Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих в Сулейман Демирел атындағы университет

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамның даму үдерісінің тарихи заңдылықтарын талдай отырып, орын алып жатқан жәйттардың тарихи себептерін анықтай алатын, тарихты оқытуда ұлттық құндылықтарды жаhандық жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштастыра білетін, білімгерлердің тарихты тұтастық концепциясы тұрысынан оқып үйренулерін қамтамасыз ететін білікті тарих пәнінің оқытушысын дайындау. Сонымен қатар, тарихты оқыту барысында жаңа технологияны қолдана отырып, кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары, шәкірт тәрбиесі мен білімін жетілдіруде жаңа әдістер ұсына алатын блікті маман дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Түрік тілі 1 (А1 деңгей)
    Несиелер: 3

    Курсты аяқтағаннан кейін жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік сөздікқорын кеңейтіледі, білімгердің жоғары біліктілігіне оң септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Этнология және әлеуметтік антропология
    Несиелер: 5

    Пән барысында білім алушылар этностардың (этногенез) қалыптасу, даму процестерін, олардың ұқсастығын, мәдени өзін-өзі ұйымдастыру формаларын, олардың ұжымдық мінез-құлқы, өзара іс-қимылының заңдылықтарын, жеке тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара байланысын, "Континентальды" жіктеу, Австралия және Мұхит халықтары, Азия халықтары, Америка халықтары, Африка халықтары және Еуропа халықтарының қалыптасуын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археология
    Несиелер: 5

    Археология ғылымы тарихты оқуда өте маңызды сала. Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте. Курс барысында студент орта ғасырлардағы ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы саяхатшылар мен тарихшылардың қалдырған мәліметтерімен танысады және қолданбалы археологияны игеру, жойылып кеті қаупі бар ескерткіштерді сақтауы, ашық аспан астындағы музейлердің құндылығын туралы білетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің негізгі кезеңдері мен оқиғалары туралы жүйелі білімді игеруге, себеп-салдарын түсінуге, ұлттық тарихтың негізгі дерек көздерін тануға және тарихи негізгі мәселелерді талдай білуге, өз көзқарасын айқындауға, әлеуметтік тәжірибеде тарихи білімдерін қолдана білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 2 (А2 деңгей)
    Несиелер: 3

    Білімгер кәсіби қызмет саласында стильдік сауаттылықты меңгере алады, ғылыми, іскерлік, баспа мәтіндерін жаза алады, кәсіби деңгейде түпнұсқа дереккөздерден оқи және аудара алады, тілдік қарым-қатынастың прагматикалық құралдарын меңгере алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Азия және Африка елдерінің ежелгі және ортағасыр тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі және Ортағасырлардағы Азия және Африка мемлекеттерінің саяси жүйесінің, әлеуметінің қалыптасуын қарастыру арқылы тарихи оқиғаларға, мемлекеттердің қалыптасуына байланысты білімдерін толықтыру және тарихи салыстырмалы анализ жасау қабілеті мен білімін қалыптастырады. Білімгерлерді ежелгі дәуірдің негізгі кезеңдері мен даму ерекшеліктері, қоғамдық формация ұғымымен және түрлерімен таныстыра отырып, олардың тарихи ойлау қабілеттерін арттыру көзделеді. .Азия мен Африка елдерінде феодалдық қатынастардың дамуы, «Азиялық өндіріс тәсілі». Ерте феодалдық араб мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін шыңдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектептегі тарих бойынша жобалық-зерттеу қызметі
    Несиелер: 4

    Бағдарламаның негізгі мақсаты: оқушыларды әлеуметтік тәжірибе, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға баулу болып табылады. Тарихты оқу барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану, тарихи дереккөздерден өз бетінше қажетті мәліметтерді табу, фактілерді, құбылыстар мен оқиғаларды талдау мен бағалау, зерттеулер жүргізу, жобалар мен зерттеу жұмыстарын рәсімдеу және ұсыну, ғылыми конференцияларға қатысу қабілеттерін дамыту дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихты оқытуда сөз мәдениеті және педагогикалық дискурс
    Несиелер: 4

    Бұл бағдарламада болашақ тарихшы мұғалімнің сөйлеу әрекетінің стратегиялары мен тактикасы, тілдің байланыс құралы ретінде жүзеге асыратын міндеті, мұғалімдердің сөйлеу әрекетінің тендерлік ерекшеліктері қарастырылады. Сабақтың әр түрлі кезеңдеріндегі мұғалімнің сөйлеу әрекетін көпаспектілі талдау пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ хандығының дипломатиялық тарихы
    Несиелер: 4

    Тарихшы білімгер бұл пәнді оқу барысында Қазақ хандығының сыртқы саясатында шет мемлекеттермен дипломатияның қарым-қатынасын, қазақ хандары мен ықпалды сұлтандардың қазақ хандығының саяси өміріндегі маңызды орнын мен көпшілікке таныс болмаған тарихи оқиғаларды құжаттар мен деректерге сүйене отырып талдауға және кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан сыңаржақ пиғыл мен көзқарасты "шынайы тарих" принципіне негіздеп тарихи дәлелдермен айқындауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ортағасырлық Еуропа елдерінің тарихы
    Несиелер: 4

    Еуропа елдерінің ортағасырлық тарихы пәні барысында, білімгерлер халықтардың ірі қоныс аударуымен байланыс ерте орта ғасырлардан бастап, дамыған орта ғасырлар және кейінгі орта ғасырлардағы феодалдық қатынастардың шарықтау шегі, еуропаның рухани өмірінде Батыс Рим империясының құлауына байланысты мәдениеттің құлдырауы, феодалдық қоғамның негізінде капиталистік қатынастардың қалыптасуы туралы негізгі білімді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі басқару технологиялары
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің максаты менеджменттің педагогикалық негіздерін түсіндіру, жалпы және арнайы білім беретін мекемелерде басқару тәжірибесіне ендірудің жолдарын анықтау болып табылады. Пәнді оқу барысында болашақ мамандардың нарық талабына сай педагогикалық менеджмент туралы білімі мен біліктілігі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Білімгерлердің индустриялық қоғамның дағдарысы және постиндустриялық өркениет туралы түсінігін қалыптасады, буржуазиялық революциялардың себеп-салдары, еуропа мен Америка елдерінің әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуы, империялардың құлауы, дүниежүзілік соғыстар аралығындағы экономикалық, саяси және қоғамдық дамуыдың негізгі тенденцияларын мен ХХІ ғасырдағы ғаламдық мәселелер тұрғысынан тарихи үдерістердің сабақтасытығын түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 5

    Этнопедагогиканы оқыту, ұлттық өрлеу мен дамуға, этникалық өзін-өзі тәрбиелеудің жандануы мен маңыздылығына, өз халқы, оның тарихы мен дәстүрлері үшін жоғары дамыған мақтаныш сезімі бар патриот, өз халқының ұлы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркістандағы жәдитшілдік ағартушылықтың тарихи кезеңдері
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мақсаты: жәдитшілік идеясының ортаға шығуы, ХХ ғасырдағы білім беру саласындағы және саяси өмірдегі негізгі өзгерістер туралы мәлімет беру. Жәдитшілік идеяны зерттеуде әлемдік өркениеттілік тәсілдерді қолданып тұлғаның жеке көзқарасын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында білім алушылар, мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және жұмыс істеу заңдылықтары, негізгі заң ұғымдарын айқындау, сондай-ақ конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық сияқты қазақстандық құқықтың базалық салаларының негізгі ережелері туралы негізгі білімді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім берудің барлық қол жетімді әдістеріне ие және қазіргі жағдайға сәйкес оқу-тәрбие процесін реттеудің нақты әдістерін қолданатын тәжірибелі мұғалімнің дағдыларын дамытады. Оқушыларды тәрбиелеу, олардың өзіне деген сенімділігі мен мүмкіндіктерін дамыту және арттыру үшін шаралар қабылдауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім беру ұйымдарында білім беру сапасын басқару теориясы мен практикасы /
    Несиелер: 3

    Білім беру сапасын басқару – ол жобалау процесі, яғни білім беру мақсаттарын қою және оларға қол жеткізу жолдарын анықтау. Бұл білім беру процесін ұйымдастыру және оның қатысушыларын сапалы жұмысқа ынталандыру болып саналады. Білімгер мақсаттағы ауытқуларды анықтау және дамудың өзгеруін қадағалау жүйесі, сонымен қатар нәтижелерді реттеу және талдау жүйесі болып табылатын дұрыс бақылау мен мониторингті үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық
    Несиелер: 5

    Түлектерді кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда тиімді басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-басқарушылық, ақпараттық-талдамалық және кәсіпкерлік қызметке, өз қорытындылары мен тұжырымдарын негіздеуге және қорғауға, өзінің кәсіби шешімдерінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуге дайындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның тарихи географиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында білім алушылар туған жердің өткені, бүгінгі күнгі деректерінің үйлесімін зерттеуде тарихи-географиялық, статистикалық фактілерді қолдануды, белгілі өңірдің тарихын зерттеуде, тарихи-өлкетанушылық тұрғысынан географиялық, топонимикалық жағынан оқытуда тарихи-географиялық экскурсияларды жүргізу әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән XVIII-XІX ғғ. тарихының өзекті проблемаларының тарихнамасы мен дереккөздері, теориялық-әдіснамалық көзқарастары, Ресейдің отарлауы, бодандық қамыты, әскери-казак және орыс шаруаларының қоныс аударуы, Қазақстанның мемлекеттілігінен айырылуы, Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, ХІХ-ХХ ғасырлардағы өнеркәсіп саласындағы фактілерге тарихи тұрғыдан анализ жасау туралы білімді қалыптастыра отырып, алдағы ХХІ ғасырда туындаған мәселелердің тарихи негіздемесінің себептеріне талдау жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби бағытталған шет тілі
    Несиелер: 5

    Түрік тілінде кәсіби қызмет саласында еркін қарым-қатынас жасау, сөйлеу және коммуникациялық құзыреттіліктерді алуға, логикалық дәлелдер келтіруге, заманауи ғылыми материалдарды сыни тұрғыдан талдап бағалауға және пәнаралық салада жаңа идеяларды игеру қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тарихты оқыту әдістемесі- оқытудың міндеттері, мазмұны мен әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық пән. Оқудың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Бұл курсты игеру арқылы болашақ мамандар тарихты оқушылардың жас ерекшеліктеріне негіздеп оқытуда білімді тиімді, әрі түсінікті етіп жеткізу қабілетіне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі инновациялық және интербелсенді технологиялар
    Несиелер: 5

    Білімгерлердің шығармашылық оқыту және белсенді оқу қабілетін, сондай-ақ олардың өзін болашақ маман ретінде шыңдаудағы бастамасын қалыптастырады. Болашақ педагогтың инновациялық ойлауын жақсартуға ықпал ететін оқытудың құралдарын, әдістерін, технологияларын және материалдық базасын жаңғырту дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Империалистік және диктаторлық режим тарихы
    Несиелер: 5

    Курс барысында білімгерлер батыстық мемлекеттерге империалистік көзқарастың пайда болуы туралы, империалистік мемлекеттердің әскери күштерге негізделген саяси, экономикалық және соғыс мәселелерінің концептуализациясы, диктаторлық режимнің қалыптасуы мен империалистік, диктаторлық, милитаристік режимдер туралы деректерді қазіргі ХХІ ғасырдағы түсінікпен салыстырмалы талдауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру негізінде тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында білімгерлер, жаңартылған білім берудің міндеттерін анықтай отырып, мектеп оқушыларының қазақ халқының тарихы мен мәдени құндылықтарына қызығушылығын арттыру оқушылардың тарихи білімін шығармашылықпен қолдану іскерлігін қалыптастыруға бейімдеу және әске асыруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында білім алушылар, Қазақ қоғамының құрылымы мен тарихи даму динамикасын, Қазақ қоғамндағы еңбек бөлінісі, өндіріс құрал-жабдықтары және меншік қатынастары, әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір туралытеориялық/практикалық білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалау оқу процесінің маңызды буыны болып табылады, оқудың жетістігі көбінесе оның дұрыс тұжырымдалуына байланысты болады. Бұл пән бойынша білімгер бағалаудың әртүрлі әдістерімен танысады және оқушылардың білімін бағалаудың өзіндік тиімді әдістерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еуразия көшпенділерінің рухани мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Еуразияның Сайын Даласын ерте кезден көшпенділер мен отырықшы халықтар арагідік бірге мекендеген. Батыстық бірқатар зерттеушілерінің көшпенділер өркениеті мен мәдениеті болмады деген тұжырымдарына қарамастан, көшпенділердің Байкалдан Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Шығыс Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр аймақта көптеген көшпенді өркениетке тән мәдени рухани ескерткештерін қалдырғанына тарих куә. Білім алушылар курс барыснда әлем өркениетіне өзіндік үлес қосқан көшпенділердің рухани мәдениетін дұрыс бағамдау қағидаларын үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еуропа және Америка елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Білім алушылар Еуропа мен Америка тарихына қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді, тарихи оқиғалардың хронологиялық кезеңдемесін, революциялар, батыстағы капиталистік қатынастардың генезисі, индустриалдық өркениет кезеңіндегі экономикалық, саяси және әлеуметтік үрдістердің сипаты, ХҮІІ-ХІХ ғғ. халықаралық қатынастардың дамуы жайлы мәліметтерді игереді және тарихи оқиғалардың себеп-салдары туралы сыни көзқарасын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шығыс Еуропа түркі мемлекеттері тарихы
    Несиелер: 5

    Батыстық тарихшылардың еңбектеріне негізделген Қара теңіз жағалауындағы түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеу, мәнін ашу, даму заңдылықтарын анықтау. Шығыс Еуропа халықтары тарихына қосқан үлесін түркілік тәсіл тұрғысымен зерттеуді айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан және Тәуелсіз түрік республикалары тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында, КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздіктерін алған түрік мемлекеттері мен автономды түрік республикалары арасындағы өзара мәдени байланыстары, Қазақстанның бастамасымен құрылған ТҮРК ПА, Түрік Акедемиясы, Түрік Консейі, ТҮРІКСОЙ сынды мәдени құрылымдар туралы, болашақ тарихшы мамандардың түбі бір түркі әлемінің тұтастығы туралы ғылыми базалық білімі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сакралды Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Курс барысында Қазақстанның сакралды нысандарының біртұтас желісін анықтауға, әлеуетін зер­делеу мен наси­хаттауға, сакралды геогра­фияға нені жатқызуға болатынын, зерттеу нысанын анықтағанда қандай өлшемдердің басшылыққа алынатынын анықтау білімі мен біліктілігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемдік өркениеттер және діндер тарихы
    Несиелер: 5

    Өркениет пен дін адамзат тарихының ажырамас бөлігі, олардың ежелгі формасы мен құрлымы, ерекшеліктері, мәндік сипаттары, тарихи қалыптасулары, Ислам өркениеті мен дінінің даламызға жетуі, атеизмнің шарықтауы, шетелден түрлі конфессиялардың ағылуы, олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастарын болашақ жоғары білімді маман игеруі тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мұрағат және мұражай ісі (оқу практикасы)
    Несиелер: 1

    Қазақстан республикасының ұлттық мұрағат қорымен таныстыру, оның жүйелерін үйрету. Қазақстан Республикасындағы мұрағат және мелекеттік мұрағаттану функцияларымен таныстыру. Білімгерлер іс жүзінде мұрағат құжаттарын пайдалануды, мемлекеттік қордың катологтар жүйесімен жұмыс жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Курсының негізгі міндеттерінің бірі болашақ педагог мамандарды дамып келе жатқан организмнің жасқа байланысты ерекшеліктерін, балалар организмінің функциялары мен даму заңдылықтары туралы негізгі мағлұматпен жабдықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Рухани-адамгершілік тәрбие негіздері және оны жетілдіру
    Несиелер: 5

    Гуманитарлық пән оқытушысы ретінде болашақ мамандар өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерген, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда құзыреттілік таныта алатын, бәсекелестікке қабілетті, жан мен тән үйлесімдігін сезіне алатын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуді мақсатты түрде жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мұрағат және мұражай ісі
    Несиелер: 4

    Мұрағат пен мұражай халықтың тарихи құнды жазбасымен жәдігерлерін сақтап болашақ ұрпаққа жеткізеді. Мұрағаттық зерттеулер нақты білімді, ғылыми дағдыларды, мұрағат материалдарына сүйенуге, мұражай қорларының жинағы, мұражай экспозициясы, мақсатты түрде ақпарат алмасуға, мұрағаттың барлық қырларын таныстыруға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ мемлекеттілігінің тарихи негіздері
    Несиелер: 5

    Курс аясында білімгер «мемлекет», «мемлекеттілік» ұғымының пайда болуы мен даму тарихы, мемлекеттердің саяси басқару жүйесі туралы мағлұматтарды үйреніп шығады. Ежелгі түркілердің мемлекеттік тарихы - қазақ жеріндегі мемлекеттік тарихтың бастауы. Бұл курста Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттер тарихы мен олардың басқару жүйесі талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Еуропа, Америка елдері мен КСРО-ның қырғи-қабақ cоғыс тарихы
    Несиелер: 5

    АҚШ-пен КСРО бастамасымен құрылған «НАТО» және «Варшава Шартты Ұйымы» арасында «Қырғи қабақ» соғысының басталуы, аймақтық қайшылықтар, екі әлемдік жүйенің құрылуы, әскери экономикалық блоктар, қару-жарақ жарысы, соғыс пен бейбітшілік мәселелері, космосты бірге игеруге мақсат еткен жоспарларын анықтап, мемлекеттердің адамзат алдындағы жауапкершіліктерін түсінуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Түрік халықтарының мәдени тарихы
    Несиелер: 5

    Түркі тарихын дүниежүзі тарихының негізгі бөлігі ретінде зерттеу. Түркі халқының шынайы тарихын түсіндіруге мүмкіндік туғызу. Түркі халқының бірлігі мәселесін ұғындыру. Ежелгі және орта ғасырдағы түркі мемлекеттілігі мәселесін және олардың байланысы мен сабақтастығын түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Зиялылық негіздері және қарым-қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    Курс барысында білімгерлерді қарым-қатынас мәдениетіне, шешендік өнерге тәрбиелеу, оларға қазақ руханиятындағы зиялылықтың орнын түсіндіру, оның моральдық-психологиялық аспектілерін айқындау, болашақ мамандардың педагогикалық, академиялық адалдық принциптерінің негіздерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Білім алушы пәнді оқу барысында ХҮІІ-ХІХ ғасырдың басынан, бүгінгі ХХІ ғасырға дейінгі Азия және Африка, Араб елдерінің саяси және экономикалық тарихына қатысты негізгі білімді игеріп, ХХІ ғасыр жаһандық мәселелер тұрғысынан талдау дағдылары мен тарихи-сыни ойлау қабілетін арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Патшалы Ресейдің түрік елдерін жаулап отарлауы, орыс-түрік соғыстары, Наполеонға қарсы отан соғысы, Балқан саясаты, орыс-жапон соғысы, Ақпан және Қазан революциялары, КСРО-ның құрылуы, Сталиндік тоталитаризм, ЖЭС және аштық, ІІ. Дүниежүзілік соғыс және Қазақстандықтар, Хрущевтің «жылымығы», Тың-тыңайған жерлерді игеру, Экологиялық дағдарыстар, Брежневтік «тоқырау», Горбачевтің «қайта құру» саясаты және КСРО-ның тарқауын хронологиялық бірізгілік негізінде зерттеу мүмкіндігін береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы (XVIII-XX ғ.ғ.)
    Несиелер: 5

    Пән барысында ХҮІІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырға дейінгі қазақ даласында орыс отарлық саясатына қарсы азаттық көтерілістердің тарихи сабақтастығын анықтау, ұлт-азаттық көтерілістердің тарихнамасы және оның зерттелу деңгейі туралы мағлұматқа негізделген тарихи оқиғалар туралы жүйелі білімі мен сыни ойлау мүмкіндігі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі жазулар тарихы
    Несиелер: 5

    Тұран территориясында түркітілдес тайпалар өзіндік мәдени тұрғысынан ерекше өркениет қалыптастырды. Орхон-Енисей, Талас және Алтайдағы ескерткіштермен танысу, төл жазуымыздың мәнін түсіну, мағынасын ашу, тарихи дереккөзді тікелей оқып көне түркі жазбаларына талдау қабілетін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Алаш зиялылары және Ұлттық Рух тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ интеллигенциясының қалыптасуының негізгі кезеңдері, ұлттық саяси элитаның ел тағдырына байланысты ұстанған позициясы, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылуы, Алаш қайраткерлерінің «Ұлттық бірегейлілік» және «Ұлттық рух» идеяларын меңгере отырып, болашақ мамандар тарихты оқытуда рухани құндылықтырға негізделген тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған тарихи білім беруді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихын зерделеу мен оқытудағы тұжырымдамалық тәсілдер
    Несиелер: 5

    Отандық тарихты оқытуда басты көңіл идеялық тұғырды түсіндіруге аударылуы тиіс. Яғни дербес мемлекеттікті сақтау жəне дамыту жолындағы іс-əрекеттер тарихын, бүгінін, болашағын салыстыра оқыту. Ұлттық мүддеге қызмет етудің ұлы үлгілерін шын мəнінде көрсетіп берген тарихи тұлғалардың, мемлекет басқарушыларының тарихын, солардың өз еңбектерін талдап оқыту арқылы үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарих және мәдениет
    Несиелер: 5

    Тарих- болған оқиғаларға фактілік және себеп-салдарлық негізде баға берсе, мәдениет, оқиғалар желісін өркениеттік, танымдық, өнер тұрғысынан әспеттейді. Білімгерлер бұл пәнді оқу барысында тарихи үдерістердің саяси және мәдени қырларын кешенді түрде бірізділікпен саралауды, тарихты оқытуда тұтастық концепциясын қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қашықтықтан оқытуды әдісі
    Несиелер: 4

    ХХІ ғасыр білім беру жүйесінде пайда болған қажеттіліктердің бірі -қашықтықтан оқыту. Ол адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі, бұл жүйенің тиімді және сапалы жұмыс істеуі үшін оқыту-әдіс тәсілдерінің үнемі жетілдіріліп отыруы қажет. курс болашақ мамандардың қашықтан оқыту технологиясы бойынша білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Білім берудегі зерттеу әдістері
    Несиелер: 4

    Педагогикалық зерттеу жұмысы, оқытушылардың кәсіби қызметінің бір бағыты болып табылады. Болашақ мамандардың мақсатқа бағытталған зерттеушілік қабілеті мен дағдысын қалыптастыру және қажеттілігін ұғындыру курстың мақсаты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ тарихы батыс және шығыс деректерінде
    Несиелер: 5

    Қазақстанның тарихын зерттеуде археологиялық ескерткіштерден бөлек, батыс және шығыс тарихшыларының тарихи еңбектері маңызды. Дереккөздер мен тарихи білімдер ғылыми пән ретіндегі деректану мәселелерін, Орталық Азия тарихының тарихнамасы мен деректануы туралы дерек көздерін, сыни талдаудың әдістерін, зерттеушінің дерекпен жұмысының негізгі кезеңдерін, Орталық Азия тарихындағы тарихи сипаттамасына, сыни талдаудың әдістері үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тарихи зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Курс барысында, зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи ойдың түрлі бағыттарының теориялық-методологиялық принциптерін меңгеру; отандық және жалпы тарихты зерттеуде тарихи үдеріс заңдарын қолдана білу, сондай ақ зерттеу жұмысында теоретикалық және методологиялық құралдарымен өз бетінше және нақты жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Тарихи білімін қолдана отырып, қоғамдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың себеп салдарын талдауда сыни ойлау қабілетіне ие болады

  • Код ON2

    Еуразия құрлығында орналасқан мемлекеттердің саяси және әлеуметтік тарихын оқытуда ХХІ ғасырдың ғаламдық мәселелері тұрғысынан талдап оқытуды меңгереді.

  • Код ON3

    Қазақстан аймағындағы ежелгі және орта ғасырлық мемлекеттердің тарихын оқыту барысында, деректерді түп нұсқадан оқиды және тақырыпқа сай тарихи материал ретінде қолдана алады

  • Код ON4

    Тарихты оқытуда компьютерлік сауаттылығын кәсіби мақсатта қолдануды жетілдіреді және «Е-learning» электрондық оқыту жүйесінде оқу-педагогикалық қызметін жүзеге асыруды меңгереді

  • Код ON5

    Білімгерлердің бойында ұлттық және рухани құндылықтырға негізделген тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған тарихи білім береді.

  • Код ON6

    Басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесімен түсінігін кәсіби деңгейде практикада қолдануды және тарихты жас ерекшеліктеріне негіздеп оқыту әдістерін меңгереді.

  • Код ON7

    Тарихи-мәдени дәстүрлерді насихаттауда тарихшы ретінде ғылыми ақпаратты жинауға, және талдауға, Қазақстан тарихын оқытуда тарихи тұтастық концепциясын қолдануды үйренеді

  • Код ON8

    Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы өз ойы мен пікірін жеткізе білу, диалог құрудың дағдыларын қалыптастырады.

  • Код ON9

    Қазақ ұлтының түркі халықтарымен тарихи сабақтастығы мен ХХІ ғасырдағы Қазақстанның сыртқы саясатында түркі дүниесінің алатын орнын анықтауды үйренеді.

6B01601 Тарих
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 6B01601-Тарих
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін дайындау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 тарих және дінтану
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих-құқық негіздері
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01601 Тарих мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Мұғалімнің тарихын оқыту
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01601 Тарих
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01601 Тарихы
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top