Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04105 Диджитал маркетинг в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Сандық маркетинг бакалавры бағдарламасы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатында бизнес-ортада маркетингтік стратегияларды жоспарлау және енгізу үдерістерін жүзеге асыра алатын; маркетингтік шешімдер қабылдау барысында негізгі цифрлық маркетинг көрсеткіштерін анықтай алатын; жергілікті және әлемдік нарықтардағы заманауи сандық маркетинг сұранысына сәйкес техникалық білімге ие; сонымен қатар шет тілдерін қосымша меңгерген; бизнес пен басқарудағы кейстер мен практикалық мәселелерді шешуге сыни көзқараспен қарайтын; сондай-ақ, жетілдірген эмоционалдық интеллектінің көмегімен айналасындағы және виртуалды кеңістіктегі сыртқы және тұлғааралық қарым-қатынастарды құра алатын жас мамандарды дайындайды.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B047 Маркетинг және жарнама
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақ, орыс, шетел (ағылшын, түрік) тілдерінде тілдесу дағдыларын меңгеру
  • Тұтынушының мінез-құлқын талдаңыз және цифрлық маркетинг трендтерін анықтаңыз
  • Аналитикалық ойлауға қабілетті тұлғаның дамуына ықпал ететін экономиканың барлық деңгейдегі өзекті мәселелерін бағалауды меңгеру
  • Қоршаған орта мен виртуалды кеңістіктегі сыртқы және тұлға аралық қатынастарды жетілдіру, өзін-өзі іске асыру, әлеуметтік даму және бизнес ортада нетворкинг құра білу
  • Сыни талдаумен бірге шығармашылық, сыни, жұмсақ дағдыларды және рефлексиялық ойлауды қолдану
  • Жергілікті және әлемдік нарықтардағы қазіргі заманауи сандық маркетинг сұранысына сәйкес техникалық білімді қолдана білу
  • Стратегиялық жоспарлауда кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында маркетингтік стратегияларды жоспарлау және енгізу процестерін жүзеге асыру
  • Экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп саласындағы білімін кәсіби қызметте қолдану,
  • Әр түрлі онлайн платформаларда цифрлық маркетингтік науқандарды жасау және орындау
  • Әртүрлі талдау түрлерін жүргізгенде және ғылыми жұмыстарды жазғанда негізгі зерттеу әдістерін қолдану
  • Сандық маркетингтің жалпы жоспарына сәйкес келетін мазмұнды маркетингтік стратегияны әзірлеу және енгізу
  • Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде алған білімді қолдана білу және топта жұмыс істеу дағдыларына ие болу.
Top