6B01601 Тарих в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңартылған мектеп білім беру бағдарламасына сәйкес, сыни ойлау мен оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген педагог мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Ежелгі дүние тарихы
Пән ежелгі мемлекеттің пайда болуы мен дамуы, құл иеленушіліктің дамуы сияқты мәселелерді оқытады. Сонымен қатар ежелгі шығыстағы жер шаруашылығы ошақтарының, ірі өзендер мен суландыру жүйелерінің маңыздылығын, мемлекеттіліктің (шығыс деспоты) ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы орнын талқылайды және де ежелгі мемлекеттер жайлы деректер мен тарихнамаға тоқтала отырып, мемлекеттердің тарихын кезеңдерге бөлу сияқты мәселелерді қарастырады.
Несиелер - 5
-
Математикалық статистика негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Археология және алғашқы қоғам тарихы
Пәнді оқу барысында студент адамзат дамуының тарихын археологиялық ескерткіштер арқылы білетін болады. Тас, қола, темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысады. Еуразия территориясының қола мәдениетінің даму барысын біледі. Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық археологиясын оқиды. Сонымен қоса, адамзат қоғамының қалыптасуынан бастап, адамның пайда болуын, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтың құрылуын, дамуын меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Эмоционалды интеллект
Пән Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары контекстіндегі педагогтың тьютор рөлін игеруіне бағытталған. Студенттер қазіргі мектептің білім беру процесіндегі эмоционалды интеллекті мен икемді құзыреттіліктердің орнын анықтайды. Икемді дағдыларды, соның ішінде оны цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын қолдана алады. Әртүрлі жастағы оқушылардың эмоционалды интеллектісін бағалау мен дамытудың технологияларын меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады. Курс заңдылық түсініктерін, этикалық қағидалары мен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаларын дамытады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.
Несиелер - 5
-
Еуропа мемлекеттерінің орта ғасырлық тарихы (Ү-ХҮІІ ғғ.)
Пән Ортағасырлардағы Батыс Еуропалық өркениеттің рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктерін кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады. Батыс Еуропа мәдениеті, қалалардың пайда болуы мен дамуы, крест жорықтары, гуманизм және Қайта өркендеу мәселелерін үйренеді; әртүрлі медиевистикалық мектептер арасындағы маңызды теориялық сұрақтарды меңгете отырып Орта ғасырлардағы Батыс елдеріндегі тарихи дамудың негізгі және өзекті мәселелерін меңгереді.
Несиелер - 5
-
Орта ғасырлар тарихы
Пән Ортағасырлардағы дүниежүзілік тарихтың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктерін кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады. Ежелгі дүниеден Ортағасырларға өту кезеңіндегі Шығыс пен Батыста болған тарихи оқиғаларды талдай отырып, ортағасырлық мемлекеттерінің пайда болуы, басқару жүйелері, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы мәселелерін үйренеді; Батыс және Шығыс елдерінің ортағасырлық кезеңіне қатысты негізгі оқиғалардың даму ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдай отырып, дүниежүзілік тарихтың біртұтастығын, қоғамдық дамудың негізгі заңдарының әлемдік сипаты бар екендігін түсінеді.
Несиелер - 5
-
Ұлы даланың ежелгі және орта ғасырлар тарихы
Пәнде Қазақстан аумағындағы өркениеттің басталуы және Қазақстанның орта ғасырлар тарихы мәселелері баяндалады. Тас, қола, темір ғасырларының кезеңдері, археологиялық ескерткіштері сипатталады. Сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар тайпаларының саяси тарихы қарастырылады. ҮІ-ХІҮ ғасырлардағы Түрік қағанаттарының мемлекеттік, қоғамдық құрылысы, этникалық және саяси тарихына талдау жасалынады. Моңғол дәіріндегі Қазақстан және Қазақ хандығы саясаты қарастырылады.
Несиелер - 6
-
Педагогикалық психология
Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды.Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Адам және қоғам
Пәннің мақсаты: адамның мүддесін қанағаттандыруга бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық екендігін талдай білуді үйренеді; Қоғамдық өмірдің заңдылықтары, саяси үрдістердің тенденциялары және оның жекелеген елдер мен жаһандық деңгейлердегі жүзеге асу ерекшеліктері туралы негізгі ғылыми әдебиеттерді талдау және шолу дағдыларын меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сандық тарих
Сандық тарих курсы сандық технологияны қолданудағы білім мен бейімділікті қалыптастыру, тарихи ақпараттар мен тарихи деректерді жинақтап, визуаландыруды талдау барысында сандық мен data science әдістерін қолданады; Курста сандық тарихтың қалыптасуы мен даму трендтерін қарастырып, оның digital humanities және public history сияқты басқа пәнаралық байланыстары қарастырылады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи информатика
Пәнді игеру барысында білім алушы тарихи информатиканың ғылыми-техникалық пән ретіндегі рөлі жайлы түсінік алады; Тарихи информатика және қоғамды ақпараттандыру заңдылықтарын біледі; Тарихи зерттеулерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары: ақпараттық міндеттер, жүйелер, өнімдер мен ресурстар туралы түсінік қалыптастырады; Тарихи информатиканың қолданбалы және теориялық компоненттері және компьютерленген тарихи зерттеудің негізгі кезеңдерін меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосалқы тарихи пәндер
Пән қосалқы тарихи пәннің тарих ғылымында алатын орнын анықтайды; География, тарихи хронология, нумизматика, геральдика, сфрагистика, генеология, картография, тарихи ономастика ғылымдарының нені зерттейтіндігін үйренеді; Сондай-ақ қосалқы тарихи пәндерге ретіндегі орнын саралауды, деректерге сыни көзқараспен қарауды, эпиграфика мен палеографиядағы таңбадан бастап бүгінге дейінгі жазба дерек эволюциясын, зерттеу тәсілдерінің тарих ғылымы үшін маңызын меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика және дидактика
Пәннің мақсаты ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Деректану және тарихнама
Пәнді игеру арқылы деректану мен тарихнама ғылымының қалыптасуы мен дамуын меңгереді; Пән теориялық - методологиялық мәселелелерге баса назар аудара отырып, тарихи деректерге талдау жасау, тәжірибеде қолданудың жолдарын үйретеді; антикалық тарихнамамен, гуманистік тарихи оймен, қайта өрлеу мен реформация дәуірінің тарихи тұжырымдарымен, ағарту дәуірінің тарихи ойлары және негізгі бағыттарымен танысады
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи демография
Пәннің мақсаты белгілі бір аумақты мекендейтін адамдардың жиынтығы жайлы ақпарат беру. Пәнді оқу барысында оның ғылыми таным нысаныхалықтың өсу заңдылықтарын меңгереді; Ұдайы өсу туу, өлім, некелесу және айырылысу үрдісіндегі халықтың табиғи қозғалысы, көші-қон мәселелері жайлы ақпарат алады; Пән халықтың санын, аумақтық орналасуын, құрамын, әлеуметтік-экономикалық және биологиялық, географиялық факторлар негізіндегі заңдылықтардың өзгеру себебін тарихи бағыттарын үйретеді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Критериалды бағалау технологиясы
Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады
Несиелер - 5
-
Отан тарихының жаңа кезеңі
Пән ХҮІІІ-ХХ ғ. басындағы Қазақстанның жаңа кезеңін оқытады. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерді оқиды; Қазақстанның Ресейге қосылуы сияқты өзекті мәселелерді игереді; Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі туралы білімін жетілдіреді; Отаршылдыққа қарсы күрес және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын үйренеді; ХҮІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің тарихын игереді.
Несиелер - 5
-
Дүниежүзі тарихының жаңа кезеңі
Курс ХVII ғасыр ортасы мен XX ғасыр басындағы әлем елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік тарихын қарастырады. Студент: - пәннің теориялық негіздерін біледі; - батыста капитализмнің, отарлық жүйенің қалыптасуын, оның шығыс елдеріне әсерін түсінеді; - терминдер мен түсініктерді меңгереді, оларды тәжірибеде қолданады; - фактілерді түсініп, сыни талдайды; - дүниежүзілік тарихтағы терең өзгерістерді сараптайды.
Несиелер - 6
-
Ұлттық элита және ұлт мәселесі
Пәннің мақсаты ұлттық элита мен ұлт мәселесі туралы білім қалыптастыру. Қазақстанда ұлттық элитаның қалыптасуы мен алғашқы қадамдары жайлы түсінік қалыптастырады; ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының ұлттық-демографиялық идеяларының пайда болуын игереді; Ұлттық элитаның қоғамдағы міндеттері жайлы ұғым қалыптастырады; Ұлт зиялыларының мәдени өмірдегі және ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін меңгереді; Алаш қозғалысы тарихындағы атқарған қызметтері мен тарихи тағдыры жайлы білімдерін жетілдіреді.
Несиелер - 5
-
Кәсіби этика және сәйкестік
Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.
Несиелер - 6
-
Этнология
Пән- әлем халықтарының этногенезін, этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығын, материалдық және рухани мәдениетін, қоғамдық және отбасылық тұрмысның дамуының әсерін түсінеді; әлем халықтарының этнографиясы ғылымының қалыптасуындағы этнографиялық мектептері мен бағыттарының концепцияларын терең оқып білуге негіздейді. Әлем халықтарының тарихынан бүгінгі күнге дейінгі тарихи кезеңдерін, саясатын, салт-дәстүрін, материалдық және рухани мәдениетін, экономикасын, тарихи тұлғаларын жан-жақты меңгереді.
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
Курс ХVII ғасыр ортасынан XX ғасырдың басыне дейінгі Еуропа және Америка елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік тарихын қарастырады. Студент: - курстың теориялық негіздерін меңгереді; - терминдер мен түсініктерді біледі, оны тәжірибеде қолданады; - батыста капиталистік қатынастардың пайда болуын, терең саяси-экономикалық өзгерістерді түсінеді; - тарихи фактілерді түсінеді, сыни сараптамадан өткізеді; - өз ойын нақты жеткізіп, көзқарасын негіздеп, дәлелдейді.
Несиелер - 6
-
Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы
Пәнді оқытуда қазақ халқының рухани мәдениеті баяндалады. Сақ-үйсін дәуірінің және Ежелгі түрік мәдениетін меңгереді; Ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениетіне талдау жасайды; Ислам дінінің рухани жаңғыртудағы және оның мәдени өркениеттік дамудағы мазмұнын қарастырады; Кейінгі ортағасырлардағы рухани мәдениет пен дәстүрлі қазақ қоғамындағы рухани мәдениетін сипаттайды; Рухани мәдениеттің қазіргі жағдайы және оның мәселелерін сыни тұрғыдан саралайды.
Несиелер - 5
-
Шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихы
Пәншетелде тұратын қазақтардың тарихы,қоныс аудару себептері мен қалыптасу ерекшеліктері жайлы оқытады.Шетелдегі қазақ диаспорасының даму тарихы мен қазіргі хал-ахуалы түсінік қалыптасады; ХІХ-ХХ ғғ. жиі орын алған қоныс аудару нәтижесінде пайда болған шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихымен таныс болады; Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркменстан және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарына қоныс аударылған қазақтардың тарихи тағдыры мен Отандық тарих ғылымындағы алатын орны қарастырылады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі замандағы дүниежүзі тарихы
Курс ХХ ғасырдың басынан бүгінге дейінгі дүниежүзі елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік тарихын қарастырады. Студент: - пәннің теориялық негіздерін біледі; - жеке құбылыстарды, өткен тарихи оқиғаларды сыни сараптай алады; - қазіргі заманғы дамуды анықтайтын негізгі факторларды, оның жеке елдердегі көрінісін талдап үйренеді; - тарихи тұжырымдар жасауға дағдыланады. - әлемдегі тарихи өзгерістерді сыни сараптай алады.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тарихты оқытудың жаңа мазмұны мен әдістемесі
Пәнді меңгеру кезінде тарих пәнін оқыту әдістемесі бойынша қажетті теориялық білім көлемін меңгереді; оқыту барысында жаңа әдіс- тәсілдерімен тиімді педагогикалық технологияларды пайдалану әдістемесімен танысады; қазіргі мектептік тарих оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендердің мәселелерін талдап көрсету, тарих сабақтарында түрлі деректерді пайдалану жолдарын ұсынады; тарихты оқытуда табысқа жету үшін жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастырады.
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Қазақстандағы этноконфессионалдық үдерістер
Пәннің мақсаты әлем діндерінің классификациясы, қазіргі заманғы әлемдегі діндердің орны мен рөлі және қазіргі Қазақстандағы негізгі діндер мен діни ағымдар туралы білім береді. Қазақстан Республикасы халқының діни ерекшеліктерімен, қазақ халқының негізгі діні - ислам дінінің қоғам мен мемлекеттегі орынымен, этноконфессионалдық үдерістердің теориялық мәселелерімен таныс болады. Қазақстандағы этноконфессиялық және діни үдерістерді реттейтін мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық-нормативтік заңнамалардың маңыздылығы туралы білім алады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ресей тарихы
Пәннің мақсаты Ресей тарихын әлем тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, дүниежүзілік - тарихи үдерістегі орнын анықтайды; Белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды; Ресейдің көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі маңызды тарихи оқиғалар тізбегін Еуропа және Америка елдерінің дамуымен сабақтастыра отырып салыстырады; Ресейдің интеграциялық процесстерге қатысуын, дүние жүзіндегі геосаяси белсенділігінің бағыттарын талдайды.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Курс ХХ ғасырдың басынан бүгінге дейінгі Еуропа және Америка елдері тарихының негізгі мәселелерін қарастырады. Студент: - пәннің теориялық негіздерін біледі; - терминдер мен түсініктерді, негізгі факторларын біледі, практикада қолданады; - тарихи деректермен өз бетінше жұмыс істейді; - тарихи фактілерді түсініп, сыни сараптамадан өткізеді; - өз көзқарасын негіздей және дәлелдей алады.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. Қазақстанның қазіргі заман тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтайды; -Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтарын, әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдайды; -Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануының тарихи маңызына баға береді.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы модулі (Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы; Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы)
Пән Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы қоғамдық дамуының негізгі жолын мазмұндайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани үрдістерді кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады. Формациялық-өркениеттік процестің негізгі тенденцияларының логикалық дамуын және тарихи дамудың өтпелі бағыттарын үйренеді. Қоғамдық дамудың эволюциялық циклын баяндау әдісін қолдану арқылы курсты дәрістеудегі жүйелілік тәсілдері мен оларды талдау ұстанымдарын жан-жақты меңгереді.
Несиелер - 9
-
Педагогикалық зерттеулер негіздері
Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.
Семестр - 1
Несиелер - 10
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі мәселелерді, оқиғаларды, идеялар мен теорияларды сыни тұрғыдан бағалайды.
- Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
- Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
- Тарихи-педагогикалық үдерістің мәселелерін шешу барысында тарихи дамудың әр кезеңі, жалпы және теориялық тарихи ғылымдар туралы білімді қолдануға қабілетті.
- Тарихи үдерістердің барысын түсінеді, талдайды.
- Тарихи оқиғаларды білуге және талдауға негіздей отырып, тарихтың одан әрі дамуын болжайды.
- Жеке құбылыстар мен өткен тарихи оқиғаларды сыни талдау арқылы адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен, ғылыми зерттеулердің салыстырмалы тарихи, ретроспективті және басқа әдістерімен байланыстырады.
- Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
- Жаһандық және еуразиялық тарихи үдеріс аясында тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдері талданады.
- Тарихнамалық мәселелерді шешу барысында ғылыми әдебиеттерге, библиографиялық және басқа ақпарат көздеріне талдау жасай отырып, кәсіби пайдалана біледі.
- Тарихи пәндерді оқытуда инновациялық, заманауи цифрлық технологияларды, сандық әдістерді қолданады.
Ұқсас БББ
6B01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Астана халықаралық университеті
6B01601 Тарих және дінтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01601 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01601 Тарих мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01601 Тарих
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01601 Тарих
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01601 Тарих
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01601 Тарих
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01601 Тарих
Шымкент университеті
6B01601 Тарих
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01601 Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01601 Тарих
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01601 Тарих
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01601 Тарих
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01601 Тарих
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01601 Тарих
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01601 Тарих және қоғамтану (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті