Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру саласына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырған ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін меңгерген жоғары білікті кадрлар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Балалар әдебиеті
Педагогика
Инклюзивті білім беру
Нормативті қазақ тілі
Ежелгі дәуір әдебиеті
Экономикалық теория
Когнитивтік лингвистика
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Жасанды интеллект негіздері
Хандық дәуір әдебиеті
Қаржылық сауаттылық негіздері
Құқық жүйесі
Кәсіпкерлік
-
3 Оқу жылы
Этнолингвистика
Қазақ тілінің морфемалар жүйесі
Тілді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
ХІХ ғасыр әдебиеті
Конструктивті оқыту әдістемесі
Тіл білімінің жаңа бағыттары және паралингвистика
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
Қазақ тілінің семасиологиясы
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы
ХХ ғасыр басындағы әдебиет
Абайтану
ХХ ғасырдағы қазақ прозасы
Қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениеті
Түркі халықтарының әдебиеті
Қазақ әдебиеті сынының тарихы
Әдеби ағымдар мен бағыттар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
Сөз таптарының топтастырылуы
-
4 Оқу жылы
Қазіргі қазақ прозасы (1960-1990 жылдар)
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет
Сөйлем синтаксисі
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазіргі қазақ әдебиеті
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Әдебиет теориясы
Сыр бойының көркем әдебиеті (1960-2010 жылдар)
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан тарихы мен философияның, ұлттық және жеке қорлардың, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Табиғи ортаны сақтау мен қоғамның тұрақты дамуы туралы білімі толығады. Психологиялық көзқарасы қалыптасады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі саладағы кәсіби қызметте пайдалана алады. ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады. Қаржыны тиімді басқару дағдыларын меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, меңгереді.
- Әдебиеттанудың терминдерін саралай біледі, әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін жіктей алады. Тіл білімінің өзіндік зерттеу нысанасын, зерттеу салаларын, олардың ерекшеліктерін меңгереді, адамзат баласы тілінің шығып, қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет алады.
- Фольклордың ұлт тарихымен сабақтастығын, жанрлары мен классификациялау принциптерін меңгереді. Балалар әдебиетінің ел тарихымен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты даму ерекшеліктері жөнінде терең мағлұмат алады. Қазақ тілінің негізгі құрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан таниды, сауатты жазуға дағдыланады. Түркі халықтары әдебиетіндегі ортақ ұқсастық-бірліктерді таниды. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму жолы жөнінде пікір қалыптастырады. Ұлттық әдебиет (ХХ ғ. басы), көркемдік-эстетикалық ой-сананың дамуы, баспа мен баспасөздің дамуы, тарихи жағдай, әдеби бағыттар туралы жалпы мәлімет алады. Әдеби сынның жанрларын меңгереді. Әдеби процесс, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы туралы білімі толығады. Қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін игереді, кәсіби міндеттерді шешуге байланысты шығармашылық дайындығы қалыптасады.
- Сөйлеу мен жазудың дыбыстар арқасында іске асатынын, дыбыстың тілдегі қызметін біледі. Этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес бір саласы жөнінде алған теориялық білімді практикада қолдана біледі. Қазіргі қазақ тілі білімінің дамуындағы жаңа бағыттар, олардың жалпы тіл біліміндегі зерттелуін игереді. Инклюзивті білім және тәрбие беру мен әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгереді.
- Түркі тектес халықтарға ортақ көне түркі әдебиетінің даму кезеңдерімен, әдеби мұралар мен тарихи ескерткіштердің ой-мұратын, мән-мағынасын танып біледі. Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындайды. Жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерімен танысады. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсінеді. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық тұрғыда түсінік алады.
- Сөздік құрам мен негізгі сөздік қордың айырмасын ажыратылып, сөздердің стилистикалық қолданысы, фразеологизмдер мәселелері қарастырады. Сөз табиғатын ашып көрсетіп, түсінік қалыптастырады. Сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына туралы ақпарат алады. Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы теориялық білімі толығады. Қазіргі қазақ тілі салаларынан білім алады. Лингвистикадағы когнитивтік теорияның ғылыми негіздерін меңгереді.
- 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті қаламгерлер туындыларының көркемдік-идеялық табиғатын, көркемдік-эстетикалық мәнін игеру жолдары жөнінде білім алады. Қазақ әдебиетіне қосылған жаңа есімдер, тың проблема көтерген шығармалар, поэзия, проза, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктері жөнінде терең білім алады. Әдеби тіл анықтамасы, қызметі, оның жалпыхалықтық тілмен арақатынасы, әдеби тіл нормасы, әдеби тілдегі стильдер жүйесі саралана отырып, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихында болған әр дәуірге тән тілдік үлгілер, оның ерекшеліктерін зерттейді.
- Оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі мен техникасы бойынша болашақ маманның кәсіби-педагогикалық білімі қалыптасады. Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту жағдайында инновациялық әдістер мен технологияларды практикада қолдана алады. Оқытудың түрлерін, әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген әдіс-тәсілдерді меңгереді. Сыни ойлауды дамыту технологиясын, оқу және жазу арқылы функционалдық сауаттылықты есепке ала отырып, оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып жұмысты ұйымдастыра алады. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізе алады.
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті