6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Іргелі білімі мен кәсіби құзыреттілігі, көшбасшылық қасиеттері, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, сапалы ғылыми-әдістемелік деңгейде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мен оқу процесін ұйымдастыруға қабілетті, білікті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Қазіргі қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің 1920 жылдардан бүгінге дейінгі даму деңгейін қарастыру болып табылады. Пәннің мазмұны әдеби жанрлардың түрі мен мазмұнын, прозалық, поэзиялық, драмалық туындылардың тақырыбы мен идеясын, көркемдік дәрежесін, мазмұнын, ақын-жазушылардың қаламгерлік шеберлігін, шығармашылық жолын, дүниетанымын, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын, көркем шығармалардың мазмұндық-тақырыптық, жанрлық-көркемдік, идеялық-құрылымдық ерекшеліктерін, Тәуелсіздік кезіндегі әдебиетті қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіби қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың құқықтық мәдениеті мен саналы парасаттылығын қалыптастыру. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білімді және болашақ кәсіби қызметтегі осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруға, білім алушыларды әлеуметтік процестерді құқықтық реттеудің негізгі жолдарымен, мемлекеттік басқарудағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтың рөлімен таныстыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы: зерттеу дағдыларын дамыту
Пәннің мақсаты білім алушыларда орыс және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылымын салыстыру негіздері туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән салыстырылатын тілдер саласындағы білімді тереңдетуге, лингвистикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға, ғылыми ой-өрісті кеңейтуге, тілдік фактілерді талдау қабілетін дамытуға ықпал етеді, білім алушыларда салыстырылатын тілдерді оқытудың тиімді жолдарын түсінуін қалыптастырып, зерттеу дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Жасанды интеллект және цифрлық білім беру технологиялары
Пәннің мақсаты: оқытуды басқаруда жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны білім алушыларды жасанды интеллект негіздерімен таныстыруға, оқыту сапасының диагностикасын практикалық тұрғыдан қолдануды зерттеуге және оқу орындарының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін, жеке білім беру траекторияларын құру үшін жасанды интеллект сервистерін зерттеуге және білім беру процесін талдауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Пәннің мақсаты қазақ хандығы кезіндегі әдебиеттің дамуын, жыраулар мұрасының мазмұндық-тақырыптық сипатын, қазақ ақын - жырауларының шығармашылығын, толғау жанрын қарастырып, меңгеру болып табылады. Пәннің мазмұны жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктерін, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жырауларының және Шал, Көтеш ақындарының өмірі мен шығармашылығын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
ҚО жағдайында филологиялық пәндердің жаңартылған мазмұны
Пәннің мақсаты болашақ білім беру саласы қызметкерлерін филологиялық пәндерді қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді меңгертудің теориялық-әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру. Пән қашықтан оқыту жағдайында мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың ерекшеліктері туралы тұтас түсініктерді қалыптастыруға, қазіргі мектепте білім алуға социобихеиористік және іс-әрекеттік тәсілдерді меңгертуге, қашықтықтан оқытуды есепке ала отырып, сабақтарды әзірлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Медиариторика
Пәннің мақсаты білім алушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі жанрдағы медиа мәтіндерді құру. Пән тұжырымдамалықты, тілдік экспрессивтілікті ескере отырып құрылған медиариторикадағы дәлелдеу стратегияларын, болашақ маманға білім беру мазмұнын жаңартуды ескере отырып, ауызша іс-әрекеттің технологиялық жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік беретін коммуникативті тактиканы құру үшін қажетті сөйлеу этикеті, риторикалық этика категорияларын игеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ әдебиетінің сыны мен теориясы
Пәннің мақсаты қазақ әдебиеті сынының даму, қалыптасу кезеңдерін, әдеби сынның негізін салушылар мұрасын меңгерту. Пән әдеби сынның әлеуметтік, эстетикалық міндеттерін, әдебиет теориясының өзіндік болмысын, методологиясын, мектептерін, қазіргі ғылыми ағымдарды, эстетикалық ойдың даму кезеңдерін, көркем әдебиеттің табиғатын, автор, кейіпкер, шығарма, шығармашылық әлемін, әдеби тек, жанр, әдеби процесс, стиль мәселелерін игертуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
ҚО платформаларын қолданып мамандық пәндерін оқыту
Пәннің мақсаты білім беру саласы қызметкерлерінің мамандық бойынша пәндерді оқыту барысында қашықтықтан оқытудың әртүрлі платформаларын пайдалана отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіруі болып табылады. Пән қазіргі мектепте филологиялық пәндерді оқытуда платформаларды қолдану дағдысын қалыптастырады; Classroom, YouTube, iSpring Learn, ZenClass, Etutorium және т.б. қашықтықтан оқыту платформаларының артықшылықтары мен кемшіліктері талданады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Пәннің мақсаты - білім алушыға қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласы бойынша жүйелі теориялық білім беру. Пән тіл дыбыстарының пайда болуын, дауысты, дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық жіктелуін, фонетиканың сегменттік және суперсегменттік бірліктерін, позициялық, комбинаторлық фонетикалық үрдістерді, тарихи және тірі дыбыстық алмасуларды, фонологиялық жүйені, фонологиялық мектептерді, орфоэпияны, графиканы, орфографияны оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Пәннің мақсаты білім алушыларда тілдің пайда болуының, дамуының, жұмыс істеуінің жалпы заңдылықтарын қалыптастыру. Курс лингвистикалық білім парадигмасының ерекшеліктерін ашуға, тілді белгілер жүйесі, адами қарым-қатынас, ойлау құралы ретінде зерттеуге бағытталған. Білім алушылар тіл туралы тұтас, тарихи қалыптасқан функционалдық білім ретінде идеялар жүйесін қалыптастырып, тілді сипаттау тәсілдерін зерттейді, әртүрлі лингвистикалық мектептерді салыстырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Фольклор теориясы
Пәннің мақсаты білім алушыларда фольклористика ғылымы туралы толық теориялық білімді қалыптастыру. Пән мазмұны фольклористиканың қалыптасу тарихын, даму кезеңдерін, негізгі принциптері мен жетістіктерін, фольклористиканың өзекті мәселелерін зерттей келе, фольклордың ұлттық ерекшеліктерін, жіктелуін, фольклорлық жанрлардың теориясы мен поэтикасын және оның қазіргі жағдайын, фольклорды жинау, өңдеу мен сақтау мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер
Пәннің мақсаты – инновациялық технологиялармен, құралдармен, нысандармен, жолдармен, әдістермен, әдістемелермен, стратегиялармен және оқыту құралдарымен, сапалық және сандық бағалау көрсеткіштерімен, инновациялық бағалау тенденцияларымен және оларды оқу-тәрбие қызметінде практикалық қолданумен таныстыру. Пән іс-әрекеттің мазмұны мен түрін дамытуға, бағалау нәтижелерін қадағалауға, талдауға, рефлексия жүргізуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Абайтану
Пәннің мақсаты Абайтану ғылымы мен қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау болып табылады. Пәннің мазмұны қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарын, әдеби орта, Абайдың ақындық ортасы, ақындық мектебі, ақын шәкірттері және Абай мен аға буын арасындағы рухани жақындастық мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Көне түркі әдебиеті
Пәннің мақсаты өзімізге туысқан түркі халықтары әдебиетінің ақын-жазушылары шығармашылығының қыр-сырымен, қалыптасу кезеңдерімен танысу болып табылады. Пән түркі, оғыз қағанаты дәуіріндегі әдеби шығармаларды, түркі жазба жәдігерліктерін, олардың зерттелуін, идеялық мазмұнын, ХІ-ХІІ ғ.ғ. қыпшақ әдебиетін, Хорезми дәуіріндегі әдеби мұраларды, сондай-ақ тарихи тақырыптарға жазылған көркем шежірелердің әдебиет тарихындағы орнын саралауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Тілдік қатынас негіздері
Пәннің мақсаты тілдік қатынас теориясының пайда болу және даму негіздерін, зерттелу тарихын, сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін, тілдік қатынастың әдістемесін, қатысым әдісі арқылы қазақ тілін оқыту мәселелерін, қазіргі коммуникативистиканың базалық ғылыми аппаратын, коммуникацияны зерттеу әдістерін зерделеуге бағытталған. Коммуникацияның қазіргі теориясындағы қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттарын, вербалды, бейвербалды коммуникацияның прагматикалық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы қазіргі білім беру технологиялары
Пәннің мақсаты қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қазіргі технологияларды қолданудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту. Пән Қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы уақытта қолданыста жүрген жеке тұлғаны дамыту, проблемалық оқыту, СТО, АКТ, аксиологиялық, ұжымдық оқыту т.б. инновациялық технологияларды, олардың теориялық негіздері мен әдіснамасын қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылу ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Шетел әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты классикалық шетел әдебиетінің негізі болып табылатын Батыс пен Шығыстың көркем шығармалары арқылы мәдениетін түсіну, әлемдік шығармашылықтың негізгі тенденцияларымен танысу. Пән ежелгі (антикалық), ежелгі классикалық әдебиеттің, орта ғасыр әдебиетінің, қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің, ХІІ-ХХ ғғ. әлемдік әдебиеттің даму кезеңдерін, Испания, Италия, Франция, Англия, АҚШ, т.б. елдердің ақын-жазушыларының шығармашылығын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Тіл теориясы
Пәннің мақсаты тіл білімінің тарихы, тіл теориясы туралы теориялық білім беру. Пәннің мазмұны көне заманнан қазіргі кезге дейінгі лингвистикалық көзқарастарды, мектептер мен әдіс-тәсілдерді, тілдің табиғатын, дыбыстық тілдің шығуын, тілдің ішкі құрылымы мен жүйесін, қызметін, тілдің дамуын (глоттогоника), тілдердің өзара әсерлерін, таңбалық сипатын, тіл және қоғам арақатынасын, ой-сана қатынасын меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Лингвистикалық пропедевтика
Пәннің мақсаты жалпы теориялық лингвистика негіздерін, тілдердің шығу тегі, дамуы мен қолданылуының негізгі заңдарын меңгерту болып табылады. Пән жеке лингвистикалық пәндерді оқыту үшін қажетті ұғымдық-терминологиялық базаны қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылар тілдердің шығу тегін, өзара әрекеттесуін, тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттерін, оның даму кезеңдері мен жазу принциптерін игереді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе
Тіл білімінің негізгі тарауларын, қазіргі кезеңдегі әлемдік және отандық тіл білімінің даму тенденциялары мен бағыттарын зерттейді; тіл білімінің ұғымдары мен терминдері; тіл таңбалар жүйесі мен деңгейлік жүйе ретінде, тілдің құрылымы, оның негізгі бірліктері, олардың парадигматикалық және синтагматикалық қасиеттері, грамматикалық және синтаксистік категориялары, тілдердің жазылуы, генеалогиялық және типологиялық жіктелуі; тілдің дамуы мен қызмет ету механизмдері.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі әдеби процесс
Пәннің мақсаты қазіргі әдеби процесс, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті, ұлттық идея, әлемдік жаһандану, Тәуелсіздік жылдардағы проза, поэзия, драма жанрларының дамуын қарастыру. Қазіргі әдебиеттегі повесть-хикаяттар, әңгіме жанры, поэмалар, мемуарлық, естелік көркем проза, деректі әдебиет, қазіргі әдеби сын, Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану ғылымы, әдебиеттегі жаңа бағыт-бағдар (модернизм, постмодернизм, экзистенциализм, т.б. ағымдар) мәселелері игеріледі.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Пәннің мақсаты: білім алушыларда ғылыми зерттеулердің негіздері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін қажетті ғылыми танымның негізгі тәсілдері мен әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән ғылыми зерттеулердің принциптерін, заңдарын, нысандарын зерделеуге бағытталған және зерттеу әдістерін таңдау және іске асыру, зерттеу процесін ұйымдастыру технологияларын қолдану, талдау және жалпылау, ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Сөз өнерінің теориясы
Пәннің мақсаты әдебиеттану құрылымын зерттеу. Пәннің мазмұны әдеби шығарма туралы ілімді, шығарманың мазмұнын, тақырыбын, проблемасын, идеясын, шығарманың формасын, сюжетін, композициясын, пәндік әлемін, авторды ұсыну тәсілдерін, шығарманың тілін, әдеби процесті, әдістерді, бағыттарды, текті, жанрларды, көркемдік құралдарды, стильдерді қарастырады. Көркем шығарманың тақырыптық-көркемдік, идеялық ерекшеліктерін талдауды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисімен стилистикасы
Пәннің мақсаты синтаксис ғылымының пайда болу, даму, зерттелу тарихын, негізгі салаларын, сөздердің байланысу амалдарын, формаларын, сөз тіркесі жəне сөйлем құрылысының негіздерін, сөйлемдердің қатысымдық қызметін, синтаксистік тұлға мәселелерін, лингвистикалық стилистика бағыттарының негізгі ұғымдарын, функционалдық стильдер, тіл деңгейлерінің стилистикалық мүмкіндіктерін қарастыру. Күрделі сөйлемнің бөліктері арасындағы синтаксистік, стилистикалық байланысты білдіру құралдарын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Түркі халықтарының әдебиеті
Пәннің мақсаты білім алушыларды туыстас түркі тілдес халықтар әдебиетінің қалыптасу, даму жолдарымен, көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру, салыстырмалы-салғастырмалы, өзара дамуы мен өзара әсерлері тұрғысынан зерттеу болып табылады. Пәннің мазмұны түркі тектес, түркі тілдес халықтар әдебиетінің даму кезеңдерін, идеялық-эстетикалық, жанрлық ізденістерін, мазмұндық-тақырыптық жүйесін оқытуға, жекелеген ақын-жазушылардың шығаршашылығын оқытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің семантикалық жүйесі
Пән тілдік бірліктердің мағыналық жүйесінің құрылымын, өзіндік ерекшеліктерін, сөздің мағыналық құрылымын «формадан мазмұнға принципі» негізінде оқыту жүйесін, қазақ сөзінің ішкі мағыналық құрылымын оқытады. Семантиканың негізгі теориялық ұғымдары мен ғылыми теориялық бағыттарын, сөз семантикасы мен сөйлем семантикасын, сөздің лексикалық мағынасын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерліктің негіздері
Пәннің мақсаты: экономика және кәсіпкерлік негіздерін қалыптастыру болып табылады. Пән кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциясы мен рөлін, бизнесті жүргізудің ұйымдастырушылық және қаржылық негіздерін және кәсіпкерлікті аспаптық қолдауды, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді ашуға, өмірдің әртүрлі салаларында экономикалық білім мен экономикалық ғылым әдістерін қолдануға, кәсіпкерлік қызмет саласында оңтайлы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық әдебиеттерді оқыту арқылы зерттеу дағдыларын дамыту
Пәннің мақсаты-аймақтық әдебиетке ену арқылы зерттеу дағдыларын дамыту. Пән әдеби өмір фактілерімен, әдеби ортаның ерекшеліктерімен, мәдени аумақтың феноменімен таныстырады, Шығыс Қазақстан әдеби мәтінінің, өңірлік әдебиеттің көркем әлемінің типологиялық доминанттарын анықтауға, Шығыс Қазақстан облысының әдебиеті бойынша бірегей зерттеу жобаларын жасау жолымен өңірлік мәтіндердің өңірлік қайталанбас даралығын шығармашылықпен модельдеуге үйретеді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу негіздері
Пәннің мақсаты – білім алушылардың академиялық жазу саласындағы білім жүйесін, академиялық жанрлардың ерекшеліктерін, ғылыми мәтіндерді жазу ережелері мен принциптерін қалыптастыру. Пән әртүрлі көздерден алынған ақпаратты синтездеу және талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, өз идеяларын құрылымдық түрде баяндауға, ғылыми жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми және академиялық жанрдың әртүрлі мәтіндерін құра білуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Экология және қауіпсіз өмірдегі зерттеу негіздері
Пәннің мақсаты: білім алушыларда экология негіздері және қауіпсіз тіршілік ортасы туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән халықты табиғи және техногендік сипаттағы қауіптердің ықтимал салдарларынан қорғау бойынша экологиялық ойлау, болжау және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешімдер қабылдау дағдыларын, адам қызметінің қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы
Пәннің мақсаты - Қазақстанда және шет елде әртүрлі кезеңдерде білім беру жүйелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән тәрбие мен білім берудің әдістері, формалары, құралдары, принциптері, инновациялық технологиялары, стратегиялары, бағалау критерилері, ынтымақтастық ортасын құру тәсілдері, оқу және тәрбие қызметін модельдеу және басқару, оны әдістемелік сүйемелдеу, мониторингті жүзеге асыру туралы теориялық білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивтті білім беру
Пәннің мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктерін, диагностика технологиялары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістері туралы білім жүйесін ескере отырып, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Пән білім алушының ерекше қажеттіліктерін ескеретін тосқауылсыз дараланған білім беру инклюзивті ортасын құрудың ұйымдастырушылық-басқарушылық, оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі оқушылардың академиялық жетістіктерін басқару психологиясы
Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдердің оқушылардың академиялық жетістіктерін басқару саласындағы құзыреттерін қалыптастыру болып табылады. Пәннің ерекшелігі цифрландыру мен жасанды интеллекттің қазіргі жағдайымен анықталады. Пәннің негізгі бағыты психологиялық көзқараспен анықталады, оның ішінде нейропсихологиялық ерекшеліктер, оқушылардың жеке басының ерекшеліктері, әлеуметтену. Инклюзивті тәсіл академиялық жетістіктерді басқарудың негізгі ұстанымы болып табылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы дәрежесінде оқып-үйрету болып табылады. Пәннің негізгі мазмұны жаңартылған білім мен заманауи сабаққа қойылатын негізгі талаптарды, әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдерін, көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқытуды, әдеби жазу жұмыстары мен оның түрлерін игеруге негізделген.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттануға кіріспе
Әдебиеттануды ғылыми пән ретінде енгізеді. Әдебиеттің өнер түрі ретіндегі мәні туралы түсінік береді. Әдеби-көркем шығарма мәтінін оқытуда сипаттау, талдау, түсіндіру. Әдеби стиль. Әдеби-көркем шығарманың формасы мен мазмұнының мәселелері. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігін нақтылау және әдеби процесті нақты тарихи кезеңге бөлу мәселелері.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі дәуір әдебиеті
Пәннің мақсаты қазақ әдебиеті тарихы, оның ішінде ежелгі дәуір әдебиеті жөнінде жүйелі білім беру болып табылады. Пәнде қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері, сақтар мен ғұндардың дастандары, ислам дәуірі әдебиеті, Алтын Орда кезіндегі әдеби шығармалар, тарихи шежіре мен көркем шежіре түрлері, әдеби шығармалардың зерттелуі, идеялық мазмұны мен түрлі нұсқалары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
ХІХ-ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты ХІХ - ХХ ғ. бас кезіндегі ұлттық сөз өнерінің даму ерекшеліктерін, діни-ағартушылық, ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығын меңгерту. Пән мазмұнында ұлт-азаттық қозғалысына байланысты шығармалар, әдеби дәстүр, жаңа тақырыптық-идеялық, көркемдік-идеялық ізденістер сипаты, әдеби бағыттар, ағымдардың әдеби процеске әсері, жанрлардың дамуы, түрлі стильдер, әдеби заңдылықтар туралы ойлар, реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы
Пәннің мақсаты білім алушыларға лексикологияның ғылыми мазмұны мен көлемі, түрлі теориялары туралы теориялық білімді меңгерту. Пән тілдің сөздік құрамын, сөз мағынасын зерттеу аспектілерін, қазақ тілінің лексикалық жүйесін, дамуы мен құрылымын, стиль түрлеріне байланысты жіктелістерін, парадигматикалық қатынастарды, лексикографияны, фразеологияны, этимологияны, диалектологияны, терминологияны, ономосиологияны қарастырады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары анықталады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
Пәннің мақсаты тіл білімінің сөзжасам, морфология салалары, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық білім қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны тілдің сөзжасамдық жүйесі бірліктерін, сөзжасам заңдылықтарын, амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлері мен мағынасын, сөз таптарының сөзжасамын, сөздің грамматикалық қасиеттерін, сөз таптарының жіктелуін, лексика- грамматикалық категорияларын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты қазақ тілін ғылым ретінде оқыту әдістемесін, қазақ тілі әдістемесінің тарихи дамуын меңгеру болып табылады. Пәнді оқыту барысында қазақ тілін коммуникативтік іс-әрекет тұрғысынан оқыту қарастырылып, фонетика, орфоэпия, графика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, байланыс тілін дамыту әдістемесінің негіздері беріліп, орта мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын, әдіс-тәсілдерін игереді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Педагогтың әдістемелік қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері
Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімнің әдістемелік мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін, өз бетінше ойлануын қалыптастыру. Пән жаңартылған білім беру бағдарламасын, білім беру ортасын ұйымдастыру әдістерін, білім алушылардың дамуының психикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері негізінде оқу және тәрбие процесін жүзеге асырудың әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық педагогикалық технологияларын пайдалануға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Пәннің мақсаты білім алушыларға фольклорлық мұраларды терең, әрі жан-жақты таныстыру болып табылады. Пәннің мазмұнында қазақ ауыз әдебиетінің түрлері, жанрлық формалары, жіктелуі, принциптері, халық поэзиясы ұғымдары, фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары, фольклор және ұлт тарихы, қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы, ауыз әдебиеті мұраларының мәтіні, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Әдеби аударма негіздері
Пәннің мақсаты әдеби аударма ғылымының қалыптасу тарихы мен зерттелуі, әдеби аударма нормалары, көркем аударманы зерттеу тәсілдері және аударманы әдеби тұрғыдан бағалау шарттары туралы теориялық білім қалыптастыру болып табылады. Пән әдеби аударманың теориясын, әртүрлі концепцияларды, заңдарды, аударма практикасының тәсілдерін, міндеттері мен рөлін, көркем аударманың ерекшелігін, қазіргі жағдайдағы аударма қызметінің ерекшеліктерін игертеді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Функционалдық стилистиканы оқыту, оның ішінде шағын жинақты мектепте
Пәннің мақсаты білім алушыларда функционалдық стильдер, стилистикалық норма, тілдік бірліктерді стилистикалық қолдану туралы білім кешенін қалыптастыру. Пән функционалды стильдерді жіктеу принциптерін зерттеуге, әртүрлі стильдегі мәтіндерді стилистикалық талдауға, бағалау, редакциялау дағдыларын қалыптастыруға, жалпы білім беруде, оның ішінде шағын жинақталған мектепте стилистика мен функционалдық сауаттылық негіздерін оқыту бойынша педагогикалық қызметті ұйымдастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Болашақ педагогты даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету
Пәннің мақсаты заманауи мектептің өзгермелі жағдайларында білім алушыларды тәрбиелеудің нәтижелілігін, білім беру мен оқытудың сапасын қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру, қалыптастыру болып табылады. Пән әртүрлі типтегі сабақтарды, сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлауға, жобалауға, білім алушылардың субъективті іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу және тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдерінде осы қызметті басқаруға, өз қызметін де, білім алушылардың қызметін де талдауға және бағалауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және әдеби тіл
Пәннің мақсаты - қазақ тілінің тарихи лексикалық қорын, құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін қарастыру. Этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерді, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістерді, қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу, даму кезеңдерін, әдеби тіл нормалары мен оның түрлерін ғылыми негіздеп кешенді түрде қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Заманауи педагогикалық әдістерді, цифрлық және интернет-технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, аралас оқыту жүйесі жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесін ұйымдастыру.
- Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде әдебиеттану мен лингвистиканың теориялық негіздерін нәтижелі бейімдей отырып, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдіснамасы, сыни және ассоциативті ойлау, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бойынша білімін пайдалану.
- Кәсіби, қоғамдық және өзге де қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, іріктеу және қолдану дағдыларын көрсету.
- Сабақтың берілген мақсаттарына, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне және оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалдарын әзірлеу.
- Қазақстандық білім беруді, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануды дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін түсіне отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік аспектілері саласында білімін көрсету.
- Тұлғаның жеке және даралық қажеттіліктерін ескере отырып, субъектілі өзара іс-қимылды ұйымдастыруда коллаборативті, бейімделген білім беру ортасын жобалау.
- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мәтіндерді синтездеу, олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету, білім мен мүмкіндіктерді дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысу, өзін-өзі актуализациялау және өзін-өзі дамыту үшін түсіну және пайдалану.
- Кәсіби және өзге де қызметті жүзеге асыру үшін педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсету, филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану
- Қазіргі заманғы филологиялық, педагогикалық зерттеулердің нақтылы нәтижелерін қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық тәжірибесімен біріктіру.
- Тіл және әдебиет тарихының теориялық негіздерінің іргелі білімін көрсете келе, қазақ тілі мен әдебиетінің түрлі салаларының қазіргі заманғы теориялық және қолданбалы мәселелерін, филология және олардың өзара байланысы саласындағы ғылыми парадигмалардың құрылымы мен функцияларын талдау.
- Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету.
- Білім алушылардың шығармашылық және зерттеу қызметін, олардың ғылыми және шығармашылық жобаларын, соның ішінде, филологиялық және педагогикалық білім саласындағы әртүрлі технологиялар мен зерттеу әдістері негізінде интеграцияланған жобаларды орындау деңгейін анықтау.
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті