Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Тіл біліміне кіріспе

    Дүниежүзі тілдерінің пайда болуы мен дамуы, генеологиялық, типологиялық ерекшеліктері, тілдің табиғаты, коммуникативтік қызметі, ойлау,тіл мен қоғамның диалектикалық бірлігі жайлы мәселелерді пәнаралық байланыста қарастырады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын сыни ойлау тұрғысынан саралауды, ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып зерттеуді меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, шығармадағы тілдік бейнелеулер,шығарманы өмірмен салыстырып бағалау жайлы түсінік қалыптастырады,эссе жазудың жолдарын, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды үйретеді;талдаудың ерекшелігіне сай сыни және жүйелі ойлауын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Практикалық қазақ тілі

    Қазақ тілі дыбыстарының, емленің қалыптасуы мен айтылу заңдылықтарын зерттейді; сингармонизм заңын, сөздердің мағынасын, тұрақты сөз тіркестерін игеруге ықпал етеді, сөздердің құрамы мен формасы туралы, сөздерді біріктірудің түрлері мен тәсілдері туралы, сөйлемдердің мүшелері мен түрлері туралы білімдерін тереңдетеді. Тілдік заңнаманы тұжырымдауға, кешенді тілдік талдауды практикада дұрыс қолдануға үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

    Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жасалу жолы, жасалу тәсілі, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары, үндестік заңы, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді.Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы

    Лексикология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары, пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы мәселелерді қарастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық ауыз әдебиеті

    Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі фольклордың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктерінің дамуы, фольклордың тарихи құндылықтары,кейіпкер образы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері,оқиға желісі, шығарманың эстетикалық құндылығы, фольклор ғылымының жетістіктері және басқа салалармен, әсіресе әдебиетпен байланысы жайлы мәселелерден хабардар етеді;талдауды практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

    Пәнаралық байланыс негізінде Орхон ескерткіштері мен М.Қашғари, Қ.А.Ясауи, халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі, ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар жырау сияқты ақындық поэзияның көрнекті өкілдерінің шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік және жыраулық поэзияның сабақтастығы, идеялық-көркемдік жалғастығын, жыраулық мұралардың тарихилығын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • XIX ғасыр қазақ әдебиеті

    Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы жыраулық және ақындық поэзиясының табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Қазақ хандығы кезіндегі ақын-жыраулар поэзиясы мен дәстүр жалғастығын, шығыстық дәстүр сабақтастығын, көркемдік әдістерін, Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын, сондай-ақ тұлғалық болмысты сыни және гуманистік тұрғыдан талдауды, мәтінді интерпретациялауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Пән педагогикалық ғылымның метапәндік идеялары негізінде оқу-тәрбие үдерісінің білімі мен түсінігін, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын тәжірибеде қолдануды зерттейді. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары, оқу-тәрбие процесінің ғылыми әдістерін меңгеру, пәнаралық білімдерді кіріктіру, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

    Сөзжасам жүйесі, сөзжасам бірліктері, туынды сөздерді зерттеу әдістері, сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдері, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек, туынды сөздердің семантикалық ерекшеліктері, сөзжасамдық ұяның жасалу жолдары, зерттелу тарихы туралы түсінік қалыптастырады; талдау нәтижесі бойынша тұжырым жасауды үйретеді, сыни ойлау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

    Морфология бойынша ғылыми еңбектерді зерттеу қабілетін дамытады; морфологияның теориялық негіздері жайлы мәселелерді меңгертіп, талдаудан алған білімін практикада дұрыс қолдануға дағдыландырады; грамматикадағы негізгі ұғымдар, грамматикалық мағынаның түрлері, сөздің морфологиялық құрамының өзгеруі мен сөз таптарының даму тарихы, сөз таптарының ауысу құбылысы жөнінде мағлұмат береді; морфологиядағы өзекті мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі 1701

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгертеді және әдістеменің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарына қатысты зерттеулермен, педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа қағидалармен, әдістеме бағыттарымен, қазақ тілін оқыту әдістемесінің тиімді жолдарымен таныстырады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгертіп, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пән бойынша базалық нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды талдауға және тануға үйретеді; оларды басшылыққа алу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады; Қазақ әдебиеті материалдарын мектепте оқытудың әдістемелік жүйелерін меңгертеді; білім берудің жаңа технологияларымен таныстырады, оны оқу процесінде пайдалану жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

    ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен байланысын, Шәкәрім, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов және т.б. ой-сананы оятуға қатысты жазылған шығармашылығын терең игертеді; ХХ ғасырдың І жартысындағы әдеби байланыстарды, дәстүрлі әдебиет үлгісін, әдеби бағыттар мен олардың басты өкілдерінің шығармашылығын салғастыру арқылы шығарманың идеялық-көркемдік ерекшеліктерін талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Әлем әдебиетіндегі шығармашылық мәселесінің өз елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен,тығыз бірлікте қарастырылады. Біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениеттен бастап қазіргі заманымызға дейінгі әдебиет қарастырылады. Антикалық әдебиеттің ролі; ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдары; XIX ғасырдағы классикалық романтизм; натурализим, реализм, модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдары; әлем әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы жайлы білімдер жүйесін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері бойынша білім алуға мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдану

    Пәнде инновациялық және компьютерлік технологиялар білім беру салаларында практикада кәсіби деңгейде қолданылуы, метапәндік идеяларға негізделген түсініктері, АКТ-ны білім алушының жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылуы қарастырылады. Білімді функционалдықпен, шығармашылықпен пайдалануын көздейді. Тұлғаның коммуникативтік және әлеуметтік мәдени дамуы, заманауи білім беру технологиялары және пәнді оқытудың белсенді әдістерін қолдану мәселелері қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби сынының тарихы

    Әдеби туындының идеялық-көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Публицистика және әдебиет

    Публицистиканың пайда болуы, ерекшелігі, көркем әдебиет, журналистика және публицистиканың байланысы, қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі, тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырып, А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері жайлы мағлұмат береді; өз практикасында АКТ-ны дұрыс қолдану, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің стилистикасы

    Студенттерге стилистиканың негізгі мәселелері, функционалдық стильдері, стилистикалық норма жайлы мағлұмат береді; студенттердің тілдік талғамын арттырып, қатемен жұмыс жасау жолдарын меңгертеді; Ауызекі және кітаби-жазба стильде қазақ тілінің сөздік құрамын, көркемдегіш құралдарын, дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастырады; мәтіннің стилі мен стилистикалық ерекшеліктерін талдауды, сөйлемдер мен мәтіндерді түрлендірудің амал-тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • БАҚ стилі және редакциялау

    Редакторлық түзетудің түрлері, әдеби редакциялаудың сапасы, корректуралық белгілер, эссе, хабарлама жазудың жолдары жайлы түсінік қалыптастырылады; стилистика және редакциялаудың теориясымен, әдістемесімен қаруланып, тәжірибе жинақтауларына, әр түрлі стильдегі мәтіндерді АКТ-ны қолдана отырып түзетуге, БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білуге, топта коммуникативтілік, креативтілік танытуға баулиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы

    Тіл теориясының қазіргі даму кезеңдері мен фонетика, лексика және грамматика салаларының ерекшеліктері мен ұқсастықтары, салыстырмалы және салғастырмалы типологияның талдау әдістері,тілдерге тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер жайлы білімді игертеді.Игерген білімін практикада қолдану жолдарын меңгертеді. Тілдік заңдылықтар жайлы проблемаларды ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып талдайды,тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

    С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ө.Тұрманжанов, т.б. шығармашылығын, проза, драма, поэма, драматургия, сын, эссе жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып түсіндіреді. Сюжеттік-композициялық талдау жасауды, әдеби тілді құбылту мен айшықтауларды салыстыруларды, шығарманың көркемдік құндылығын бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

    Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіру, синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады, синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Әдебиет теориясы

    Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңдері, зерттелу тарихы, шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, көркем шығарманың құрылымы, стилі, көркемдік әдісі, жанрлар типологиясы, әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар жайлы түсінік береді; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды, эпизодтарды салыстыра-салғастыра отырып интерпретациялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін түсіну және интеграциялауды көрсетеді
  • Тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдайды
  • өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамытады
  • оқушының тұлғалық дамуына әсер ету, өмір бойы білім алуға бағытталған дамытушы білім үлгісін көрсетеді
  • Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру мақсатында көркем мәтінді интерпретациялайды
  • ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсете біледі
  • пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдаланады
  • педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі
  • берілген ақпаратқа сүйене отырып, игерген білімін практикада қолдана алады
  • пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі
  • оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралайды
  • Көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top