Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Бастауыш білім педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын метапәндік идеяны сақтау арқылы, білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін қарастырады. Білім алушының тұлғалық дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалану, сын тұрғысынан ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді пайдалану, технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы қазақ (орыс) тілінің негіздері
    Несиелер: 6

    Пән тіл білімінің фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис салаларын қарастырады. Тіл дыбыстарының түрлерін, сөз таптарын, түрлену жүйесін, тыныс белгілерінің түрлерін, практикада қолдануын, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдарын сипаттайды. Бастауышта қазақ (орыс) тілін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың әдістерін, мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын, құралдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика негіздері
    Несиелер: 6

    Пән жиындар теориясын, математикалық логика элементтерін, сан ұғымының кеңеюін, сандарға қолданылатын амалдарды, амалдардың заңдарын, алгебра және геометрия элементтерін, шамаларды өлшеу әдіс-тәсілдерін және оларды практикада пайдалану мәселесі қарастырылады. Бастауыш білім берудің метапәндік идеяларына негізделген білімін қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалану, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамыту, АКТ- пайдалану мәселелерін ұсынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кіші мектеп жасындағы педагогикалық - психологиялық диагностика
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның психикалық күйі туралы мамандандырылған түрде шешім қабылдау, мінез-құлық ерекшеліктерінің даму дәрежесін, сандық және сапалық көрініс беруін салыстыру, сипаттай білу жолдарын қарастырады.Білімін практикада қолдануға, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалануға, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін педагогикалық-психологиялық тұрғыдан бағалауды сипаттайды. Білім алушыны сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді жаңа контексте пайдалануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Практикалық қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 6

    Пән сауатты жазуды дамытуға, қазақ (орыс) тілінің орфографиясы мен пунктуациясының негізгі ережелерін меңгеруге бағытталған. Пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдерін, жалпы тақырыптарды, әсіресе "қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері"пәнімен тығыз байланысты интеграциялау көзделеді. Оқу мақсаттарының бірлігін сақтайды, сауатты жазбаша әдеби тілді, тілдік дағдыларды қалыптастыруға бағдарланады. Шығармашылық және позитивті ойлауды дамытатын әдістерді сыни тұрғыдан қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикадан есеп шығару практикумы
    Несиелер: 5

    Жай және құрама есеп түрлерін шығару, сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу, есепті шешуде тірек сұлбаны талдау, есептерді әртүрлі тәсілдермен, арифметикалық, алгебралық әдістермен шығару қарастырылады. Математикалық білімін практикада қолдануға, пәндерді интеграциялауға, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуға, АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға бағдарланған. Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолдануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мұғалімнің кәсіби этикасы
    Несиелер: 5

    Пән педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолданады. Сын тұрғысынан позитивті ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді жаңа контексте пайдаланады. Білім беру тәжірибесінде даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды. Білім алушы тұлғасының дамуындағы өзгерістерді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан бағалайды. Академиялық адалдық принциптерін ұғынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 5

    Табиғат туралы білім жүйесін, ғаламдағы табиғат заңдарының бірлігін, танымдық қызығушылықты, табиғатты эстетикалық қабылдауы және табиғи құбылыстардың ерекшеліктері туралы объективті ойларды қалыптастырады. «Жаратылыстану» пәндерін оқыту үшін қажетті пәндер бөлімдері бойынша білімді түсінеді және интеграциялайды, оқушының дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтайды, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, цифрлық ресурстарынтаңдап АКТ-ны және технологияларды сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әліппені оқыту және жазуға үйрету әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән – оқу, жазуды метапәндік идея негізінде үйретеді. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін, ой-өрісінің жетілуін, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуін, дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалап тілдік дағдыларды игеруін, көркем жазу дағдысын, сын тұрғысынан, шығармашыл, позитивті ойлауын дамытатын әдістерді қарастырады. АКТ-ны қолдану арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастырып, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау, инклюзивті білім беру мәселелерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Еңбекке баулу және бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық түрде қабылдауларын метапәндік идея негізінде қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының жүйесін жүзеге асыру, өнердің негізгі түрлері мен жанрларын өнердің өмірмен байланысын, заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын сипаттайды. Контент жинақтау, технологияларды қолдану, шығармашылық ойлауын дамыту, АКТ-ны пайдалану, инклюзивті білім беру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш сынып пәндерін оқытуда инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Пәнде инновациялық және компьютерлік технологиялар білім беру салаларында практикада кәсіби деңгейде қолданылуы, метапәндік идеяларға негізделген түсініктері, АКТ-ны білім алушының жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылуы қарастырылады. Білімді функционалдықпен, шығармашылықпен пайдалануын көздейді. Тұлғаның коммуникативтік және әлеуметтік мәдени дамуы, заманауи білім беру технологиялары және пәнді оқытудың белсенді әдістерін қолдану мәселелері қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Математикадағы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Математиканы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, құралдарын, ұйымдастыру формаларын негіздеу, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, практикада пайдалану, критериалды бағалау түрлерін қарастырады. Ортақ тақырыптарды интеграциялау, оқушының ерекшелігіне сай сын тұрғысынан шығармашыл, позитивті ойлауын дамыту әдістерін жаңа контексте ұсыну, контент жинақтау, АКТ-ны қолдану мәселелерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 4

    Балалар әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін, балалар фольклоры мен әдебиетінің жанрлық жүйесін, кітаптардағы иллюстрацияларға қойылатын талаптар, жас ерекшелігіне сай оқуға баулу жұмыстары, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнесін қабылдау, оқырманның эстетикалық сауаттылығын қалыптастыру, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау, шығармашылыққа және көркем сөйлеуге үйрету құралдары мен технологиясын практикада қолдану дағдысын сипаттайды. Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолдануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 7

    Пән бастауыш сыныптағы жаратылыстануды жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері және мазмұны бойынша ұғымдарды метапәндік тұрғыда қалыптастыру, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді қарастырады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, контент жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалану, сыни ойлауды дамыту, АКТ-ны қолдану, инклюзивті білім беру мәселелері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әдебиеттік оқуды оқытудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 7

    Пән бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдауға, көркем сөйлеудің экспрессивті құралдарын анықтауға, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға үйретеді. Метапәндік идея негізінде жаңартылған бағдарлама бойынша әдеби оқуды оқытудың әртүрлі әдістері қарастырылады. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, бірлігін сақтау және практикалық қолдану, білімді шығармашылық түсіну, жалпы тақырыптарды интеграциялау, АКТ-ны тиімді пайдалану мәселелері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ (Орыс) тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән бастауышта қазақ (орыс) тілін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың әдістерін, мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын, құралдарын қарастырады. Бастауыш білім берудің метапәндік идеяларына негізделген білімін қалыптастыру, практикада қолдану, контент жинақтау, білім беру мазмұнын құрайтын салаларды интеграциялау, инновациялық технологияларды қолдану, сын тұрғысынан ойлауын дамыту, АКТ-ны пайдалану, тілдік дағдыларын деңгейлеп қалыптастыру, инклюзивті білім беру мәселелерін ұсынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүниетануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән дүниетануды жаңартылған бағдарламаменоқытудың мақсаты мен міндеттерін, ұстанымдарын, әдістерін және мазмұнын сипаттайды. Ұғымдарды қалыптастыру, практикада пайдалану, критериалды бағалау жолдарын метапәндік тұрғыда қарастырады. Мақсаттарға жететін сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен және шығармашылықпен пайдалану, сыни ойлауды дамыту, АКТ-ны, технологияларды қолдану, инклюзивті білім беру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыштағы цифрлық сауаттылықты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Цифрлық сауаттылықты оқытудың әдістемелік негіздерін қолдануда практикалық дағдыларын, бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдануын, пән саласында ғылыми зерттеулерді метапәндік идея негізінде жүргізе білуге оқытады. Оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын сақтай отырып, тұлғаның дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтау, позитивті ойлауын дамыту, цифрлық ресурстарынтаңдап АКТ-ны қолдану сипатталады. Спиральды оқыту бағдарламасының қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасау ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Цифрлық сауаттылықты қалыптастыру
    Несиелер: 6

    Цифрлық қоғамға бейімдеу, ерте жастан балалардың цифрлық білімін дамыту, мектеп оқушыларының цифрлық мәдениетін қалыптастыра отырып, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері, құралдары, стратегиялары, жүйелері, әлемдік цифрлық білім кеңістігіне даярлау мәселелері қарастырылады. Тұлғаның дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтау, пәндерді интеграциялау, шығармашыл және позитивті ойлауын дамыту, цифрлық ресурстарын таңдап АКТ-ны қолдану сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Цифрлық сауаттылықты оқытудың теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Цифрлық сауаттылықты оқытудың теориялық негіздері білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Оқыту əдістемесінің теориясынан метапәндік идея негізінде жүйелі білім беру, сабақ жүргізу және сауат ашу, тіл дамыту, жазуға үйрету, грамматиканы оқыту əдістемесін, шығармашылықпен практикада қолдану жолдарын, оқулықтарды талдауды жəне сызбамен көрсетуді қарастырады. Білімді түсіну және салаларды интеграциялау, контент жинақтау инклюзивті білім беру, АКТ-ны қолдану, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдары қарастырылады. Технологияларды қолдануға, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалауға бағдарланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориясы мен техникасы
    Несиелер: 6

    Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің заңдылықтары мен негізгі теориялық ұстанымдарды, білім мазмұнын, оқыту жүйесін түсіндіру, жазуға үйрету жолдарымен таныстыру, ағылшын тілін оқытудың кезеңдері мен техникалық қағидаттары және құралдары, практикада пайдалану жолдары қарастырылады. Оқытуда көрсетілген мақсаттарға жету жолдары, контент жинақтау, инклюзивті білім беру мәселелері, пәндерді интеграциялау,АКТ-ны қолдану, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ағылшын тілінің негіздері
    Несиелер: 6

    Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларының түрлерінде коммуникативтік біліктерді арттыруда оқытудың күтілетін нәтижелеріне бағыттау жолдары қарастырылады. Ситуациялық қарым-қатынастар мен ортақ тақырыпқа сәйкес жаңа тіл құралдарын (фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық) деңгейлеп меңгеру, оқылатын тілдің тілдік құбылыстары, шет тілдерінде ой білдірудің әртүрлі тәсілдері, оқу және айтылу ережелері АКТ-ны қолдану арқылы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON8

    білім алушылардың әдеби тілін, тілдік дағдыларын деңгейлеп қалыптастыруға қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасайды;

  • Код ON10

    білім алушы тұлғасының дамуындағы өзгерістерді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан бағалайды, академиялық адалдық принциптерін ұғынады

  • Код ON1

    бастауыш білім берудің метапәндік идеяларына негізделген білімі мен түсініктерін көрсетеді;

  • Код ON3

    ортақ тақырыптарды оқытуда бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын салаларды интеграциялайды;

  • Код ON6

    білім алушының дара ерекшелігіне сай сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді жаңа контексте пайдаланады;

  • Код ON7

    АКТ-ны білім алушының жас ерекшелігіне сай пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады;

  • Код ON4

    білім алушының тұлғалық дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтайды;

  • Код ON9

    технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды;

  • Код ON2

    бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолданады;

  • Код ON5

    ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық хатты біледі, білімді функционалдықпен және шығармашылықпен пайдаланады

Top