаламдық қонақ үй желілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын қонақ үй кәсіпорындарында кәсіби қызметті жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Рестораторлықтың теориясы және практикасы
    Несиелер: 5

    Рестораторлықтың теориясы және практикасы» пәнін оқытудың мақсаты білімгерлерге ресторатор болудың қағидаларын теориялық және практикалық негізде үйрету. Пән Рестораторлықтың тарихын зерттеу, рестораторлықтың міндетін, әйгілі рестораторлардың тәжірибелерін, рестораторлардың маркетингтік талдау жүргізу саясатын қарастыру, ресторатордың шеф-аспазшыны таңдау принциптерін, меню жоспарлауды, баға қалыптастыру саясатын, клиент жинау тактикаларын, басқару ерекшеліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана бизнесінің ұйымдық-құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    «Қонақжайлық және мейрамхана бизнесінің ұйымдық-құқықтық негіздері» пәнін игерудің мақсаты: қонақжайлық және мейрамхана бизнесі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу, құқықтық анықтамалар мен терминдердің мәні мен мағынасын түсіндіре білу, құқықтық тұрғыдан нақты өмірлік жағдайларды талдай білу, болашақ кәсіби қызметіне қатысты нормативтік және құқықтық құжаттарды қолдана білу және жасай білу, шарттар мен талап арыздарды құру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шикізат және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқудың мақсаты - қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорындарында тамақ өнімдерін дайындау және сақтау сатыларында шикізат, материалдар мен дайын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын, сонымен қатар тамақ өнімдері мен тамақ шикізаттарының қауіпсіздігін бағалау әдістерін оқып үйрену. Курс мейрамхана индустриясында шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қызмет көрсету саласындағы маркетинг стратегиясы
    Несиелер: 5

    Заманауи маркетингтік құралдардың негізінде маркетингтік нарықты зерттеу және нарықтық жағдайларға сәйкес келетін маркетингтік стратегияны таңдау дағдыларын қалыптастырады. Пән аясында қажеттіліктерді болжау, нарықтың стратегиялық сегментациясын, сатып алушылар мен сатушылар нарықтарының параметрлерін талдау, стратегиялық менеджмент пен бизнесті жоспарлауға негізделген бәсекеге қабілеттілік стандарттарын жасаудың теориясы мен тәжірибесі қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақжайлық және мейрамхана индустриясындағы HR технология
    Несиелер: 6

    «Қонақжайлық және мейрамхана индустриясындағы HR технология» пәні қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорнында персоналды басқару саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді, тиімді кадр саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру саласындағы білімдер, дағдылар жиынтығын, қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының персоналды басқару стратегиясын және персоналды жоспарлауды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кейтерингтік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кейтерингтік қызметті ұйымдастыру пәнін оқытудың мақсаты - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетудің негізгі әдістері мен түрлерін, кейтерингтік қызметті ұйымдастырудың тиімді әдістерін үйрету. Пән кейтерингтік қызметтерді қазіргі заманғы жағдайларда дамыту ерекшелігін, сондай-ақ осы қызметтерді отандық нарықта жылжыту әдістерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақ үй кәсіпорнын дамыту стратегиясы
    Несиелер: 5

    «Қонақ үй кәсіпорнын дамыту стратегиясы» пәнінің мақсаты студенттердің қонақ үй және мейрамхана қызметін стратегиялық жоспарлау әдістемесі саласындағы білім жүйесін қалыптастырады, қонақ үй мен мейрамхана кәсіпорындарын стратегиялық басқару дағдыларын дамытады, нарықтағы мінез-құлықтың ең оңтайлы стратегиясын таңдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақ үй бизнесіндегі операциялық басқару
    Несиелер: 5

    Пән қонақ үй қызметтерін өндіруді басқарудың негізгі процестеріне жүйелі талдау жасайды. Пәннің негізгі міндеттері: саладағы ағымдағы үрдістер мен ұйымдастырушылық аспектілерді талдау; қонақжайлылық кəсіпорындарындағы жедел басқарудың ерекшеліктерін зерттеу; көшбасшылық мәселелерін, корпоративті мәдениетті және қонақүй кәсіпорындарында өндірістік және қызмет көрсету процестерін басқарудың тиімді құрылымын құруға жүйелі көзқарасты қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақжайлық индустриясындағы инновация
    Несиелер: 5

    Осы пән шеңберінде қонақ үй бизнесіндегі инновациялық қызметтің теориялық негіздері; қонақ үй бизнесі инновациялық басқару объектісі ретінде; қонақ үй бизнесін инновациялық басқарудың концептуалды негіздері; қонақ үй бизнесіндегі инновациялық кәсіпкерліктің рөлі; қонақ үй бизнесіндегі шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметінің ерекшеліктері; қонақ үй бизнесін басқаруды ұйымдастыру бойынша шетелдік тәжірибе оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Санаторлы-курорттық бизнестің ұйымдастырылуы
    Несиелер: 5

    «Санаторлы-курорттық бизнестің ұйымдастырылуы» пәні: санаториялық-курорттық істің даму тарихы; Денсаулық сақтау жүйесіндегі және емдеу-сауықтыру туризміндегі санаториялық – курорттық іс; курорттық-рекреациялық ресурстар; курортография; емдік туризмді қазіргі заманғы ұйымдастыру; курорттық медицина негіздері оқытылады. Курс санаториялық-курорттық бизнесті ұйымдастыру білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мейрамхана бизнесіндегі баға саясаты
    Несиелер: 5

    Курс мақсаты баға түзудің принциптері мен тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Пән аясында баға құру механизмі, баға саясаты мен кәсіпорынның баға стратегиясын анықтау мәселелері, экономикалық тәсілдері , баға белгілеудің ұлттық практикасы, прогрессивті әлемдік тәжірибе, әлемнің жетекші фирмаларының табысты баға саясаты, тауар желілеріне баға белгілеу мәселелері және бизнесті бағалаудың өзара байланысы қарарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады. (ОН1).

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; -мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады (ОН2).

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасының экологиялық танымын біледі, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінеді, қызметінде қолданады (ОН3).

  • Код ON4

    - заманауи басқару әдістемесі мен технологиясын талқылау, нәтижеге сәтті жету үшін іс-әрекеттерді дәлдікпен орындайды, дағдыларын үйлестіреді және басқару іс-әрекетін ұйымдастыруда жауапкершілікті өзіне жүктейді (ОН4);

  • Код ON5

    - кәсіпорында бірыңғай корпоративтік мәдениетті қолдайды, ұйымның даму принциптері мен заңдылықтарын, ұйымдағы қызметкерлердің өзара әрекеттесу тұжырымдамасын түсіндіреді, оның ішінде мотивация, коммуникация, топты құру; -жеке бизнес үрдістердің және басқару шешімдерінің тиімділігін бағалауға әрекет етеді; - кәсіпорынның қызмет ету саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді қабылдау және орындау дағдыларын қалыптастырады (ОН5);

  • Код ON6

    -қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін бақылауды күшейту әдістерін қолданады. -ұйымның меншігінің сақталуын және бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. -жұмыста қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдайды. -бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерінің қызметін бақылайды (ОН6);

  • Код ON7

    - қонақжайлық саласындағы түсініктемелік аппараты туралы білімін игеру - қонақжайлық саласының даму хронологиясы мен жинақталған білім негізінде өткен шақтағы құбылыстар арқылы даму перспективаларын анықтайды - қонақжайлық саласында қолданылатын ресурстардың ерекшеліктерін көрсетеді (ОН7);

  • Код ON8

    -әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей алады және клиентпен коммерциялық келіссөздер жүргізеді -қонақтарға қызмет көрсетумен байланысты мейрамхана бөлімшелерінің бірлескен қызметін үйлестіреді және бақылайды -жаңа қонақтар мен корпоративтік клиенттерді тарта алады және ескі қонақтарды ұстап қалу әдісін қолданады (ОН8);

  • Код ON9

    -тікелей бәсекелестерді айқындау мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізу және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға уақтылы шаралар қабылдау дағдысын қалыптастырады -сату жоспарын орындау бойынша іс-шараларды әзірлейді, сату жоспарын орындаудың аралық нәтижелерін талдайды және бағалайды -баға белгілеу саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Нарықтық жағдайды болжау және сату тәуекелдерін бағалайды (ОН9);

  • Код ON10

    -мейрамхана (қонақ үй) залын арнайы банкет түріне дайындау ережелерін қолдану, қонақтарға қызмет көрсету әдістерін меңгеру, клиенттермен әңгімелер жүргізу (бағдарлама туралы толық ақпарат беру), қажет болған жағдайда аудармашы міндеттерін орындау; -қонақтарға қызмет шығындарының сметасын есептейді және мейрамхананың қалыпты кезеңіндегі мейрамхана (қонақ үй) залын толтыру бойынша бизнес-болжам жасап көрсетеді. -қалыпты режимде мейрамханада және барда қызметті ұйымдастыру кезінде қонақтардың талаптарына сай қызмет көрсетеді және комфорттық жағдай жасауды қамтамасыз етеді; Жаппай шараларды дайындау және өткізу үшін персоналдың, адами және материалдық ресурстардың қызметін қалыптастырады. (ОН10);

  • Код ON11

    -қонақ үй (мейрамхана) бизнесін жүргізудің әлемдік және жергілікті тәжірибесін талдау дағдысын қалыптастырады. -қонақ үйдің (мейрамхана) жағдайын талдау және нәтижелері бойынша есеп жасайды. -қонақ үйдің (мейрамхананың) ішкі ережелерін, белгіленген стандарттар мен рәсімдерін қолданады (ОН11).

  • Код ON12

    -басқару міндеттерін шешу үшін мотивацияның, көшбасшылықтың және биліктің негізгі теорияларын қолдану; топтық динамика үдерістерін және команданы қалыптастыру принциптерін білу негізінде топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру; даулы жағдайларды шешудің әртүрлі тәсілдерін меңгеру; басқарудағы көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады (ОН12);

Top