6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Математика негіздері
Пән жиындар теориясын, математикалық логика элементтерін, сан ұғымының кеңеюін, сандарға қолданылатын амалдарды, амалдардың заңдарын, алгебра және геометрия элементтерін, шамаларды өлшеу әдіс-тәсілдерін және оларды практикада пайдалану мәселесі қарастырылады. Бастауыш білім берудің метапәндік идеяларына негізделген білімін қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалану, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамыту, АКТ- пайдалану мәселелерін ұсынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш білім педагогикасы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын метапәндік идеяны сақтау арқылы, білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін қарастырады. Білім алушының тұлғалық дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалану, сын тұрғысынан ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді пайдалану, технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мұғалімнің кәсіби этикасы
Пән педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолданады. Сын тұрғысынан позитивті ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді жаңа контексте пайдаланады. Білім беру тәжірибесінде даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды. Білім алушы тұлғасының дамуындағы өзгерістерді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан бағалайды. Академиялық адалдық принциптерін ұғынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы қазақ (орыс) тілінің негіздері
Пән тіл білімінің фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис салаларын қарастырады. Тіл дыбыстарының түрлерін, сөз таптарын, түрлену жүйесін, тыныс белгілерінің түрлерін, практикада қолдануын, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдарын сипаттайды. Бастауышта қазақ (орыс) тілін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың әдістерін, мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын, құралдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кіші мектеп жасындағы педагогикалық - психологиялық диагностика
Пән тұлғаның психикалық күйі туралы мамандандырылған түрде шешім қабылдау, мінез-құлық ерекшеліктерінің даму дәрежесін, сандық және сапалық көрініс беруін салыстыру, сипаттай білу жолдарын қарастырады.Білімін практикада қолдануға, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалануға, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін педагогикалық-психологиялық тұрғыдан бағалауды сипаттайды. Білім алушыны сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді жаңа контексте пайдалануға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Практикалық қазақ (орыс) тілі
Пән сауатты жазуды дамытуға, қазақ (орыс) тілінің орфографиясы мен пунктуациясының негізгі ережелерін меңгеруге бағытталған. Пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдерін, жалпы тақырыптарды, әсіресе "қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері"пәнімен тығыз байланысты интеграциялау көзделеді. Оқу мақсаттарының бірлігін сақтайды, сауатты жазбаша әдеби тілді, тілдік дағдыларды қалыптастыруға бағдарланады. Шығармашылық және позитивті ойлауды дамытатын әдістерді сыни тұрғыдан қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Математикадан есеп шығару практикумы
Жай және құрама есеп түрлерін шығару, сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу, есепті шешуде тірек сұлбаны талдау, есептерді әртүрлі тәсілдермен, арифметикалық, алгебралық әдістермен шығару қарастырылады. Математикалық білімін практикада қолдануға, пәндерді интеграциялауға, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуға, АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға бағдарланған. Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолдануға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаратылыстану негіздері
Табиғат туралы білім жүйесін, ғаламдағы табиғат заңдарының бірлігін, танымдық қызығушылықты, табиғатты эстетикалық қабылдауы және табиғи құбылыстардың ерекшеліктері туралы объективті ойларды қалыптастырады. «Жаратылыстану» пәндерін оқыту үшін қажетті пәндер бөлімдері бойынша білімді түсінеді және интеграциялайды, оқушының дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтайды, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, цифрлық ресурстарынтаңдап АКТ-ны және технологияларды сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Еңбекке баулу және бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Пән оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық түрде қабылдауларын метапәндік идея негізінде қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының жүйесін жүзеге асыру, өнердің негізгі түрлері мен жанрларын өнердің өмірмен байланысын, заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын сипаттайды. Контент жинақтау, технологияларды қолдану, шығармашылық ойлауын дамыту, АКТ-ны пайдалану, инклюзивті білім беру жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әліппені оқыту және жазуға үйрету әдістемесі
Пән – оқу, жазуды метапәндік идея негізінде үйретеді. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін, ой-өрісінің жетілуін, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуін, дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалап тілдік дағдыларды игеруін, көркем жазу дағдысын, сын тұрғысынан, шығармашыл, позитивті ойлауын дамытатын әдістерді қарастырады. АКТ-ны қолдану арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастырып, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау, инклюзивті білім беру мәселелерін сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Математиканы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, құралдарын, ұйымдастыру формаларын негіздеу, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, практикада пайдалану, критериалды бағалау түрлерін қарастырады. Ортақ тақырыптарды интеграциялау, оқушының ерекшелігіне сай сын тұрғысынан шығармашыл, позитивті ойлауын дамыту әдістерін жаңа контексте ұсыну, контент жинақтау, АКТ-ны қолдану мәселелерін сипаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ (Орыс) тілін оқыту әдістемесі
Пән бастауышта қазақ (орыс) тілін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың әдістерін, мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын, құралдарын қарастырады. Бастауыш білім берудің метапәндік идеяларына негізделген білімін қалыптастыру, практикада қолдану, контент жинақтау, білім беру мазмұнын құрайтын салаларды интеграциялау, инновациялық технологияларды қолдану, сын тұрғысынан ойлауын дамыту, АКТ-ны пайдалану, тілдік дағдыларын деңгейлеп қалыптастыру, инклюзивті білім беру мәселелерін ұсынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Балалар әдебиеті
Балалар әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін, балалар фольклоры мен әдебиетінің жанрлық жүйесін, кітаптардағы иллюстрацияларға қойылатын талаптар, жас ерекшелігіне сай оқуға баулу жұмыстары, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнесін қабылдау, оқырманның эстетикалық сауаттылығын қалыптастыру, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау, шығармашылыққа және көркем сөйлеуге үйрету құралдары мен технологиясын практикада қолдану дағдысын сипаттайды. Бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолдануға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттік оқуды оқытудың теориясы мен әдістемесі
Пән бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдауға, көркем сөйлеудің экспрессивті құралдарын анықтауға, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға үйретеді. Метапәндік идея негізінде жаңартылған бағдарлама бойынша әдеби оқуды оқытудың әртүрлі әдістері қарастырылады. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, бірлігін сақтау және практикалық қолдану, білімді шығармашылық түсіну, жалпы тақырыптарды интеграциялау, АКТ-ны тиімді пайдалану мәселелері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ана тілін оқыту әдістемесі
Пән сөзді тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға және шапшаң оқуға машықтандырады. Жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, көркем жазу) қалыптастырады. Коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастырып, тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажыратады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып пәндерін оқытуда инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдану
Пәнде инновациялық және компьютерлік технологиялар білім беру салаларында практикада кәсіби деңгейде қолданылуы, метапәндік идеяларға негізделген түсініктері, АКТ-ны білім алушының жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылуы қарастырылады. Білімді функционалдықпен, шығармашылықпен пайдалануын көздейді. Тұлғаның коммуникативтік және әлеуметтік мәдени дамуы, заманауи білім беру технологиялары және пәнді оқытудың белсенді әдістерін қолдану мәселелері қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дүниетануды оқыту әдістемесі
Пән дүниетануды жаңартылған бағдарламаменоқытудың мақсаты мен міндеттерін, ұстанымдарын, әдістерін және мазмұнын сипаттайды. Ұғымдарды қалыптастыру, практикада пайдалану, критериалды бағалау жолдарын метапәндік тұрғыда қарастырады. Мақсаттарға жететін сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен және шығармашылықпен пайдалану, сыни ойлауды дамыту, АКТ-ны, технологияларды қолдану, инклюзивті білім беру жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Пән бастауыш сыныптағы жаратылыстануды жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері және мазмұны бойынша ұғымдарды метапәндік тұрғыда қалыптастыру, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді қарастырады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, контент жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімді функционалдықпен пайдалану, сыни ойлауды дамыту, АКТ-ны қолдану, инклюзивті білім беру мәселелері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқыту жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Оқыту жүйесіндегі инновациялық технологияларын пайдалану ақылы дамыта оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие процестің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады. Oқытуды ұйымдастырудың технологиялары: құрылымдық логикалық технология, интеграциялық технология, ойындар технологиясы, тренингтік технологиясы, ақпараттық технология, сұхбаттық технология және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш сынып оқушыларына робототехниканы оқытудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларына робототехниканы оқытудың әдістемесі шығармашылықтың техникалық түрлеріне қызығушылықты қалыптастыру, робототехника арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, бағдарламалық жасақтаманы, техникалық құралдарды қолдануды және жобалау тұрғысынан ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қарастырылады. Тұлғалық дамуға, позитивті ойлауға және АКТ-ны цифрлық ресурстармен біріктіруге ықпал етеді, сонымен бірге білімге, кәсіптік даярлыққа және дамуға біртұтас көзқарасты сақтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориясы мен техникасы
Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің заңдылықтары мен негізгі теориялық ұстанымдарды, білім мазмұнын, оқыту жүйесін түсіндіру, жазуға үйрету жолдарымен таныстыру, ағылшын тілін оқытудың кезеңдері мен техникалық қағидаттары және құралдары, практикада пайдалану жолдары қарастырылады. Оқытуда көрсетілген мақсаттарға жету жолдары, контент жинақтау, инклюзивті білім беру мәселелері, пәндерді интеграциялау,АКТ-ны қолдану, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыштағы цифрлық сауаттылықты оқыту әдістемесі
Цифрлық сауаттылықты оқытудың әдістемелік негіздерін қолдануда практикалық дағдыларын, бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдануын, пән саласында ғылыми зерттеулерді метапәндік идея негізінде жүргізе білуге оқытады. Оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын сақтай отырып, тұлғаның дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтау, позитивті ойлауын дамыту, цифрлық ресурстарынтаңдап АКТ-ны қолдану сипатталады. Спиральды оқыту бағдарламасының қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасау ұсынылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық сауаттылықты оқытудың теориялық негіздері
Цифрлық сауаттылықты оқытудың теориялық негіздері білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ағылшын тілінің негіздері
Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларының түрлерінде коммуникативтік біліктерді арттыруда оқытудың күтілетін нәтижелеріне бағыттау жолдары қарастырылады. Ситуациялық қарым-қатынастар мен ортақ тақырыпқа сәйкес жаңа тіл құралдарын (фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық) деңгейлеп меңгеру, оқылатын тілдің тілдік құбылыстары, шет тілдерінде ой білдірудің әртүрлі тәсілдері, оқу және айтылу ережелері АКТ-ны қолдану арқылы сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Оқыту əдістемесінің теориясынан метапәндік идея негізінде жүйелі білім беру, сабақ жүргізу және сауат ашу, тіл дамыту, жазуға үйрету, грамматиканы оқыту əдістемесін, шығармашылықпен практикада қолдану жолдарын, оқулықтарды талдауды жəне сызбамен көрсетуді қарастырады. Білімді түсіну және салаларды интеграциялау, контент жинақтау инклюзивті білім беру, АКТ-ны қолдану, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдары қарастырылады. Технологияларды қолдануға, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалауға бағдарланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- білім алушылардың әдеби тілін, тілдік дағдыларын деңгейлеп қалыптастыруға қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасайды;
- білім алушының тұлғалық дамуына қолайлы білім беру контентін жинақтайды;
- бастауыш білім берудің метапәндік идеяларына негізделген білімі мен түсініктерін көрсетеді;
- бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын білім беру салалары бойынша білімін практикада кәсіби деңгейде қолданады;
- ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық хатты біледі, білімді функционалдықпен және шығармашылықпен пайдаланады
- АКТ-ны білім алушының жас ерекшелігіне сай пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады;
- білім алушы тұлғасының дамуындағы өзгерістерді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан бағалайды, академиялық адалдық принциптерін ұғынады
- білім алушының дара ерекшелігіне сай сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуды қамтамасыз ететін әдістерді жаңа контексте пайдаланады;
- ортақ тақырыптарды оқытуда бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын салаларды интеграциялайды;
- технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды;
Ұқсас БББ
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Шымкент университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті