Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05401 Математика в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Математикадан терең білімін шығармашылық ойлау, зерттеушілік әрекет дағдыларымен ұштастыратын, ғылыми зерттеудің жаңа мақсаттарын, міндеттерін өз бетінше тұжырымдай алатын, ғылыми әзірлемелердің инновациялық әлеуетін бағалай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау. Яғни, бағдарлама ғылыми-зерттеу үдерісіне толыққанды қатысушыларды дайындауға, өз саласында инновациялық мәселелерді шешу дағдыларына ие ғалымдарды дайындауға және студенттерді қолданбалы немесе таза математика бойынша магистратураға немесе докторантураға сәтті түсуге дайындауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B055 Математика және статистика
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Теориялық материалдарды оқу арқылы фундаменталды математикалық білімдерін болашақ кәсіби қызметінде қолдану.
  • Талдаумен байланысты пәндер бойынша типтік есептерді шығара отырып, математикалық алгоритмдерді талдау және практикада қолдану;
  • Теориялық білімдерін қолдана отырып, жаратылыстану саласындағы есептерді шешу және тұжырымдау;
  • Негізгі бағдарламалау әдістерін қолдана отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, типтік есептерді шешу;
  • Алынған зерттеу әдістерін пайдалана отырып, академиялық қағидалар мен этикалық құндылықтарға сәйкес ұлттық және халықаралық мерзімді басылымдарда нәтижелерді жариялау ынтасы мен қабілетін дамыту;
  • Негізгі оқу жоспарынан тыс арнайы тақырыптарды белгілі бір қызығушылықтарға немесе мансап жолдарына сай оқу. Математикалық теорияны түсінуді тереңдету, есептерді шешу дағдыларын дамыту және әртүрлі салаларда математикалық түсініктерді қолдану.
  • Үкіметтің, нарықтар мен институттардың жұмыс істеуі, қоғаммен қарым-қатынас, негізгі этикалық теориялар мен проблемалар, материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу және тұтыну процестері, организмдердің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі және оны қорғау туралы түсінік алу, жазатайым оқиғалардың, өрттердің алдын алу және өмір мен жұмыс үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету туралы білім кешені, сондай-ақ орыс, қазақ және түрік тілдері сияқты бірнеше тілді еркін меңгеру
Top