Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі

  • Тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын, биосфераның жұмыс істеуін, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы зиянды, зақымдаушы факторлардан адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін, қауіптерден қорғау тәсілдерін, авариялардың, апаттардың, сұрапыл апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білім қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - Адамның өмір сүру ортасының қауіпті және зиянды факторларын негіздеу; - экологиялық тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын талдау;климаттың өзгеруіне және Жердің озон қабатының бұзылуына - алып келетін антропогендік әсерді төмендету, биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу жолдарын бағалау; - әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру; - іс жүзінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және құқықтық негіздерді пайдалану; төтенше жағдайларды және олардың салдарын болжау, төтенше жағдайларда жеке және ұжымдық қорғаудың негізгі тәсілдерін, құралдары мен әдістерін таңдау туралы шешім қабылдау.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top