Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Қазіргі қазақ тілінің негіздері

    «Қазіргі қазақ тілінің негіздері» пәнінің мақсаты -студенттерге бастауыш сынып оқушыларын оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін тілдің грамматикалық жүйесі жайында жүйелі білім беру. Қазақ тілі пәні бойынша білім алушыларға кәсіби білім жүйесіндегі біліммен қаруландырады. «Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері» пәні тіл білімінің әр саласын қамти отырып, студенттерге қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамы, дыбыс жүйесі, грамматикалық құрылысы бойынша теориялық, практикалық мәселелерін түсіндіруді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәнінің мақсаты мектеп жасындағы балалардың анатомиялық және физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әртүрлі жас кезеңдеріндегі өсу және даму заңдылықтары жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқыту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқып білім алу қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету жолдарын меңгерту. Баланың жасына және тұлғалық ерекшелігіне сай білім беру, ақыл-ой мен танымдық процестерін дамыту, дені сау сымбатты өсуін қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогика тарихы

    Педагогика тарихы пәнінің мақсаты педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарауды қамтамасы зететін, педагогикалық ұғымдармен жаңаша ойлай білетін білім алушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында педагогика тарихының әдіснамалық негіздері, педагогика тарихының қайнар көздерімен ғылыми зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы, ертедегі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен мектептен бастап бүгінгі күнге дейінгі педагогика тарихы жайлы ғылыми білімдермен қаруландырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру

    Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесін қарастырады. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжамдастыру. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тәшеневтану

    Жұмабек Тәшенев республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірген қоғам қайраткері. Қылышынан қан тамып тұрған Кеңес үкіметінің Қазақстан жеріне жасалған шовонистік әркеттерін тойтырып отырған көреген басшының өмір мен саяси көзқарастарын қазіргі таңда жастардың бойында қалыптастыру маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Тәшенев тұлғасы студенттер арасында ұлттық таным мәселелерін қалыптастыру мен елжандылыққа тәрбиелеудің айнымас құралы екендігі даусыз. Қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі «Тәшеневтану» пәнінің аясында білім алушылардың тұлғалық, көшбасшылық идеяларын және әдістемелік мәдениет негіздерін игереді. Негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ педагог-психолог мамандарды білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқытып үйретіп, біліктіліктерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру. Пән барысында педагогика ғылымының негізінде анықталған мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, педагогикалық процес мазмұны қарастырылады. Білім алушыларды қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және оқушылармен тәрбие жұмысының диагностикасының мазмұны мен технологиясы жайлы білімдермен қаруландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кәсіби қазақ (орыс ) тілі

    Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәнінің мақсаты білім алушылардың бастауыш білім беруде қазақ (орыс) тіліндегі мәдени-ресми, кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұында кәсіби қазақ (орыс) тілінде іскерлік қарым-қатынас мәдениетін дамытады. Ғылыми және кәсіби мәтіндермен жұмыс істеуге және көпшілік алдында қазақ (орыс) тілінде ауызша және жазбаша сөз сөйлеуге, кәсіби қызмет барысында іс-қағаздарды ресми түрде жазуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі

    Шет тілін меңгеру дағдыларын дамытады, техникалық тақырыптардағы әртүрлі күрделіліктегі мәтіндерді түсінуге көмектеседі. Техникалық бағыттағы негізгі сөздер мен өрнектерді зерделеуге мүмкіндік береді, өндірістегі жағдайларды талдау үшін кәсіби қызмет саласында шет тілінде қарым-қатынас жасаудың кәсіби дағдыларын, шетелдегі әріптестерімен әңгімелесу жүргізуді, сондай-ақ жаңа кәсіби білім алу үшін кәсіби диалог жүргізу қабілетін дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

    «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру, озық педагогикалық практика және ғылыми зерттеулер базасын қалыптастырып, ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінде тиімділікті қамтамасыздандыратын дайындықты тереңдетуге бағытталған. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері. Ғылыми тәжірибелер жүргізу және нәтижесін қорытындылау. Студенттер педагогикалық зерттеу әдістерін зерделеп, олардың педагогикалық фактілермен құбылыстарды зерттеу мүмкіндіктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру

    Бұл курс педагогтік құзыреттіліктің келесі салаларын дамытуға бағытталған: педагогика мен дидактика саласындағы құзыреттіліктер. Болашақ мұғалімдер өздерінің оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ кәсіпкерлік пен тұрақты даму сияқты білім берудің белгілі бір деңгейін дамытудың педагогикалық қағидаларымен және қиылысатын тақырыптарымен таныс. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне оқушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, оқытуды дараландыру дағдылары бар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математиканың бастауыш курсының негіздері

    «Математиканың бастауыш курсының негіздері» бастауыш математика курсының теориялық негіздерін құрайтын: Математикалық ұғымдар. Жиындар және оларға қолданылатын амалдар. Қатыстармен сәйкестіктер. Сан ұғымы. Теріс емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі. Алгебра, геометрия элементтері. Шамалар, оларды өлшеу. Сандардың құрама сандарға бөлінгіштік белгілері. Сандық теңдіктер және теңсіздіктер. Теңдеулер және теңсіздіктер. Геометрия элементтері. Шама ұғымы оны өлшеу мен математикалық статистика элементтері, есептерді математикалық модельдеуді оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жаратылыстану негіздері

    Табиғат құбылыстарының мәнін, олардың заңдылықтарын табу, табиғат туралы білім жүйесін қалыптастыру маңызды міндеті болып табылады, оның негізінде басқа міндеттер кешені шешіледі: танымдық қызығушылықты, табиғатты эстетикалық қабылдауы және табиғи құбылыстардың ерекшеліктері туралы объективті ойлар қалыптастырады. «Жаратылыстану негіздері» курсы бастауыш сыныптағы «Жаратылыстану» пәндерін оқыту үшін қажетті астрономия, физика, физикалық география, биология және экология негіздерінен жалпы білім береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі

    «Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі» пәні әлемдік және отандық психологиялық ғылымдардың жетістіктерін зерттеу, қазіргі заманғы психологиялық ғылымның негізгі бағыттары мен принциптерін, психологиялық теориямен тәжірибенің қазіргі жағдайын зерттеуге бағытталған. Коррекциялық психология психокоррекцияның негізгі міндеттерімен, коррекцияның түрлерімен, психокоррекциялық жұмыс кезеңдерімен, бағыттарымен, психокоррекцияны жүргізуге қойылатын талаптармен таныстырады, ауытқушылығы бар балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект негіздері

    «Жасанды интеллект негіздері» пәні жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен, әдістерімен және технологияларымен және олардың әртүрлі салаларда практикалық қолданылуымен таныстыру болып табылады. Студенттер болашақ кәсіби қызметіне сәйкес машиналық оқыту, нейрондық желілер, сондай-ақ жасанды интеллект қолдану салалары сияқты негізгі технологияларды меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық шеберлік

    Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби педагогикалық іс-әрекеті. Педагогикалық шеберлік компоненттері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдері, өз пәнін еркін, терең игеруі. Педагогикалық шеберлік пәні оқыту мен тәрбиелеу өнері. Бұл оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлерін оқушының жан-жақты дамуына, оның дүниетанымы, көзқарасы мен қабілеттеріне бағыттай білудің әдіс-тәсілдерін оқып үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогика этикасы және қарым-қатынас мәдениеті

    Педагогикалық этика ғылыми пән ретінде. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшелігі және оның жұмысына деген көзқарасының моральдық негіздері. Мұғалімнің тұлғааралық қарым-қатынас жасау этикасы, мен мәдениеті. Педагогикалық әдеп қағидаттары: үздіксіз даму, ақылдылық,әдептілік, адами құндылықтарды құрметтеу т.б. Білім беру жүйесіндегі қарым-қатынас жасау стартегиясы, әдістері. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың моральдық-психологиялық аспектілері. Педагогтың кәсіби қызметіндегі этикет. Этикалық-педагогикалық практикумын оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізідің педагогикалық-психологиялық ерекшілігі

    Мектепте инклюзивті білім беруде балалар санаттарының біріне жататын балалар білім алады – бұл денсаулығында ақауы бар балалар (мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедек балалар), сондықтан бұндай ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген "Барлығына арналған мектеп" бағдарламасы әзірленіп, ол іске асырылуда. Мұндай балаларға білім берудің ең оңтайлы түрі инклюзивтік білім беру деп саналады. Оның мәні - мүмкіндігі шектеулі балалар кәдімгі жалпы білім беретін мектептерде дені сау құрдастарымен бірге оқуға, олардың ұжымына қабылдануға, өз мүмкіндіктеріне сәйкес дамуға және қоғам өміріне қатысу перспективасына ие болуға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Психологиялық-педагогикалық диагностика

    Психологиялық-педагогикалық диагностика пәнін оқыту мақсаты болашақ мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарын қамтамасыз етіп, баланы қалыптастыру мен дамытуға бағытталған психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануға үйрету. Пән барысында психодиагностиканың ғылыми-теориялық негіздері, қалыптасу тарихы, психодиагностикалық тесттер мен әдістер жүйесі жайлы ғылыми білімдер беріледі. Жалпы және арнайы қабілеттерге, инттелектуалды дамуды, жас ерекшеліктеріне сай жеке қасиеттерге психодиагностика жүргізу жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Ғылыми-зерттеудің әдістемесі, ерекшеліктері; ғылыми зерттеудің процедурасы; ғылыми зерттеу бағдарламасы, ғылыми зерттеу мақсаты; ғылыми-зерттеудегі математикалық әдіс; бастапқы ақпаратты жинақтау әдістері (сауал әдістері: анкеталау, интервью, эксперттік сауал, эксперимент, контент-талдау, социометриялық сауал) туралы мәліметтер қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беру пәнінің мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық, медициналық-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік беру. Білім алушылар пәнді меңгеру арқылы инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері ғылыми білімдермен қаруланады. Инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отыратын кедергілерін жоюды үйреніп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктері қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бастауыш білім психологиясы

    Бала психологиясын жан- жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді. Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экожүйе және құқық

    Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы менеджмент; табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілері; негізгі экологиялық түсініктердің сипаттамасы және табиғи жүйелердің қызмет етуіндегі заңдылықтар; қоршаған ортаны бақылау, өткізіліп жатқан оқиғалардың заңдылығы; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері және кәсіпкерлік

    Жеке қаржыны басқару өзінің әл-ауқаты мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін, қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, бұл тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға мүмкіндік береді және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды, кадрлік қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасын үйретеді. Халыққа кәсіпкерлік қызметті қалыптастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және көтеруге, қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету бағдарламаларын қарастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

    Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты- білім алушыларға дене тәрбиесін оқытудың ерекшеліктерін, заңдылықтарын, сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, дене мәдениеті теориясымен әдістемесінің жалпы негіздері жайлы білімдермен каруландырады. Пәнді оқу арқылы бастауыш сынып оқушыларына қимыл қозғалыс іс-әрекеттерін үйрету әдістерін, бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі мен сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және оны өткізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері

    Кәсіпкерлік түсінігі, мәні, негізгі түрлері мен кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары; бизнесті жоспарлау және бизнес жүйесіндегі тәуекелдер; кәсіпкерлік қызметтегі қаржыландыру; кадрлық қамтамасыз ету; кәсіпкерлік операцияларды ұйымдастыру; коммерциялық құпиялар және оларды қорғау жолдары; кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы; кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау; тұжырымдаманың даму ерекшеліктерін анықтауға, осы саладағы білімді жалпылауға және жүйелеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті негіздері

    Қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі

    «Батсауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты математика пәнін оқытуға қажетті теориялық, практикалық және әдістемелік даярлықты және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан білімалушылардың педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру. Студенттер пәнді оқып игеру арқылы бастауыш сыныпта математиканы оқыту теориясы және технологиясы оқу пәні ретінде, оның мазмұнын біледі; математика пәні бойынша бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде және оны оқыту технологияларын меңгереді; бастауыш сынып математика пәнінің маңызды ұғымдары және оларды оқыту технологияларын қолдана білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шағын жинақталған бастауыш мектептегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері

    Шағын жинақталған бастауыш мектептегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі негізінде белгіленеді. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп: біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектеп педагогикасы

    «Бастауыш мектеп педагогикасы» балаларды тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, білімдерді тәжірибелік іс- қызметте тиімді пайдаланудың жолдарымен әдістемелерін нақтылайтын ғылым. Бастауыш білім беру жүйесінің мақсатымен мазмұндық құрылымын, психологиялық педагогикалық білім негіздерін, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру заңдылықтарымен принциптерін, өзін-өзі қайта тәрбиелеу, тәрбие әдістерін, даму кезеңдерін, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мәселелерін игереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрету

    Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрету - оқу, жазуды метапәндік идея негізінде үйретеді. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін, ой-өрісінің жетілуін, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуін, дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалап тілдік дағдыларды игеруін, көркем жазу дағдысын, сын тұрғысынан, шығармашыл, позитивті ойлауын дамытатын әдістерді қарастырады. АКТ-ны қолдану арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастырып, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау, инклюзивті білім беру мәселелерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәнерлеп оқу практикумы

    Мәнерлеп оқу практикумы пәні білім алушыларға болашақ мұғалімдер меңгеретін сан алуан кәсіби білімдер, практикалық іскерліктер мен қоса, олардың ана тілін еркін меңгеріп, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына ерекше мән беріледі, өйткені мұғалім мамандығы үшін сөйлеу дағдысының маңызы зор. Оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, жеке тұлғалық саналарын қалыптасыра отырып, педагог сөз арқылы баламен тіл табысады. Мұғалімнің мәнерлеп оқи білуі арқылы кіші жас мектеп оқушылары көркем әдебиетпен танысады, оған ынта-ықыласы қалыптасады. Алайда, тек мәнерлеп оқу принциптерін меңгерген және оқушыларға мәнерлеп оқу әдістемесін жете білетін тәрбиешіні ғана кіші жас мектеп оқушыларына көркем әдебиетті ұғындырып, оның мазмұнын мәнерлі де айшықты жеткізе алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық менеджмент

    «Басқару функциясы» түсінігі. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. Мақсат қою. Жоспарлау және оған қол жеткізу. Шешім қабылдау. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары. Өкілеттік беру. Мотивация. Педагогикалық бақылау. Педагогикалық мониторинг. Педагогикалық маркетинг. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару. Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеттерін оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бастауыш сыныптардағы қашықтықтан оқыту

    Бастауыш сыныптардағы қашықтықтан оқыту мақсаты білім, білік, дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушының белгілі дәрежеде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді (ватсап, интернет желісі, ютубтан керекті сілтемелер, слайдтар т. б.) алып үнемі пайдаланып отырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектептану

    Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі. Мұғаліммен оқытудың жаңа технологиялық әдісі. Әдістемелік бірлестік жетекші міндеттері мен жоспары. Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары. Мектеп директоры мен оның орынбасарларының міндеті мен оған қойылатын талаптар және құжаттары. Бастауыш сынып мұғалімі жұмысының жылдық жоспарымен қызметінің негізгі бағыттары. Бастауыш сыныптардағы білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылау және бағалауға қойылатын негізгі талаптармен нормалар. Мектепішілік бақылаумен басшылықты тексеру туралы жаднама. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату жолдары. Жалпы мектепті басқару, педагогикалық қарым-қатынасты және басқару этикасын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттік оқыту әдістемесі

    Сабақ үдерісі өте күрделі құрылым болып есептеледі. Ол синкретті білім мен еңбекті талап етеді. Педагогика, психология, таным теориясы, педагогикалық шеберлік, коммуникативті құзіреттілік, эмпатиялық қарым қатынас, жобалау мен жоспарлау құзіреттілігі т.б. көптеген қабілеттерді қажет етеді. Мұғалім сабақтың әрбір сәттеріндегі әдіс-тәсілдермен қаруланған, теориялық жағынан терең білімге ие болуы сабақ үдерісінің дұрыс бағытталуына үлкен септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі робототехника

    Робототехника мәселелері бойынша жалпы компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету, ақпараттық дүниетаным, ақпарат ұғымы, түрлері, бағдарламалау элементтері сипатталады. Ақпараттық-әдіснамалық тәсілдерді қолдануда практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сабақты ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жоспарлауға, бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын салаларды тиімді интеграциялауға, бағыттайды. Мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып білім беру контентін жинақтауға, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға, технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалауға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Отбасы педагогикасы

    Пән студенттерге отбасы педагогикасы жайлы теориялық білімді меңгеруге көмектеседі. Некеге, отбасылық өмірге студенттер тұлғасының дайындықтарын қалыптастыруға, бала мен отбасының үйлесімді дамуын қолдануға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, өмір сүру деңгейін бала мен отбасында жақсартуға, түрлі жастағы балалармен отбасылық мәселелердіңтуындауының педагогикалық себептерін сараптау дағдыларын қалыптастырады. Отбасылық мәселелерді шешуде отбасы татулығын сақтау жұмыстарын қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Креативті тәрбие

    Креативті тәрбие пәнінің мақсаты баланы жан-жақты, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету әдістерін оқытады,шығармашылық тұлға қалыптастыру мүмкіндіктері жайлы білімдермен қаруландыру. Пән барысында креативтілік ұғымының мәні мен мазмұны тереңінен талданып, креативті ойлауға үйретудің негізгі әдістері, креативті тәрбие арқылы баланың шығармашылық әлеуетін арттыру мүмкіндіктері, креативті тәрбиелеу үдерісінің ерекшеліктері, креативті тәрбиенің негізгі параметрлері оқытылып, үйретіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі

    «Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты - білім алушыларды бастауыш сыныптағы қоршаған ортамен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді және компетентті іске асыру, оқушылардың табиғатпен өзара әрекеттесуі, экологиялық, денсаулық сақтау әдіс-тәсілдері жайлы білімдермен қаруландыру. Пәннің мазмұнында «Дүниетану және жаратылыстану» пәнін оқытудың құрылымдық ерекшеліктері, негізгі әдістері, сабақ түрлері, сабаққа қойылатын негізгі талаптар жайлы оқып біліп үйренеді, білім,білік дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыканы оқыту әдістемесі

    Музыканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты - музыканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бастауыш сынып оқушыларына музыкалық білім беру әдістері мен әдістемесі жайлы білімдермен қаруландыру. Пәнді оқу арқылы музыка сабағы мектеп пәні және өнер пәні ретінде түсінігі қалыптасып, музыкалық білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес «Музыка» бағдарламасының негізгі мазмұнын, ұстанымдарын және оқыту әдістерін толық игереді. Отандық және шетелдік музыка мұғалімдерінің озық тәжірибелерімен танысып, музыка сабағын жоспарлауға және жүргізуге қойылатын талаптарды оқып үйренеді. Музыка сабағындағы білім мен тәрбие процесін өзара байланыстыра білу, дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің негізгі мақсаты - бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілі мәнінің мазмұнын және жұмыс істеу жүйесін жақсы меңгеріп және оқытудың әдістемесін ұғынып, тәжірибені шығармашылық ізденіспен қолдана білу дағдысы қалыптасады. Қазақ тілі пәнінен берілетін білімді, тәрбиені баланың ой-өрісінің дамуымен шеберлікпен ұштастыра алады. Қазақ тілін оқыту барысында күнделікті оқыту үдерісінде кездесіп отыратын әдістемелік мәселелерді біліп, оны пайдаланудың дұрыс шешімдерін табуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім берудегі цифрлық оқыту

    Цифрлық сауаттылықты оқытудың теориялық негіздері білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қызықты математика

    «Қызықты математика» пәнінің мақсаты математика пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп, білім алушылардың білім-білігін, икем-дағдысын және ойлау қабілетін дамытуды көздейді. Студенттер математика пәні бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізуді, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыруды және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар пәнді оқу барысында студенттер есептеулердің тиімді жаңа әсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмаларды шешу жолдарын анықтай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі педагогика ғылымының дамуы

    Пән барысында педагогика ғылымының негізінде анықталған мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, педагогикалық процес мазмұны қарастырылады. Білім алушыларды қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және оқушылармен тәрбие жұмысының диагностикасының мазмұны мен технологиясы жайлы білімдермен қаруландырады. Пәнді оқу арқылы студент жалпы және кәсіптік білім беретін мектептердегі педагогикалық процестерді, педагогикалық процестің мақсатын, қағидаларын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру мен жүзеге асырудың формаларын, еңбек технологиясына және кәсіпке баулудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын, кәсіби білім беру педагогының кәсіби қалыптасуының педагогикалық негізін игеру кажет.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бастауыш мектепте оқыту әдістері мен технологиялары

    Бастауыш мектепте оқыту әдістері мен технологиялары оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамытуды қарастырады. Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе түрінде көрсету, АКТ-ны тиімді қолдану, комуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке және жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді оқыту әдіс тәсілдерін үйретеді. Жаңартылған оқу бағдарламасында оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырып, үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

    Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері пәні инновациялық технологияларды қолдануда, қызметін жоспарлауда, ұйымдастыру мен басқаруда және кешенді проблемаларды шешуде сыни ойлау мен креативтілік танытады. Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі. Бастауыш сынып пәндерінің мазмұнын жетік біледі, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі мен мәдениеті әлеміндегі бастауыш мектеп оқушысы

    Шет тілі мен мәдениеті әлеміндегі бастауыш мектеп оқушысы – төменгі сынып оқушыларында қарапайым коммуникативтік құзіреттіліктердің сөйлеу әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қажетті деңгейде қалыптастыру болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғаралық және мәдениетаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Заманауи педагогика

    Заманауи педагогика пәнінің мақсаты - білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқып игеру арқылы ақпараттық технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту, ақпараттық ортаны қалыптастыру жайлы түсінігі қалыптастырылады. Компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі инновациялық технологиялары

    Білім берудегі инновациялық технологиялары пәні пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдерін түсіндіреді, практикада қолданады, дәлелдерді қалыптастырады, оқытылатын саладағы мәселелерді шешеді және интеграциялауды көрсетеді. Пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана алады. Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Логопедия

    Пән логопедияның принциптері және әдістерімен, басқа ғылымдар мен байланысы мен, сөйлеу тілінің анатомиялық- физиологиялық механизмі мен, сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формалары, сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық тузетудің және жоюдің жекелеген әдістерімен, артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлерімен, сөйлеу тілінің даму кезеңдерімен, сөйлеу тілі кемістіктерінің жіктелуімен таныстырады, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтайды, балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі

    «Көркем еңбек» пәні бүгінгі жаһандану дәуірінде еліміздің өскелең ұрпақғын шығармашыл, креативті тұлға етіп тәрбиелеуде мол мүмкіндік беретін бірегей пән. Білім алушылар пән арқылы шығармашылық жұмыстарды орындай отырып, қазіргі таңдағы заманауи технологиялық мәдениетке, бұйымдарды көркемдеп өңдеуге, техника-технологиялардың жобасын жасап шығаруға, дамытуға, жетілдіре алуға қол жеткізеді. Ұлттық дәстүрімізден сыр шертер қолөнер бұйымдары мен бейнелеу өнерінің туындыларын талдап, танысады, олардың жасалу технологиясын, ерекшеліктері мен заңдылықтарын меңгереді. Қазақтың ұлы суретшілері мен қолөнершілерінің шығармашылықтарына көркемдік талдау жасап, композициялық құрылымына бағалайды. Сондай-ақ, «Көркем еңбек» пәнін оқутудың жаңа технологияларын, әдіс-тәсілдерін зерттеп-зерделеп, болашақта кәсіби салада пайдаланудың қыр-сырын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикадан есеп шығару практикумы

    Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздерін кәсіби іс-әрекетінде қолдана алу. Студенттер пәнді оқып игеру арқылы бастауыш сыныпта математиканы оқыту теориясы және технологиясы оқу пәні ретінде, оның мазмұнын біледі; математика пәні бойынша бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде және оны оқыту технологияларын меңгереді; бастауыш сынып математика пәнінің маңызды ұғымдары және оларды оқыту технологияларын қолдана білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын әлеуметтік-педагогикалық және жаратылыстану пәндері бойынша, сондай-ақ білім беру салаларында білімдерін көрсету және оларды тәжірибеде сауатты, шебер және кәсіби түрде қолдану
  • Пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдерін қорытындылай алады, дәлелдерді қалыптастыра алады, оқытылатын саладағы мәселелер бойынша шешім қабылдау
  • Кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасай алады, базалық білімі арқылы өзінің жалпы мәдени, ақпараттық-аналитикалық, тұлғааралық-коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру
  • Әлеуметтік, этикалық, ғылыми жаңалықтарды ескере отырып пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпарат жинау және пәнді оқыту үшін АКТ және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану
  • Пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды қолдану
  • Инклюзивті білім беру технологияларын қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелерді шешу
  • Кәсіби қызметте студенттермен жеке қарым-қатынасқа бағытталған дұрыс негізделген принциптерге, әдістерге, нысандар мен құралдарға негізделген білімді көрсету
  • Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне, күтілетін нәтижелерге және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық инновациялық технологияларды қолдану
  • Өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде жүйелі ойлауын дамыта алады, бастауыш сынып пәндерінің мазмұнын талдай алады
  • Білім алушылардың әдеби тілін, математикалық сауатталығын, тілдік дағдыларын деңгейлеп қалыптастыруға қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасайды
  • Ұжымда, тұлғааралық қарым-қатынаста, көшбасшылыққа тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік және креативтілік көрсете біледі
  • Білім алушы тұлғасының дамуындағы өзгерістерді бағалау және академиялық адалдық принциптерін түсіну

Ұқсас БББ

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Шымкент университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Top