Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в ҚарМУ Е.А.Бөкетов

  • Жанр және көркемдік әдіс
    Несиелер: 5

    Көркем шығармашылықтың негізгі заңдылықтарын қарастырудағы жанрлар мен көркемдік әдістің ролі. Жанр – әдебиет теориясының басты нысаны. Жанрдың басқа әдеби категориялармен байланысы. Көркем әдіс теориясы. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік әдістер. Көркемдік әдіс және поэтика мәселелері. Көркемдік әдістің түрлері: реализм, романтизм. Реализмнің түрлері, қалыптасуы мен дамуы. Романтизм, оның түрлері. Көркем әдістердің типологиясы. Көркем шығарманың құрылымы, қызметі, тарихи мәні мен заңдылықтары аясындағы жданрлар мен көркемдік әдістер. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі модернист жазушылардың стилі мен шығармашылық әдістерінің ерекшеліктері туралы толымды мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Тілдің қоғамдық қызметі, барлық салаларының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары, генеологиялық және типологиялық классификациясы, қазіргі кездегі тілдің өмір сүру қалпының, фонетикалық, грамматикалық құрылымының күйінің тарихи-салыстырмалы әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Латыннегізді қазақ жазуы
    Несиелер: 4

    Жазудың пайда болуы мен түрлері, қазақ жазуының даму тарихы, латын графикасының қалыптасу, даму жолдары, таңбалық қолданыстары қарастырылады. Жаңа мазмұнды қазақ емлесі ережелерін үйрету барысында қазақ жазуында ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарының көрініс табуына, халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің қамтылуына, үштұғырлы тіл саясатының ұтымды іске асырылуына назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі
    Несиелер: 5

    Дыбыстың жалпы сипаттамасы, қасиеті, акустикалық-артикуляциялық ерекшеліктері, дыбыстардың өзара үндесуі, орфоэпия және орфография мәселелері және т.б. Тіл дыбыстарының құрамы мен жүйесі, дыбыстың пайда болу, жасалу жолдары. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен жүйесі; Дыбыс жүйесіне қатысты ережелер, қағидалар, сингармонизм заңына, дыбыс алмасуларына, орфоэпия мен орфографияның аражігіне байланысты пікір білдіріп, ұсыныс айта алады. Фонетикадағы орфографиялық қағидаттар сипатын, емле және тыныс белгілері ережелерін дыбыстау (айту), жазу негізінде жүзеге асыру мүмкіндігі қалыптасады. Тілдің дыбыстық жүйесін жүйелі меңгеру арқылы сөйлеу мәнері қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
    Несиелер: 5

    Мектеп жасындағы балалардың өсіп, дамуының жас физиологиялық ерекшеліктерінің негіздерін білу. Адам өміріндегі түрлі кезеңдерінде тұлғаға тән психикалық процестер, қасиеттер, қалыптар, құбылыстар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және морфонологиясы
    Несиелер: 5

    Курста дыбыс алмасуының түрлері, олардың пайда болу, өзгеру жолдары мүмкіндігінше қамтылып сараланады. Атап айтқанда, морфонологияның зерттелу тарихына шолу; дыбыс, буын, сөз ішіндегі, сөз аралығындағы алмасуларды анықтау; сөз ішіндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың алмасу ерекшеліктерін белгілеу; екпінмен байланысты (просодикамен) дыбыс, буын алмасуларын сипаттауға айрықша мән беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ диалектологиясы
    Несиелер: 5

    Диалект сөздердің жалпы сипаттамасы, әдеби тілге негізі, әлеуметтік диалектілер, тілдік ерекшеліктері, диалектілік тұрақты тіркестер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл ілімдерінің негіздері
    Несиелер: 5

    Тіл ілімінің негіздері, оның негізгі санаттары, талдау түрлері, ондағы тілдік бірліктердің ерекшеліктері. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика бағыты. Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдісінің дүниеге келушінің ішкі - сыртқы себептерін анықтай білу, ондағы тілдік құралдардың мазмұнды бейнелеуге қатысы. Қолданылған тілдік құралдардың мағынасы, мәні, эстетикалық қызметі. Шығарманы талдаудың жолдары мен әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарихи жырлар поэтикасы
    Несиелер: 5

    Тарихи жырлардың шығу тегі, дамуы тұтастануы, тақырыптық бөлінісі және жанрлық ерекшелігі тұрғысынан талдау,және оқыту. Қазақ фольклорындағы тарихи жырлардың 15-20 ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі қалыптасып дамуы, қаһармандардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайындағы шежірені типологиялық және поэтикалық тұрғыдан түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Фольклор және фольклористика ғылымының және қазақ халқының ауыз әдебиеті оның туу, қалыптасу, даму тарихының күрделі кезеңдері Халық ауыз әдебиетінің эстетикасы мен поэтикасы. Фольклордың эстетикасы, тарихи-әлеуметтік сипаттары, оның дәстүрлік стильдері, халық шығармашылығының көркемдік әдістері, ауыз әдебиетінің шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Орфография мен пунктуацияның қиын мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің негізгі салаларына қатысты мәселелерді, орфография мен пунктуацияны оқытудағы қиындық келтіріп жүрген жайларды саралау, емле мен тыныс белгілердің ғылыми негіздерін сөз ете отырып, тыныс белгілерін жазу практикасында қолдануды бір ізге түсірудің тиімді жолдарын қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму кезеңдерін және де әдебиетке, әдебиеттану ғылымына қатысты терминдер мен түсініктер жүйесі. Көркем шығарманы ғылыми тұрғыда пайымдау, оның даму заңдылықтары. Әдебиеттануға қатысты терминдер мен түсініктер жүйесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туынды сөздер
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тіліндегі туынды сөздер арнаулы курсы – қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі мен сөз құрамы, жалпы грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын, ғылыми негізін талдап көрсетеді және студентті сол қасиетке практикалық тұрғыдан дағдыландырады. Бұл курстың ғылыми негізі мен сипаты – туынды сөздерді теориялық жағынан меңгерумен қатар, алған білімді практикада іске асырып, тілдік элементтердің ерекшелігін талдай білу мақсатын көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен этнолингвистикасы
    Несиелер: 5

    Лексика туралы түсінік, сөздің лексикалық жүйеде алатын орны, лексикалық мағына, сөздің пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары, шығу тегі, эмоциялық- стильдік сипаты, фразеологизмдердің лексика- семантикалық жүйеде алатын орны. Тіліміздің сөздік құрамы, сөздердің мағынасы, сөз этимологиясы, тұрақты тіркестердің түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Семасиология және этимология
    Несиелер: 5

    Сөздердің қалыптасу, өзгеру және дамуына қатысты тарихи заңдылақтар. Сөздердің шығу төркіні, олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасы. Сөздің лексикалық мағынасы, тіліміздегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, сөздердің көп мағыналылығы, сөздің пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтарын, мағына түрлері. Сөз, мағына, ұғым туралы түсінік және олардың арақатынасы, лексикалық мағына мен грамматикалық мағына,пардигмалық, синтагмалық мағына туралы түсінік. Сөздің лексикалық мағынасы, тіліміздегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, сөздердің көп мағыналылығы, сөздің пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары, мағына түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттегі рухани жаңғыру үдерісі
    Несиелер: 7

    Халқымыздың асыл қазынасы, бай мұрасы эстетикалық және поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады. Ауыз әдебиетімен қоса әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму кезеңдерін және де әдебиетке, әдебиеттану ғылымына қатысты терминдер мен түсініктер жүйесі жан-жақты қарастырылып, терең талданып зерделенеді. Сонымен бірге теориялық ұғымдар эстетикалық және поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 7

    Тарихи бастауын Сақ, Ғұн дәуірінен алып, Түркі қағанаты арқылы әлемдік алып империя, соған лайық түркі өркениетін қалыптастырған әдеби мұраның тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісінің қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар мұрасымен тарихи сабақтастығы. Ұлттық әдебиет тарихын дәуірге бөліп зерттеу, оның тарихи даму белестерін жүйелі саралау бағытындағы үрдістер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орта ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 7

    Орта Азия халықтарының әдеби мұрасын, көрнекті тұлғалардың өмірі, шығармашылығын, Орта Азия елдерінің тарихымен, мәдениетімен байланыста ала отырып, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасау. Орта Азия елдерінің,атап айтар болсақ, Қырғыз, Түркімен, Өзбек, Тәжік елдері әдебиетінің туу, қалыптасу, даму тарихымен танысу. Қазақ әдебиетімен байланысын зерделеу. Танымал ақын-жазушылардың мұраларын қазіргі көзқарас тұрысынан талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халқының рухани мұрасы
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының рухани мұрасы болып табылатын көркем шығармалар туралы жалпы түсінік. Рухани-көне түркі жазуында, қазақ халқының тарихи даму жолындағы фольклорлық шығармаларындағы ұлттық мұраның негізі. Халықтың эстетикалық дүниетанымын қалыптастыруда ауызша халық әдебиеті мен жазбаша әдебиеттің маңызы. Қазіргі ақпараттық-технологиялық дәуірдегі әдебиет және өнер туралы жалпы түсінік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдың халық ақындарының өмірі мен шығармашылығына қатысты қажетті деректер. Олардың мұраларындағы айтылған мәселелердің тарихпен арақатынасы. Әдебиеттану салалары бойынша жүргізілген ғылыми ізденістер. ХІХ ғасыр ұлттық әдебиет тарихы туралы, оның даму жолындағы кезеңдері мен дәуірлері, белгілі шығармашылық тұлғалардың әдеби мұралары туралы білімдер жиынтығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Курста педагогиканың әдіснамалық негіздері, оның дамуының негізгі кезеңдері мен бағыттары, мәні мен мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары, тұтас педагогикалық процестің құрылымы; сабақ - білім беру ұйымының негізгі формасы ретінде қарастырылады; оқыту кезіндегі диагностика және бақылау; қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологияларымен әдістері, мұғалімнің кәсіби құзіреттіліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курсты оқытудың мақсаты мемлекеттік-құқықтық құбылыстар; ҚР конституциялық құқығының негіздері; ҚР Құқық қорғау органдары мен соттары; ҚР мемлекеттік билік органдары; ҚР әкімшілік құқығының негіздері; ҚР Азаматтық және отбасылық құқығының негіздері туралы білімді қалыптастыру; студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шетел әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақ руханииятының ажырағысы асыл арнасын құрайтын шет елдегі қазақ қаламегрлерінің ұлттық болмыс-бітімдегі шығармашылық тұлғасын меңгеру.Әдебиеттану ғылымы өзекті арналарымен, яғни әдебиет теориясы, поэтикасы, эстетикасымен сабақтастыратын білім деңгейінде талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Курс қоғам мен табиғат дамуының негіздері туралы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың қазіргі заманғы тәсілдері туралы, өмір сүру қауіпсіздігін құқықтық реттеу, жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ол тірі организмдер популяцияларының жай-күйімен, экожүйелердің бұзылу дәрежесімен, тірі организмдердің қауымдастықтағы өзара әрекеттесу механизмдерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқытудың интерактивті әдістемесі
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесінің негізгі даму кезеңдері мен қалыптасу ерекшеліктері, негізгі интерактивті әдіс-тәсілдер, интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнымен байланыстыру мәселелері, интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылған сабақтар талдаулары, қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қолданбалы бизнес
    Несиелер: 5

    Курс өткізу нарығын талдау әдістерін зерделеуді, өнімді сипаттауды, өндірістік жоспарды әзірлеуді және ұсынуды, маркетинг жоспарын және ұйымдастыру жоспарын әзірлеуді және ұсынуды, қаржы жоспарын әзірлеуді және ұсынуды қамтитын бизнес-жоспар құру дағдыларын қалыптастыруға арналған; Студенттерді қолданбалы бизнес негіздерімен таныстырады. Курс жас буындардың инновациялық мінез-құлқының дүниетанымдық негізін қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет пен көшбасшылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың тұсындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөніндегі хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге кеңес дәуіріндегі әдебиет жөнінде білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алаш арыстарының тілдік мұрасы
    Несиелер: 5

    Алаш зиялыларының ұлттық әдеби тілді дамытуға қосқан үлестері, қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуында айрықша орын алған жаңалығы мен қайшылығы мол кезең жеке алынып, жан-жақты сөз болады. Әдеби тіліміздің функционалдық стильдер жүйесінің қалыптасуына әсер еткен экстралингвистикалық факторлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі компаративистика
    Несиелер: 5

    Әдебиеттанушылық және компаративистика, историография, библиография. Қазіргі компаративистика ғылымның қалыптасу жолдары мен негізгі бағыттары туралы филологиялық білімдер жүйесі. Қазіргі компаративистикадағы зерттеушілік көзқарастар туралы сыни және ғылыми еңбектерімен танысу, зерттеу жұмысын жасай білу, қазақ әдебиеттану ғылымындағы компаративистиканың соны ізденістері мен теориялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Ұлттық руханият әлеміндегі ерекше құбылыс ояну дәуіріндегі Алаш ұранды сөз өнерінің ұлт мұрат тұтқан отаншылдық рухтағы тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісінің ерекшелігі. Азаматтық мұрат-мақсаты отаншыл қасиеттерге негізделген Алаш қайраткерлерінің әдеби және қоғамдық істерінің тарихи маңызы. Қалам қайраткерлерінің түрлі жанрдағы шығармашылық ізденістерінің эстетикалық әлемі, жаңашылдық қырлары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абай шығармашығындағы тақырыптардың сөз зергерінің мұрасын зерттеу контекстінде қарастырылу мәселелері. Ақын поэзиясын әдеби-тарихи, әдеби-теориялық талдаудың классикалық үлгісін ғылыми негіздеген Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлы және кейінгі зерттеушілер мақала, еңбектерінің маңызы. Ұлттық әдебиеттанудағы абайтану ілімінің қалыптасу жолдарының ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игерген, ақынның адамгершілік мұратын ұлттық және адамзаттық гуманизм өнегесі тұрғысынан байыптай білетін мамандар қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көркем мәтінді тілдік талдау және тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Әдебиет стилистикасы және лингвостилистика, автор және оқырман стилистикасы, мәтін , оның типтері, байланысы, көркем мәтіннің санаттары, оның лексика-фразеологиялық қабаты, интертекстуалды байланыстар, тілдік тұлға құзіреті, мәтіндегі троптар мен фигуралар туралы түсінік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Курс инклюзивті (интеграцияланған) білім беруді енгізудің халықаралық және отандық тәжірибелері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады; инклюзивті практика тұлғаларын психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жұмыстың мазмұны туралы білімді қалыптастыру. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың жеке білім беру бағытын әзірлеу және іске асыру дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің cөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    Сөзжасам тәсілдері, сөзжасамдық мағына түрлері, сөз таптарының сөзжасамы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Сөз құрамы, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптарының грамматикалық ерекшеліктері. Тіліміздегі сөзжасамдық жүйе, сөз құрамын және сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі. Мектепте, сыныпта тәрбие жоспарын жоспарлау. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби аударма негіздері
    Несиелер: 5

    Ғаламдық мәдениет пен әдебиеттегі әдеби аударманың маңызын саралау. Аударма ұғымының филологиялық аясының барынша ұлғайып, ғылыми негіздері мен теориясының ұшталуын байыптау. Аударма негіздері және ақпараттық аударма тәжірибесі пәнінің қоғамдық және рухани дамудағы маңызы. Әдеби аударма ұғымының теориялық және практикалық сипаттардағы маңызы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу мәселелерімен таныстыру, тарихи-әдеби, теориялық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беру. Әдебиетті оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері мәселелерін игерту ісі қолға алынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Абай және қазақ әдеби тілі
    Несиелер: 6

    Абай тілінің алғаш зерттелуі, Абай шығармаларының тілі және қазақ әдеби тілі дамуы, Абай өлеңінің синтаксистік-композициялық құрылысы, өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер, Абай және шығармашылық контекст, Абайдың қара сөздерінің тілі, қара сөздердің негізгі стильдік ерекшелігі, тілдің функционалдық стильдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистері
    Несиелер: 4

    Қашықтықтан оқыту негіздері: Қашықтықтан оқытудың модельдері мен технологиялары; Видоеконференциялар, видео-кездесулер, вебинарлар, өткізуге арналған платформалар; қашықтықтан оқыту жүйелері (LMS). Қашықтықтан оқыту үшін білім беру контентін әзірлеу: Оқытуға арналған мультимедиа презентацияларын жасау сервистері. Сауалнамалар мен тестілерді жасау сервистері. Интербелсенді тапсырмаларды жасаудың онлайн-сервистері. Интербелсенді жұмыс парақтарының конструкторлары. Аудио және видео өңдеу құралдары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аударматану лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Аударма түрлері, аударма трансформациясы, аударылымпаздық, аударманың толыққандылығы сияқты құбылыстар. Аударманың теориясы мен тарихы, аударма лингвистикасының зерттелуі, даму кезеңдері, алғашқы үлгілері, аудармадағы лексикалық бірліктерді аудару жолдары мен грамматикалық мәселелер, аударманың басқа пәндермен байланысы, аударманың практикасы сияқты мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сөздікпен жұмыс
    Несиелер: 5

    Аудараманың қоғамдық қызметі, аударма және аудармашы міндеттері. Сөздік түрлері. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасау. Сөздікпен жұмыс жасаудың тиімді жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 6

    Сөз формаларының синтаксистік қызметі, сөз тіркесінің түрлері, сөйлем мүшелері, жай сөйлемнің құрылымдық типтері, құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары, олардың жасалу жолдары, бөгде сөз, тыныс белгілері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері. Менеджмент басқару туралы ғылым. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Жалпы тіл білімінің негізгі проблемалары, зерттелу тарихы және тіл білімінің негізгі теориялары жайында жүйелі білім. Тіл білімінің әрбір бағыты мен мектептеріне қатысты көзқарас, олардың артықшылығы мен кемшілігі туралы мәселелер. Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттардың пайда болуы. Тіл теориясы мен тіл тарихы. Тілді зерттеудің әдіс-тәсілдері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәніне алынған білімін практикалық іс-әрекетте қолдану; қазақ тілінен білім берудің жүйелері. Жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәлімет пен практикалық дағдылар туралы түсініктерді игеру. Қазақ тілін педагогика және психологиямен байланыста оқыта отырып, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетіндегі модернистік ағымдар
    Несиелер: 5

    Модернизм және постмодернизм тәрізді әдеби стильдер, Европа мен орыс әдебиеті мен өнерінде өткен ғасырдың басында терең зерттеліп, өзіндік орны мен бағасын алған. Олар үшін бұл әдеби әдістердің ерекшелігі таңданыс тудырмайды. Ал қазақтың жазба әдебиеті кешеуілдеп дамығандықтан, қазақ әдебиетінде модернизмнің бар жоғы ұзақ жылдар бойы күмән тудырып келді. Ол қазақ әдебиетіне «бөтен стиль» деген теріс пікірлер болды. Курста модернизм жайлы жалпы түсінік бере келіп, одан тарайтын әдеби ағым түрлерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы және қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың тұсындағы (1941-2000) және қазіргі әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөніндегі хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім береді. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары. Эстетикалық баға және құндылық өлшемі. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм мәселелері. Тақырып, идея, образ категорияларының қазіргі динамикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл тарихы
    Несиелер: 5

    Тіл білімінің негізгі проблемалары, зерттелу тарихы және тіл білімінің негізгі теориялары жайында жүйелі білім беру. Тіл теориясы, тіл білімінің тарихы, тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу, ежелгі заман тіл білімі, орта ғасыр тіл білімі, лингвистикалық мектептер мен бағыттар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салыстырмалы әдебиеттану
    Несиелер: 5

    Ұлттық әдебиеттану ғылымы туу, қалыптасу дәуірлерінің тарихы. Олардағы салыстырмалы әдебиеттанудың бағыттары. Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің бастаулары мен негізгі кезеңдерін зерделеудің тарихи жолы. Салыстырмалы әдебиеттанудағы ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің тууы мен қалыптасуының негізгі дәуірлері мен кезеңдері. Ұлттық әдебиеттанудағы салыстырмалы әдебиеттанудағы әдіснамалық мәселелері мен ізденістері және жетістіктерінің бастан өткерген жолының өзіндік ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп жүйесінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Мектепте білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқытудың түсініктері. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптар. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері. Онлайн және офлайн режимдерінде оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері. Қашықтықтан оқыту әдістемесі. Қашықтықтан оқытудың негізгі түрлері: видеолекциялар, конференциялар, вебинар, чат. Интернет іс-шараларына қатысуды ұйымдастыру: олимпиадалар, фестиваль, конкурс, желілік жобалар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аударманың ғылыми және ақпараттық тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Студенттер аударматану бойынша ғылыми ұғым алады және сол алған білімдерін нақты іс жүзінде пайдалана білуге дағдыланады. Аударатын материалдың жанрына да ерекше көңіл бөлу қажеттігі ескеріледі. Аударманың теориялық мәселелеріне, синхронды және көркем мәтінді аударуға, ақпарат жүйесін аудару теориясына тереңірек тоқталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының типологиялық өрісі, көркемдік-идеялық дамуы. Қазіргі қазақ прозасындағы әдеби ағымдар, ұлттық характердің жасалу жолдары. Тарихи прозаның даму үрдістеріндегі дәстүр және жаңашылдық Проза, поэзия, драматургия жанрларының теориялық мәселелері, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістермен сабақтастығы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиеті сынының тарихының ғасырларға созылған қалыптасуының тарихи жолы. Халықтық эстетика. Сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің тууы мен қалыптасуының негізгі дәуірлері мен кезеңдері. Әдеби сынның жеке сала ретіндегі әдіснамалық мәселелері мен ізденістері және жетістіктерінің бастан өткерген жолының өзіндік ерекшеліктері. Маркстік-лениндік әдіснама және ұлттық әдеби сын. Ұлттық әдеби сынның туу, қалыптасу және даму жолдары туралы ғылыми білімдер жиыны.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тілдік қатынас негіздері
    Несиелер: 5

    Тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы, анықтамасы, ерекшеліктері, тілдік қатынас және тілсіз қатынас, тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар, тілдік қатынастың құрамы, қатысымдық тұлғалар, сөйлесім әрекеті, оның түрлері, тілдік қатынастың ғылыми негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қолданбалы аударматану
    Несиелер: 5

    Аударматану ілімі, аударманың ғылыми-өзекті мәселелері. Аударма теориясы мен тәжірибесінің өзіндік табиғатынан туындайтын негіздері. Аударматану ілімі, аударманың ғылыми-өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылады. Аударма теориясы мен тәжірибесінің өзіндік табиғатынан туындайтын негіздерін саралап, аударманың филология ғылымы мен мәдениеттер тоғысуындағы рухани құндылықтарды еселеудегі маңызы екшеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON8

    Қазақ халық ауыз әдебиетінің шығу тегі мен дамуын оның басқа да ғылымдарды дамытуға жасаған әсер, ықпалын бағамдайды. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негіздерін нақтылай алуға дағдыланады. Қазақ тарихи жырларының деректері мен дәйектемелері арқылы ел мен жер тарихына қатысты пікірлер айтып, суырыпсалмалық өнердің тарихқа байланыстылығын дәлелдейді. Рухани мұраларды белсенді насихаттау арқылы қазіргі қоғамдық сананы жаңғырту жұмыстарын белсенді түрде іске асыруға ықпал етеді. Қазақ халқының рухани құндылықтарын игеру арқылы ұлттың тағдыры мен келешегін игереді.

  • Код ON3

    Инклюзивті, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптары мен үйден оқыту жағдайында оқушыларды инклюзивті оқыту үлгісін қолдану жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарлайды және шешім қабылдайды. Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жоспарлайды. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың жеке жетістіктерін бақылап, талдап, қадағалайды.

  • Код ON7

    Қазақ әдебиетін оқытуда әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындайды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен алған білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра алады. Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесінің негізгі даму кезеңдері мен қалыптасу ерекшеліктерін, негізгі интерактивті әдіс-тәсілдер ерекшеліктерін игереді. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнымен байланыстырудың маңызын меңгереді.

  • Код ON15

    Абай шығармалары тілі мәселелеріне қатысты теориялық білім алады. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, алғашқы арналары мен тарихи негіздерін білу, қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары, жеке стильдік тармақтарға саралануы, қоғамдық қызметі, тіл саясатына байланысты әдеби тілдің дамуына әсерін тигізетін ішкі (тілдік) және сыртқы (тілдік емес) жағдаяттарды игереді. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының қазақ әдеби тіліне қосқан үлесімен танысады. Көркем мәтіндегі ақпарат түрлері арқылы өзін өзі дамыта алады; анықтамалық әдебиеттермен, сыни және ғылыми еңбектерімен жұмыс істей игереді; мәтінаралық байланыстар әлеуетін күнделікті сөйлеуде қолдана алады. Белгілі бір салада, жанрда қолданылатын тілдік бірліктер жиынтығын ажыратып, сипаттай алады; әдеби тіл нормаларын игереді.

  • Код ON13

    Сөздің лексикалық жүйеде алатын орнын, лексикалық мағына, сөздің кеңеюі мен тарылуын, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын, этимологиясын, эмоциялық-стильдік сипатын, фразеологизмдер және олардың түрлерін меңгеріп, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымда кәсіби деңгейде жүзеге асыра отырып, шығармашылық ойлау дағдыларын сөйлеу мәдениетінде қалыптастырады. Сөз, мағына, ұғым, этимология туралы түсінік және олардың арақатынасы, лексикалық мағына мен грамматикалық мағына, парадигмалық, синтагмалық мағына туралы және сөз мағынасының түрлерін және терминдерді игереді, меңгереді. Синтаксистік талдауларды, теориялық білімдерді толық меңгеріп, оқуға деген қабілеттілікті арттыру мақсатында оқыту процесі кезіндегі алған білімін кәсіби деңгейде қолдануға дағдыланады.

  • Код ON16

    Жалпы білім беретін оқу орнында қашықтықтан оқыту технологияларын зерттеу және енгізу, Қашықтықтан оқыту әдістерін меңгеру, қашықтықтан оқытуға тапсырмаларды құру қабілеті, Информатиканы оқытудағы АКТ, сандық, қашықтықтан оқыту және инновациялық технологияларды, соның ішінде ағылшын тілінде құралдарын қолданады

  • Код ON10

    Аударматану тарихы, теориясы, практикасы, аударма заңдылықтары, сөздіктердің сипаты, түрлері, құрастырылуы, қазақ лексикографиясы мен терминографиясы мәселелері туралы білім алады. Аудараманың қоғамдық қызметін, аударма және аудармашы міндеттерін айқындайды. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасайды. Аударылатын тілдік жүйелердің барлық деңгейінде кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып, олардың аударылу тәсілдерін меңгереді. Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы, ғылыми-практикалық мәселелерін жан-жақты жүйелі игереді. Аударма ғылымының теориясы мен тарихы, ғылыми-практикалық мәселелерін жан-жақты жүйелі игереді. Аударманың ғылыми негіздері мен теориялық сипаттарын филологиялық аспектіде меңгереді.

  • Код ON11

    Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің туу, қалыптасу, даму жолдарын саралай игереді, әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелерін меңгереді, компарастивиканың негізгі бағыттарын талдайды. Әлемдік және ұлттық әдебиеттанудың тарихындағы салыстырмалы әдебиеттанудың зерттеу әдіс-тәсілдерін жүзеге асырады. Әдебиет теориясының бастаулары мен арналарын игереді және меңгереді. Әдеби-теориялық ой-пікірдің қалыптасу кезеңдері туралы зерттеу еңбектердегі тұжырым мен қорытындыларды қазіргі кездегі ғылыми көзқарастармен ұштастырады. Қазақ әдебиетіндегі модернистік әдеби ағымдардың негізгі идеялық-эстетикалық ерекшеліктерді теориялық тұрғыдан талдай алады. Қазақ әдебиеті сыны тарихының дәуірлерінің әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда саралайды. Қазақ әдебиеті сынының тарихының негіздерін ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты талдайды.

  • Код ON1

    Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, латын графикасының негізгі ұғымдары туралы білімдерді қолданады.

  • Код ON2

    Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді қалыптастырады, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін таңдайды, алған білімдері негізінде білім беру үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарын, принциптері мен заңдылықтары қолданады. Білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымын басқаруда іскерлік қарым-қатынастың түрлері мен формаларын меңгереді және қолданады. Педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуіндегі педагогикалық әдеп ережелерін, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды. Мектептегі тәрбие үрдісі және оның сипаттамасы туралы үйреніп, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формаларын таңдай игереді. Тәрбие жүйелерін құра білудің әдістемесін, сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекет бағыттары мен қызметтерін игереді. Педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен тәрбиелік механизмдеріне сәйкес тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүзеге асырады. Білім алушылардың отбасымен қарым-қатынас жасаудың заманауи формалары мен әдістерін қолданады.

  • Код ON9

    Қазақ әдебиеті тарихының дәуірлерінің әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда сараптайды. Қазақ әдебиеті тарихының негіздерін ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты талдайды. Қазақ мәдениеті мен тарихының бастауы болып табылатын ежелгі дәуірдегі әдеби мұралар, сол дәуірдегі әдеби және тарихи тұлғалардан бастап, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі әдеби шығармалардың негізгі тақырыптарын, идеялық бағытын, көркемдік ерекшеліктерін танып игереді. Абайтану ілімінің қалыптасып, даму тарихын игеріп, бұл істе кеткен кемшіліктер мен жетістіктерді меңгереді. Абайтанудың мақсаты мен міндеттерін нақтылау арқылы пікір айтуға дағдыланып, пікірталастар жасай алуға қол жеткізеді.

  • Код ON5

    Латын әліпбиіне қатысты ережелерді, қағидаларды қалыптастырады, орфография мен пунктуацияға байланысты өз ойын айтып, пікірін ұсына алады. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін игереді, жазудың түрлеріне, қазақ жазуының қалыптасуына байланысты негізгі ұғымдарды игереді.

  • Код ON12

    Дыбыстың жасалуы, түрлері, үндесуі және сөздердің жазылуы мен дыбысталуына қатысты алған білімдерін оқыту үдерісі кезіндегі кәсіби деңгейде қолдана алады. Сингармонизм заңының негізін меңгеріп, дыбыс пен жазудың аражігін ажыратуға машықтанады, қазақ тілі орфоэпиясы мен орфографиясының негізгі ережелерін үйренеді, транскрипцияны меңгеріп, сөйлемді дұрыс дыбыстауға және сауатты жазуға үйренеді, ойын айқын, дәл жеткізе алады.

  • Код ON4

    Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму жолдарынын, әдебиетке қатысты терминологияны жан-жақты меңгереді. Әдебиеттану ғылымы өзекті арналарымен, яғни әдебиет теориясы оның поэтикасынан алған білімімен көркем шығарманы талдайды. Ұлттық әдебиеттану ғылымының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда сарапқа салады. Шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығы мен өмірбаяндарын, олардың әлем әдебиетіндегі ерекшеліктерін, маңызды рөлін меңгереді. Адамзат тарихында елеулі орын алатын туындылардың айырмашылықтарын, артықшылықтары мен кемшіліктерін толық танып игереді.

  • Код ON14

    Тіл біліміне қатысты алғашқы тілдік түсініктерді, тілдің пайда болуы, қалыптасуы, даму заңдылықтары, тіл білімінің салалары, тілдердің жіктелуі, тілдің қызметі сияқты мәселелерді игереді, тіл мен қоғам арақатынасын, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеуді байланыстырады. Жалпы тіл білімінің тарихын, тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерді, тіл білімінің теориялық мәселелерін игереді. Тіл теориясын тіл білімінің даму кезеңдерімен байланыстырады. Тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы, өзіндік кезеңдері, олардағы лингвистикалық ой-пікірлер, алғашқы тілдік зерттеулерден бастап бүгінге дейінгі лингвистиканың қол жеткен табыстарымен танысады.

  • Код ON6

    Қазіргі қазақ тілінде сөзжасамдық және морфологиялық талдауды игеріп шығады. Тілдің сөзжасамдық жүйесі мен морфемалық құрамы, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері жөнінде ғалымдардың ой-тұжырымдарын саралай отырып, өзіндік пікір айтуды қалыптастырады. Көркем мәтіндегі ақпарат түрлері арқылы өзін өзі дамыта алады. Анықтамалық әдебиеттермен, сыни және ғылыми еңбектерімен жұмыс істей игереді, мәтінаралық байланыстар әлеуетін күнделікті сөйлеуде қолдана алады. Белгілі бір салада, жанрда қолданылатын тілдік бірліктер жиынтығын ажыратып, сипаттай алады, әдеби тіл нормаларын игереді.

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top