6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогикалық-психологиялық, ғылыми және мәдени-әлеуметтік салада алған терең білімдерін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша соңғы теориялық парадигмаларды білетін және оқыту мен педагогикалық-психологиялық жұмыстарында практикалық дағдыларды меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазу
Пән ғылыми зерттеулерді әзірлеу үшін қажетті әдіснамалар мен әдістерді, аспектілерді, принциптерді, тенденцияларды зерттеуге бағытталған, студенттерге ғылыми-зерттеу жұмысының заманауи дағдылары үйретіледі. Пән академиялық жазудың мәнін ғылыми жұмыстарды ұсыну стилі ретінде ашады, ғылыми жұмыстарда ойды қысқаша және қол жетімді түрде ұсынудың практикалық тәжірибесін береді. Курс әр түрлі академиялық жанрлардың (аннотация, реферат, ғылыми конференция) аналитикалық мәтіндік қызметімен байланысты білім алушының коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пән кәсіпкерлік құрылымдардың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастар жүйесі ретінде кәсіпкерлік теориясы мен практикасының негіздерін зерттеуге бағытталған. Курстың мазмұны білім алушылардың кәсіпкерлік қызметтің мәнін, кәсіпкерлік мәмілелердің түрлері, өз бизнесін құру және кәсіпкерлік құпияны қорғау тәсілдері туралы білімдерін игеруге бағытталған. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеуді қамтиды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қағидаттарын ашады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттануға кіріспе
Әдебиеттануға кіріспе пәнін оқытудағы мақсаты мен міндеті-әдебиеттанудың қалыптасуын, басты ағым-бағыттарды, негізгі мектептер мен ондағы басты ұстанымдардың, басты категориялар мен терминдердің мәнін ашу, әдебиеттанудың басты категорияларын саралау. Әдебиеттану ғылымы және оның салаларын білу; әдеби бейне, оның түрлері мен жасалу жолдарын тану; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын, суреткердің дербес стилін талдауды меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіршілік қауіпсіздігі мен экология негіздері
Курс экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерделейді, табиғи, техногендік және әлеуметтік ортада туындайтын қауіпті жағдайларды, табиғи ортадағы мінез-құлық ережелерін, төтенше жағдайлардың туындау себептерін зерттеуді көздейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пән Қазақстан Республикасының өзгермелі қоғамдық-экономикалық жағдайында оқушының жеке басын қалыптастыру жүзеге асырылатын тұтас педагогикалық үдеріс туралы теориялық білімді игеруге бағытталған. Пән тұтас педагогикалық процестің негізгі принциптері мен заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесін басқарудың формалары мен әдістерін, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын зерттейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халық ауыз әдебиет
Халық ауыз әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы, халық өнерінің ішінде халық ауыз әдебиетінің алатын орны, оның ғылымдарға қатысы, халық ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты, туу, таралу-сақталу ерекшеліктері, халықтық сипаты, қоғамдық маңызы, ауызша айтудың дәстүрлілігі, формулалығы, стильдік кестесі, халық ауыз әдебиетінің пайда болуы туралы пікірлер және оның жанрлары, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары туралы түсінік беріліп, қалыптастырылады. Мазмұн-мәні терең көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тіл біліміне кіріспе
Тiл бiлiмi және оның өзге ғылым салаларымен байланысы; тiлдiң шығуы, даму заңдылықтары. Әлем тiлдерi және олардың классификациясы тілді зерттеу объектісі ретінде тану және тіл білімін ғылым ретінде қарастыру; тіл білімінің базалық ұғымы мен анықтамаларын игерту; тіл теориясының негізгі проблемаларын, лигвистика ғылымдарының тарихын білу болып есептеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Нормативті қазақ тілі
Бұл курсттастуденттерінің қазақ тілі пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу, әдеби тіл нормасына сәйкес дұрыс сөйлеуге үйрету, соның негізінде «Қазіргі қазақ тілі» ғылыми курсына алдын ала даярлық жасау. Қазақ тілінің барлық салаларының зерттелу барысынан хабардар болу, тақырыпқа қатысты басты ұғымдарды және бірліктерді меңгеруді білу керек. Дәстүрлі талдауға байланысты зерттеушілік жұмыстарды жүргізе алу қабілетін шыңдау, студенттерді тиісті әдебиетпен қамти отырып, оларға өздігінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағдар берілуі керек..
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі
Осы пәнді оқытудағы мақсатымыз, қазіргі түркі тілдерінің лексикалық қорындағы ортақ түркі сөздеріне тарихи тұрғыдан салыстырмалы талдау жасай білуі; түркі тілдерінің грамматикалық құрылымына типологиялық талдау жасай білуі; фонетикалық дыбыстық сәйкестіктерді көне түркі ескерткіштер тілімен салыстыра білуі, графикалық жүйелер ерекшелігін білу және материалдарды әртүрлі дәуірдегі графикалық ерекшелік бойынша кезеңге бөле білуі тиіс.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл пәнді оқытуда біз білім беру жүйесінде тәрбиелеу құрылымы;тәрбие процесінің қозғаушы күштері мен логикасы; тәрбиелеу теориясының негізгі және тұлғаны дамыту; заңдылықтары, принциптері, бағыттары мен тәрбиелеу жүйесі; тәрбиелеу ерекшеліктері мәдениет-ұлтаралық қарым-қатынас; ерекшелігін сабақтан тыс қызметін ұйымдастыруды қарастырамыз.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ежелгі дәуір әдебиеті
Фольклортану мен ежелгі дәуір әдебиетінің пәні ежелгі дәуір әдебиетінің қалыптасып, дамуын саралап, теориялық тұжырымдар, ғылыми ізденістер жасауға бағыттайды. Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі, б.з.б. жазу-сызулар, Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет, Орхон ескерткіштері, Қорқыт Ата кітабы және ол жайындағы жыр-аңыздар т.б. Әдебит тарихындағы
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Бұл пән қазіргі қазақ тілі фонетикасының негізгі зерттеу объектісі – тіл дыбыстары болып саналады. Табиғи дыбыстардың тіл дыбыстарымен арақатынасы, тіл дыбыстарының жасалуы, олардың сапасы, тілдің ең кіші бөлшегі ретіндегі дыбыстардың қызметі, қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, дыбыстардың бір-біріне әсері, қазақ графикасының дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы нақты ғылыми түсінікті фонетика пәні береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Сөйлеу және коммуникативтік қызметтің барлық аспектілерінде шет тілін кәсіби меңгеру; кәсіби-маңызды мәселелердің кең шеңбері бойынша еркін кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті мен біліктілігін үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіби орыс тілі
Бұл курста студенттерде коммуникативті құзіреттілік деңгейін қалыптастыру, өзінің коммуникативті ниетін әлеуметтік-тұрмыстық, оқу-еңбек, әлеуметтік-мәдени қатынастарда іске асыра алу, мәтінді тыңдау сияқты монологтық тілдесуге үйрету, жазбаша тілдесу дағдысы мен білімін дамыту. Осы курста өтілетін тақырыптар бойынша тілдік және грамматикалық құралдарды қолданып, өз пікірін, бағасын, ойын және қорытындылау қабілетін қолдану болып саналады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ жазуының тарихы
Бұл пән филология мамандарына бағзы заманнан бері дамып келе жаткан қазақ тілінің графикалық жүйесінің қалыптасу тарихынан түбегейлі білім беруді көздейді. Көне жазбалардан келе жатқан қазақ тілінің жазу жүйесінің қалыптасу тарихын көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеттануының тарихнамасы
Пән оқытудағы мақсатымыз, ХХ ғасыр басындағы ірі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралай отырып, осы дәуірдегі әдебиетші ғалымдардың қазақ әдебиеттануына қосқан үлесін саралап, сипаттама беру. Әдебиеттану және оның өзге ғылым салаларымен байланысы. Әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жазылу тарихы. Филолог ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы және ғылыми ұстанымдары саралау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дінтану
Курстың мақсаты діннің мәндік анықтамаларын, шығу алғышарттарын, қоғамда алатын орны мен ролін, оның құрылымы мен әлеуметтік қызметтерін зерделеу. Студенттердің діннің шығу және таралау тарихымен таныстыру, діннің қоғамда алтын орны мен атқаратын қызметтерін анықтау, діннің тарихи формаларын, әлемдік діндерді және олардың даму эволюциясын зерттеу болып келеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ балалар прозасы
Бұл курсты оқытудың мақсаты балалар прозасы жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру, балалар әдебиетінің аударылу мәселесі, басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беру де басты мақсаттардың бірі. Пән оқытуда мынадай мәселелер қарастырылады, қазақ балалар прозасының әдебиетінің даму-бағыттарын айқындау, балалар әдебиетіндегі басты тақырып, жанрлар жүйесіне, көркемдік құпия астарларына ден қою.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Бұл пәнді оқыту барысында, қазақ хандығы дәуірдегі әдебиетіне жататын ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу, ежелгі дәуір мен қазақ хандық дәуір әдебиеттерінің ара қатынасын жүйелеп көрсете білу; қазақ хандық дәуіріндегі әдебиетінің пән ретіндегі ерекшелігін тани білу; мәтіндік салыстырулар жасау арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктер саралай білу, білім алушының өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, бұл дәуірдегі әдебиетке жататын туындылардың жыр жолдарын жатқа айта білуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Осы пәнді оқыту кезінде халық тілінің пайда болу тарихын, соған сай халықтың құралып жасалу тарихын айқындауға қажетті құнды материалдар бере отырып, тілдегі деректер, белгілі бір халықтың тарихи көшінің бойында қандай елдермен, қандай халықтармен қарым–қатынаста болғандығын айқындау. Жалпы халықықтық тілдің бір аймаққа тән тілдік көрінісін айқындау. Әдеби тiлдiң статусы. Әдеби тiлдiң тарихи негiздерi. Даму кезеңдерi.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ ономастикасының теориясы мен практикасы
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихынан, қазақ антропонимдерінің, топонимдерінің зерттелу тарихынан мағлұмат береді. Ономастикалық атауларға этимологиялық талдау жасауға бейімдеуді, тарихи ономастиканың әртүрлі салаларының әрқилылығын түсіндіруге, түсінік қалыптастыруға, тарихи ономастика салаларының ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ диалектологиясы
Халықтың ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін, соңғы жылдар ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулер барысында анықталған диалектілік ерекшеліктерді тиянақты меңгертуді көздейді. Қазақ тілі құрамындағы диалектілік ерекшеліктердің тілдік салаларын білуді, фонетикалық ерекшеліктердің позицияларын білуді, лексикалық ерекшеліктердің мағыналық, стильдік топтарын, грамматикалық ерекшеліктердің категория, тұлғасын ажыратуды меңгертуге бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ тіл білімінің тарихнамасы
Курстың оқыту мақсаты, қазақ тіл білімі саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы студенттерге жүйелі білім беру, алған білімдерін практикалық түрде жетілдіру болып саналады. Қазақ тіл білімі және оның өзге ғылым салаларымен байланысы. Тілші ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жазылу тарихы. Филолог ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы және ғылыми ұстанымдарын саралау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
Осы курсты оқытуда қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі обьектісі – сөз болып келетінің білеміз. Лексикология пәні өзінің басты қарастыратын обьектісіне тікелей қатысты, яғни сөз және ұғым, сөздің негізінен атауыштық қызмет атқаратыны, сөздің семантикалық ерекшеліктері туралы нақты ғылыми түсінік, қазақ тілінің сөздік құрамы мен фразеологиясы туралы лексико-семантикалық, функционалды-стилистикалық тұрғыдағы теориялық білім береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ балалар поэзиясы
Бұл пәнді оқыту барысында, оқыған көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан талдай білу, балалар әдебиетінің стильдік, жанрлық даму сипатын айқындай алу, көркемдік таным, талғам арқылы сөз қолданыс тәсілдерін ажырата алу, көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет тарихы мен көркем туындыны зерттеуге қажетті біліммен қаруланады; әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдарды, категорияларды теориялық тұрғыда терең игеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық әдістемесі
Бұл курста болашақ мұғалімдерді қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздерімен қаруландыру, қазақ тілін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері, тиімді жолдарымен, қазақ тілін жаңашыл оқытудың маңызы мен мақсат-міндеттерімен таныстыру туралы. Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды кіріктіру жолдарын меңгерту тиіс.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударматану
Бұл курс студенттерге аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қагидаларымен таныстыру, аударма туралы кәсіби құзыреттілік қалыптастыру болып табылады. Осы пәнді оқығанда студенттер аударма саласындағы өзінің және бөгде мәдениетте қарым-қатынас жасау мен оқып үйрену мен аударма стратетегиясы негізінде қол жеткізе алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
«Қазақ тілін окыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты - студенттерге мектепте қазақ тілін окытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі калыптасқан, бәсекеге қабілетгі, ғылыми және интеллектуалдык элеуеті жоғары маман даярлау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні пәнді оқыту әдістемесінің негізгі талаптарын, мақсатын білу, мектепте әдебиетті оқытудың оғтайлы әдіс-тәсілдерін меңгеру, пәннің өзіндік ерекшелігін, маңызын саралап, қазіргі әдістеме ғылымына қатысты көзқарастармен таныстыруға бағытталған. Және теориялық білімді меңгере отырып, ғылыми талдауға, теориялық тұжырымдар жасауға, одан меңгерген дағдыларына машықтану бейімделуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Сөзжасам курсының негізгі мақсаты – студенттерге тіл білімінің негізгі саласының бірі сөзжасам туралы теориялық білім беру. Бұл пәнді оқыту барысында, сөзжасамның жалпы теориялық мәселелерiмен таныстыру; сөзжасамдық талдаудың шарттары мен жолдарын көрсету; сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тiзбек, сөзжасамдық тарам, т.б. ұғымдар; сөзжасамдық талдау жасап жаттығу; қазақ тiлiндегi сөзжасамдық негiзгi үш тәсiлдi ажыратуға жаттығу, олардың негiзгi белгiлерiн бiлу; түрлi сөзжасамдық тәсiл арқылы жасалған әр сөз табына қатысты туынды сөздердi тануға, дәлелдеуге, ажыратуға жаттығуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы курсы жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлауда оқытылатын негізгі ғылыми-теориялық пән. Пән қазақ тілінің морфологиялық жүйесіне қатысты грамматикалық мағына, оның түрлері, грамматикалық форма және грамматикалық категориялар, түбір және қосымша морфемалар, сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеуге дағдыландырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
19 ғасырдағы қазақ әдебиеті
Бұл пәнді оқыту барысында, қазақ хандығы дәуірдегі әдебиетіне жататын ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу, ежелгі дәуір мен қазақ хандық дәуір әдебиеттерінің ара қатынасын жүйелеп көрсете білу; қазақ хандық дәуіріндегі әдебиетінің пән ретіндегі ерекшелігін тани білу; мәтіндік салыстырулар жасау арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктер саралай білу, білім алушының өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, бұл дәуірдегі әдебиетке жататын туындылардың жыр жолдарын жатқа айта білуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ тілі оқытудың инновациялық әдістемесі
Курсты оқыту кезінде, болашақ мұғалімдерді қазақ тілін мектепте оқыту әдістемесінің теориялық негізімен таныстыру; күнделікті сабақта пәнді оқытудың білімділік және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру іскерлігін қалыптастыру; практикалық, лабораториялық сабақ барысында болашақ мұғалімдерге пән бойынша мектепке қажетті материалдар жинауға көмектесу; мұғалімі деген кәсіби шеберлікті қалыптастыру жолдарын зерделеу болып есептеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы әдебиеттану
Әдебиеттанудың сөз өнері тарихын, әдеби байланысты, әдеби процесс пен оның заңдылықтарын, көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін саласы. Әрбір халықтың сөз өнерінің пайда болуы мен қалыптасуын, даму жолдарын, сондай-ақ өзге халықтар әдебиетімен байланысын, көркем туындының әлем әдебиетіндегі орнын, әдебиет әлеміндегі алмасуларды, аударманы, т.б. мәселелерді өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып, кең ауқымда зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру курсы оқыту процесiнiң мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазiргi әдiснамалық жағдайларға сүйеніп, психология мектебiнiң жетiстiктерi мен тұжырымдамаларын негiзге алады, сондай-ақ әлемдiк психологияның жетiстiктерiн талдау.Білім жүйесінде әр түрлі салаларындағы тұлғалық – мотивациялық, болашақ бакалаврларда инклюзивті білім беру туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жалпы тіл білімі
Жалпы тіл білімі – тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл тіл туралы ғылымның бағыт – бағдарын белгілейтін компас ғылым. Бұл пән – студенттерді теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстырады. Оларға жалпы тіл білімі ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
20 ғасыр бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Бұл пән ХХ ғасыр басындағы ірі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралай отырып, осы дәуірдегі әдебиеттің жалпы хал-ахуалына сипаттама беруді үйрену, дәуір әдебиетінің даму бағыттарын, жанрлық-тақырыптық ізденістерін түсіндіруді үйрену, осы кезеңдегі түрлі партиялық қаулы-қаһарлардың әдебиеттің дамуына ықпал етуін көрсету, 20-30 жылдардағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік, мәдени өміріне, дәуір басындағы ірі тарихи оқиғалардың көркем әдебиеттің дамуына тигізген әсерін, қазақ зиялы қауымының қоғамдық өзгерістерге деген көзқарастарын саралауды үйренуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Осы курсты оқып үйрену студенттердің оқу жетістіктерінің критериалды бағалау технологиясын игеру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи моделдерін қолдану, студенттерді критерийлік бағалау жүйесін ұйымдастыру, психологиялық және білім беру қызметінің мақсаттары мен мазмұнын қанағаттандыратын бағалау құралдарын меңгеру мүмкіндіктерін ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сын тұрғысынан ойлау
Бұл курс қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Рационалды білімдердің формалары мен әдістерімен қамтамасыз етеді. Кәсіби қызмет саласында қолданылатын логикалық әдістер мен тәсілдерді жалпы түсінуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Пән қазіргі қазақ тілінің сөйлемдеріндегі, сөз тіркестеріндегі және басқа да тілдік бірліктеріндегі сөйлеудің әртүрлі бөліктерінің құрылымы мен функционалдық өзара іс-қимылын зерттеуге бағытталған. Синтаксис сөйлемдегі бағыныңқы байланыстарды, еркін және еркін емес тіркестерді, сөйлемді оның құрамы мен құрылымы тұрғысынан зерттейді. Пән сонымен қатар сөйлем мүшелерін, сөйлемнің грамматикалық негізін, қарапайым және күрделі сөйлемдердің түрлерін қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының әдебиеті
«Түркі халықтарының әдебиеті» оқу құралының негізгі мақсаты – студенттерге түркі тілдерінің зарттелу тарихынан, олардың топтастырылу, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірінен алыс-жақындығын ажырата білуге үйрету т.б. Авторлар түркі халықтарының этникалық құрамы мен құрылымы туралы мәлімет бере отырып, тілдік сыбайластықтың тарихи сырын анықтай білуді, салыстыра анықтауды үйретуді мақсат етті.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел әдебиетінің тарихы
Осы пән антикалық дәуiр әдебиетi, ежелгi дәуiр әдебиетiнiң маңызы; ортағасырлық және қайта өрлеу дәуiрi әдебиетi; халық шығармашылығы, өрлеу дәуiр әдебиетiндегi адамгершiлiк арна; XVII ғасырдағы проза, драма және поэзия жанрындағы классикалық үрдiс; XVIII ғасырдағы сентиментализм; реализм және XIX ғасырдағы реалистiк роман шеберлерi; мәдениеттiң ортақ тарихы тұрғысында Шығыс халықтарындағы әдебиеттi бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі менеджмент
Зерттеудің бұл курсы қазіргі заманғы білім беру менеджментінің теориялық және әдіснамалық негіздерімен, Қазақстанда және шетелде білім беру жүйесін дамытудың үрдістері мен стратегияларын, білім беру ұйымын басқарудың құқықтық негіздерін, қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Заманауи қазақ әдебиеті (2000 - о.к.д.)
Пәнде 2000 жылдар жаңа дәуір әдебиеті үлгілерінің ерекшеліктері, теориялық тұрғыдан сараланады. Әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны, әдебиеттің тарихы сынды салалары тұрғысынан зерделеніп, жаңа кезең шығармалары таныстырылады. Қазіргі дәуірдегі қаламгерлер туындыларының идеялық-эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарасымен, өмір тәжірибесімен, қоғам талабымен байланыстырып қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын жасау. Түркі тілдері арасындағы синтаксистік, морфологиялық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи шешендік өнер
Курсты оқыту кезінде, шешендік деген ұғымның тарихи категория екендігін ұғындыру керек. Ол халықтың қоғамдық, әлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайына байланысты дамып, кемелденіп, марқайып отырған. Осыған орай оның шеңбері кейде кеңейіп, кейде тарылып отыруы мүмкін. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма мәтінін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақамына кслтіріп жеткізе алмақ емес.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Терминология және іскерлік іс жүргізу
Бұл пәннiң алдына қойылатын мақсаты – білім алушыларды тiл терминтану және ісқағаздар пәнінің негiзгi теориялармен қаруландыру, оларға тiл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазiргi күйiнен, алда тұрған мiндеттерiнен, шешiлген және әлi шешiлмеген проблемаларынан жан-жақты мәлiмет беру. Курсты меңгергеннен кейін студенттер білуі тиіс. қазақ терминологиясы объектісін тану және ғылым ретінде қарастыру, ұғымдар мен терминдер жүйесімен танысу, қазақ терминологиясының базалық ұғымы мен анықтамаларын игерту білуі тиіс.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Абайтану
Осы пәнді оқыту барысында, Абай өскен, тәрбиеленген ортамен, ол өмiр сүрген дәуiрмен, ондағы қоғамдық қатынастармен жақын таныстыру. Яғни Абай шығармаларынның бағдарын айқындаған ұстанымдарды айқын көрсету. Абайдың ақын болып қалыптасуына ықпал еткен негiзгi факторларды бүгiнгi таным тұрғысынан зерделеу. Абай шығармаларының қайнар көздерiн, олардың Абай шығармаларындағы орнын нұсқау. Абай жаңашылдығының негiздерiн таныту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
Пәнді оқытуда, мәтiн туралы түсiнiк берiп, мәтiннiң құрылымы мен түрлерiн танытады, мәтiннiң сөздiк құрамын талдау үлгiлерiн көрсету. Студенттердiң қазақ тiлi салаларынан алған бiлiмдерiне сүйенiп, қазақ тiлiнiң сөздiк құрамы, дыбыс жүйесi, сөзге түсетi екпiн түрлерi, сөйлеу интонациясы және сөз мағынасы жөнiндегi бiлiмiн орнықтыру, жетiлдiру;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ әдеби сынының тарихы
Курс мазмұнына, сын - әдебиеттің аса күрделі саласы. әдеби сынның жанрларын теориялық тұрғыдан арнайы зерттеп, оның ішкі құрылымына қазақ баспасөзінің тәжірибелеріне сүйене отырып, типологиялық тұрғыдан қарастыру аса қажет. Осы мақсатты көздей отырып, қазақ әдеби сынының негізгі жанрлары әдеби хабар, шығармашылық портрет, түрлері мен оның жанрлық ерекшеліктері осы пән барысында оқыту көзделеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әдеби талдау және әдеби шығармашылық
Бұл пән әдебиеттану және оның өзге ғылым салаларымен байланысы, әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жазылу тарихы, филолог ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы және ғылыми ұстанымдары саралау,қазақ әдебеиттану ғылымы дамуына қосқан үлестері туралы оқытылады. Олардың әдебиетте ұстанған бағыттарын, көркем туындыларының негізгі тақырыптары мен көркемдік сипатын ашып, олардың қазақ әдебиеттануында зерттелуі туралы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
КӘдебиет теориясы пәнінің теориялық негізін, әлемдік эстетика тұғырнамаларды, әдеби тәжірибелерді білу, ұлттық әдебиеттану әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну, әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу, әдебиет туралы ғылым және оның салаларды білуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің стилистикасы
Курс оқыту барысында, стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері. Стилистикалық мағына. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика. Стилистиканың зерттеу әдістері. Стилистикалық норма. Жазба әдеби тiлдiң стильдерi. Ауызекi сөйлеу стилi. Стильдердi жiктеу. Стилистикалық фигуралар. Қазақ тілінің стилистикалық құралдары. Фонетикалық стилистика.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің өзекті мәселелері
Тiл бiлiмiнің өзекті мәслелері пәні, тiлдiң шығуы, даму заңдылықтарын, фонетика, лексикология, грамматика, жазу оның даму кезеңдерiн қарастыррады. Әлем тiлдерi және олардың классификациясы тілді зерттеу объектісі ретінде тану және тіл білімін ғылым ретінде қарастыру; тіл білімінің базалық ұғымы мен анықтамаларын игерту; лингвистика терминдерінің қатынасын, бөліну қағидалары мен жіктелуін игеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
20 ғасыр екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Пән ХХ ғасыр ІІ жартысындағы қазақ әдебиет пәнінде жылымық кезең әдебиетін оқытады. Қоғамдық-саяси ахуалдың көркемдік шындық пен тарихи шындық, уақыт пен кеңістік тұрғысынан сараланып, көркем образдардың ерекшеліктері айқындалады. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мустафин, Ә. Нүрпейісов, М.Мағауин, Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, Т. Әбдік сынды қаламгерлердің туындылары талданады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ON1–педагогикалық-психологиялық мәселелерді өз бетімен талдай отырып, жинақталған тәжірибе мен білімді шапшаң қайта ойлай білу
- ON2- әлеуметтік-педагогикалық пәндер бойынша бағдарламада берілетін білім мазмұнын меңгеріп, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинақтау
- ON3 - тілдің/әдебиеттің тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін меңгеріп, олардың негізгі қағидаларын кәсіптік деңгейде қолдану
- ON4 - тіл білімі/ әдебиеттанудың өзекті мәселелерін кәсіби тұрғыда игеріп, дәйекті тұжырымдап оқыған саласындағы мәселелерді шешу
- ON5 - қазақ тілі /қазақ әдебиетіпәндерін оқыту әдістемесінің негізгі ұстанымдарын жетекшілік ете отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша инновациялық әдістерді қолдану
- ON6 - қазақ тіл білімі / қазақ әдебиеттануының тарихын жүйелеп қарап, тілдік/әдеби талдау әдістері мен әдіснамасын меңгеру, әрбір халықтың сөз өнерінің пайда болуы мен қалыптасуын, даму жолдарын, өзге халықтар әдебиетімен байланысын зерттеп, салыстыра білу
- ON7 - грамматика теориясы мен функционалды-коммуникативтік аспектісін талдай отырып, атаулы сала бойынша білімі мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдану
- ON8 - жұрт алдында шешен сөйлеу дағдыларын меңгеріп, өз жеке пікірін дәлелдей білу, инклюзивті практиканы іске асыру
- ON9 Сөйлеу және коммуникативтік іс-әрекеттің барлық аспектілерінде орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасай алады, құқықтық жүйе мен экономиканың негіздерін біледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құбылыстар саласында азаматтық ұстанымдарын сақтайды, маңызды мәселелерді жүзеге асыруда еркін кәсіби қарым-қатынас жасай алады
- ON10 - Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебін тұжырымдай білу, диалектілік құбылыстардың таралған аймағын саралау, Қазақстанның барлық аймақтарының диалектілерін біліп, қазақ тілі құрамындағы диалектілік ерекшеліктердің тілдік салаларын ажырату; ономастика салаларының классификациясын жіктеп, жалқы есімдердің шығу тарихын білу, қазіргі қолданыстағы ерекшеліктерін анықтау
- ON11 кәсіби қауымдастықта жұмыс істеу, әлеуметтік, мәдени және жеке айырмашылықтарды толеранттылықпен қабылдау меңгеруі, экологиялық және денсаулық сақтау дағдыларын қолдану, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын меңгеру
- ON12 – қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиеттануының, қазақ грамматикасының, оқыту әдістемесінің, диалектілік құбылыстардың, халық ауыз әдебиетінің тарихы мен теориясы игеру, олардың ғылымдарға қатысы, мұраларының көп қырлы табиғаты, пайда болу, таралу-сақталу ерекшеліктері, халықтық сипаты, маңызы туралы білімді меңгеріп, талдау жасай білу
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті