Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01401 Дене шынықтыру және спорт в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің негіздері саласындағы білімді меңгеру, ұғымдық аппаратты меңгеру, қозғалыс әрекеттерін оқыту, дене қасиеттерін дамыту, сабақтарды өткізу мен ұйымдастырудың әртүрлі нысандарында айналысатын адамдарды сауықтыру және жаттықтыру мәселелерін талдау, баяндау, адамның дене шынықтыру жағдайларын бағалау және басқару, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу дағдысына ие болу;
  • грамматикалық білім жүйесі негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды жүзеге асыру; жағдайға сәйкес ақпаратты талдау; ана тілі, шетел тілі, кәсіби-бағдарланған тілдерде қажетті көлемде сөздік қорын игеру, ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеру, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну;
  • анатомиялық - физиологиялық және медициналық-биологиялық сипаттамаларға негізделген оқу, педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметін белгіленген бағытта және қажетті көлемде жоспарлау, талдау, орындау және бағалау;
  • экономика, туризм, өлкетану, менеджмент, спорттық ғимараттар мен тренажерлар саласындағы білімді пайдалана отырып, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері саласында маркетингтік зерттеулер жүргізу, басқару шешімдерін қабылдау, дене шынықтыру - спорт қызметінде бизнес - жоспар құру, спорт ғимараттары жұмысының экономикалық тиімділігін есептеу, білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, инновациялық педагогикалық технологиялар мен ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану;
  • тарих, философия, спорт теориясы, гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, фитнес, шахмат, күш спорты, жекпе-жек, теннис, баскетбол, волейбол, гандбол салаларындағы білімдері мен дағдыларын көрсету, спорттық-педагогикалық пәндер бойынша жарыстардың, ұлттық, зияткерлік, қозғалыс және спорттық ойындардың ережелерін білу, спорт түрлері бойынша жаттығуларды орындау тактикасы мен техникасын меңгеру, дене дайындығының қажетті деңгейін көрсету, спорт түрі бойынша жаттықтырушы мен дене шынықтыру мұғалімінің жұмысын жүзеге асыру;
  • қоғамдық, гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласындағы білімді жинақтау, ұғымдық аппаратты қолдана білу, қоғамдық құбылыстарды, гуманитарлық білім объектілерін талдау, алған білім мен пікірталас дағдыларын белсенді қолдану, өз пікірін тұжырымдау, ғылыми зерттеу және академиялық хат әдістерін білу және оларды оқытылатын саласында қолдану;
  • оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудың ғылыми негізделген құралдары мен әдістерін, оның ішінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды, IT-технологияларды талап етілетін көлемде қолдана отырып меңгеру; салыстырмалы түрде қарапайым және шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін АКТ және IT-технологиялары құралдарын қолдану, дене шынықтыру және спорт саласында компьютерлік технологиялар арқылы ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, қорғау және пайдалану әдістерін меңгеру;
  • ағзадағы процестердің жағдайын бағалай, бақылай, жақсарта, адам денсаулығын сақтай және нығайта білу, оңалту және емдік, бейімделген дене тәрбиесі және массаж туралы әдістемелік білімді игеру;
  • оқушыларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және сауықтыруда педагогикалық міндеттерді тұжырымдау және шешу, психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласындағы білімдерін көрсету, әлеуметтік-саяси, мәдени, экологиялық және психологиялық-педагогикалық жағдайларды талдау;
  • дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, дидактика қағидалары негізінде оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі, ұлттық, таңдалған спорт түрі бойынша оқу сабақтарын өткізу; жарыстар мен төрелік қызметті ұйымдастыру және өткізу; дене шынықтыру-рекреациялық, сауықтыру-оңалту, спорттық, кәсіптік-қолданбалы және гигиеналық міндеттерді шешуді жүзеге асыру.

Ұқсас БББ

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Шымкент университеті

6B01401 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Қазақ спорт және туризм академиясы

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01401 Дене шынықтыру және спорт

«Мирас» университеті (Мирас)

6B01401 Дене шынықтыру және спорт (IP)

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top