Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстандық құқықтың негізгі көздерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы негізгі ережелерді біледі, кәсіпкерлік қызметті, қаржылық қызметті табысты жүргізу дағдыларын меңгерген. Қазіргі экологиялық жағдай және ахуал туралы, тіршілік қауіпсіздігі туралы білімдерді қолданады.Білім беру процесі кезеңінде, оның ішінде сандық ортада білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарын сақтайды.
  • Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді қалыптастырады, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін таңдайды, рухани құндылықты басшылыққа алады, анатомиясы мен гигиенасы туралы хабардар, білім беру үдерісінде жасанды интелектіні де пайдалана алады. Сабаққа арналған оқу материалдарын, оның ішінде ақпаратты іздеу, фильтрлеу және сын тұрғысынан бағалау негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әзірлеу. Білім берудегі басшы мен персоналдың кәсіби өзара іс-қимылының тәуекелдері мен мүмкіндіктерін бағалайды және себептерді анықтайды.
  • Жалпы білім беретін мектептер мен инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жоспарлайды.Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жүзеге асыру.
  • Әдебиеттану ғылымының түп негізін танып, әдебиет теориясы мен поэтикасын, тарихын, сынын зерттеп үйренеді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының ерешеліктерімен, шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығымен танысады. Қазіргі қазақ прозасы мен поэзия өкілдерінің шығармашылығымен таныса отырып, заманауи әдебиеттің даму тенденцияларына талдау жасайды.
  • Латын әліпбиіне қатысты ережелерді, қағидаларды меңгереді, орфография мен пунктуацияға байланысты өз ойын айтып, пікірін ұсына алады. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялардағы тілдік қатынас пен әдеби өңдеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
  • Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық және морфологиялық талдауды иегеріп, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері жөнінде өзіндік пікірлері қалыптастырады. Көркем мәтінмен кәсіби түрде жұмыс істей алады, әдеби тіл нормаларын игереді.
  • Қазақ әдебиетін және тілін оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгереді және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындайды. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнымен байланыстырудың маңызын меңгереді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен бағалаудың тиісті әдістерін таңдайды.
  • Қазақ халық ауыз әдебиетінің шығу тегі мен дамуы, ерекшеліктері мен жанрлық түрлері, рухи мұраны жаңғырту жайлы теориялық білім алады. Миф және мифологиялық дискурс туралы білімін толықтырады. Қазақ тарихи жырларының ерекшеліктерін, суырыпсалмалық өнердің қыр-сырын меңгереді.
  • Қазақ әдебиеті тарихының дәуірлерінің әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда сараптайды. Ежелгі дәуірдегі әдеби мұралар, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі әдеби шығармалардың негізгі идеялық бағытын, көркемдік ерекшеліктерін танып игереді. Абайтану ілімінің қалыптасуы, даму тарихы жайлы білімін толықтырады.
  • Аударматану, әдеби аударма тарихы, теориясы, практикасы, аударма заңдылықтары, сөздіктердің сипаты, түрлері, құрастырылуы, қазақ лексикографиясы мен терминографиясы мәселелері туралы білім алады. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.
  • Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің даму жолдарын саралай игереді, әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелерін меңгереді, компаративиcтиканың, салыстырмалы әдебиеттанудың, сын тарихының негізгі бағыттарын талдайды. Әдебиет теориясының бастаулары мен арналарымен таныса отырып, қазіргі зерттеулерге шолу жасайды. Қазақ әдебиетіндегі модернистік әдеби ағымдардың негізгі идеялық-эстетикалық ерекшеліктерді теориялық тұрғыдан талдай алады.
  • Дыбыстың жасалуы, түрлері, үндесуі және сөздердің жазылуы мен дыбысталуына қатысты алған білімдерін іс-жүзінде қолданады. Сингармонизм заңының негізін біледі. Қазақ тілі орфоэпиясы мен орфографиясының негізгі ережелерін, транскрипцияны меңгереді. Сөйлемді дұрыс дыбыстау және сауатты жазу дағдысын қалыптастырады
  • Сөздің лексикалық жүйеде алатын орнын, лексикалық мағына, сөздің кеңеюі мен тарылуын, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын меңгеріп, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымда кәсіби деңгейде жүзеге асырады. Синтаксистік талдау жасауды үйренеді, синтаксис саласы жайлы теориялық білімдерді толық меңгереді.
  • Тіл біліміне қатысты заңдылықтарды, тіл білімінің салалары, тілдердің жіктелуі, тілдің қызметі сияқты мәселелерді игереді. Жалпы тіл білімінің тарихын, тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерді, тіл білімінің теориялық мәселелерін игереді. Тіл теориясын тіл білімінің даму кезеңдерімен байланыстырады, лингвистиканың қол жеткен табыстарымен танысады.
  • Абай шығармалары тілі мәселелеріне қатысты теориялық білім алады. Тіл тарихы мен қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары, қоғамдық қызметі жайлы білімін жетілдіреді. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының қазақ әдеби тіліне қосқан үлесімен танысады. Сонымен қатар, қазақ және әлем әдебиетіндегі өзекті мәселелерге салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда талдаулар жасайды.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top