Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05113 Тағам биотехнологиясы в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Процестерді аппаратуралық-технологиялық рәсімдеудің негізгі принциптерін, аппараттар мен машиналардың негізгі техникалық-экономикалық сипаттамаларын, процестер мен аппараттарды есептеу әдістемесін, биотехнологиялық процестерді жүргізу үшін технологиялық жабдықтардың түрлерін білу
  • Математика, физика және химияныңбазалық бөлімдерін және оларды кәсіби қызметте қолдануды, негізгі ғылыми заңдар, тұжырымдамалар және олардың практикалық қолданылуын, қазіргі заманғы ғылыми көзқарас пен физиканың даму перспективаларын, негізгі химиялық заңдар мен ұғымдарды, заттың құрылымдық теориясын, ерітінділер теориясының негіздерін, тотығу-тотықсыздану теориясының процестерін, элементтердің химиялық қасиеттері және олардың қосылыстарын білу және түсіну, эксперимент нәтижелерін рәсімдеу және көрсету.
  • Сүт және сүт өнімдерін, сондай-ақ шарап және шарап сусындарын өндірудің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, тағам биотехнологиясын дамытудың негізгі бағыттарын білу. Шикізат пен қосалқы материалдардың сапасын кіріс бақылауды ұйымдастыру, жартылай фабрикаттарды, технологиялық процестердің параметрлерін өндірістік бақылау және дайын өнімнің сапасын бақылау, қазіргі жағдайда тамақ биотехнологиясы кәсіпорындарының жұмыс деңгейінде практикалық міндеттерді шешу
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдық өнімдерін өңдеу кезінде физикалық, биохимиялық, биофизикалық, микробирлогиялық әдістер мен процестерді пайдалану. Биотехнологияның экологиялық аспектілерінде микроорганизмдерді қолдана отырып биотехнологиялық процестердің табиғаты мен алуан түрлілігі туралы білім, иммунология, медициналық диагностика саласындағы жетістіктерді, физиологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін практикалық қызметте пайдалану
  • Тамақ өнімдерін өндіру кезінде болатын микробиологиялық процестерді игеру үшін микробиологияның іргелі бөлімдерінің арнайы білімін практикалық қызметте қолдана білу. Ферменттердің негізгі кластарын, олардың катализдейтін реакцияларын және оларды практикалық қолдану перспективаларын, микроорганизмдерді өсіру негіздерін, микроорганизмдер негізінде өнімдерді алудың технологиялық процестерін, құралдарды пайдалану әдістерін, өсімдіктерді өсіру тәсілдерін, олардың биосинтезі мен биотрансформациясы өнімдерін білу
  • Биотехнология негіздерін, оның ішінде биотехнология объектілері мен әдістерін, биотехнологиялық объектілерді таңдау принциптерін және биотехнологиялық өнеркәсіпті дамытудағы жаңа бағыттарды, биотехнология саласындағы жетістіктерді, тамақ өнімдерін өндіру кезінде және әр түрлі салаларда негізгі биотехнологиялық үрдістерді, өнеркәсіптік өндірісте биотехнологиялық процестерді пайдалануды білу
  • Тамақ өнеркәсібінде ғылыми зерттеулерді және бизнесті ұйымдастыру, экономикалық есептерді орындау және стартап құру бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеру.
  • Азық-түлік өнімдерінің технологиялық процесін ұйымдастыруды, азық-түлік өнімдерін алудың технологиялық процесін жүзеге асыру және басқаруды, өсімдіктердің және микроорганизмдердің биопродуценттерін, өндірістің әртүрлі сатыларында болатын микробиологиялық, биохимиялық, коллоидтық процестерді пайдалана отырып технологияларды білу. Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық режимдері мен параметрлерін пайдалану. Тағам өнеркәсібінде және адам тамақтануында қолданылатын биокомбикормдарды, тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды өндіру бойынша теория және практика, сондай-ақ тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды жіктеу және олардың тамақ өнімдерін өндірудегі рөлін білу
  • Азық-түлік өнімдерінің экологиялық және биологиялық қауіпсіздігін сақтауды бақылау әдістерін түсіну. Биотехнологиялық өндіріс кәсіпорындарында тамақ өнімдерін микробиологиялық бағалау, тамақ өнімдерінің ассортименті, олардың сапасын бағалау, азық-түлік өнімдерінің тауарлық сапасын бағалау және өзінің кәсіби қызметінде зерттеудің заманауи физика-химиялық әдістерді білу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
Top