Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06101 Робототехника және жасанды интеллект в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

  • Оперциялық жүйелер және сервистік бағдарламалар

    Пәннің мақсаты операциялық жүйелердің теориялық негіздерін, олардың құрылымдық ұйымдастырылуын, сипаттамаларын, есептеу жүйесінің аппараттық құралдарының логикалық мүмкіндіктері мен пайдаланушылардың бағдарламалары арасындағы байланысты қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған жұмыс принциптерін зерттеу болып табылады. Пән операциялық жүйелердің дамуының қысқаша тарихын, негізгі анықтамалары мен түсініктерін, ОЖ үзілістерінің механизмін, есептеу жүйесінің аппараттық құралдарының логикалық мүмкіндіктері мен пайдаланушылардың бағдарламалары арасындағы байланысты қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған жұмыс принциптерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • 3Д графика

    Пәннің мақсаты – студенттерге 3D графиканың тұжырымдамалық негіздерін, үш өлшемді визуализация жүйелерінің аппараттық қолдауын, 3D объектілердің геометриялық модельдеу негіздерін, 3D көріністер композициясын және анимация әдістерін меңгерту, сондай-ақ деректерді өңдеу үдерістерін көрнекі түрде ұсынуға, объектілер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етуге арналған графикалық әдістердің мүмкіндіктерін түсіну қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері

    Пәннің мақсаты ғылыми зерттеулерді дайындау бойынша әдіснамалық және теориялық білім жүйесін тереңдету және ұғыну, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен академиялық жазудың ерекшеліктері, өлшемдері, концепциялары туралы іргелі білім негізін қалыптастыру болып табылады. Курс барысында білім алушылар объективтілік, дәлдік, дәйектілік және ойдың айқындылығы секілді зерттеу қызметінің негізгі ұғымдарымен танысып, білім алушының болашақ кәсіби қызметінде маңызды рөл атқаратын метапәндік және коммуникативтік құзыреттіліктерді игереді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Мәліметтер қоры

    Пәннің мақсаты деректер қорын жобалау негіздерін, деректерді іздеу және өңдеу әдістерін, деректер қорын басқару жүйесі (ДББЖ) ортасында жұмысты ұйымдастыруды, деректер қорының өмірлік циклін, пәндік аймақты инфологиялық моделдеуді, концептуалды, логикалық және физикалық жобалауды, деректер модельдерін: иерархиялық, желілік, реляциялық, постреквизиялық, объектілік-бағытталған, көпөлшемді, ДББЖ классификациясын,сұраныстарды құруды, қатынастарды нормалауды,қарапайым қосымшаларды әзірлеуді оқытуға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Робототехника бойынша зерттеу қызметі

    Пәннің мақсаты робототехникалық жүйелер саласындағы жобалау-зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пән зерттеу іздеу алгоритмдерін зерделеуге, робототехникалық конструкцияларды жасау кезінде алгоритмдерді әзірлеу негіздерімен білім алушыларды таныстыруға, робототехникалық жүйелер жобаларын әзірлеу дағдыларын жүйелеуге және енгізуге, компьютермен және кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және/немесе жобаларды ресімдеу үшін қолданбалы бағдарламаларды пайдалануға үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіби қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың құқықтық мәдениеті мен саналы парасаттылығын қалыптастыру. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білімді және болашақ кәсіби қызметтегі осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруға, білім алушыларды әлеуметтік процестерді құқықтық реттеудің негізгі жолдарымен, мемлекеттік басқарудағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтың рөлімен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Кибернетикаға кіріспе

    Пәннің мақсаты байланысқан басқару жүйелердегі үрдістердің заңдылықтарын зерттеу негізінде зияткерлі роботтың қызметінің үлгісін жасау. Пән Кибернетика зерттейтін сұрақтарымен таныстырады. Жасанды интеллект және басқару салаларының байланысы мен даму тарихынан. Техникалық кибернетика құрамы және робот – зияткер сипаттамасы. Кибернетикалық орталардағы ақпаратты енгізу, сақтау, тасымалдау және өңдеу заңдары мен тәуелділіктер. Антропоморфизм, бейімдеу, бионика, нейрокибернетика қасиеттері. Андроидтар үлгілері. Зияткерлі робот үлгісі және басқару заңдылықтары. Роботтарды зерттеудегі кибернетикалық көзқарас.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Роботтарды басқаруды бағдарламалау

    Пәннің мақсаты білім алушыларда өнеркәсіптің түрлі салаларында роботтарды басқаруды бағдарламалау бойынша заманауи білімді қалыптастыру және білім алушыларды осы бағыт бойынша практикалық қызметке дайындау болып табылады. Пән білім алушыларда роботтарды басқаруды бағдарламалау үшін қажетті технологиялық білім және білік жүйесін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Білім алушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Бағдарламалаудың ортасы

    Пәннің мақсаты білім алушыларға Python тілін меңгеріп, мамандықтың кәсіби қызметінде бағдарламалау негіздерімен алынған әдістер мен дағдыларды қолдана отырып, заманауи компьютерлік техниканы қолдана отырып, бағдарламалаудағы мәселелерді жоғары деңгейде тиімді шешуге үйрету болып табылады. Пән Python бағдарламалау тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалау стиліндегі консольдік қосымшаларды әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір сүру қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты инклюзия мен тұрақты даму құндылықтарын ескере отырып, білім алушыларда экология негіздері және қауіпсіз тіршілік ортасы туралы түсініктер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән тұрақты даму мен инклюзивті көзқарас құндылықтары туралы сенімдерді, экологиялық ойлау дағдыларын, төтенше жағдайлар кезінде табиғи және техногендік сипаттағы қатерлерден халықты қорғау үшін дұрыс шешім қабылдай білу мен болжау қабілеттерін, сондай-ақ адамның қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы білімдерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Виртуализациялау және бұлтты технологиялар

    Пәннің мақсаты білім алушыларды кәсіби қызметте виртуалдандыру мен бұлтты есептеудің заманауи технологияларын қолдануға үйрету болып табылады. Курста келесі сұрақтар қарастырылады: Бұлттық есептеулер негіздері. Бұлттық құрылымдар. Есептеулерді жалпы басқару. Бұлттық технологияларға кіріспе. Бұлттық технологиялар шешімдері. Қазақстан Республикасында бұлттық технологияларды енгізу. Мобильді оператордың бұлттық технологиялары. Пән студенттердің білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін; пәндік облыстарында есептерді шешуде ақпараттық технологиялар негізгі модельдерін және оларды қолдану тәсілдерін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Нейропсихология және жасанды интеллект

    Пәннің мақсаты нейропсихология, неврология, лингвистика, жасанды интеллект, математикалық модельдеу саласындағы соңғы жетістіктер туралы білімді меңгеру; қабылдау, зейінді бақылау, ойлау механизмдері, Тіл және есептерді шешу, когнитивті даму, когнитивті бұзылулар сияқты әртүрлі танымдық процестердің негізінде жатқан механизмдерді зерттеу; адам миының нейрондық желілері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың қалыптасуы мен жұмыс істеу ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Объектіге-бағытталған программалау

    Пәннің мақсаты білім алушыларда объектіге бағытталған бағдарламалау принциптерін талдау және оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде, сондай-ақ кәсіби қызметте қолдану болып табылады. Білім алушылар объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптерін қолдана алады; тіл кітапханаларынан сыныптар мен модульдерді қолдана алады; өз сыныптарын құра отырып, объектіге бағытталған бағдарламалау ортасында бағдарламалар жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Компоненттік үлгілер мен технологиялар

    Пәннің мақсаты компоненттік бағдарламалау технологиясының теориялық негіздерін оқып үйрену және компоненттік модель және компоненттік бағдарламалау технологиясы туралы студенттер арасында тұтас түсінік қалыптастыру. Пән студенттерді компоненттік бағдарламалау технологиясының негіздерімен таныстыруға, осы бағдарламалау технологиясының даму тенденцияларын және компоненттік технологиялардың кәсіби қызметіндегі рөлін анықтауға бағытталған, күрделі бағдарламалық жасақтаманы жасауда студенттердің білімі мен дағдыларын тереңдетуге көмектеседі: проблемалар көздерін анықтау және оларды шешудің әдістерін табу.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Бейнелерді өңдеу және кескіндерді айырып тану

    Пәннің мақсаты кластерлік және регрессиялық талдауды оқып үйрену, деректерді интеллектуалды талдау есептерін практикалық шешу дағдыларын меңгеру болып табылады. Пән жасанды интеллект және деректерді интеллектуалды талдауды; модельдерді және интеллектуалды талдау әдістерін; yейронды желілерді; генетикалық алгоритмдерді; бұлыңғыр логиканы; бейнелерді тану есептерін; жіктеу және кластерлеу алгоритмдерін зерделеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Робототехника негіздері 2

    Пәннің мақсаты роботталған жүйелерді модельдеу, жобалау, жоспарлау және басқару негіздерімен таныстыра отырып, білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыру. Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Білім алушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Электротехника

    Пәннің мақсаты-электротехника негіздерін, үш фазалы тізбектерді, тармақталған және тармақталмаған электр тізбектерін зерттеу. Пән болашақ мамандардың оқу үрдісінде электротехникалық құрылғыларды сауатты пайдалану, сондай-ақ өнеркәсіптік электр жабдықтарын жобалау, монтаждау және пайдалану мәселелерін шешу бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Робототехника және жасанды интеллект

    Пәннің мақсаты робот техникасы және жасанды интеллект жүйелерін жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдыларын жетілдіру. Бұл курс Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері, LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education, Arduino UNO, Fishertechnik жинақтары негізінде құрылатын жасанды интеллектің негізгі ұғымдары мен олардың қолданылу салаларына бағытталған. Курс барысында білім алушылар әртүрлі міндеттерді шешу үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Имитациялық үлгілеу

    Пәннің мақсаты статикалық және динамикалық модельдермен танысу болып табылады. Курс үлгілеу теориясының негізгі ұғымдарын, модельдердің жіктелуін және оларды пайдалану саласын, үлгілеу есептерін, жобаны бөлшектеудің әр түрлі сатыларында жүйелерді жобалау процесінде қолданылатын үлгілеудің негізгі құралдарын, жүйелерді модельдеу және талдау әдістерін, модельдерді құру принциптерін оқытады. Пәнді оқу үрдісі студенттерде күрделі жүйелерді модельдеу қабілетін қалыптастыруға, қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып статикалық және динамикалық модельдерді құруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Робототехника негіздері 1

    Пәннің мақсаты білім алушының конструкциялау, бағдарламалау, робототехникалық жобаларды әзірлеу білім, білік, дағдыларын қалыптастыру барысында инженерлік ойлауын дамыту. Пән конструктормен және контроллермен, бағдарламалау ортасымен танысуға, құрастырудың тереңдетілген курсын өтуге, механизмдерді құруға, 3D-модельдеудің базалық құралдарын меңгеруге, негізгі алгоритмдермен және датчиктермен жұмыс істей білуге, релелік реттеуішті құру үшін оларды одан әрі қолдануды үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Робототехникалық жүйелер менеджменті

    Пәннің мақсаты білім алушыларда роботталған жүйелер, оларды басқару әдістері мен алгоритмдері туралы жүйеленген білімді қалыптастыру. Пән манипуляторлардың математикалық сипаттамасымен танысуға, манипуляторлардың кинематикасы мен динамикасының есептерін шешу әдістерін меңгеруге, роботтарды басқару есептері үшін соңғы автоматтарды жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Мәліметтерді талдау әдістері

    Пәннің мақсаты студенттердің мәліметтерді талдаудың әртүрлі әдістері туралы білімдері мен дағдыларын қалыптастыру. Пән деректерді талдаудың негізгі заманауи әдістерімен танысуға, деректер формасына байланысты деректерді өңдеу әдісін анықтауға; қажетті кіріс деректерін және алынған нәтижені анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, деректерді табиғаты, формасы бойынша жүйелеу және жіктеу.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Сұлбатехника негіздері

    Пәннің мақсаты – студенттердің аналогтық электроника негіздерін, буль алгебрасын, базалық логикалық элементтердің схемотехникасын, цифрлық функционалдық тораптарды, бағдарламаланатын компоненттер мен жад құрылғыларын қоса алғанда, схемотехника саласындағы білімдері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ электрлік схемаларды құрастыру, логикалық элементтер мен ЭЕМ цифрлық тораптарының жұмыс істеу принциптерін түсіну, оларды тиімді қолдану салаларын анықтау және логикалық элементтер мен триггерлік схемалар негізінде тізбектелген және комбинациялық типтегі цифрлық құрылғылардың схемаларын әзірлеу дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік графика

    Берілген пәннің мақсаты ретінде компьютерлік графиканың әдістері мен құралдарын меңгеру, бейнемонтаж бағдарламалары, векторлық және растрлық графика редакторлары көмегімен екіөлшемді және үшөлшемді геометриялық үлгілерді тұрғызу технологиялары болып табылады. Пән студенттерді компьютерлік графика тарихымен, оның негізгі түсініктерімен, CorelDraw-мен жұмыс істеу тәсілдерімен, үшөлшемді графиканың негізгі осьтерімен, 3D MAX жұмыс істеу әдістерімен, бейнемонтаж рөлдерімен, PhotoShop-та жұмыс істеу тәсілдерімен, креативті жобаны әзірлеу жолдарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Адам-машиналық өзара әрекеттесу

    Пәннің мақсаты бағдарламалық өнімдерді әзірлеу процесінде адам-машина интерфейстерін жобалау, іске асыру және тестілеу саласында білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Пән білім алушылардың адам-машина интерфейсі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және пайдалану кезінде теориялық білімді пайдалану қабілетін қалыптастыруға, заманауи аспаптық құралдар мен бағдарламалау технологияларын қолдана отырып, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен мәліметтер базасының компоненттерін жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты қауіпсіздіктің теориялық және практикалық негіздерін және өндірістегі еңбек жағдайларын жеңілдетуді, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны зерттеу болып табылады. Пән заңнамалық және нормативтік құжаттама саласындағы білім жүйесін әзірлеуге бағытталған, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар әзірленеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік үлгілеу және 3D принтинг

    Пәннің мақсаты 3D-үлгілеу және прототиптеу технологиясы туралы білім негіздерін қалыптастыру, практикалық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу құралы ретінде білім алушыларды заманауи технологияларды қолдануға дайындау. Пән екі және үш өлшемді үлгілеудің математикалық негізі, CAD көмегімен объектілерді модельдеу туралы білімді қалыптастыруға, әртүрлі құрылғылар конструкциясының жеке элементтерін жасау және практикалық дайындау үшін жобалау және 3D үлгілеу принциптерін, бөлшектерді баспаға дайындау, 3D принтерді баптауды үйренуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Инженерлік графика

    Пәннің мақсаты техникалық сызбаларды орындау және оқу, бөлшектердің эскиздерін, өндірістің конструкторлық және техникалық құжаттарын орындау үшін мамандарға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пән машина жасау және құрылыс сызбаларында кескіндерді құрудың теориялық негіздерімен танысуға және сызбаларды орындау үшін қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды алуға, бөлшектердің эскиздерін түсіру және оларды өлшеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Робототехникалық жүйелерді жобалау

    Пәннің мақсаты роботтар мен робототехникалық жүйелерді жобалау әдістерін зерттеу. Курста робототехникалық жүйелерді жобалау негіздері, роботталған жүйелердің механикалық элементтерін жобалау, роботталған жүйелерді басқару жүйелерін жобалау, роботталған жүйелерді алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау сұрақтары оқытылады. Білім алушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Квадрокоптерлерді басқару және қолдану

    Пәннің мақсаты мобильді квадрокоптердің ұшуын басқару моделі мен алгоритмін, бағдарламалық-техникалық құралдарын іске асыру. Пән дербес роботты ұшқыш-квадрокоптердің көрнекі моделін қолдана отырып, оқытуға және зерттеуге, ұшуды реттеп және желдің бағытын қолдайтын, квадрокоптердің құрылғысымен және жұмыс принципімен таныстыруға, пилоттық техниканы игеруге, қойылған міндеттерді шешу үшін дрондарды бейімделуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

    Пәннің мақсаты ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін анықтау, әдістерді, қауіпсіздік модельдерін қолдану тәжірибесін талдау. Пән ақпаратты қорғау әдістерінің теориялық негіздерін, ақпаратты қорғау мәселесінің өзектілігін, ақпаратты өңдеу, беру және сақтау процесінде ақпаратты қорғаудың негізгі принциптерін, әдістері мен құралдарын ақпараттық жүйелерде компьютерлік құралдарды қолдана отырып зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Жарыстық робототехника

    Пәннің мақсаты жарыстық робототехника көмегімен білім алушыларда танымдық, оқу-зерттеу және жобалау іс-әрекетін, мәселелерді шешу дағдыларын, тәжірибелік міндеттерді шешу әдістерін өз бетінше іздеуге, танымның түрлі әдістерін қолдануға қабілетін қалыптастыру. Пән жарыстық робототехника және оның түрлері туралы ұғымды қалыптастыруға, нақты есептерді шешу үшін жарыстық роботтарды құрастыруға және бағдарламалауға, робототехникалық конструкторларды пайдалануға және қолдан жасалған роботтарды жобалауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Зияткер роботтың архитектурасы

    Пәннің мақсаты білім алушыларда өмірдің әр түрлі салаларындағы интеллектуалды роботтың сәулеті бойынша білім жүйесін қалыптастыру, интеллектуалды роботтың аппараттық және бағдарламалық іске асыруында практикалық дағдыларды қалыптастыру. Пән білім алушыларға интеллектуалды робот және жасанды интеллект технологиясы, интеллектуалды роботтың құрылымы және оның басқару жүйесі, интеллектуалды роботты басқару жүйесін құру тәсілдерін, сонымен қатар оларды қолдану саласын талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Программалау II

    Пәннің мақсаты Python тілінде алгоритмдеу және императивті бағдарламалау негіздерін меңгеру, заманауи аспаптық құралдарды қолдана отырып бағдарламалық кодты әзірлеу дағдыларын игеру. Пән бағдарламалау әдістемесін, алгоритмдік құрылымдарды, іздеу және сұрыптау алгоритмдерін, процедуралар мен функцияларды, модульдерді, функциялар мен сынып шаблондарын қолдана отырып параметрлеуді, Windows үшін құралдарды қолдана отырып кодты әзірлеуді, объектіге бағытталған бағдарламалауға кіріспе.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Виртуалды шынайлық технологиялары

    Пәннің мақсаты виртуалды ортада ақпаратты ұсыну және қолданудың теориялық негіздерін зерделеу. Пән білім алушыларды виртуалды шынайылықтың негізгі ұғымдарымен таныстыруға, виртуалды шынайылықтың объектілері мен жүйелерін зерделеуге, виртуалды ортада қолданылатын жүйелердің құрылымы, сипаттамалары мен түрлері туралы түсініктерін қалыптастыруға, виртуалды ортада қолданылатын түрлі модельдерді талдай білу, білім инженериясының бағдарламалау тілдерін және осындай жүйелерді құратын аппараттық құралдарды қолдану қабілеттерін дамытуға; виртуалды шынайылық жүйелерінің жекелеген модельдерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, виртуалды шынайылық жүйелерін қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәннің мақсаты – экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында құзыреттерді қалыптастыру. Пән экономикалық теория мәселелерін, кәсіпкерлік қызметтің даму үрдістері мен рөлін, бизнесті жүргізудің ұйымдастырушылық және қаржылық негіздерін, кәсіпкерлікті қолдаудың құралдық және институционалдық тетіктерін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтегі оңтайлы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту мәселелерін зерделеуге бағытталған. Курс барысында білім алушылар қаржы құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау мен басқаруға, жинақтарды сақтап, көбейтуге, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдауға үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • STEM-бағдарламаға кіріспе

    Пәннің мақсаты білім беру бағдарламаның мазмұны мен даму бағыттарына концептуалды көзқарас қалыптастыру. Білім беру бағдарламаның құрамына енгізілген бірнеше кәсіби салалардың байланысы негізінде қалыптасатын құзіреттіліктерді сипаттап, болашақ еңбек нарығын көрсету. STEM- аббревиатурасының мағынасын түсіндіріп, білім беру бағдарламасы құрамындағы математика, информатика, мехатроника, робототехника, материалтану, электроника салалары пәндерін оқуда қарастырылған кәсіби қабілеттіліктерінің үлесі мен маңыздылығын ашуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Автоматты басқару теориясы

    Пәннің мақсаты білім алушыларды оларды құрудың технологиялық процесін қолдану және оларды әзірлеу мен пайдаланудың жоғары сапасына қол жеткізу үшін кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерін жобалауды автоматтандырудың заманауи құралдарын пайдалануға үйрету болып табылады. Пән автоматты басқару теориясы саласында, ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердің аппараттық-бағдарламалық құралдарын құрумен, базалық және арнайы білімді, заманауи аналитикалық әдістер мен модельдерді пайдаланумен байланысты кешенді талдау есептерін шешу тәсілдерін алуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік жүйелерінің сәулеті

    Пәннің мақсаты білім алушыларға заманауи компьютерлер мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік қабілеттерін, функционалды түйіндерді жобалау негіздерін, есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін үйрету болып табылады. Пән компьютерлерді ұйымдастыру принциптерін зерттеуге және олардағы деректерді, компьютерлердің жадын ұйымдастыру принциптерін, интерфейс жүйелерін, компьютерлік жүйелер архитектурасының заманауи түрлерін, компьютерлерді ұйымдастыру принциптерін, компьютерлік технологияның даму тарихын, компьютер буындарын және олардың жіктелуін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Эксперттік жүйелер және жасанды интеллект негіздері

    Пәнді оқытудың мақсаты – эксперттік жүйе және жасанды интеллект жүйелерін ұйымдастыру принциптерін меңгеру, оларды жобалауда практикалық дағдылар алу. Пән эксперттік жүйелердің құрылу және жұмыс істеу негіздерін, білім инженериясының әдістерін және шешім қабылдау үрдістерінің ережелерін, жасанды интеллект туралы негізгі ұғымдарды,ЖИ саласындағы негізгі әзірлемелерді, формальды логика негіздерін, сараптамалық жүйелер туралы жалпы мәліметтерді,сараптамалық жүйелерді құрудың бағдарламалық құралдарын және басқа да ЖИ жүйелерін түсінуді және білуді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Қоғамға қызмет ету және инклюзивтілік құндылықтары

    Пәннің мақсаты білім алушыларда қоғамға қызмет ету мәдениетін дамытуға, әр адамның қадір-қасиетін құрметтеуге және инклюзивті құндылықтарды әділ және ынтымақты қоғамның негізі ретінде тануға бағытталған тұрақты гуманистік көзқарастарды қалыптастыру болып табылады. Курс әлеуметтік жауапкершілік, еріктілік, азаматтық белсенділік принциптерін, сондай-ақ жас, жыныс, этникалық, мүгедектік және әлеуметтік мәртебе контекстіндегі әртүрлілікті қамтитын инклюзивтіліктің заманауи тәсілдерін зерттейді. Пәнде тұлғаның қоғамдық сананы өзгертудегі рөліне, әлеуметтік қолдау тәжірибелеріне және өмірдің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім беру, медиа, мәдениет және азаматтық бастамаларда инклюзивті орта құруға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы бағдарламалар бумасы

    Пәннің мақсаты-математикалық пакеттерді меңгеру деңгейін арттыру, математикалық пакеттерді салыстырмалы талдау; математикалық есептерді шешу үшін MathCad және Maple математикалық пакеттерін қолдану болып табылады. Пән заманауи математикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеуге бағытталған: негізгі түрлері, мүмкіндіктері, қолдану саласы; мамандандырылған және әмбебап математикалық пакеттер; компьютерлік алгебра жүйелері және әмбебап сандық есептеу жүйелері (Mathematica, Maple, Matlab, Mathcad).

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Жалпы физика курсы

    Пәннің мақсаты білім алушылардың физиканың негізгі идеялары мен заңдары туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Пән білім алушылардың физиканың негізгі физикалық процестерін, модельдерін, формулалары мен заңдарын, оларды кәсіби және өндірістік қызмет процесінде туындайтын міндеттер мен мәселелерді шешуде қолдану мүмкіндіктерін, заманауи оқу және ғылыми жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік тораптар

    Пәнді оқытудың мақсаты компьютерлік желілерді ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптерін, желілердегі дербес компьютер жұмысының ерекшеліктерін игеру, заманауи компьютерлік желілік технологиялармен және ақпаратты беру, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну әдістерімен танысу, сондай-ақ жергілікті желілерде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу болып табылады. Пән білім алушылардың жергілікті желілерді жобалау, Интернет желісінде пайдаланылатын деректермен алмасу хаттамаларымен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Бағдарламалау

    Пәннің мақсаты – студенттердің Python тіліндегі бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын түсінуін қалыптастыру, алгоритмдік ойлауды дамыту, жиі қолданылатын деректер құрылымдарын пайдаланып код жазу, пайдаланушы функцияларын жасау, сондай-ақ файлдардан деректерді оқу және жазу дағдыларын меңгерту.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Көпагентті жүйелер

    Пәннің мақсаты-білім алушылардың таратылған жүйелерді құру саласындағы іргелі білімдерін игеру, көп агенттік жүйелерді құру тәсілдерін және оларды талдау әдістерін, сондай-ақ оларды практикалық қолдану салаларын зерттеу. Пән көпагентті жүйелерді қолдану және жобалаудың базалық теориясымен, көпагентті жүйелердің архитектурасымен, зияткерлік агенттермен, агенттер кооперациясының моделімен, семантикалық паутинамен, көпагентті жүйелерді құру әдістерімен танысуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Негізгі пәндер бойынша арнайы курс

    Пән электрондық оқулықтардың ерекшеліктерін көрсету, HTML бағдарламалау тілін қолдана отырып веб-беттерді құру, электронды оқулықтарды әзірлеу, материалдарды дайындау, бағдарламалармен және конструкторлармен жұмыс істеу, веб-құжаттарды құру негіздері мен технологиялары, веб-беттерге қойылатын талаптар, бағдарламалау технологиясы, Java бағдарламалау тілі, JavaScript, электронды оқулықтар модельдеу сияқты білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби даярлаудың базалық тапсырмаларын шеше алады.
  • Мехатрондық жүйелерді зерттеу үшін математикалық модель мен зерттеу әдістерін таңдап, таңдауын негіздеу.
  • Робототехника және жасанды интеллект саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін машинамен оқыту әдістері мен модельдерін, деректерді талдау және визуализациялау құралдарын таңдап, инженерлік және басқарушылық шешімдерді қолдау мақсатында қорытындыларды негіздеу.
  • Бейнелерді тану тәсілдерін таңдап іске асыру, сондай-ақ бейнені өңдеу процесін бақылау.
  • Робототехникалық жүйелерді басқару және виртуалды шындықты жобалау міндеттері үшін жасанды интеллект әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалау.
  • Физика, электроника және электр техникасы заңдарын қолдана отырып, роботтандырылған жабдықты жобалау.
  • 3D-принтер арқылы нәтижеге қол жеткізу үшін көпөлшемді компьютерлік модельдерді әзірлеу.
  • RoboPro және RoboTrack сервистерінде Lego Mindstorms EV3, LabVIEW және Arduino зертханалық кешендерін пайдалану.
  • Arduino IDE, RobotC, Python, SQL және Scratch орталарында бағдарламалау.
  • Робототехникалық жабдықты оқу мақсатында пайдалану үшін баптау және бейімдеу.
  • Мәдени және ғылыми тұжырымдамаларды ескере отырып, экология, тіршілік қауіпсіздігі, әлеуметтік және экономикалық пәндер салаларындағы ақпарат пен үдерістерді сауатты интерпретациялау.
  • Қолданбалы міндеттерді шешу үшін робототехникалық жүйелерді бағдарламалық түрде басқару,

Ұқсас БББ

6B06101 Информатика

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B06101 Информатика

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B06101 Индустриалды ақпараттық жүйелер (ағылш.)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B06101 Математикалық экономика және мәліметтерді талдау

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)

6B06101 Ақпараттық жүйелер

«Тұран» университеті

6B06101 Информатика

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B06101 Мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйелер

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Алматы менеджмент университеті (AlmaU)

6B06101 Computer science

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Астана халықаралық университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Esil University

6B06101 Ақпараттық жүйелер

«Тұран-Астана» университеті

6B06101 Информатика

Торайгыров университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

КИМЭП университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Гуманитарлы-техникалық академиясы

6B06101 Компьютерлік ғылымдар

De Montfort University Kazakhstan (DMU Kazakhstan)

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B06101 Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B06101 Бағдарламалық инженерия

Қарағанды индустриялық университеті

6B06101 Дизайндағы қолданбалы информатика

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B06101 информатика

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

6B06101 Ақпараттық бағдарламалау жүйелері

Q UNIVERSITY

6B06101 Агроинформатика

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Қазақстан-Британ техникалық университеті

6B06101 Информатика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B06101 Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Шымкент университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер (ЖИ)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

6B06101 Мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйелер

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

6B06101 Компьютер ғылымы

Astana IT University

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

6B06101 Компьютерлік ғылымдар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B06101 Бағдарламалық инженерия

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

6B06101 IT Менеджмент

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Алматы менеджмент университеті (AlmaU)

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)

6B06101 Ақпараттық бағдарламалау жүйелері

Q UNIVERSITY

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Гуманитарлы-техникалық академиясы

6B06101 Дизайндағы қолданбалы информатика

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B06101 Информатика

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B06101 Ақпараттық жүйелер

Esil University

6B06101 информатика

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Астана халықаралық университеті

Top