Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Археология

    Пәннің мақсаты: археологиялық деректер негізінде ежелгі қоғамдардың пайда болуы, дамуы туралы білім беру. Курс студенттерге археологиялық қазбалардың әдістерін, далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелік амалдарын игеруге көмектеседі; ежелгі адамдардың даму эволюциясы, діни нанымдардың қалыптасуы, адамзат мәдениетінің, материалдық өндірістің, идеология мен дүниетанымның, қоғамдық қатынастардың даму кезеңдері туралы мәлімет береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)

    Модуль пәндері қаржы өнімдерін тұтыну кезінде туындайтын мәселелердің ықтималдығын азайту мақсатында қаржылық сауаттылық бойынша, кәсіпкерлік қызмет негіздері, экономикалық ойлауды қалыптастыру және өз ісін құру, құқық негіздері, құқықтық өзін-өзі тануды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, экология және экологиялық мәдениет негіздері, тіршілік қауіпсіздігі бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын игеруіне арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының тарихы

    Пәннің мақсаты: түркі халықтарының ғұн дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі тарихы мен мәдениетін оқып үйрету, түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу. Студенттерді деректермен жұмыс icтey дағдысына төселдіру, қазіргі заманғы методологиялық концепциялармен қаруландыру. Ұлтшылдық теорияларға сыни тұрғыда қарай білу шеберлігін және студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Пән студенттің бойында ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы кешенді және ғылыми түсінікті қалыптастырады. Студенттер адамзат қоғамы дамуының Батыс Рим империясы құлағанға дейінгі тарихи оқиғаларын меңгереді, ежелгі өркениеттердің адамзат тарихындағы орны мен рөлін, олардың мәдени және тарихи өзіндік ерекшеліктерін анықтайды, тарихи өткенімізді саналы түрде қастерлей білуге тәрбиелейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Студенттерге қосалқы тарихи пәндер және олардың тарихи білім жүйесіндегі ролі туралы, қосалқы тарихи пәндердің түрлері хронология, метрология, нумизматика, топономика, геральдика, сфрагистика және т.б. туралы білім беріледі. Курсты оқу барысында студенттер тарихи деректерді топтауға, олармен жұмысты ұйымдастыруға, тарихи материалдың мәнін ашуды үйренеді, теориялық мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пән білім алушыларға инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері, ерекшеліктері мен принциптері ұғымдарын меңгеруге, жинақталған халықаралық тәжірибені жинақтауға, инклюзивті білім берудің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнында "Білім баршаға" бағдарламалары, Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері, мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім беруде инновациялық тәсілдерді іске асыру жолдары қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның ежелгі тарихы

    Курс Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың өмірін және тас, қола дәуірінің даму ерекшеліктерін, тайпа одақтарының қоныстануын зерттеуге бағытталған. Қазақстанның ежелгі қоныстанушыларының саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін, мәдениетін зерттей отырып, студенттер тарихи бағалау дағдыларын игереді, жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен ұлттық ерекшеліктеріне негізделген білім мен тәжірибені игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пәнді оқу барысында адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны, оның зерттеу пәні және негізгі ұғымдары туралы айтылады. Педагогикалық үдерістің құрамды компоненттері, мәні мен оларды жүзеге асыру заңдылықтары, қағидалары, формалары және әдіс-тәсілдері, құралдары, ерекшелігі баяндалады. Бүгінгі педагогика ғылымындағы адам капиталын қалыптастырудағы басты талаптар мен мәселелер, инновациялық технологиялар, білім беру жүйесін басқару қағидалары меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

    Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын оқытудағы мақсат педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың анатомо-физиологиялық жүйелерінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Физиологиялық дамудың жас ерекшелік заңдылықтарын білу, даму заңдылықтарының заманауи проблемаларына сүйене отырып, оқу процесін, оқыту гигиенасын ұйымдастыру, оқытуда психологиялық мәселені қалыптастыру мәселелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

    Пән VI-XVIII ғғ. басында Қазақстан территориясында орын алған тарихи үдерістер туралы білім береді. Студенттер Қазақстан аумағында ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттер, моңғолдық кезең, қазақ халқының этногенезі, Қазақ хандығының құрылуы, оның саяси-әлеуметтік тарихы туралы мәселелерді талдайды. Қазақстандағы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды адамзат қоғамының әлемдік тарихи дамуының ортақ үлгісімен байланыстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Этнология

    Пән этнографиялық деректер мен зерттеу әдістерін, этнология ғылымының қалыптасу тарихын, этнологиялық мектептер мен әлем халықтарын классификациялау принциптерін, этнос теориясын, этногенез және этникалық тарихтың теориялық аспектілерін, мәдениет және этникалық психология негіздерін, этникааралық коммуникация, этникалық жанжал оны шешу және болдырмау жолдарының концепцияларын оқытады. Этнологияның теориялық және қолданбалы аспектілермен байланысты ұғымдарды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлар тарихы

    Курстың мақсаты: Батыс Рим империясының құлауынан бастап Ағылшын буржуазиялық революциясына дейінгі Батыс Еуропа елдерінің ортағасырлар дәуірі, сонымен бірге ортағасырлық Батыс Еуропаның әлемдік өркениет тарихындағы орны туралы толық білім беру, ортағасырлық шығыстық мемлекеттердің дамуының негізгі мәселелерін, афро-азиаттық қоғам дамуының нақты кезеңдері мен проблемаларын талдау. Студенттер феодалдық жүйенің генезисін, ортағасырлық феодалдық қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымы мен медиевистиканың деректік базасының қазіргі жағдайын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу және академиялық адалдық туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу, зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық руханият

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Курсты оқытудың негізгі мақсаты студенттердің Еуропа және Америка елдерінің қазіргі замандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын игеруі, маңызды оқиғалардың хронологиясын білуі, оларды талдауы және ой қорытуы, сонымен бірге студенттерде батыс елдерінде постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы, жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылуы мен дамуы туралы нақты, объективті түсініктің қалыптасуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық

    "Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық" пәні білім беру жүйесіндегі негізделген қажеттілік ретінде еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап береді, нақты жағдайларды талдау және диагностикалау дағдыларын дамытады. Пәнді оқытудың мақсаты білім берудегі көшбасшылықты ұйымды басқару құралы ретінде қолдану аясында қарастыруға негізделген және болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін психологиялық-педагогикалық құрал ретінде дамытуға, болашақ білім беру көшбасшысы ретіндегі білім алушының рефлексивті құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Курстың мақсаты: ХХ ғасырдың басына таман империализмнің отарлық жүйесінің қалыптасу процесі мен оның екі дүниежүзілік соғыс нәтижесінде бөлінуін, отарлық жүйенің күйреуі және Шығыс елдерінің саяси тәуелсіздік алуы туралы білім беру. Студенттер Азия және Африка елдерінің XX-XXI ғғ. даму аспектілерін, шығыс қоғамын модернизациялау проблемаларын, оның геосаяси дамуын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Европа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы

    Курсты оқу барысында жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму ерекшеліктері зерттеледі. Ал оның негізгі мазмұны феодалдық-абсолюттік қатынастардан буржуазиялық-капитализмге өту болып табылатындықтан, Англия, Франция, Италия мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революцияларға, сонымен бірге ескі отарлық империялардың күйреп жаңаларының пайда болуына баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғ. Қазақстандағы әкімшілік реформалар

    Пәннің мақсаты: ХІХ ғ. жүзеге асырылған және қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси, құқықтық өмірінде және әкімшілік-территориялық құрылымында үлкен өзгерістер туындатқан әкімшілік реформаларды оқып білу. Қазақстан территориясындағы патша үкіметінің әкімшілік реформаларын жүргізудің алғышарттары мен салдарлары, патшалық Ресей үкіметінің аймақтық саясаты талданады. Қазақ тарихындағы XVIII-XIX ғғ. империялық кезеңді сыни талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі

    Курс болашақ мұғалімдерге «Тарих» пәнін оқытудың ғылыми педагогикалық заңдылықтары мен әдістемелік қамтамасыз етілу шарттарын жан-жақты меңгертуді көздейді. Жалпы орта білім беру мазмұнындағы оқу пәнінің алар орны мен ерекшелігі, оқыту формалары мен әдіс-тәсілдері туралы білім, білік, дағдылармен қаруландырады, білім мазмұнын мақсатты меңгертудегі мұғалімінің педагогикалық шеберлігін, тарихты жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың икемділік-дағдыларын игереді, кәсіби әдістемелік даярлығын қамтамасыз етеді. Оқытуды тиімді ұйымдастыруда арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректемесі (ХХ ғ. дейін)

    Пәннің басты мақсаты ежелгі кезеңнен бастап ХХ ғ. дейінгі Қазақстан тарихының тарихнамасы мен дереккөздерінен, оларды зерттеп игерудің тұжырымдамаларынан жан-жақты білім беру болып табылады. Пәнді игеру барысында білім алушылар өз бойларына деректер және тарихи еңбектермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады және оларды талдау, саралау, зерттеу жұмыстарына пайдалану әдіс-тәсілдерін меңгереді және ғылыми аппаратпен жұмыс жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы

    Пән XVIII–ХХ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы тарихи үдерістерді, тарих ғылымындағы қазіргі замандағы әдістемелік көзқарастар контексінде көрші елдер халықтарының тарихымен өзара байланыста және өзара әрекетте оқытады. Ресей империясы саясатының ықпалымен көшпелі қоғамдағы өзгерістер, қазақ қоғамының бейімделу механизмдері, империя саясатының қазақ халқының мәдениетіне тигізген әсері зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы

    Курстың мақсаты: Шығыс елдерін батыстың отарлық жаулап алу кезеңін, отарлау жүйесінің қалыптасуын және адамзат тарихындағы алғашқы бірыңғай әлемдік капиталистік шаруашылықтың құрылуын (XVII ғ.ортасы-ХХ ғ.басы) оқыту. Студенттер тарихнамалық материалдарды зерттеу негізінде Шығыс елдеріне қатысты кезеңдеу мәселелерін, отарлау кезеңдерін және метрополия елдерінің отарлауына қарсы күрес процесін оқиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи процесс және тарихи таным теориясы

    Курс тарих ғылымының танымдық функцияларын, методологиялық құрылымын таныстыра отырып, тарихи үрдістің категориялары мен сипатын, тарихи үрдістегі субъективтілік пен объективтіліктің диалектикасын терең меңгертеді. Тарихи процесстің қазіргі заманғы даму кезеңдеріне сай тарихи сана, тарихи заңдылық теориясын зерттеулерде қолданады. Білім алушы тарихи сананың эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратады, тарих ғылымының әртүрлі концепцияларын талдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ зиялылары және Алаш қозғалысының тарихы

    Курста қазақ зиялылары және Алаш қозғалысы тарихы, ұлттық автономия құру жолындағы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және т.б. іс-әрекеттері тың деректер негізінде жан-жақты қарастырылады. Курсты оқу барысында білім алушылар ұлт зиялыларының жаңа қоғам құрудағы орындары мен рөлдерін айқындау арқылы тұлғаның саяси портретін негіздеудің заманауи тарихи зерттеу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тарихи пәндерді оқытудағы кәсіби шетел тілі

    Қазіргі таңдағы көптілді, көпмәдениетті әлем жағдайында аталған пәнді оқытудың негізгі мақсаты адамзат іс-әрекетінің белгілі-бір саласына қызмет ететін кәсіби бағытталған шет тілін (ағылшын) ерекше пән ретінде оқу; кәсіби-бағытталған материалды игеру және оны кәсіби жағдайларда қолдану; кәсіби (тарихи) шет тіліндегі терминдерді, сонымен қатар шет тіліндегі тарих ғылымының базалық категориялы аппаратын меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектептегі білім беру процесін ұйымдастыру және мониторингтеу

    Курс оқу процесін ұйымдастыру және бiлiм беру жүйесiндегі қызметтер туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оны үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн әдіс-тәсілдерді меңгеруге негізделген. Білім мекемелерінің білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеудің теориялық негіздерін, оның қазіргі уақыттағы даму тенденцияларын, педагогикалық мониторингтің мақсат, міндеттерін және оны оқу үдерісінде қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи мектеп басқару

    Курста баскару және көшбасшылық, инновациялық мектеп басқару, мектепішілік басқару формалары, мектеп директоры, мектеп директорының орынбасарлары қызметі, мектеп басқаруда басшылыққа алынатын негізгі құқықтық-нормативтік актілер талданады. Студенттер мектептегі Кеңес түрлерін (педагогикалық, әдістемелік) ажыратады, мектеп жоспарлары, мектепішілік құжаттар және олардың жасақталуымен танысады. Аттестация және біліктілік арттыруды жетілдіруге, басқару жүйесіндегі зерттеушілікті зерттеуге дағдылайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ақтөбе облысының тарихы

    Курс мақсаты Ақтөбе өңірінің көне заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі саяси, экономикалық және мәдени тарихынан жан-жақты білім беру болып табылады. Курсты оқу барысында білім алушылар археологиялық қазба жұмыстары, ортағасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Ақтөбе өңірі тарихын зерделейді, өлке тарихын зерттеу ерекшеліктерін анықтайды және зерттеу дағдыларын игереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру процесі сапасын жетілдірудің заманауи құралдары

    Курстың мақсаты: білім беру процесі сапасын жетілдіру аясында іргелі педагогикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс білім беру жүйесі жетістіктерін анықтайды, жаңартылған білім беру бағдарламасы, оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы қағидалары мен тәсілдері, оқытудың заманауи технологиялары, оқу процесін ұйымдастырудың жаңашыл әдістері, білім сапасын жетілдіру құралдары, бағалау жүйесі, электронды құжаттар (күнделік, журнал) және тарих пәнін жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастыру жолдары туралы түсінік беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музей және архив ісі

    Музей және архив түрлері, нормативтік-құқықтық базасы туралы объективті түсінікті қалыптастыруды мақсат етеді. Музей, архив құжаттамасымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, жолсілтермен, тізімдемелермен жұмыс, архив-музей каталогтарымен жұмыс жасау, қазіргі заңнамалық құжаттардың, ақпараттық технологияның көмегімен музейлердің құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу, жеке анықтамалар дайындауға, музей, архив құжаттарын айналымға енгізу жолдарымен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кеңес мемлекетінің тарихы

    Курстың мақсаты КСРО-ң құрылғанынан бастап өмір сүруін тоқтатқанға дейінгі аралықтағы тарихын, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуын зерттеу болып табылады. Студенттер Кеңестік мемлекеттер құрамын анықтайды, олардың тарихын меңгереді және даму бағыттарын талдайды. Заманауи тарихи зерттеу әдістерін пайдалана отырып, КСРО тарихының өзекті мәселелерін түсінеді, тарихи баға беруге машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тарихты оқытудағы педагогикалық шеберлікті қалыптастыру

    Пәнді игеруде педагогикалық шеберліктің методологиялық, теориялық негіздерін, педагогикалық шеберлік элементтері, педагогикалық техника, өзін-өзі басқару, тиімді қарым-қатынас, қарым-қатынас стильдері, формалары, түрлері, ықпал етудің негізгі тәсілдері, педагогикалық құзыреттілік, қазіргі мектепті жаңғырту аясындағы тарих пәні мұғалімдерінің қызметі, олардың кәсіби шеберлігіне, білімділігіне, мәдениеттілігіне қойылатын талаптар, тарихты оқытудағы педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары, әдіс-тәсілдері оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ХХ-ХХІ ғғ. тарихы (тарихнамалық және деректанулық аспектісі)

    Пәннің мақсат-міндеті кеңестік кезең және тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерінен жан-жақты білім беру болып табылады. Пәнді оқу барысында білім алушылар тарих ғылымының теориялық мәселелерін игереді, тарихи оқиғаларға талдау, тұжырым жасай білу дағдыларын қалыптастырады, Кеңес заманындағы және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуы туралы білім деңгейлерін меңгереді, деректер және тарихи еңбектермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жаһандану үдерістері: теория және қазіргі заман

    Студенттерді қазіргі интеграциялық үдерістерді, жаһанданудың халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңыздылығы мен ықпалын, жағымды-жағымсыз әсерлерін білуге үйретеді. Жаһандану үдерісін зерттеудің теориялық-методологиялық негізі, жаһандану және әлемдік әлеуметтік даму, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тарихты оқытудағы бағалаудың өлшемдік технологиясы

    Курс білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалаудың технологиялық негіздері туралы білімді қалыптастырады, критериалды бағалаудың мәнімен, рөлімен, функцияларымен, критериалды бағалау жүйесінің әдістерімен, формаларымен және жүзеге асыру құралдарымен, бағалау қызметінің құрылымымен, критериалды бағалау технологиясының үлгілерімен таныстырады. Студенттердің алған білімдерін психологиялық-педагогикалық практикада мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыра білуін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқытудағы IT және цифрлық ресурстар

    Курс студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі заманғы құралдарын тиімді пайдалану және жасақтау тәжірибесімен, олармен білім беру саласын қамтамасыз ету үдерісімен таныстырады. Курс білім беру үдерісіне сандық білім беру технологияларын енгізудің негізгі өлшемдерін ашады, жасанды интеллект кеңістігінде бағдарлануға дағдыландырады, білім алушыларда ақпараттық белсенділікті, медиасауаттылықты қалыптастырады. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде ақпараттық дерек қорын жинақтап және зерттеу нәтижесін жақсартуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Отан тарихы және дүниежүзі тарихы саласындағы озық білімге негізделген, тарихи құбылыстар мен оқиғаларды адамзат қоғамының әлемдік тарихи дамуының ортақ үлгісімен байланыстыра зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсетеді, тарихи зерттеулер жүргізеді;
  • Тарих ғылымының салалары бойынша кәсіби деңгейдегі білім мен түсінуді қолданады, ғылыми еңбектерге өзбетінше тарихнамалық шолу жасау арқылы дәлелдерді қалыптастырады, тарихи деректерден алынған ақпараттарды талдау арқыл мәселелерді шешеді;
  • Философиялық-этикалық құндылықтарды меңгере отырып тұжырымдар жасайды, қоғамның саяси-әлеуметтік құрылысын талдайды, қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастырады, кәсіпкерлік және құқықтық білімін жетілдіреді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға дағдыланады;
  • Білім беру ұйымдарындағы тарих пәнін оқытудың инновациялық әдістемесі теориясын біледі, тарихты оқытудағы құзіреттілік ұстанымдары мен оның ерекшеліктеріне негізделген кәсіби міндеттерді шешуде дамыта оқыту, сараланған, кіріктірілген оқытудың педагогикалық технологияларын қолданады және жас ерекшелік физиология мен мектеп гигиенасын ескереді;
  • Сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, инновациялық ұстанымдарын игереді және инклюзивті білім беру ерекшеліктерін ескере отырып, кез-келген өмірлік жағдайда шешім қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі заманауи менеджмент негіздерін түсінеді, ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін қабылдайды және олар үшін жауапкершілік алуға дайын; өзін-өзі дамытып, жетілдіре алады, көшбасшылықтың негізгі сипатын ажыратады;
  • Тарих ғылымының салалары бойынша дерек көздері мен тарихнама мазмұнын талдайды, деректерді қолдану тәсілдерін біледі, зерттеу мәселелерін құзіретті тұжырымдап, нәтижелерін ұсынады. Тарих ғылымы саласында жаңа жетістіктер мен ғылыми-әдістемелік білімді және зерттеу мүмкіндерін қолданады, академиялық жазба түрлерін меңгере отырып, ғылыми жұмысты сауатты рәсімдеу дағдыларын жүзеге асырады;
  • Отан тарихы мен әлем тарихының өзекті мәселелерінің өзара байланысы мен өзара ықпалын жаңа өркениеттік тұрғыда көрсетеді. Тарихи фактілер негізінде теориялық білімді меңгереді және оқиғалардың өзара сабақтастығын түсіндіреді, өлке тарихын және ондағы білім беру ісінің қалыптасуының негізгі факторларын анықтауда заманауи тарих ғылымының зерттеу әдістерін қолдана алады;
  • Академиялық адалдық ұғымдары мен принциптерін, оларды қолдану мақсаттары мен міндеттерін айқындай отырып, өзінің қызметі мен өмір жолында академиялық адалдық қағидаларын ұстанады;
  • Жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен ұлттық ерекшеліктеріне негізделген білім мен тәжірибені меңгереді, тарихты зерттеу арқылы өз халқының мәдениеті мен әлемдік мәдениеттің әртүрлілігін бағалайды және маңызын ұғынады, "Mәңгілік ел" құндылықтары аясында рухани келісім мен толеранттылық идеяларын қолданады. Тарихшы маманның құзыреттілігі шеңберінде көптілді және көпмәдениетті әлем жағдайында әрекеттесу мақсатында орыс және шетел тілдерін меңгереді;
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер туралы білімді игереді, зерттеу жұмысында жасанды интеллектті қолданады, компьютерлік желілермен жұмыс жасайды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, тарату үшін интернет-ресурстары және мобильді сервистерді тарата біледі;
  • Жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны шеңберінде және қазіргі қоғамға кіруге бағытталған іргелі педагогикалық, психологиялық білім мен дағдыларды меңгереді. Білім мекемелерінде оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыруға дағдыланады, білім беру ісіндегі мониторинг негіздерін меңгереді, дәстүрлі педагогикалық мәдениет тарихымен танысады, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарлайды және жүзеге асырады;
  • Тарихи-ғылыми тұжырымдарды ескере отырып, тарихи үдерістерді сыни талдайды, баға беруге негізделген пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады;

Ұқсас БББ

6B01601 Тарих

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Астана халықаралық университеті

6B01601 Тарих және дінтану

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01601 Тарих мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01601 Тарих

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01601 Тарих

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01601 Тарих

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01601 Тарих

Шымкент университеті

6B01601 Тарих

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01601 Тарих

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01601 Тарих

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01601 Тарих

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01601 Тарих және қоғамтану (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top