Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Болашақ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының басқа да мәдениеттері мен тілдерінің, шет тілдерінің байлығын оқыту мен тәрбиелеу процесіне біріктіреді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдықты сіңіреді; өзекті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайларға бағдарлана отырып, экология, экономика, құқық және қаржылық сауаттылық саласындағы міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект құралдары мен кәсіпкерлік білімді пайдалана отырып, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын, оның ішінде цифрлық ортада қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Бастауыш жастағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық қызметтің білім беру міндеттерін қою арқылы оқу процесін жүзеге асырады, бұл ретте оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескереді. Оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал ететін мектеп оқушыларының даму физиологиясы, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық білімдер, мәдениетаралық зерттеулер, педагогикалық ғылымның тарихи мұрасы негізіндегі тәжірибе мен жетістіктерді пайдаланады.
  • Сауат ашу және жазу барысында бастауыш жастағы балалардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын дамытады. Бұл үдерісті қысқа және орта мерзімді жоспарлау, критериалды бағалау жүйесі, тәрбие жұмысының түрлері мен әдістері, қосымша білім беру технологиялары арқылы жүзеге асырады. Оқушылардың оқу жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізе отырып, педагогикалық этика принциптерін сақтайды.
  • Оқуға қолжетімді орта ұйымдастыруға жағдай жасайды, әрбір оқушының әлеуетін ашу және қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мектепке және ұжымға бейімделуіне көмектеседі. Бұл үдерісте тұлғаның жас ерекшеліктерін барлық өмірлік кезеңдерінде ескере отырып, дамудағы ауытқуларды анықтау негізінде психикалық жай-күйін өлшеу және бағалау әдістерін қолданады.
  • Қауіпсіз, қолжетімді және қолайлы білім беру ортасын құру тәжірибесіне сүйене отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету үдерісінде бастауыш мектеп жастағы балалардың жеке даму траекториясын қалыптастыру арқылы олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді.
  • Оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және бағалау әдістемесін, грамматикалық білім жүйесін, ауызша және жазбаша тілді, сауаттылықты және әдеби оқуды білу негізінде білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді педагогикалық және психологиялық негізделген нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, білім алушылардың тіл және әдебиет саласындағы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытады.
  • Оқушылардың математика, жаратылыстану, дүниетану, технология және өнер салаларындағы білім, білік және дағдыларын дамытуға ықпал етеді, оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жұмыс жүргізеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған тиісті оқыту және бағалау әдістерін таңдайды. Білім беру процесі барысында, соның ішінде цифрлық ортада, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарын сақтайды.
  • Бастауыш мектепте оқу процесін ұйымдастырып, оны басқаруды міндетті құжаттар тізбесін жүргізу, адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар, шағын жинақты мектептердегі оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту жұмысының ең тиімді формалары, әдістері мен технологияларын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру құралдарын талдап, іріктейді және жобалық жоспарлау әдістерін меңгеру дағдысына сүйенеді.
  • Бастауыш жастағы балалардың оқу және тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оқу процесінде инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологияларын және білім беру ресурстарын, оның ішінде цифрлық технологиялар мен контентті қолданады. Бұл ретте балалардың оқу-танымдық және мәдени-демалыс қызметіне деген мотивациясын арттырады, инклюзивті орта қалыптастыру стратегияларын, цифрлық сәйкестікті басқару және цифрлық этикет сақтау қағидаларын ескере отырып, педагогтардың ата-аналармен/құқықты өкілдерімен, әріптес педагогтармен және қоғаммен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.
  • Бастауыш сыныптарға ұсынылған бағдарламаға сәйкес диагностикалық және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған қолайлы әдістер мен тәсілдерді іріктеу негізінде зерттеу жүргізу, оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау, психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізу дағдыларын меңгерген. Бұл дағдыларды балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында қолданады.

Ұқсас БББ

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Шымкент университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Шымкент университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Top