Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01802 Әлеуметтік педагогика в Сулейман Демирель атындағы университеті

Пәндер

  • Түрік тілі 1 (B1 деңгейі)

    Түрікше мәтіндер лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи- мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Қазақ және түрік тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне анализ жасап, ғылыми талдау принциптерін қолдана білуге дағдыландырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Курстың мақсаты – тұтас педагогикалық процесс туралы педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру. Студенттер педагогиканың әдіснамалық негіздерін, тәрбие мен оқытудың заңдарын, заңнамалары мен принциптерін, тәрбие мен оқытудың мәнін, мазмұнын, формалары мен әдістерін біледі; мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі 1 (A1 деңгейі)

    Пән барысында түрік тілінде жазу, сөйлеу, оқу дағдылары қалыптасады. Студенттер түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктері игереді, ауызша қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түрік тілі 2 (A1 деңгейі)

    Пән барысында жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктері игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен сөздік қоры кеңейтіледі, ауызша қарым-қатынас жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлеуметтік педагогика

    Курс барысында студенттер әлеуметтік педагогиканың теориялық және әдістемелік негіздерімен танысады. Студенттердің әлеуметтік және тәрбиелік іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы түсінігі қалыптасады. Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық механизмдер, принциптер, нормаларды түсіну, әдістер, формаларын әлеуметтік-педагогикалық қызметте тиімді қолдану дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психология негіздері

    Психология негіздері пәні адамның психикалық құбылыстарын, олардың құрылымын және жұмыс істеу принциптерін зерттейтін ғылым саласы ретінде сипатталады. Бұл пәннің мазмұны адамның мінез-құлқының, ойлау жүйесінің, сезімдерінің және тұлғалық қасиеттерінің түсінігін кеңейтуге бағытталған. Пән аясында психологияның жалпы негіздері, психикалық процестер, психикалық қасиеттер мен жағдайлар, тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, қолданбалы психология, психологиялық зерттеу әдістері, практикалық сабақтар, жеке жобалар мен зерттеулер қамтылған. Психология негіздері пәні студенттердің психологиялық білімдерін тереңдетуге, теориялық түсініктерін практикалық дағдылармен толықтыруға және психологиялық мәселелерді шешуге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі 2 (B1 деңгейі)

    Мемлекетіміздің әртүрлі салаларында халықаралық байланыстарды күшейтуге атсалысатын және еліміздегі сала мамандарының даярлығын нығайтуда бірнеше шетел тілін меңгерген жан-жақты маманын дайындау негізінде, пән студенттің туыстас түрік тілінің грамматикасының ауызша және жазбаша негіздерін В1 деңгейінде меңгеруін қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Цифрлық педагогика

    Курс цифрлық дәуірдегі оқыту дизайнының ерекшеліктерін үйретуге бағытталады. Студенттер қашықтан оқыту әдістері, жұмыста онлайн платформаларды қолдану әдістері, бағалау әдістерін меңгереді. Курс барысында студенттер білімін тәжірибеде бекіту, өз үлгерімін бағалау, сабақта сапалы оқу ортасын қалыптастыру, инклюзивті және құндылықтарға негізделген білім беру жағдайында тиімді стратегияларды таңдай алуына қажетті жаңа технологиялармен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Құндылықтарға негізделген білім беру

    Курстың мақсаты студенттердің құндылықтарға негізделе отырып білім берудің теориясы және әдістемесімен таныстыру. Курс барысында құндылықтардың жойылу тенденциясы; оларды қайта қалыптастыру, насихаттау маңыздылығы; бала, отбасы, қоғам, ұлт және әлем арасындағы қатынас және тағы басқа мәселелер қарастырылады. Курс барысында студенттер құндылықтарға негізделе отырып тәрбие беру, білім беру мекемесінде жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру технологиялары, әдістері, жолдары мен құралдарын меңгереді; құндылықтарға негізделе отырып тәрбие беру бағдарламасын құру дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мектеп оқушысының жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы

    Курс оқушылар организмі қызметінің жас ерекшеліктер заңдылықтарын, даму жолдарын қарастырады. Курсты оқыту адам анотомиясы, медицина, педагогика, психология т.б. пәндермен байланысты жүзеге асырылады. Аталған курста педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары, оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы шартты рефлекс қызметтері қамтылады. Болашақ мамандар бала денсаулығын сақтау мен нығайтудағы мұғалімнің рөлімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік психологиясы

    Курс барысында студенттер адамның психикалық дамуының негізгі теориялары мен кезеңдерін; адамның психикалық даму және жас ерекшелік психологияның заңдылықтарын қарастырады. Студенттер адамның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде: пренатальды кезеңнен геронтогенезге дейінгі жасқа байланысты танымдық, тұлғалық және әлеуметтік салалардағы ерекшеліктері мен өзгерістерді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Инновациялық үрдістер

    Курс барысында студенттер қазіргі заманғы қоғамда инновацияларды енгізу және басқару процесімен танысады. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге инновациялық үрдістердің негізгі теориялары мен әдістерін түсіндіру, оларды тиімді басқаруға және қолдануға үйрету. Бұл курс студенттерге инновациялық үрдістердің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге, оларды басқару және тиімді енгізу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ инновациялардың экономикалық және әлеуметтік аспектілерін түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Сыни педагогика

    Курс барысында студенттер сыни теория, сыни педагогика, әлеуметтік әділетті білім берудің негізгі тұжырымдамалары және принциптерімен танысады. Студенттер білім берудің теориясы мен практикасындағы негізгі мәселелерді тануды үйренеді. Курс барысында студенттердің білім берудегі сыни педагогикалық тұғырлар; білім берудің маңыздылығын бағалаудың сыни өлшемдері мен стандарттары, білім берудегі тарих, саясат, институттар, қоғам, орта рөлі туралы білімі қалыптасады. Сыни педагогиканың әдістері, технологиялары, құралдарды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі стресс менеджмент

    Курстың мақсаты студенттердің білім беру мекемелерінде туындаған стресстік жағдайларды басқару туралы білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында студенттер стресстік жағдайларды алдын алу, оның себептерін анықтау, басқару және салдарларымен жұмыс жасаудың әдістері, технологиялары, құралдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Сөйлеу дағдылары және нетворкинг

    Бұл курстың мақсаты тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдануды, тілдік қарым-қатынаста сөздік қорларын қолдана білуді, әлеуметтік ортамен нетворкингке түсуді, түрлі жағдайлар мен құбылыстарға бетпе бет кездесуде орынды қолдана алуды меңгерту болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік психология

    Курс барысында студенттер әлеуметтік психологияның негізгі теориялық және әдістемелік мәселелерін, оның даму тарихын, ғылымның қазіргі жағдайын біледі. Студенттер жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, тұлғааралық қарым-қатынастың, конфликтілі қатынастардың әлеуметтік психологиясы жайлы негізгі жағдайлары және басқа қолданбалы әлеуметтік-психологиялық мәселелерді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Отбасы педагогикасы

    Курс барысында студенттер отбасы тәрбиесі саласындағы теориялық және практикалық білімдермен танысады. Курстың мақсаты студенттердің отбасы тәрбиесі мен отбасы педагогикасының негіздерін; бала тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуда білім беру мекемелері мен отбасының өзара байланысының заманауи тұғырларын; отбасы тәрбиесінің дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық және ынталандыру

    Бұл курс көшбасшылық пен мотивацияның негізгі тұжырымдамаларын, теориялары мен модельдерін зерттеуге бағытталған. Студенттер келесі тақырыптармен танысады: сипаттамалық және мінез-құлық теориялары, харизматикалық және трансформациялық көшбасшылық, күш пен ықпал, мотивациядағы әділеттілік эмоциясы мен қабылдауы, күту және әділдік теориялары. Мотивация әртүрлі контексттерде зерттелетін болады, атап айтқанда жеке мотивация және басқалардың мотивациясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бала және отбасы құқықтарын қорғау жұмыстары

    Бұл курс барысында отбасылық қатынастарға тән конституциялық мәселелерді қарастырумен қатар, балалар мен ата-аналардың құқықтары мен мәртебесі белгілі бір контекстерде талданады. Студенттер балалардың мүддесін әртүрлі жағдайларда білдіруді үйренеді. Курста білім беру, балаларға қатысты қатыгез қатынас және оларды қараусыз қалдыру, патронаттық тәрбие, ата-ана құқықтарын тоқтату және бала асырап алу тақырыптарын қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау әдістемесі

    Бұл курста студенттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жасаудың әдістері, стратегиялары және тәсілдері, сондай-ақ осы әдіс, стратегия және тәсілдердің теориялық негізімен танысады, сонымен қатар білім алушыларды оқытудағы арнайы білімнің рөлін түсінеді. Студенттер ЕБбҚ бар білім алушылардың осы түрлі әдістер/тәсілдер/стратегиялардың білім алушылардың үлгеріміне (академиялық, эмоционалдық, әлеуметтік, мінез-құлық) тиімділігін салыстырады, талдайды, көрсете алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Кәсіпкерлік – студенттердің табысты бизнесті бастау және басқаруға байланысты білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған курс. Курс бизнес мүмкіндіктерін анықтау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыруды қамтамасыз ету, маркетинг және сату стратегиялары, команданы басқару сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Курс студенттерге білімдерін нақты әлемдегі жағдайларға енгізу туралы сыни және шығармашылық ойлауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

    Курс әртүрлі орталарда адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажетті іргелі білім мен тәжірибені береді. Бұл курс студенттерді ықтимал қауіптерді, төтенше жағдайларды және өмірге қауіптерді анықтау және оларға әрекет ету үшін қажетті дағдылармен жабдықтауға бағытталған. Студенттер өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда эвакуациялау тәртібі, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері және қауіпсіздіктің жалпы хаттамаларымен танысады, бұл оларға қауіптерді азайтуға және күнделікті жағдайларда өзін және басқаларды қорғауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Құжаттық лингвистика

    Пән мақсаты - қазақ тілінің ресми-іскерлік стилін талаптарына сай әлеуметтік-педагогикалық процеске қажетті нормативті-құқықтық құжаттардың мәтіндерін жазу, құрастыру және өңдеуге үйрету. Аталған пән мазмұны тіл мен сөйлеу заңдылықтары туралы, әдеби тіл мен функционалдық стильді түсінуді қалыптастыруды, ресми стилдің ерекшеліктерін анықтау және ресми стилінің нормаларына сәйкес құжаттарды сауатты ұйымдастыруды қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Курс барысында студенттердің инклюзивті педагогика ғылымының пәндік идеяларына негізделген білім мен түсініктері қалыптасады. Курстың соңында студенттер инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы білімін практикада қолдана алады, ортаны ұйымдастыру және басқару дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Экология

    Курс организмдер мен олардың қоршаған орта арасындағы өзара байланысын түсінуге, қоршаған ортаны қорғауға және қамқорлыққа тәрбиелеуге арналған. Қатысушылар экожүйелер, биоәртүрлілік, табиғатты қорғау, ластану және тұрақты өмір сүру тәжірибесі сияқты тақырыптарды зерттейді. Курс адамдарға планетаның денсаулығын қалыптастырудағы өз рөлін тануға мүмкіндік беру және оларды болашақ ұрпақ үшін табиғи әлемді қорғау және сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдауға шабыттандыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Девиантология

    Курс барысында студенттерде тұлға бойындағы ауытқушы мінез-құлық мәселесінің қазіргі жағдайы туралы жалпы түсінігі қалыптасады. Студенттер девиантты мінез-құлық типологиялары және моделдерімен танысады. Сондай-ақ, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және түзетуде әлеуметтік-педагогикалық технологиялар мен әдістерді тиімді пайдалану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау

    Курс барысында студенттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қорғаудың негіздерімен танысады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқу-тәрбие процесіне бейімделуін қолдаудың тәсілі, әдісі және құралдарын меңгереді. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалай отырып, ыңғайлы және қауіпсіз оқу ортасын ұйымдастыра алады. Білім алушыларды қолдау мәселелері бойынша ата-аналар, педагогтар, көмекші қызметкерлер, балалармен бірге жұмыс жасау жолдары, кеңес беру ерекшеліктерін түсінеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ювеналды педагогика

    Курс барысында студенттердің ювеналды педагогика туралы теориялық және практикалық білімдері қалыптасады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған кәсіби құзыреттіліктері; әлеуметтік педагог тұлғасының адам құқықтарын қорғауға бағытталған танымы; балаларды қорғаудың заманауи білім беру және құқықтық технологияларын қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Экономика

    Курста қоғамдағы тауарлар мен қызметтерді өндіруді, бөлуді және тұтынуды реттейтін принциптер, жүйелер және динамика жан-жақты қарастырылады. Макроэкономика, микроэкономика, нарықтық құрылымдар және экономикалық саясат сияқты тақырыптарды зерттеу арқылы cneltynnth жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейде экономикалардың жұмыс істеуі туралы түсінік алады. Бұл курстың мақсаты студенттерді экономикалық құбылыстарды түсінуге, негізделген шешімдер қабылдауға және экономикалық даму мен өркендеуге үлес қосуға қажетті біліммен және аналитикалық құралдармен қаруландыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Курс студенттерге жеке қаржыны тиімді басқару үшін қажетті білім мен дағдыларды беруге арналған. Ол бюджеттеу, жинақтау және инвестициялау негіздерін, сондай-ақ несие мен қарызды басқаруды түсінуді қоса алғанда, тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Студенттер банктік шоттар, несиелер, ипотека және сақтандыру сияқты әртүрлі қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы білетін болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Құқық

    Курс Қазіргі заманғы негізгі құқықтық жүйелер; Құқық және құқықтық қатынастар нормалары; жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі; еңбек, отбасылық және азаматтық құқықтар және азаматтардың міндеттері; Сот төрелігі; құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік туралы негізгі құқықтық ұғымдар мен базалық мәліметтер теориялары бойынша қажетті білім береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Курс барысында студенттердің ғылыми-педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмперикалық әдістері және оларды тиімді қолдану туралы түсінігі қалыптасады. Курстың негізгі мақсаты студенттердің педагогикалық ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жоспарлау, моделдеу, жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

    Бұл курс негізгі құқық нормаларын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың негіздерін зерттеу болып табылады. Студенттер сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарымен, педагогтің этикасымен және кәсіби мінез-құлқымен танысады. Курс білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін зерделеуді, этикалық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауды қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Нормативті құжаттармен жұмысты ұйымдастыру

    Пән аясын студенттер нормативтік құжаттармен танысып, олармен жұмыс істеуді үйренеді. Аталған пәнде нормативтік құжаттардың басқа құжаттардан айырмашылы мен ерекшеліктері, нормативтік құжаттарға қандай құжатттар жатады, олармен қалай жұмыс істеу керек деген мәселелелер қамтылады. Білім алушы теориялық ақпараттар мен қоса практиқалық тапсырмалар орындап, нормативтік-құқықтық құжат айналымын жүргізу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі кризистік және экстремалды жағдайларды басқару

    Бұл курс барысында студенттерде білім беру саласында болуы мүмкін дағдарыстық және экстремалды жағдайларды зерттеу, болжау және оларды басқарудың білік және дағдылары қалыптасады. Сондай-ақ білімгерлер дағдарыс және төтенше жағдайдағы білім беру үдерісінің субъектілеріне көмек көрсетудің және қолдаудың әдіс-тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс

    Курс барысындастуденттерЖетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі ерекшеліктерін, формалары және әдістерін үйренеді. Олар балаларды қорғау және қолдаудың, сондай-ақ Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша қызметті ұйымдастырудың заңнамалық, теориялық, технологиялық негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Медиапедагогика

    Курста студенттер медианың қоғамдағы рөлі мен қызметімен танысады. Студенттер медиа-мәдениет, мектеп мәдениеті және жастар мәдениетінің тоғысқан жерінде балалар мен жастардың алатын орнын қарастырады. Студенттерде БАҚ-тың мазмұны мен ықпалын талдау дағдылары; білім беру қызметінде ақпарат құралдарын саналы және тиімді пайдалана білу біліктілігі қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру әдістемесі

    Курстың мақсаты студенттерде әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бойынша білім жүйесін және әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі біліктілігі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Студенттер теориялық білімдерін практикалық қызметте қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Білім беру ұйымындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиялары

    Курс барысында студенттер білім беру ұйымдарында әлеуметтік-педагогикалық технологияларды әзірлеу мен жүзеге асырудың теориялық негіздерімен танысады. Курста балалар мен жасөспірімдердің түрлі категорияларымен жұмыс жасау барысында әлеуметтік-педагогикалық технологияларды қолданудың мазмұны ашылады, сонымен қатар нақты әдістер, тәсілдер, технологиялар, құралдар мен жолдардың кең спектрі ұсынылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың мектептен тыс жұмысын құндылықтарға негіздеп ұйымдастыру әдістері

    Пән аясында құндылықтарға негізделе отырып мектептен тыс тәрбие беру жұмысының теориясы мен әдістемесімен танысады. Мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың алғышарттарын, технологиялары, әдістері, формалары мен құралдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Виктимология

    Курстың мақсаты – студенттердің виктімдік мінез-құлықтың әлеуметтік-психологиялық механизмдері туралы білімдері мен түсініктерін қалыптастыру. Курс барысында студенттер виктимологияның тарихы, теориясы және әдістемесін; виктіимдік мінез-құлықтың механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады. Студенттердің нақты виктимдік жағдайды жүйелі талдау дағдысы; виктимдік мінез-құлықтың түрлі формаларының алдын алу әдістері мен технологияларын қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі

    Курс барысында студенттер білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіндегі әлеуметтік-педагогикалық тренингтің теориялық және әдістемелік негіздерімен танысады. Студенттер әлеуметтік-педагогикалық тренингтерді ұйымдастырудың тәсілдері, үлгілері, форматтары, түрлері, формаларын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Асырап алушы отбасылармен жұмыс (сертификат)

    Курс барысында студенттерде бала асырап алған отбасыларды кешенді әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуге қатысты білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. Студенттер ата-аналарда бала асырап алу мотивтерін, баланы жаңа отбасына қабылдаудағы қиындықтар туралы ақпараттармен танысады. Сонымен қатар, асыраушы ата-аналарды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу мен даярлаудың негізгі әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Кәмелет жасқа толмаған балаларды зерттеу

    Курста студенттер балалар мен жастарды зерттеу жұмыстарына тарту жолдарын үйренеді. Бұл курс студенттерге балалармен және жастармен этикалық және тиімді зерттеу және қатысу әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік береді. Студенттер этикалық нормалармен және балалық шақ пен жастарды зерттеу саласында қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешенімен таныс болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Жастардың әлеуметтенуі

    Курс барысында студенттердің жастардың жалпы және нақты мәселелері, жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нақты әдістері туралы түсінігі қалыптасады. Студенттер жастармен жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-теориялық әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, жастарды әлеуметтендірудің технологияларын тиімді қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогикалық жобалау

    Курс барысында студенттерде әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориясы мен практикасы туралы білім жүйесі қалыптасады. Студенттер әлеуметтік-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жоспарлау, болжау және жүзеге асыру дағдыларын меңгереді. Курста әлеуметтік-педагогикалық жобалау түсінігі мен мәні, әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың формалары мен қағидалары, әлеуметтік-педагогикалық жобаны әзірлеудің негізгі кезеңдері, әлеуметтік-педагогикалық жобаны әзірлеу технологиясы, жоба бюджетін жоспарлау және әзірлеу, жобаларды сараптау секілді тақырыптар қамтылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік геронтология

    Курс барысында студенттердің қарт және егде жастағы әлеуметтік топ туралы тұтас, жүйелі түсінігі қалыптасады. Студенттер егде жастағы адамдардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруды; егде жастағы тұрғындар санатының нақты қажеттіліктерін зерттеу әдістерін қолдануды; қарттар мен егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен салтын жақсарту бағытталған тактикалық және стратегиялық бағдарламаларды әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мигранттар және босқындармен жұмыс

    Курс барысында студенттер мигранттар мен босқындарға жаңа ортаға бейімделуге көмектесу мен қолдау көрсетудің бағдарламасын құруды үйренеді. Сондай-ақ, білімгерлер мигранттар мен босқындарда кездесуі мүмкін мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық технологиялар мен әдістерді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мәдениаралық тәрбие және көпмәдениетті білім беру

    Курс барысында студенттер көпмәдениетті білім және тәрбие беру негіздерімен танысады. Студенттер мәдениеттің мәнін, мәдениет пен білімнің байланысын қарастырады; сондай-ақ мектептегі көпмәдениетті оқушылар контекстінде оқытудың тиімділігі қарастырылады. Студенттер инклюзивті құндылықтарға негізделе отырып тиімді әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаны әзірлеуді үйренеді; көпмәдениетті және мәдениет аралық білім беру әдістері мен құралдарын қолдануды меңгереді. Болашақ әлеуметтік педагогтардың көпмәдениетті құзыреттілігі қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Арт-терапия (сертификат)

    Курс барысында студенттер арт-терапияның ерекшеліктерімен, оның әлеуметтік педагогтың жұмысындағы рөлімен танысады. Курстың негізгі мақсаты – студенттердің арт-терапияның негізгі бағыттары, әдістері, түсініктері және мәселелері туралы білімін қалыптастыру; бағыттың тарихи дамуымен, арт-терапия саласындағы негізгі ғылыми ұстанымдармен, әдіс-тәсілдермен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін үйлестіру және тьюторлық қызмет (сертификат)

    Бұл курстың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері туралы білім мен түсінігін қалыптастыру және алған білімдерін оқу процесіндегі үйлестіру және тьюторлық қызметте қолдану. Студенттер мүдделі тұлғалардың игілігі үшін инклюзивті білім беруді тиімді енгізуді арттыру мақсатында мектепте ерекше білім беруді қолдау шараларын қалыптастыру, жүзеге асыру және талдауды үйлестірудегі әлеуметтік педагогтың міндеттері, принциптері және рөлімен таныс болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Академиялық жазу

    Курс барысында студенттер академиялық жазудың негізгі концепциялары және шарттарымен танысады. Курстың негізгі мақсаты – академиялық жазу дағдыларын дамыту. Курста сыни ойлау процесі мен жазу дағдыларын дамытуға бағытталған жүйелі, дәйекті, сенімді дәлелдерді дамыту бойынша тақырыптар қамтылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • қоғамның дамуының экономикалық, құқықтық және философиялық заңдылықтарын үйрену арқылы кәсіби қарым-қатынас құру жолдарын меңгеру.
  • ғылым дамуының тарихи-философиялық білімдерін, әлеуметтік-педагогикалық идеяларды сыни талдай отырып, кәмелет жасқа толмаған балаларды әлеуметтік педагогикалық зерттеу барысында этикалық нормалар мен принциптерді сақтай алу.
  • құндылықтарға негізделген білім беру мен тәрбиелеу принциптерін түсіну арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас құру дағдыларын менгеру.
  • бала және жастарды, олардың барлық даму кезеңінде сүйемелдеу, отбасылық қатынастарда бала мүддесін жан-жақты қорғау, олардың өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру процестерінде қолдау және кеңес бере алу.
  • инклюзиялық білім беру философиясы мен идеясын түсіне отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалау, қауіпсіз орта ұйымдастыру, оқу әдістері мен бағдарламаларын құрастыру, үйлестіру және тьюторлық қызметтерінде көшбасшылық құзыреттілігін пайдалану.
  • балалар мен жастардың девиантты, қылмыстық іс-әрекеттерінің алдан алу, түзету, диагностикалау, кеңес беру, тренингтер жүргізу бойынша әлеуметтік педагогикалық әдістер мен технологияларды жас және даму ерекшеліктеріне қарай тиімді қолдана алу.
  • әлеуметтік институттар мен инклюзивті білім беру жағдайында түрлі санаттағы балалар мен жастар (жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, ЕБҚ бар балалар, мигранттар), қарттар және отбасыларды әлеуметтік қолдау және қорғау бойынша әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыру.
  • бала және отбасы құқығын қорғау аясындағы нормативті-құқықтық құжаттарды басқару, қызметінде құпиялылықты сақтау, олардың экономикалық, экологиялық, саяси, құқықтық, стресстік, кризистік және экстремалды жағдайларда әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ұқсас БББ

Top