6B01601 Тарих мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті тарих пәнінің мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Тарих пәніне кіріспе
Тарихтың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның объективтілігі мен субъективтілігі мәселелерін зерттейді. Библиографияны құрастыру үшін дереккөздермен, кітапхана қорымен, интернет-ресурспен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Тарихи зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін, негізгі тәсілдерді, ғылыми мектептерді, тұжырымдамаларды, тарихи ұғымдар мен терминдерді, тарихты кезеңдеуді, дереккөздердің түрлерімен, практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін проблемалық және зерттелген мәселелерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Алғашқы қоғам тарихы
Адамзат қоғамының қалыптасуының алғышарттарын, хронология мәселелерін, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Алғашқы қоғамдық топтардың, жеке меншіктің және таптық қоғамның пайда болуы мен даму проблемаларын тарихи талдау дағдыларын қалыптастырады. Шаруашылықтың ерекшеліктерімен және алғашқы адамдардың рухани мәдениетімен, дүниетанымдық көзқарастар мен ғылыми білім көздерінің қалыптасуымен таныстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ежелгі дүние тарихы
Жазба, фольклорлық және материалдық деректер негізінде ежелгі қоғамның кезеңделуін, әлеуметтік ұйымдасуын, ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін зерделейді, ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтайды. Афины мемлекетінде демократияның пайда болу себептерін, мемлекетаралық қатынастарды түсіну үшін «империя» ұғымын ашып көрсетеді. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін, ежелгі қоғамның дамуына діннің әсерін сипаттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта ғасырлар тарихы
Тарихтағы «орта ғасыр», «феодализм» ұғымдыры, оның хронологиялық шеңбері мен кезеңдері, халықтардың ұлы қоныс аударуы, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы, ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері тарихи деректер мен тарихшы-медиевистердің еңбектерінің негізінде оқытылады. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін, шаруалар көтерілістерін, феодалдық соғыстарды, абсолютизмнің қалыптасуын сипаттайды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археология
«Археология», «археологиялық мәдениет» ұғымдарымен таныстырады. Археологияның басқа ғылымдармен және Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеумен байланысын айқындайды. Археологиялық нысандарды модельдеу әдістерін зерттейді, археологиялық объектілердің хронологиясы мен кезеңдеуін, археологиялық ескерткіштердің типологиясы мен түрлерін, археологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесімен, тас, қола, темір дәуірі археологиясымен таныстырады. Адамзаттың ертедегі мәдени дамуын көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы
Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын, үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын, адамның дүниетанымының өзгеру себептерін, қоғамдық өмірдегі діннің рөлін, антифеодалдық көтерілістердің себептерін, салдарын, феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерінтарихи деректер негізіндесипаттайды. Шығыстағы монархия формаларын, ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін, экономикалық қатынастардың формаларын зерделейді. Тарих бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мен тіршілігін, кезеңдеуді жазба және материалдық деректер негізінде зерттейді. Ежелгі және орта ғасыр мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу үдерістерін, көшпелілердің наным-сенімдерін, дүниетанымын, олардың Орталық және алдыңғы Азиядағы орны мен рөлін анықтайды. Феодалдық қатынастардың дамуы туралы білімді қалыптастырады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Қазақстанды Ресейдің жаулап алу процесін, кезеңдерін, Қазақ хандығының Абылайдың тұсында көтерілуін, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы отарлық реформалардың салдарын қарастырады.Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде ХХ ғ. басында саяси өмірдің жандануын, тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттейді.Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Еуропа және Америка елдерінің жана заман тарихы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық және рухани дамудың ерекшеліктерін анықтайды. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы бойынша жаңа ғылыми категориялық аппаратпен және негізгі деректермен таныстырады. Жаңа тарих бойынша негізгі тұжырымдамалар мен іргелі еңбектер туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Пән тарихи деректер негізінде Азия және Африка елдерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуын XVII ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қарастырады. Шығыс елдері үшін жалпыға бірдей қабылданған кезеңдерге бөлудің шарттылығын, олардың өркениеттік даму ерекшелігі көрсетіледі. Азия және Африка халықтары мен елдерінің тағдырындағы отарлау мен трансформацияланудың ролі зерттелінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан мұражайлары
Терминдермен, нормативтік құқықтық актілермен, «музей» сөзінің этимологиясымен таныстырады. Музейлердің пайда болу алғышарттарын, даму тарихын, музей заттары арқылы ақпаратты сақтау және насихаттау ережелерін, экспозицияны модельдеу, музейлердің түрлерін, типтерін, музейлік деректерді жинақтау және іріктеу критерийлерін, қорлардың композициялық құрылымын, электрондық технологияларды қолдануды оқытады, пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Архивтану негіздері
«Архивтану», «архив ісі», «архивтік құжат», түсініктерімен, әртүрлі елдердегі мұрағат ісінің қалыптасу және даму тарихымен, мұрағаттанудың теориялық мәселелерімен, мұрағаттық деректер негізінде оқиғаларды моделдеумен, ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырады. Мұрағаттардың негізгі функцияларын, ведомстволық және мемлекеттік мұрағаттардың жұмыс ережелерін ашып көрсетеді. Құжаттардың құндылығы мен оларды жинақтау, пайдалану мәселелерінде білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тарихты оқыту әдістемесі
Тарих пен қоғамдық пәндерге қатысты нормативті құжаттармен таныстырады. Дәстүрлі әдістер мен инновациялық технологияларды, мультимедиялық құралдарды, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың нысандары мен әдістеріне, критериалды бағалау технологияларын, қысқа мерзімді оқу жоспарларын әзірлеуді оқытады, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тарихи білім беруде дизайн ойлау технологиясын қолдану әдістемесі
Проблемалық аймақтарды мұқият зерттейді, негізгі мәселені тұжырымдайды, оны шешу жолдары, жаңа идеялар жасайды, оның әртүрлі нұсқаларын ұсынады, проблемаларды шешу моделінің прототиптерін жасайды және әртүрлі форматтағы идеялардың, әдістердің, техниканың және құралдардың ауқымы мен маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдерді сынайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Архив деректеріндегі Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихы
Ресей, Өзбекстан, Қазақстан мемлекеттік архивтерінің құжаттары бойынша Оңтүстік Қазақстанның тарихымен, Түркістан облысының мұрағат қорларының негізінде жасалған -«Шымкент облысының Кеңес Одағының батырлары», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шымкент облысы», «Естелік кітабы» жинақтарымен, архив деректері бойынша оқиғаларды моделдеуді, ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырады. Тарих бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан архивтері
Қазақстан архивтерін ұйымдастыру мен даму тарихымен, негізгі нормативтік актілермен, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» ҚР Заңымен, мұрағаттық деректер негізінде оқиғаларды моделдеумен, ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырады. ҚР архив ісі, құжаттану жүйесін дамыту бағдарламасын, ҚР ҰАҚ нормативтік-әдістемелік құжаттарын оқытады. Құжаттардың құндылығы мен оларды жинақтау, пайдалану мәселелерінде білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұражайтану негіздері
Терминдермен, нормативтік құқықтық актілермен, «музей» сөзінің этимологиясымен таныстырады. Музейлердің пайда болу алғышарттарын, даму тарихын, музей заттары арқылы ақпаратты сақтау және насихаттау ережелерін, экспозицияны модельдеу, музейлердің түрлерін, типтерін, музейлік деректерді жинақтау және іріктеу критерийлерін, қорлардың композициялық құрылымын, электрондық технологияларды қолдануды оқытады, пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте мұражайтану және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру
Мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру негіздерін: сабақта өлкетану материалдарын пайдалану, сыныптан тыс іс-шараларды, өлкетану үйірмелерін ұйымдастыруды оқытады. Мектеп мұражайының экспозициясын модельдеу негіздерін, өлкетану жорықтары мен экспедицияларын ұйымдастыруды қарастырады. Оқушылармен ғылыми-зерттеу жобаларын орындау үшін өлкетану материалдарының мүмкіндіктерін түсіндіреді. Тарихи, географиялық, әдеби, өлкетану бойынша білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шет елдер тарихының деректемесі және тарихнамасы
Деректанудың ортақ заңдылықтары, теориясы, тарихы және әдіснамасы, негізгі принциптері, кезеңдері, деректермен жұмыс істеудің проблемалары мен әдісі, деректерді сыныптау проблемасы, жекелеген дәуiрлердегi тарихшылардың, елдердің тарихи мектептері мен ағымдарының концепциялары қарастырылады.Тарихнамалық зерттеудің негізгі аспектілері, деректанулық, тарихнамалық еңбектердің модельдері оқытылады. Ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарих бойынша пәнаралық білім интеграцияланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының тарихы
Түркі халықтарының тарихы дүниежүзілік тарихтың біртұтас үдерісі мен құрамдас бөлігі ретінде, олардың мәдени байланыстары қарастырылады. Проблемалар бойынша ғылыми әдебиеттер мен деректер, кезеңдеу қөрсетіледі. Ежелгі және орта ғасырлардағы түркі мемлекеттілігінің мәселелері, олардың өзара байланысы мен сабақтастығы талданады. Қазіргі заман әлемінде түркітілдес елдердің этно-геосаяси жағдайы, демографиялық проблемалары мен рөлі анықталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Әлемдік тарих контекстіндегі тарихи процестердің, оқиғалардың, құбылыстардың, фактілердің дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Тәуелсіздіктің құрылуы мен қалыптасу жолдарын, экономиканың қазақстандық моделін, Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздерін және елдің әлемдік кеңістіктегі мәртебесін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Тарихи дерек көздері негізінде ХХ - ХХІ ғ. басындағы елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуы, отарлауға қарсы күрес тарихы, тәуелсіздікке ие болу, даму жолын таңдау зерттеледі. Өркениеттің алуан түрлілігі: Қытай және социалистік елдер, Жапония және «Азия айдаһарлары», мұсылман елдері, тропикалық Африка әлемі ашылып көрсетіледі. Қазіргі әлемдегі Шығыс елдерінің рөлі анықталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихты оқытудың инновациялық және компьютерлік технологияларын қолдану
Оқытудың инновациялық технологияларын қолдануда ақпаратты жинау, бағалау, сақтау, дайындау, ұсыну, алмасу үшін ақпараттық, мультимедиялық және компьютерлік технологияларды пайдаланады. Дректерді өңдеудің техникалық қамтамасыз ету құралдарымен, желі байланысының дағдыларымен таныстырады. Тарихқа қатысты мəтіндерді, кестелерді, мəліметтер қорын, мультимедианы, бағдарламалау орталарында ұсынылған ақпаратты талдауды, синтездеуді, бағалауды зерттейді. Қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен қазіргі уақыт аралығындағы Еуропа мен Американың жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихына жан-жақты сипаттама береді. Қазіргі кезеңдегі Еуропа және Америка елдерінің географиялық кеңістікте алатын орны, дүниежүзі тарихындағы әлеуметтік-мәдени және шаруашылық-экономикалық даму ерекшеліктері, тарихи даму үрдісі жайлы ғылыми негізде түсініктеме береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- гуманитарлық, экономикалық, экологиялық білім негізінде әлеуметтік және кәсіби салада туындаған даулы мәселелерді шеше алады.
- критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді оқу жоспарын әзірлеу технологияларын қолданады;
- Қазақстан мен әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін түсіндіреді;
- оқыту мақсаты мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық технологиялар мен АКТ қолдана отырып оқу үдерісін ұйымдастырады;
- өз елінің және әлемдік мұражайлық және мұрағаттық мәдениет ескерткіштерін анықтау және сақтау үшін тарихи білімін қолданады;
- танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдай біледі;
- тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениеті мен академиялық адалдығын көрсетеді;
- отан және дүниежүзі тарихы кезеңдері, отандық және әлем тарихы оқиғалары, құбылыстары, процестері туралы қазіргі ғылым талабына жауап беретін білімін көрсетеді;
- психологиялық-физиологиялық, педагогикалық, инклюзивті білім негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алады.
- оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды;
- Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын зерделеу үшін ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерін қолдана және олардың нәтижелерін академиялық стилде рәсімдей отырып, тарихи деректер, ғылыми теориялар мен еңбектерді талдайды;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды;
Ұқсас БББ
6B01601 Тарих
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Астана халықаралық университеті
6B01601 Тарих және дінтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01601 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01601 Тарих
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01601 Тарих
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01601 Тарих
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01601 Тарих
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01601 Тарих
Шымкент университеті
6B01601 Тарих
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01601 Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01601 Тарих
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01601 Тарих
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01601 Тарих
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01601 Тарих
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01601 Тарих
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01601 Тарих және қоғамтану (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті