Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

  • Тіл біліміне кіріспе

    Студенттерге тіл білімінің ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысы, қарауына жататын проблемалары, оларды зерттейтін салалары мен түрлерін қамти отырып, жалпы тіл теориясының негізгі проблемаларынан терең филологиялық білім беру. Студенттерді лингвистиканың негізгі ұғымдары және терминдерімен таныстырады, олардың лингвистикалық білім шеңберін кеңейтеді. Дәріс сабақтарында тіл білімінің ішкі салаларын: фонетика, лексикология, грамматиканы оқып, тілдік талдау жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдебиеттану ғылымының салаларын, олардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, аталған ғылымның қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет беріледі. Шығармашылық мәселесінің тарихпен, философиямен, көрнек өнері түрлерімен байланыстылығын таныстырады. Қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастырады. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері, даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық ауыз әдебиеті

    Халық әдебиетінің ғасырдан ғасырға жеткен әдеби-рухани мұралары, тақырыптық, көркемдік сипаттары, жанрлық ерекшелігі, тарихы, жиналуы, зерттелуі, классификациялау принциптері қарастырылып, фольклор тарихы мен жазба әдебиеті арасындағы байланысы түсіндіріледі. Пәннің мақсаты – қазақ халық ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталуы мен жанрлық түрлердің бөліну жолдары, фольклорлық шығармалардың идеялық-көркемділік қырлары туралы терең білім беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Балалар әдебиеті

    Білім алушы балалар тақырыбына қалам тербеген қаламгерлердің шығармашылығы, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы, даму жолы, тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздері, тәрбиелік мәні жөнінде білім игереді. Балалар әдебиетінің ел тарихымен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты даму ерекшеліктері жөнінде терең мағлұмат беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пән Педагогиканы оқыту мазмұнын, педагогикалық ғылымның қалыптасуының негізгі кезеңдерін және қазіргі педагогиканы зерттеу пәнін қарастырады. Адам өмірінің анатомиялық және физиологиялық параметрлерін ескере отырып, педагогикалық процестердің негізгі механизмдерін талдау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын игеруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Нормативті қазақ тілі

    Білім алушылар нормативті фонетика, нормативті лексика, нормативті грамматика, тілдің нормалану заңдылықтары, тілдің нормалануының қазіргі жайы, оны кодификациялау жөнінде білім меңгереді. Қазақ тіл білімінің салалары (фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис) бойынша теориялық білім алып, кешенді тілдік талдаулар жасауға машықтанады. Пәннің мақсаты - қазақ тілінің негізгі құрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан оқыту, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    VI-XV ғасырлар аралығындағы Орхон-Енисей аңғарынан табылған ескерткіштер, Қарахан әулеті билік жүргізген тұстағы әдеби ескерткіштер, Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралар туралы мәлімет береді. Мақсаты: Курсты игерту арқылы студенттерді түркі әдебиетінің даму кезеңдерімен, ол кезеңдердегі әдеби мұралар мен тарихи ескерткіштердің ой-мұратымен, мән-мағынасымен, бүгінгі қазақ әдебиетімен үндестік бірліктерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экономикалық теория

    Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивтік лингвистика

    Этнолингвистикалық мектептер, этнолингвистиканың парадигмалары, этнолингвистиканың қоғамдық-әлеуметтік пәндермен сабақтастығы жөнінде терең теориялық мағлұматтар меңгереді. Тіл және адам, тіл және мәдениет, тіл және этнос жөніндегі лингвофилософиялық концепциялар жөнінде, сондай-ақ лингвистикалық пәндермен арақатынасы және өзара байланысы, тілдің танымдық қызметтері, тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеудің амал-тәсілдерін қaрaстырa отырып, терең теориялық білім беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

    Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, зерттеу нысаны, фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер, фонема, фонологиялық ерекшелігі, дыбыс, оның түрлері, дыбыстардың бір-біріне әсері, буын және екпін, интонация, үндестік заңы, орфография, орфоэпия, қазақ графикасының дамуы, қазіргі жай-күйі туралы ғылыми білім алады. Пәннің мақсаты - қазақ тілінің дыбыс жүйесін, заңдылықтарын, фонологиялық ерекшелігін меңгерту, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолдана отырып, дыбыстарды сауатты айтуға, жазуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Хандық дәуір әдебиеті

    Қазақ хандығының негізі қалануымен байланысты қалыптасқан жеке әдебиетімізге жан-жақты талдау жасалып, терең теориялық мағлұматтар меңгереді. Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындау. Жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін таныту. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық жүйесі

    "Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Этнолингвистика

    Этнолингвистикалық мектептер, этнолингвистиканың парадигмалары, этнолингвистиканың қоғамдық-әлеуметтік пәндермен сабақтастығы жөнінде терең теориялық мағлұматтар меңгереді. «Тіл және адам», «Тіл және мәдениет», «Тіл және этнос» жөніндегі лингвофилософиялық концепциялар жөнінде, сондай-ақ лингвистикалық пәндермен арақатынасы және өзара байланысы, тілдің танымдық қызметтері, тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеудің амал-тәсілдерін қaрaстырa отырып, терең теориялық білім беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі

    Морфеманың теориялық негіздері, морфтар жүйесі мен орыс тілінің әсері мен осы жүйеге қатысы, лексика-грамматикалық сипаты, құрылым, семантика және функциялық ерекшеліктері, морфтар морфонологиясы туралы теориялық мағлұматтарды меңгертеді. Тілдік құрылыстың ерекшеліктерін талдап көрсету. Өзінің зерттеу нысаны, мақсаты, әдісі бар морфемиканың сөздің морфологиялық жүйесін қамтитынын толық таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

    Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануды игереді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылықпен таныс болады, теориялық білімді практикада қолдана біледі. Ақпараттық қоғам түсінігі мен мәні, қоғамды ақпараттандыру: маңызы, бүгінгі жай-күйі, нәтижелері мен мен келешегі, жаһандану және ақпараттық қоғам, ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениет, ақпараттық-талдау қызметтері, қоғамның злектрондық мәдениеті туралы меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)

    Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасыр әдебиеті

    Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне ғылыми баға беріледі. Қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктері жөнінде терең ғылыми-теориялық мағлұмат беру. Ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңі – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жөнінде пікір қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Конструктивті оқыту әдістемесі

    Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстырады. Білім алушылардың әдістемелік тұрғыдан жетілуіне, когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі, ізденістер мен тәжірибе жинақтау және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді болашақ маманға игерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары және паралингвистика

    Антропоцентристік парадигма шеңберіндегі паралингвистика сияқты жаңа саланың ғылыми негізін зерделеп танытады. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып дамуы жөнінде білім береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы

    Қазақ тілінің шығу тегі, атқаратын қызметі, зерттелу дәрежесі, сөз, сөз мағынасы мен қазақ тілінің сөздік құрамы, фразеологиясы, лексикологияның лексикография, этимологиямен байланысы туралы терең мағлұмат алады. Қазақ тіл білімі лексикология саласының дамуы, қалыптасуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін беру, сондай-ақ қазақтың осы күнгі ұлттық әдеби тілінің құрылысын таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің семасиологиясы

    Семасиология ілімінің пайда болуы, оның лингвистика аясындағы орны, дыбыс пен мағына арасындағы белгілер, сөздердің лексикалық мағынасы, мағынаның құрылымы, тілдік жүйемен байланысы, лексикалық тұлғалар арасындағы парадигмалық, синтагмалық қатынас, валенттілік, сөйлемдегі синтагмалық қатынастар жөнінде білім береді. Семасиология ілімінің пайда болуы, оның лингвистика аясындағы орнын, дыбыс пен мағына арасындағы белгілер жөніндегі пікірлерді, сөйлемдегі синтагмалық қатынастар туралы деректерді игерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)

    Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

    Тілдің сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық заңдылықтар, сөзжасамның амал-тәсілдері, сөзжасамдық типтері, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық мағына, әр сөз табының сөзжасамы, сөзжасамға қатысты мәселелермен таныс болады. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам саласы сөздік кор мен сөздік құрамды жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік сала екендігін үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр басындағы әдебиет

    ХХ ғасыр басындағы көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы қарастырылады. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар, қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі туралы меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Абайтану ғылымының қалыптасу, даму жолы жөнінде пікір қалыптастырады. Абай шығармаларының жанрлық, тілдік, стильдік өзгешеліктерін таниды, теориялық білімді практикада қолдана біледі. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдағы қазақ прозасы

    Қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуына түрткі болған жағдайлар, көркем прозаның тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары жөнінде білім меңгереді. ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эстетикалық ой-сана дамуының жайы, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениеті

    Қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары, оларды ажыратудың жолдары, стилистикалық норма туралы терең мағлұмат қарастырылады. Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдары және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтары жан-жақты қарастырылып, теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының әдебиеті

    Әдебиетіміздің көне қатпары – сақ-ғұн-түрік дәуіріндегі үлгілерімен танысады. Түркі жұртының жазу-сызу, көне тарихи ескерткіштері, қала мәдениетінен тұратын түркі өркениеті болғандығына көз жеткізеді. Түркі халықтары әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы, олардың әлем әдебиетімен байланысы жөнінде таныстыру. Туысқан халықтар арасындағы тамырластықты зерделеу, еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, көрнекі ойлау жүйесі, мақсат-мүддеміздің бір екенін ұғыну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы

    Көркем шығарманы жан-жақты талдап, бағалауға, әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеруге, көркемөнерге сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланады. Пәннің мақсаты - әдебиеттiң тарихы мен теориясынан алған бiлiмдерi негiзiнде көркем әдеби шығармаларға, публицистикалық мақалаларға, т.б. ғылыми-публицистикалық, көркем әдебиеттерге сыни көзқарасын қалыптастырып, баға беруге үйрету және бiлiмiн молайтып талғам танымын, шығармашылық қабiлетiн арттыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби ағымдар мен бағыттар

    Прозалық шығармалардың (әңгіме, повесть, роман) жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, жазушылардың қоғам, заман келбетін ашатын тақырыптарға жазылған туындылардағы ізденістерінің қыр-сыры, қазіргі өлең өрнегінде қалыптаса бастаған құрылымдық жүйелер, қазақ поэзиясындағы ізденістер қарастырылады. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістерін ашып, әдебиет жанрларының түрлерін және ондағы идеялық-көркемдік ізденістерді ашу. Әр жанрдың өзіне тән сипатын, мазмұндық-көркемдік ерекшеліктерін таныту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

    Қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтары (сөз таптары), олардың ерекшеліктері тілдегі грамматикалық ұғымдар, мағыналар мен формалар туралы білім игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөз таптарының топтастырылуы

    Сөздердің лексикалық, грамматикалық табиғатындағы алуан түрлі өзгерістер, оларды қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай саралануы, топтасуы, сөз таптары жасалып, олардың әрқайсысының өзіндік жалпы кагорияльды мағынаға ие болуы, морфологиялық жағынан тұлғалануы жөнінде білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ прозасы (1960-1990 жылдар)

    Курста қазіргі қазақ прозасының даму заңдылықтары айқындалады. Білім алушылар 1960-1990 жылдардағы қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістерды ұлттық сипат тұрғысынан бағамдап, тақырыптық, жанрлық, көркемдік-идеялық ерекшеліктер туралы жаңаша түсінік қалыптастырады. Көркем туындыларды әдебиеттану ғылымының заманауи талаптары тұрғысынан талдауға бейімделеді. Қазіргі қазақ прозасының көркемдік дамуы дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан қарастырылады. Қаламгерлер туындыларындағы жаңа көркемдеу тəсілдері, ана тілдің бейнелеу мүмкіндіктері қазіргі әлемдік әдеби процесс аясында игеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет

    ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихына қосылған жаңа туындылар, тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиетіндегі реалистік сипат пен көркемдік қиял жинақталуының сабақтастығы және идеялық-композициялық желісіндегі ұлттық-этнографиялық сипатты танып біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сөйлем синтаксисі

    Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танытып, әдеби тіл нормаларымен, тілдік әдістемелік білімдермен қаруландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

    Синтаксис теориясының негіздерін, синтаксис теориясының лингвистикалық мазмұн-мәнін терең түсініп, жалпы тіл білімі мен қазақ тілі ғылымындағы грамматикалық теориялардың қалыптасуы мен даму кезеңдерінен мағлұмат алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем прозадағы психологиялық талдау

    Психологизм, психологиялық талдау, сана ағымы, ой ағымы, аәдебиеттегі психологизм көріністерін көркем туындылардың мәтін құрылымынан тану, психологиялық талдау тәсілдері мен түрлері, автордың философиялық-эстетикалық тұжырымдамасы туралы білім меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Әдебиет саласынан алған білімдерін болашақ педагогикалық қызметінде пайдалана білуді, оқушылардың оқу материалын терең, тиянақты игергендігін анықтау жолдарын, ғылыми-тәрбиелік жұмыстарды жоспарлап өткізуді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білімін бағалауды игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын толық меңгеру арқылы үйренеді. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы тығыз байланыстылығын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Қазіргі қазақ әдебиетінің өсу жолы, қалыптасу, даму процесі, халықтың рухани қазынасының баюына айрықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы ақын-жазушылары, шығармашылық жолы, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасалып, теориялық білім алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Түркі тілдерінің және жеке түркі тілдерінің дыбыстық өзгерістерін, түбір мәселелерін, грамматикалық сипаты мен ортақ жақтарын, ерекшеліктерін, морфологиялық формаларын салыстырмалы аспектіде қарастырып, теориялық білім алады. Пәннің мақсаты – түркі тілдерін топтастыру мәселесін, түркі тілдерінің жүйесіне тəн дыбыстық, лексикалық жəне грамматикалық ерекшеліктерді саралай білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Әдеби тіл анықтамасы, қызметі, оның жалпыхалықтық тілмен арақатынасы, әдеби тіл нормасы, әдеби тілдегі стильдер жүйесі саралана отырып, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихында болған әр дәуірге тән тілдік үлгілер, оның ерекшеліктері жөнінде білім алады. Ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы бағыттағы жүйеленген, нормаға түскен, стильдік тармақтарға бөлінген, диалектілік ерекшеліктерден жоғары тұрған, тілдің өмір сүруінің ең жоғары формасы болып табылатын әдеби тілдің тарихын, оның әр кезеңдегі әдеби үлгілерін тану, меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Әдебиет туралы ғылымның негізі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігі, көркемдік-эстетикалық танымы қалыптасады, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтанады. Әдебиет туралы ғылымның тарихы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, өнердің халықтығы, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік әдістер мен бағыт, ағымдар, стиль мәселесі жөнінде білім беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сыр бойының көркем әдебиеті (1960-2010 жылдар)

    Саналы ғұмырын Сыр өңірінің әдебиетіне арнаған әдебиет өкілдері, олардың азаматтық рухқа толы шығармалары, ол шығармалардың жаңа дәуір әдебиеті кезеңіндегі орны, проза саласында қазақ әдебиетін үлкен биіктерге көтеруі жөнінде терең мағлұмат меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан тарихы мен философияның, ұлттық және жеке қорлардың, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Табиғи ортаны сақтау мен қоғамның тұрақты дамуы туралы білімі толығады. Психологиялық көзқарасы қалыптасады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі саладағы кәсіби қызметте пайдалана алады. ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады. Қаржыны тиімді басқару дағдыларын меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, меңгереді.
  • Әдебиеттанудың терминдерін саралай біледі, әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін жіктей алады. Тіл білімінің өзіндік зерттеу нысанасын, зерттеу салаларын, олардың ерекшеліктерін меңгереді, адамзат баласы тілінің шығып, қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет алады.
  • Фольклордың ұлт тарихымен сабақтастығын, жанрлары мен классификациялау принциптерін меңгереді. Балалар әдебиетінің ел тарихымен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты даму ерекшеліктері жөнінде терең мағлұмат алады. Қазақ тілінің негізгі құрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан таниды, сауатты жазуға дағдыланады. Түркі халықтары әдебиетіндегі ортақ ұқсастық-бірліктерді таниды. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму жолы жөнінде пікір қалыптастырады. Ұлттық әдебиет (ХХ ғ. басы), көркемдік-эстетикалық ой-сананың дамуы, баспа мен баспасөздің дамуы, тарихи жағдай, әдеби бағыттар туралы жалпы мәлімет алады. Әдеби сынның жанрларын меңгереді. Әдеби процесс, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы туралы білімі толығады. Қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін игереді, кәсіби міндеттерді шешуге байланысты шығармашылық дайындығы қалыптасады.
  • Сөйлеу мен жазудың дыбыстар арқасында іске асатынын, дыбыстың тілдегі қызметін біледі. Этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес бір саласы жөнінде алған теориялық білімді практикада қолдана біледі. Қазіргі қазақ тілі білімінің дамуындағы жаңа бағыттар, олардың жалпы тіл біліміндегі зерттелуін игереді. Инклюзивті білім және тәрбие беру мен әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгереді.
  • Түркі тектес халықтарға ортақ көне түркі әдебиетінің даму кезеңдерімен, әдеби мұралар мен тарихи ескерткіштердің ой-мұратын, мән-мағынасын танып біледі. Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындайды. Жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерімен танысады. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсінеді. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық тұрғыда түсінік алады.
  • Сөздік құрам мен негізгі сөздік қордың айырмасын ажыратылып, сөздердің стилистикалық қолданысы, фразеологизмдер мәселелері қарастырады. Сөз табиғатын ашып көрсетіп, түсінік қалыптастырады. Сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына туралы ақпарат алады. Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы теориялық білімі толығады. Қазіргі қазақ тілі салаларынан білім алады. Лингвистикадағы когнитивтік теорияның ғылыми негіздерін меңгереді.
  • 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті қаламгерлер туындыларының көркемдік-идеялық табиғатын, көркемдік-эстетикалық мәнін игеру жолдары жөнінде білім алады. Қазақ әдебиетіне қосылған жаңа есімдер, тың проблема көтерген шығармалар, поэзия, проза, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктері жөнінде терең білім алады. Әдеби тіл анықтамасы, қызметі, оның жалпыхалықтық тілмен арақатынасы, әдеби тіл нормасы, әдеби тілдегі стильдер жүйесі саралана отырып, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихында болған әр дәуірге тән тілдік үлгілер, оның ерекшеліктерін зерттейді.
  • Оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі мен техникасы бойынша болашақ маманның кәсіби-педагогикалық білімі қалыптасады. Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту жағдайында инновациялық әдістер мен технологияларды практикада қолдана алады. Оқытудың түрлерін, әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген әдіс-тәсілдерді меңгереді. Сыни ойлауды дамыту технологиясын, оқу және жазу арқылы функционалдық сауаттылықты есепке ала отырып, оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып жұмысты ұйымдастыра алады. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізе алады.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top