Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

  • Білім беру туралы ғылым, оқытудың негізгі теориялары және тәрбие

    Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдердің педагогика, дидактика және тәрбие теориясы саласындағы педагогикалық құзыреттілігін дамыту болып табылады. Курс шеңберінде білім алушылар оқытудың, тәрбиенің және педагогикалық модельдердің әртүрлі теорияларының негізінде жатқан адам туралы тұжырымдамалық түсініктерді қоса алғанда, педагогика ғылымының негіздерін үйренеді. Теориялық тұжырымдамаларды терең түсіну болашақ мұғалімдерге әртүрлі білім беру жағдайларына бейімделе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін саналы түрде таңдауға және қолдануға мүмкіндік береді. Бұл оқу процесін ұйымдастыруға кәсіби көзқарасты қалыптастыруға және білім алушылардың жеке басын жан-жақты дамытуға бағытталған қолайлы тәрбие ортасын құруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 3
  • Зерттеулер, даму және инновациялар

    Пәннің мақсаты - қазіргі заман деңгейінде болу, өзін және жұмысын үнемі дамыту мүмкіндігіне ие болу үшін жаңа білімді алу, білім беру мен мұғалім кәсібінің дамуына, әртүрлі желілердегі оқытудың инновациялық тәсілдеріне, білім алушыларды оқыту мен басқаруға қатысты зерттеулер жүргізу. Қоғамда, білім беру ортасында болып жатқан өзгерістер контексінде оқытудың инновациялық тәсілдері мен технологияларын әзірлеуге, жаңартуға, қолдануға қабілетті болу.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға әдебиеттанудың негізгі ұғымдары мен заманауи әдіснамалық технологиясын меңгерту, көркем шығарманың табиғатына қатысты әдеби-теориялық бастапқы білім қалыптастыру. Курста образ ұғымы, образдың жасалу тәсілдері, әдебиеттің тегі мен түрі, көркем шығарманың мазмұны мен пішіні, архитектоникасы мен композициясы, тілдік аспектілер, мәтінге қатысты интерпретация, герменевтика, синергетика, нарратология сынды ұғымдар қарастырылады. Пән әдеби мәтінді ғылыми-теориялық тұрғыда талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Функционалдық стилистиканы оқыту, оның ішінде шағын жинақты мектепте

    Пәннің мақсаты білім алушыларда функционалдық стильдер, стилистикалық норма, тілдік бірліктерді стилистикалық қолдану туралы білім кешенін қалыптастыру. Пән функционалды стильдерді жіктеу принциптерін зерттеуге, әртүрлі стильдегі мәтіндерді стилистикалық талдауға, бағалау, редакциялау дағдыларын қалыптастыруға, жалпы білім беруде, оның ішінде шағын жинақталған мектепте стилистика мен функционалдық сауаттылық негіздерін оқыту бойынша педагогикалық қызметті ұйымдастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процесс

    Пәннің мақсаты қазіргі әдеби процесс, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті, ұлттық идея, әлемдік жаһандану, Тәуелсіздік жылдардағы проза, поэзия, драма жанрларының дамуын қарастыру. Қазіргі әдебиеттегі повесть-хикаяттар, әңгіме жанры, поэмалар, мемуарлық, естелік көркем проза, деректі әдебиет, қазіргі әдеби сын, Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану ғылымы, әдебиеттегі жаңа бағыт-бағдар (модернизм, постмодернизм, экзистенциализм, т.б. ағымдар) мәселелері игеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • ХІХ-ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихи-әдеби үдерісін, проза, поэзия және драматургия саласында пайда болған жаңа жанрлардың тууы мен қалыптасу ерекшеліктерін меңгеруге, көрнекті қаламгерлердің шығармашылық мұрасын ғылыми тұрғыда талдау арқылы білім алушылардың сыни ойлау, әдеби талдау және интерпретациялау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәннің мақсаты – экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында құзыреттерді қалыптастыру. Пән экономикалық теория мәселелерін, кәсіпкерлік қызметтің даму үрдістері мен рөлін, бизнесті жүргізудің ұйымдастырушылық және қаржылық негіздерін, кәсіпкерлікті қолдаудың құралдық және институционалдық тетіктерін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтегі оңтайлы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту мәселелерін зерделеуге бағытталған. Курс барысында білім алушылар қаржы құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау мен басқаруға, жинақтарды сақтап, көбейтуге, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдауға үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір сүру қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты: білім алушыларда экология негіздері және қауіпсіз тіршілік ортасы туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән халықты табиғи және техногендік сипаттағы қауіптердің ықтимал салдарларынан қорғау бойынша экологиялық ойлау, болжау және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешімдер қабылдау дағдыларын, адам қызметінің қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетінің сыны мен теориясы

    Пәннің мақсаты - білім алушыларды сөз өнерінің теориялық ұғымдарымен, қазақ әдебиеті сынының тарихымен таныстыру. Пән аясында әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалыпадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың құрылымы, көркем бейненің жасалу жолдары, әдеби үдеріс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар және қазақ әдеби сынының жанрлары мен тарихы туралы терең білім беріледі. Студенттердің көркем туынды мен әдеби үдерісті талдау құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытылады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

    Пәннің мақсаты - білім алушыға қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласы бойынша жүйелі теориялық білім беру. Пән тіл дыбыстарының пайда болуын, дауысты, дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық жіктелуін, фонетиканың сегменттік және суперсегменттік бірліктерін, позициялық, комбинаторлық фонетикалық үрдістерді, тарихи және тірі дыбыстық алмасуларды, фонологиялық жүйені, фонологиялық мектептерді, орфоэпияны, графиканы, орфографияны оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және әдеби тіл

    Пәннің мақсаты - қазақ тілінің тарихи лексикалық қорын, құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін қарастыру. Этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерді, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістерді, қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу, даму кезеңдерін, әдеби тіл нормалары мен оның түрлерін ғылыми негіздеп кешенді түрде қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Пәннің мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктерін, диагностика технологиялары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістері туралы білім жүйесін ескере отырып, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Пән білім алушының ерекше қажеттіліктерін ескеретін тосқауылсыз дараланған білім беру инклюзивті ортасын құрудың ұйымдастырушылық-басқарушылық, оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 3
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Пәннің мақсаты - қазіргі психологиялық теориялар мен модельдерді, жеке тұлғаның қызметі мен жеке қасиеттерін дамыту. Болашақ мұғалімдер білім беру процесінде диалогқа, өзара әрекеттесуге, қарым-қатынасқа ықпал ете отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар серіктестіктің әртүрлі шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге, ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Бағалау және дамыту

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға оқу үдерісіндегі бағалаудың мәнін терең түсіндіру, оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ету. Бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдерді тілдердің шығу тегі, тілдің әлеуметтік ерекшеліктері, тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау, тілдердің ішкі құрылымы, тілдердің жіктелімі, дүние жүзінің лингвистикалық картасы сияқты жалпы теориялық мәселелермен таныстыру болып табылады. Пән тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін, тілге теориялық көзқарастарды пайдалана отырып, тілдердің типологиялық сипаттамаларын талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің семантикалық жүйесі

    Пәннің мақсаты тілдік бірліктердің мағыналық жүйесінің құрылымын, өзіндік ерекшеліктерін, сөздің мағыналық құрылымын «формадан мазмұнға принципі» негізінде оқыту жүйесін, қазақ сөзінің ішкі мағыналық құрылымын оқытады. Семантиканың негізгі теориялық ұғымдары мен ғылыми теориялық бағыттарын, сөз семантикасы мен сөйлем семантикасын, сөздің лексикалық мағынасын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Оқыту әдістері мен технологиялары

    Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімдерге педагогикалық жағдайларға, мектептің нақты шарттарына, оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін инновациялық әдістермен жоспарлауда, оқытуда және бағалауда қолдана алатын оқытудың стратегиялары мен әдістемелерін жан-жақты түсіндіру. Болашақ мұғалімдер білім беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолайлы инклюзивті, физикалық және онлайн оқыту ортасын құра алады, оқушыларға қажетті педагогикалық көмек көрсете алады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдік қатынас негіздері

    Пәннің мақсаты тілдік қатынас теориясының пайда болу және даму негіздерін, зерттелу тарихын, сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін, тілдік қатынастың әдістемесін, қатысым әдісі арқылы қазақ тілін оқыту мәселелерін, қазіргі коммуникативистиканың базалық ғылыми аппаратын, коммуникацияны зерттеу әдістерін зерделеуге бағытталған. Коммуникацияның қазіргі теориясындағы қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттарын, вербалды, бейвербалды коммуникацияның прагматикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Көне түркі әдебиеті

    Пәннің мақсаты өзімізге туысқан түркі халықтары әдебиетінің ақын-жазушылары шығармашылығының қыр-сырымен, қалыптасу кезеңдерімен танысу болып табылады. Пән түркі, оғыз қағанаты дәуіріндегі әдеби шығармаларды, түркі жазба жәдігерліктерін, олардың зерттелуін, идеялық мазмұнын, ХІ-ХІІ ғ.ғ. қыпшақ әдебиетін, Хорезми дәуіріндегі әдеби мұраларды, сондай-ақ тарихи тақырыптарға жазылған көркем шежірелердің әдебиет тарихындағы орнын саралауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы дәрежесінде оқып-үйрету болып табылады. Пәннің негізгі мазмұны жаңартылған білім мен заманауи сабаққа қойылатын негізгі талаптарды, әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдерін, көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқытуды, әдеби жазу жұмыстары мен оның түрлерін игеруге негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының әдебиеті

    Пәннің мақсаты білім алушыларды туыстас түркі тілдес халықтар әдебиетінің қалыптасу, даму жолдарымен, көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру, салыстырмалы-салғастырмалы, өзара дамуы мен өзара әсерлері тұрғысынан зерттеу болып табылады. Пәннің мазмұны түркі тектес, түркі тілдес халықтар әдебиетінің даму кезеңдерін, идеялық-эстетикалық, жанрлық ізденістерін, мазмұндық-тақырыптық жүйесін оқытуға, жекелеген ақын-жазушылардың шығаршашылығын оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Фольклор теориясы

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға фольклордың өзіндік табиғаты, мәдени-тарихи маңызы, халықтың дүниетанымы, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпымен байланысы, ұлттық ерекшеліктері, фольклор жанрларының теориясы мен поэтикасы, қазіргі ахуалы және фольклорды жинау, өңдеу мен сақтау мәселелерін меңгерту. Пән мазмұны қазақ фольклорының озық үлгілері мен нұсқалары, сондай-ақ, фольклортану тарихы, даму бағдарлары мен өзекті мәселелерін танытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Медиариторика

    Пәннің мақсаты білім алушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі жанрдағы медиа мәтіндерді құру. Пән тұжырымдамалықты, тілдік экспрессивтілікті ескере отырып құрылған медиариторикадағы дәлелдеу стратегияларын, болашақ маманға білім беру мазмұнын жаңартуды ескере отырып, ауызша іс-әрекеттің технологиялық жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік беретін коммуникативті тактиканы құру үшін қажетті сөйлеу этикеті, риторикалық этика категорияларын игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты классикалық шетел әдебиетінің негізі болып табылатын Батыс пен Шығыстың көркем шығармалары арқылы мәдениетін түсіну, әлемдік шығармашылықтың негізгі тенденцияларымен танысу. Пән ежелгі (антикалық), ежелгі классикалық әдебиеттің, орта ғасыр әдебиетінің, қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің, ХІІ-ХХ ғғ. әлемдік әдебиеттің даму кезеңдерін, Испания, Италия, Франция, Англия, АҚШ, т.б. елдердің ақын-жазушыларының шығармашылығын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисімен стилистикасы

    Пәннің мақсаты синтаксис ғылымының пайда болу, даму, зерттелу тарихын, негізгі салаларын, сөздердің байланысу амалдарын, формаларын, сөз тіркесі жəне сөйлем құрылысының негіздерін, сөйлемдердің қатысымдық қызметін, синтаксистік тұлға мәселелерін, лингвистикалық стилистика бағыттарының негізгі ұғымдарын, функционалдық стильдер, тіл деңгейлерінің стилистикалық мүмкіндіктерін қарастыру. Күрделі сөйлемнің бөліктері арасындағы синтаксистік, стилистикалық байланысты білдіру құралдарын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің 1920 жылдардан бүгінге дейінгі даму деңгейін қарастыру болып табылады. Пәннің мазмұны әдеби жанрлардың түрі мен мазмұнын, прозалық, поэзиялық, драмалық туындылардың тақырыбы мен идеясын, көркемдік дәрежесін, мазмұнын, ақын-жазушылардың қаламгерлік шеберлігін, шығармашылық жолын, дүниетанымын, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын, көркем шығармалардың мазмұндық-тақырыптық, жанрлық-көркемдік, идеялық-құрылымдық ерекшеліктерін, Тәуелсіздік кезіндегі әдебиетті қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдерді психиканың қалыптасуымен, қызметімен, даму заңдылықтарымен таныстыру болып табылады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың дамуын бақылай алады; жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады; әртүрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда жағдаятқа сай әрекет ете алады; жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 3
  • Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту

    Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерді өздерінің оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ кәсіпкерлік пен тұрақты даму сияқты білім берудің белгілі бір деңгейін дамытудың педагогикалық қағидаларымен және қиылысатын тақырыптарымен таныстыру. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне оқушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, оқытуды дараландыру дағдылары бар.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

    Пәннің мақсаты тіл білімінің сөзжасам, морфология салалары, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық білім қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны тілдің сөзжасамдық бірліктерін, сөзжасам заңдылықтарын, амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлері мен мағынасын, сөз таптарының сөзжасамын, сөздің грамматикалық қасиеттерін, сөз таптарының жіктелуін, лексика- грамматикалық категорияларын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері

    Пәннің мақсаты ғылыми зерттеулерді дайындау бойынша әдіснамалық және теориялық білім жүйесін тереңдету және ұғыну, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен академиялық жазудың ерекшеліктері, өлшемдері, концепциялары туралы іргелі білім негізін қалыптастыру болып табылады. Курс барысында білім алушылар объективтілік, дәлдік, дәйектілік және ойдың айқындылығы секілді зерттеу қызметінің негізгі ұғымдарымен танысып, білім алушының болашақ кәсіби қызметінде маңызды рөл атқаратын метапәндік және коммуникативтік құзыреттіліктерді игереді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

    Пәннің мақсаты қазақ хандығы кезіндегі әдебиеттің дамуын, жыраулар мұрасының мазмұндық-тақырыптық сипатын, қазақ ақын - жырауларының шығармашылығын, толғау жанрын қарастырып, меңгеру болып табылады. Пәннің мазмұны жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктерін, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жырауларының және Шал, Көтеш ақындарының өмірі мен шығармашылығын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы: зерттеу дағдыларын дамыту

    Пәннің мақсаты білім алушыларда орыс және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылымын салыстыру негіздері туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән салыстырылатын тілдер саласындағы білімді тереңдетуге, лингвистикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға, ғылыми ой-өрісті кеңейтуге, тілдік фактілерді талдау қабілетін дамытуға ықпал етеді, білім алушыларда салыстырылатын тілдерді оқытудың тиімді жолдарын түсінуін қалыптастырып, зерттеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Аймақтық әдебиеттерді оқыту арқылы зерттеу дағдыларын дамыту

    Пәннің мақсаты-аймақтық әдебиетке ену арқылы зерттеу дағдыларын дамыту. Пән әдеби өмір фактілерімен, әдеби ортаның ерекшеліктерімен, мәдени аумақтың феноменімен таныстырады, Шығыс Қазақстан әдеби мәтінінің, өңірлік әдебиеттің көркем әлемінің типологиялық доминанттарын анықтауға, Шығыс Қазақстан облысының әдебиеті бойынша бірегей зерттеу жобаларын жасау жолымен өңірлік мәтіндердің өңірлік қайталанбас даралығын шығармашылықпен модельдеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі оқушылардың академиялық жетістіктерін басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдердің оқушылардың академиялық жетістіктерін басқару саласындағы құзыреттерін қалыптастыру болып табылады. Пәннің ерекшелігі цифрландыру мен жасанды интеллекттің қазіргі жағдайымен анықталады. Пәннің негізгі бағыты психологиялық көзқараспен анықталады, оның ішінде нейропсихологиялық ерекшеліктер, оқушылардың жеке басының ерекшеліктері, әлеуметтену. Инклюзивті тәсіл академиялық жетістіктерді басқарудың негізгі ұстанымы болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға қазақ фольклорының теориясы мен тарихын, поэтикасын, сондай-ақ, фольклортану тарихы мен фольклорлық мәтінді талдаудың ғылыми әдістерін меңгерту. Пән фольклор табиғаты, жанрлар жүйесі, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдері, жекелеген нұсқалардың поэтикасы қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерін қарастырады. Студенттердің қазақ фольклорының идеялық-эстетикалық құндылығы жайлы көзқарасы мен кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект және цифрлық білім беру технологиялары

    Пәннің мақсаты оқытуды басқаруда жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны білім алушыларды жасанды интеллект негіздерімен таныстыруға, оқыту сапасының диагностикасын практикалық тұрғыдан қолдануды зерттеуге және оқу орындарының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін, жеке білім беру траекторияларын құру үшін жасанды интеллект сервистерін зерттеуге және білім беру процесін талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    Пәннің мақсаты қазақ әдебиеті тарихы, оның ішінде ежелгі дәуір әдебиеті жөнінде жүйелі білім беру болып табылады. Пәнде қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері, сақтар мен ғұндардың дастандары, ислам дәуірі әдебиеті, Алтын Орда кезіндегі әдеби шығармалар, тарихи шежіре мен көркем шежіре түрлері, әдеби шығармалардың зерттелуі, идеялық мазмұны мен түрлі нұсқалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық зерттеулер

    Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімдерге педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздерін меңгерту. Болашақ мұғалімдер түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Жыраулар әдебиеті

    Пәннің мақсаты ұлттық рухты дәріптеуге, әдеби мұралармен танысуға және тарихи сана қалыптастыруға бағытталған. "Жыраулар әдебиеті" пәні — XV-XVIII ғасырлардағы қазақ жырауларының шығармашылығын, дүниетанымын және поэзиялық дәстүрін зерттейтін әдеби пән. Бұл кезеңдегі жыраулар — елдің рухани көсемдері, шешендік өнердің шеберлері болды. Олар поэзия арқылы халықтың бірлігі, ерлік, ел мен жер тағдыры, адамгершілік пен тәрбие мәселелерін көтерді. Жырлар көбіне ауызша айтылып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл теориясы

    Пәннің мақсаты тіл білімінің тарихы, тіл теориясы туралы теориялық білім беру. Пәннің мазмұны көне заманнан қазіргі кезге дейінгі лингвистикалық көзқарастарды, мектептер мен әдіс-тәсілдерді, тілдің табиғатын, дыбыстық тілдің шығуын, тілдің ішкі құрылымы мен жүйесін, қызметін, тілдің дамуын (глоттогоника), тілдердің өзара әсерлерін, таңбалық сипатын, тіл және қоғам арақатынасын, ой-сана қатынасын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Түркі әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты білім алушыларды туыстас түркі тілдес халықтар әдебиетінің қалыптасу, даму жолдарымен, көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру, салыстырмалы-салғастырмалы, өзара дамуы мен өзара әсерлері тұрғысынан зерттеу болып табылады. Пәннің мазмұны түркі тектес, түркі тілдес халықтар әдебиетінің даму кезеңдерін, идеялық-эстетикалық, жанрлық ізденістерін, мазмұндық-тақырыптық жүйесін оқытуға, жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығын оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы

    Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдерді қазақ тілінің сөздік құрамының теориялық ерекшеліктерімен және әр сөзді әдеби, сауатты сөйлеуде дұрыс қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оларға сөздің құрылымын, сөздік қорын, мағынасын теориялық және практикалық тұрғыдан үйрету болып табылады. Пән сөз мағынасын зерттеу аспектілерін, қазақ тілі лексикасының дамуы мен құрылымын, стиль түрлеріне байланысты жіктелістерін, лексикографияны, фразеологияны, этимологияны, диалектологияны, терминологияны, ономосиологияны қарастырады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары анықталады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Пәннің мақсаты білім алушыларда тілдің пайда болуының, дамуының, жұмыс істеуінің жалпы заңдылықтарын қалыптастыру. Курс лингвистикалық білім парадигмасының ерекшеліктерін ашуға, тілді белгілер жүйесі, адами қарым-қатынас, ойлау құралы ретінде зерттеуге бағытталған. Білім алушылар тіл туралы тұтас, тарихи қалыптасқан функционалдық білім ретінде идеялар жүйесін қалыптастырып, тілді сипаттау тәсілдерін зерттейді, әртүрлі лингвистикалық мектептерді салыстырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 7
  • Кәсіби қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың құқықтық мәдениеті мен саналы парасаттылығын қалыптастыру. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білімді және болашақ кәсіби қызметтегі осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруға, білім алушыларды әлеуметтік процестерді құқықтық реттеудің негізгі жолдарымен, мемлекеттік басқарудағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтың рөлімен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби аударма негіздері

    Пәннің мақсаты әдеби аударма ғылымының қалыптасу тарихы мен зерттелуі, әдеби аударма нормалары, көркем аударманы зерттеу тәсілдері және аударманы әдеби тұрғыдан бағалау шарттары туралы теориялық білім қалыптастыру болып табылады. Пән әдеби аударманың теориясын, әртүрлі концепцияларды, заңдарды, аударма практикасының тәсілдерін, міндеттері мен рөлін, көркем аударманың ерекшелігін, қазіргі жағдайдағы аударма қызметінің ерекшеліктерін игертеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістемесін, қазақ тілі әдістемесінің тарихи дамуын меңгерту болып табылады. Пәнді оқыту барысында тілді үйретудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, фонетика, орфоэпия, графика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, мәтінді оқыту әдістемесінің теориясы мен тәжірибесі сипатталып, орта мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын, технологияларын, әдіс-тәсілдерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Абайтану

    Пәннің мақсаты Абайдың гуманистік ілімдеріне бой алдырған толыққанды, адамзатты сүйетін, адамгершілігі мол, толерантты азаматты қалыптастыру. Абайдың мәңгілік құндылықтар туралы ойларын қарастыру: оның өлеңдері мен прозаларында көрсетілген оқу, білім, ғылым, өнер, тәрбие, адамгершілік; ақын-ойшылдың дүниетанымына әсер еткен негізгі көздерді көрсету; Шығыс мәдениетінен, Ислам философиясынан шыққан Ар-намыс пен ар-ождан түсінігін игеру.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи педагогикалық әдістерді, цифрлық және интернет-технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, аралас оқыту жүйесі жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесін ұйымдастыру.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде әдебиеттану мен лингвистиканың теориялық негіздерін нәтижелі бейімдей отырып, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдіснамасы, сыни және ассоциативті ойлау, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бойынша білімін пайдалану.
  • Кәсіби, қоғамдық және өзге де қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, іріктеу және қолдану дағдыларын көрсету.
  • Сабақтың берілген мақсаттарына, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне және оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалдарын әзірлеу.
  • Қазақстандық білім беруді, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануды дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін түсіне отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік аспектілері саласында білімін көрсету.
  • Тұлғаның жеке және даралық қажеттіліктерін ескере отырып, субъектілі өзара іс-қимылды ұйымдастыруда коллаборативті, бейімделген білім беру ортасын жобалау.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мәтіндерді синтездеу, олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету, білім мен мүмкіндіктерді дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысу, өзін-өзі актуализациялау және өзін-өзі дамыту үшін түсіну және пайдалану.
  • Кәсіби және өзге де қызметті жүзеге асыру үшін педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсету, филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану.
  • Қазіргі заманғы филологиялық, педагогикалық зерттеулердің нақтылы нәтижелерін қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық тәжірибесімен біріктіру.
  • Тіл және әдебиет тарихының теориялық негіздерінің іргелі білімін көрсете келе, қазақ тілі мен әдебиетінің түрлі салаларының қазіргі заманғы теориялық және қолданбалы мәселелерін, филология және олардың өзара байланысы саласындағы ғылыми парадигмалардың құрылымы мен функцияларын талдау.
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету.
  • Білім алушылардың шығармашылық және зерттеу қызметін, олардың ғылыми және шығармашылық жобаларын, соның ішінде, филологиялық және педагогикалық білім саласындағы әртүрлі технологиялар мен зерттеу әдістері негізінде интеграцияланған жобаларды орындау деңгейін анықтау.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Top