Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в "Сырдария" университеті

  • Қазақстанда педагогикалық ойлаудың даму тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихы пәнінің мақсаты Қазақстандағы педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы, қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері мен еңбектері жайлы білімдермен қаруландыру. Пән барысында Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі педагогикалық ой-пікірлерден бастау алып, Ерте замандағы Қазақ хандығының құрылуына (YI – XY ғ.ғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой– пікірлермен жалғаса отырып, түрлі тарихи дәуірлердегі тәрбие мәселесін қарастырған көрнекті ойшылдардың, педагогтардың еңбектерімен таныстырылып, үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика тарихы
    Несиелер: 6

    Педагогика тарихы пәнінің мақсаты педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарауды қамтамасыз ететін, педагогикалық ұғымдармен жаңаша ойлай білетін білім алушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында педагогика тарихының әдіснамалық негіздері, педагогика тарихының қайнар көздері мен ғылыми зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы, ертедегі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен мектептен бастап бүгінгі күнге дейінгі педагогика тарихы жайлы ғылыми білімдермен қаруландырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 7

    Табиғат құбылыстарының мәнін, олардың заңдылықтарын табу, табиғат туралы білім жүйесін қалыптастыру маңызды міндеті болып табылады, оның негізінде басқа міндеттер кешені шешіледі: танымдық қызығушылықты, табиғатты эстетикалық қабылдауы және табиғи құбылыстардың ерекшеліктері туралы объективті ойлар қалыптастырады. «Жаратылыстану негіздері» курсы бастауыш сыныптағы «Жаратылыстану» пәндерін оқыту үшін қажетті астрономия, физика, физикалық география, биология және экология негіздерінен жалпы білім береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психологиялық-педагогикалық диагностика
    Несиелер: 4

    Психологиялық-педагогикалық диагностика пәнін оқыту мақсаты болашақ мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарын қамтамасыз етіп, баланы қалыптастыру мен дамытуға бағытталған психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануға үйрету. Пән барысында психодиагностиканың ғылыми-теориялық негіздері, қалыптасу тарихы, психодиагностикалық тесттер мен әдістер жүйесі жайлы ғылыми білімдер беріледі. Жалпы және арнайы қабілеттерге, инттелектуалды дамуды, жас ерекшеліктеріне сай жеке қасиеттерге психодиагностика жүргізу жолдарын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математиканың бастауыш курсының негіздері
    Несиелер: 4

    «Математиканың бастауыш курсының негіздері» бастауыш математика курсының теориялық негіздерін құрайтын: Математикалық ұғымдар. Жиындар және оларға қолданылатын амалдар. Қатыстармен сәйкестіктер. Сан ұғымы. Теріс емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі. Алгебра, геометрия элементтері. Шамалар, оларды өлшеу. Сандардың құрама сандарға бөлінгіштік белгілері. Сандық теңдіктер және теңсіздіктер. Теңдеулер және теңсіздіктер. Геометрия элементтері. Шама ұғымы оны өлшеу мен математикалық статистика элементтері, есептерді математикалық модельдеуді оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби педагогика
    Несиелер: 4

    Кәсіби педагогика оқу пәні ретінде адамның жасына, алдыңғы білім деңгейіне, объектілеріне, еңбек және кәсіптік қызметтің сипаты мен бейініне қарамастан, оны кәсіптік даярлаудың бүкіл жүйесіне таралатын теориялық және іс жүзінде бағдарланған ғылыми білім саласындағы ғылыми білімді меңгереді. Пәнді оқу арқылы студент жалпы және кәсіптік білім беретін мектептердегі педагогикалық процестерді, педагогикалық процестің мақсатын, қағидаларын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру мен жүзеге асырудың формаларын, еңбек технологиясына және кәсіпке баулудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын, кәсіби білім беру педагогының кәсіби қалыптасуының педагогикалық негізін игеру кажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 4

    Балалар әдебиеті пәнінің пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге балалар әдебиетін өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға, балалардың оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып, олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді. Студенттер пәнді меңгеру барысында көркем шығарма сюжеттері ненің жақсы, ненің жаман екенін көрсете біледі, жақсылық пен зұлымдықтың шекарасын белгілейді, ұстануға болатын немесе орындалмайтын мінез-құлық үлгілерін көрсете алады. Сонымен қатар балалар әдебиетінің негізін салушы ақын жазушылардың балаларға арналған өлең шығармаларының тәрбиелік мәнін аша біледі, шығармаларға талдау жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері
    Несиелер: 4

    «Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері» пәнінің мақсаты -студенттерге бастауыш сынып оқушыларын оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін тілдің грамматикалық жүйесі жайында жүйелі білім беру. Қазақ тілі пәні бойынша білім алушыларға кәсіби білім жүйесіндегі біліммен қаруландырады. «Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері» пәні тіл білімінің әр саласын қамти отырып, студенттерге қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамы, дыбыс жүйесі, грамматикалық құрылысы бойынша теориялық, практикалық мәселелерін түсіндіруді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ педагог-психолог мамандарды білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқытып үйретіп, біліктіліктерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру. Пән барысында педагогика ғылымының негізінде анықталған мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, педагогикалық процес мазмұны қарастырылады. Білім алушыларды қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және оқушылармен тәрбие жұмысының диагностикасының мазмұны мен технологиясы жайлы білімдермен қаруландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінің мақсаты білім алушыларды құқықтық сана, құқықтық мəдениет, құқықтық тəрбие және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер қоғамдық қатынастардың дамуында мемлекет пен құқықтық рөлі маңыздылығы жайлы көзқарасы мен түсінігі қалыптасып, Конституциялық-құқық негіздерін, Қазақстан Республикасының заңнамасын пайдалануды үйренеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін, Мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығармашылықтың қажетті нормаларын, құқықтық қағидаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты меңгереді. Сыбайлас жемқорлықтың мәнін, табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау әрекетін жасай біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайдың педагогикалық-психологиялық көзқарастары пәнінің мазмұнында Әл-Фараби мен Абай Құнанбаев мұраларындағы психологиялық ой-пікірлер мен рухани мұрасын білім мен ғылымға, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарына тереңінен талдау жасалады. Болашақ өскелең ұрпақтың психологиялық мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен насихаттауды жандандырудың әдіс-тәсілдері қолданылады. Әл-Фараби мен Хакім Абайдың шығармаларындағы жан мен тәннің арақатынасы, тұлғалық қалыптасудағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметін, бала психологиясы мен қоғамдық психологияның ұлттық ерекшеліктерін оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі» пәні әлемдік және отандық психологиялық ғылымдардың жетістіктерін зерттеу, қазіргі заманғы психологиялық ғылымның негізгі бағыттары мен принциптерін, психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайын зерттеуге бағытталған. Коррекциялық психология психокоррекцияның негізгі міндеттерімен, коррекцияның түрлерімен,психокоррекциялық жұмыс кезеңдерімен, бағыттарымен, психокоррекцияны жүргізуге қойылатын талаптармен таныстырады, ауытқушылығы бар балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәнінің мақсаты мектеп жасындағы балалардың анатомиялық және физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әртүрлі жас кезеңдеріндегі өсу және даму заңдылықтары жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқыту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқып-білім алу қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету жолдарын меңгерту. Баланың жасына және тұлғалық ерекшелігіне сай білім беру, ақыл-ой мен танымдық процестерін дамыту, дені сау сымбатты өсуін қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру, озық педагогикалық практика және ғылыми зерттеулер базасын қалыптастырып, ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінде тиімділікті қамтамасыздандыратын дайындықты тереңдетуге бағытталған. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері. Ғылыми тәжірибелер жүргізу және нәтижесін қорытындылау. Студенттер педагогикалық зерттеу әдістерін зерделеп, олардың педагогикалық фактілер мен құбылыстарды зерттеу мүмкіндіктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және "Мәңгілік ел" құндылықтары
    Несиелер: 5

    Рухани жаңғыру және «Мәңгілік ел» құндылықтары пәнінің мақсаты білім алушыларды ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм рухы, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейіне тәрбиелеу. Пәннің мазмұны студенттердің ұлттық сана-сезімін, азаматтығы мен патриотизмін қалыптастыруға, олардың тарихи және әлеуметтік жадысын дамытуға, қазақ халқының, тұтас Қазақстан халқының ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде бағалауға және мәдениетаралық коммуникация дағды-машықтарын игерген, этникалық стереотиптерді еңсеріп, өзге мәдениет өкілдерімен жүйелі сұхбат құра алатын, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білімдер жүйесі қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері пәнінің мақсаты білім алушыларды негізгі экологиялық ұғымдармен таныстыру және табиғи жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтары, экологияны ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері, әр түрлі мақсаттарда қолданылатын экологиялық тұжырымдармен практикалық қызмет салалары жайлы білімдермен қаруландыру. Пәннің мазмұнында тaбиғaт құбылыстaрының қирaтушы күшінен төнетін қaуіптер, рaдиaциялық, химиялық қaуіптілік, уaқыт өте келе aдaмның өз ықпaлы мен жaсaлaтын қaуіп-қaтерлер, aдaмдaрғa жұқпaлы aурулaрының тaрaлуын, олaрдың шығу себептері мен күнделікті тұрмыстa aлдын aлу шaрaлaрдың ұстaну ережелерін; экономикaлық объектілердің тұрaқтылығын қaмтaмaсыз ету қaғидaттaрын; төтенше жaғдaйлaрды шектеу жəне жою бойыншa шaрaлaрдың мaзмұны мен ұйымдaстырылуын; өндірістік объектілерінің тұрaқтылығын жетілдірудің жолдaры мен тəсілдерін; өндірісте, тұрмыс пен тaбиғaттaғы тосын жaғдaйлaрдa жaрaқaт aлу кезінде aвaриялық құтқaру əдістерін үйренуге жəне техногендік өнімдердің aдaм aғзaсынa кері əсер ету нəтижелерін; жер сілкінісі, су тaсқыны кезіндегі құтқaру, тaбиғи өрт кaуіпсіздігі ережелерін сaқтaй отырып, ормaн мен дaлa өрттерінің туындaуының aлдын aлуғa қажетті білімдер жүйесін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру пәнінің мақсаты кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ерекшеліктері жайлы көзқарастарын қалыптастырып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздерін, формалары мен әдістерін зерттеуге дағдыландыру, алған білімдерін кәсіби іс-әрекетті жүргізуде пайдалануға үйрету. Пәннің мазмұны ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдай білуге және олар үшін жауапкершілік алуға дайындықтарын қалыптастырып, нақты кәсіби жобаларды іске асыру үшін құрылған шағын топтың қызметін ұйымдастыру қабілетін меңгертуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 5

    Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәнінің мақсаты білім алушылардың бастауыш білім беруде қазақ (орыс) тіліндегі мәдени-ресми, кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұында кәсіби қазақ (орыс) тілінде іскерлік қарым-қатынас мәдениетін дамытады. Ғылыми және кәсіби мәтіндермен жұмыс істеуге және көпшілік алдында қазақ (орыс) тілінде ауызша және жазбаша сөз сөйлеуге, кәсіби қызмет барысында іс-қағаздарды ресми түрде жазуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалар психологиясы
    Несиелер: 4

    Балалар психологиясы пәнінің мақсаты – білім алушыларды балалар психологиясының жалпы теориялық негіздерімен, психикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, баланың жас ерекшелік психологиясы жайлы білімдермен қаруландыру. Пәнді оқып игеру арқылы балалар психологиясын зерттеу әдістері, психикалық даму заңдылықтары, балалар психологиясы мәселесін зерттеушілердің тәжірибесі, зерттелу деңгейімен оқып танысады. Бала психикасын анықтау және талдау, оқыту мен білім беруде, тәрбиелеуде жас және жекеліктерін ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасай білуге, бастауыш сынып ұжымымен, отбасымен жұмыс жасай білуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Музыканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты - музыканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бастауыш сынып оқушыларына музыкалық білім беру әдістері мен әдістемесі жайлы білімдермен қаруландыру. Пәнді оқу арқылы музыка сабағы мектеп пәні және өнер пәні ретінде түсінігі қалыптасып, музыкалық білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес «Музыка» бағдарламасының негізгі мазмұнын, ұстанымдарын және оқыту әдістерін толық игереді. Отандық және шетелдік музыка мұғалімдерінің озық тәжірибелерімен танысып, музыка сабағын жоспарлауға және жүргізуге қойылатын талаптарды оқып үйренеді. Музыка сабағындағы білім мен тәрбие процесін өзара байланыстыра білу, дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сауат ашу және жазуға үйрету
    Несиелер: 6

    «Сауат ашу және жазуға үйрету» пәнінің мақсаты – сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесінің теориясы бойынша студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Студенттер сауат ашу және жазуға үйрету кезеңдерін біледі сонымен қатар сауат ашу кезеңіндегі сауат ашу әдістерін, талдау-жинақтау әдісі; бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу; жазуға үйрету әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты математика пәнін оқытуға қажетті теориялық, практикалық және әдістемелік даярлықты және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан білімалушылардың педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру. Студенттер пәнді оқып игеру арқылы бастауыш сыныпта математиканы оқыту теориясы және технологиясы оқу пәні ретінде, оның мазмұнын біледі; математика пәні бойынша бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде және оны оқыту технологияларын меңгереді; бастауыш сынып математика пәнінің маңызды ұғымдары және оларды оқыту технологияларын қолдана білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 7

    Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалықіс-әрекеті. Педагогикалық шеберлік компоненттері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдері, өз пәнін еркін, терең игеруі Педагогикалық шеберлік-пәні оқыту мен тәрбиелеу өнері. Бұл оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлерін оқушының жан-жақты дамуына, оның дүниетанымы, көзқарасы мен қабілеттеріне бағыттай білудің әдіс-тәсілдерін оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шешендік өнерге үйрету әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәнінің мақсаты - шешендік өнердің ғылым ретінде дамуы, шешендік сөйлеу әрекеті мен рационалды риториканың қалыптасуын қарастырады. Шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты – білім алушылардың өз ойы мен пікірін еркін жеткізе білетін, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын, шешендік өнердің қыр-сырын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдануға дағдыланады. Студенттерге қазақтың би-шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол және де билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқып талдау арқылы ата-бабадан қалған мол мұраны игеруге баулиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қызықты математика
    Несиелер: 7

    «Қызықты математика» пәнінің мақсаты математика пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп, білімалушылардың білім-білігін, икем-дағдысын және ойлау қабілетін дамытуды көздейді. Студенттер математика пәні бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізуді, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыруды және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар пәнді оқу барысында студенттер есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмаларды шешу жолдарын анықтай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция үдерісін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі болып табылады. Білім алушылар пән барысында инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері ғылыми білімдермен қаруланады. Инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отыратын кедергілерін жоюды үйреніп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктері қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Креативті тәрбие
    Несиелер: 6

    Креативті тәрбие пәнінің мақсаты баланы жан-жақты, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету әдістерін оқытады,шығармашылық тұлға қалыптастыру мүмкіндіктері жайлы білімдермен қаруландыру. Пән барысында креативтілік ұғымының мәні мен мазмұны тереңінен талданып, креативті ойлауға үйретудің негізгі әдістері, креативті тәрбие арқылы баланың шығармашылық әлеуетін арттыру мүмкіндіктері, креативті тәрбиелеу үдерісінің ерекшеліктері, креативті тәрбиенің негізгі параметрлері оқытылып, үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Отбасы педагогикасы
    Несиелер: 6

    Отбасы педагогикасының нысаны мен пәні, мәндеттері. Отбасы педагогикасы философия, демография және әлеуметтану, этнография, психология, медицина, физиологиямен байланысы. Қазақстандық ғалымдардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері. Отбасы әлеуметтендіру және тәрбиелеу субъектісі ретінде. Отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары. Отбасының құқықтық-нормативтік базасы. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Бала дамуындағы ата-ананың ролі. Отбасының бала тәрбиелеу дәстүрлері,стильдері және бала тәрбиелеу әдістері. Отбасында балаға дене тәрбиесін беру мәселесі. Отбасында баланы мектепке даярлау. Отбасында бала тәрбиелеу құралдары мен ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру және отбасының әр түрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктерімен таныстырады, отбасында баланы тәрбиелеу жолдарын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты- білім алушыларға дене тәрбиесін оқытудың ерекшеліктерін, заңдылықтарын, сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, дене мәдениеті теориясымен әдістемесінің жалпы негіздері жайлы білімдермен каруландырады. Пәнді оқу арқылы бастауыш сынып оқушыларына қимыл қозғалыс іс-әрекеттерін үйрету әдістерін, бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі мен сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және оны өткізуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Көркем еңбек» пәні бүгінгі жаһандану дәуірінде еліміздің өскелең ұрпақғын шығармашыл, креативті тұлға етіп тәрбиелеуде мол мүмкіндік беретін бірегей пән. Білім алушылар пән арқылы шығармашылық жұмыстарды орындай отырып, қазіргі таңдағы заманауи технологиялық мәдениетке, бұйымдарды көркемдеп өңдеуге, техника-технологиялардың жобасын жасап шығаруға, дамытуға, жетілдіреа алуға қол жеткізеді. Ұлттық дәстүрімізден сыр шертер қолөнер бұйымдары мен бейнелеу өнерінің туындыларын талдап, танысады, олардың жасалу технологиясын, ерекшеліктері мен заңдылықтарын меңгереді. Қазақтың ұлы суретшілері мен қолөнершілерінің шығармашылықтарына көркемдік талдау жасап, композициялық құрылымына бағалайды. Сондай-ақ, «Көркем еңбек» пәнін оқутудың жаңа технологияларын, әдіс-тәсілдерін зерттеп-зерделеп, болашақта кәсіби салада пайдаланудың қыр-сырын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің негізгі мақсаты - бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілі мәнінің мазмұнын және жұмыс істеу жүйесін жақсы меңгеріп және оқытудың әдістемесін ұғынып, тәжірибені шығармашылық ізденіспен қолдана білу дағдысы қалыптасады. Қазақ тілі пәнінен берілетін білімді, тәрбиені баланың ой-өрісінің дамуымен шеберлікпен ұштастыра алады. Қазақ тілін оқыту барысында күнделікті оқыту үдерісінде кездесіп отыратын әдістемелік мәселелерді біліп, оны пайдаланудың дұрыс шешімдерін табуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектептану
    Несиелер: 4

    Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі. Мұғалім мен оқытудың жаңа технологиялық әдісі. Әдістемелік бірлестік жетекші міндеттері мен жоспары. Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары. Мектеп директоры мен оның орынбасарларының міндеті мен оған қойылатын талаптар және құжаттары. Бастауыш сынып мұғалімі жұмысының жылдық жоспары мен қызметінің негізгі бағыттары. Бастауыш сыныптардағы білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылау және бағалауға қойылатын негізгі талаптар мен нормалар. Мектепішілік бақылау мен басшылықты тексеру туралы жаднама. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату жолдары. Жалпы мектепті басқару, педагогикалық қарым-қатынасты және басқару этикасын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты - білім алушыларды бастауыш сыныптағы қоршаған ортамен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді және компетентті іске асыру, оқушылардың табиғатпен өзара әрекеттесуі, экологиялық, денсаулық сақтау әдіс-тәсілдері жайлы білімдермен қаруландыру. Пәннің мазмұнында «Дүниетану және жаратылыстану» пәнін оқытудың құрылымдық ерекшеліктері, негізгі әдістері, сабақ түрлері, сабаққа қойылатын негізгі талаптар жайлы оқып біліп үйренеді, білім,білік дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту теориясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән ағылшын тілін оқыту теориясының заңдылықтары мен негізгі əдістемелік ұстанымдары. Бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын жəне оқыту жүйесі. Ағылшын тілінде тыңдауға және сөйлеуге,оқуғаүйрету теориясы. Шет тілін үйрету ауызша және жазбаша үйрету негіздері. Шетел тілін оқыту теориясы дамытудағы индуктивтік- дедуктивтік зерттеулер. Бастауыш сыныпта шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерн игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бейнелеу өнері, еңбекке баулу
    Несиелер: 5

    Бұл пән бейнелеу өнері, еңбекке баулу, кеңістіктік-бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау, рухани-адамгершілік мәдениет, иллюзия, қиял және байқау, тұлғаның қалыптасуы және өзін-өзі көрсету саласында болашақ бастауыш сынып мұғалімі қызметінің кәсіби негіздерін дамытуды қамтамасыз ететін көркемдік-технологиялық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пән студенттерді көркем білім беру жүйесінің қалыптасу заңдылықтарымен, оның негізгі бағыттары мен даму перспективаларымен, бейнелеу өнері,еңбекке оқыту бойынша тұжырымдамалармен, бағдарламалармен және оқулықтармен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дефектология негіздері
    Несиелер: 5

    Дефектология педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі, кемтар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін арнайы сала болып табылады. Пән барысында дефектология негіздерінің теориясы мен практикасының клиникалық-биологиялық және нейропсихологиялық негіздері көрсетіліп, функционалдық жүйе, жоғары психикалық функциялардың ми механизмдері ауытқулары бар балалардың психикалық дамуының жалпы және нақты заңдылықтары, баланың психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі, психикалық, сенсорлық, интеллектуалдық және физикалық бұзылулардағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарының көрінісі, "Ерекше бала" түсінігі, ерекше даму ерекшеліктерін оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану әдістемесі» пәнінің мақсаты - дене тәрбиесінің әдістері, қағидалары мен ұлттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі ережелері бойынша практикалық және теориялық білімдермен қаруландыру. Студенттер пәнді оқып игеру арқылы аударыспақ, бәйге, тоғызқұмалақ, теңге тастау, асық аламан бәйге т. б. қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні мен маңызын біледі. Ұлттық ойындардың қимыл-қозғалысты таным қабілетті дамытудағы алатын орны, формасы және мазмұнын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 4

    «Басқару функциясы» түсінігі. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. Мақсат қою. Жоспарлау және оған қол жеткізу. Шешім қабылдау. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары. Өкілеттік беру. Мотивация. Педагогикалық бақылау. Педагогикалық мониторинг. Педагогикалық маркетинг. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару. Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеттерін оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогика этикасы және қарым-қатынас мәдениеті
    Несиелер: 6

    Педагогикалық этика ғылыми пән ретінде. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшелігі және оның жұмысына деген көзқарасының моральдық негіздері. Мұғалімнің тұлғааралық қарым-қатынас жасау этикасы, мен мәдениеті. Педагогикалық әдеп қағидаттары: үздіксіз даму, ақылдылық,әдептілік, адами құндылықтарды құрметтеу т.б. Білім беру жүйесіндегі қарым-қатынас жасау стартегиясы, әдістері. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың моральдық-психологиялық аспектілері. Педагогтың кәсіби қызметіндегі этикет. Этикалық-педагогикалық практикумын оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қызықты грамматика
    Несиелер: 6

    «Қызықты грамматика» пәнінің мақсаты білім алушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын кеңейтіп, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамытуды көздейді. Студенттер пәнді меңгеру барысында оқу - жазу дағдыларын, сөздерді буын жігімен тасымалдау, пән негізінде түрлі тапсырмаларды ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш білім педагогикасы
    Несиелер: 6

    «Бастауыш білім педагогикасы» балаларды тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, білімдерді тәжірибелік іс- қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылайтын ғылым. Бастауыш білім беру жүйесінің мақсаты мен мазмұндық құрылымын, психологиялық-педагогикалық білім негіздерін, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптерін, өзін-өзі қайта тәрбиелеу, тәрбие әдістерін, даму кезеңдерін, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мәселелерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік педагогикасы
    Несиелер: 6

    Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты педагогика негіздерінің объектісі, пәні, логикалық құрылымы. Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш сынып оқушыларымен жасөспірімдерге жалпы мінездеме. Жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары. Педагогиканың жалпы негіздері. ҚР білім жүйесі мен кейбір шет мемлекеттердегі білім жүйелерінің салыстырма түрі. Тәрбие теоориясы. Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолындағы атқарылатын педагогикалық функциялар. Оқыту теориясы –дидактика. Оқушылардың шығармашылығын, денешынықтыруын ұйымдастыру түрі мен құрылымын. Жалпы әр жас кезіндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары мен жас ерекшеліктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың лингвистикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерімен, ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінің тарихымен таныстырады, ағылшын тілінің линвистикалық ерекшеліктерімен, ағылшын тілі лингвистикасын оқытудағы сөздің негізгі қасиеттерімен, интонациялық құрылымды дұрыс пайдаланумен, лингвистиканы оқытудағы негізгі әдістер мен амалдармен таныстырады, ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен мазмұнын айқындайды, ағылшын тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары мен құралдарымен таныстырады, ағылшын тілін оқыту әдістемесін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Цифрлық сауаттылық
    Несиелер: 4

    Цифрлық сауаттылық пәнінің мақсаты- білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқып игеру арқылы ақпараттық технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту, ақпараттық ортаны қалыптастыру жайлы түсінігі қалыптастырылады. Компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Логопедия
    Несиелер: 5

    Пән логопедияның принциптері және әдістерімен, басқа ғылымдармен байланысымен, сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмімен, сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формалары, сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық тузетудің және жоюдің жекелеген әдістерімен, артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлерімен, сөйлеу тілінің даму кезеңдерімен, сөйлеу тілі кемістіктерінің жіктелуімен таныстырады, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтайды, балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың тәсілдерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне ағылшын тілін оқыту əдістемесінің теориясынан жүйелі білім береді, сабақ жүргізу əдіс - тəсілдерін және сауат ашу, шет тілінде әңгімелесе білу, сөздікпен жұмыс, грамматиканы оқыту, ағылшын тілінде диктант жаза білу, тіл дамыту əдіс-тəсілдерін, жазуға үйрету, грамматиканы оқыту əдістемесін, шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын, оқулықтарды талдауды жəне сызбамен көрсетуді оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Коррекциялық педагогика
    Несиелер: 5

    Коррекциялық педагогика психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары мен балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Бұл пәнді оқыту барысында коррекциялық педагогиканың тұжырымдамалық негіздері және тарихы, педагогикалық коррекция (түзетулер енгізу) қызметінің негіздері баянадалады. Дамуында ауытқушылығы бар балалармен түзету жұмыстарының мазмұны мен мәні, бала дамуындағы бұзылудың түрлері, ауытқушылықтардың түрлері, түзету-тексеру жұмыстарының қағидалары мен әдістері, дамудағы ауытқушылықтардың шығу себептері мен механизмдері түсіндіріледі. Психикасының дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты, есту қабілеті нашар оқушыларды коррекциялық оқыту әдістерімен қаруландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    әлеуметтік, этикалық, ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинай алады және пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;

  • Код ON10

    өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамыта алады;

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі;

  • Код ON11

    ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты құрастыра алады, оларды оқытылатын салада қолдана біледі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі;

  • Код ON8

    педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі;

  • Код ON2

    оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшінберілген ақпаратқа сүйене отырып, теориялық және практикалық білімді қолдана алады;

  • Код ON12

    бастауыш сынып пәндерінің мазмұнын талдай алады, білім алушылармен тұлғаға бағытталған өзара әрекет етудің негізгі принциптері, әдістері мен формалары, құралдары туралы білімдерді кәсіби қызметте көрсете алады.

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдерін қорытындылай алады, дәлелдерді қалыптастыра алады, оқытылатын саладағы мәселелер бойынша шешім қабылдай алады, интеграциялауды көрсете алады;

  • Код ON7

    академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын анықтай алады, командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, көшбасшылыққа тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік және креативтілік көрсете біледі;

  • Код ON3

    осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін білімі мен түсініктерін көрсете алады және оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын, құрылымын айқындай біледі;

  • Код ON6

    оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қалыптастыра алады және оқушының тұлғалық дамуына бағыт бере алады, өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыларын қалыптастыра алады;

  • Код ON9

    оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті көрсете алады және кәсіптік саладағы проблемалардың шешімі, қорытындылардың тұжырымдарын талдайлады, педагогикалық процесті модельдей алады;

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көп тілді білім берумен
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top