6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім алушылардың лингвистикалық білімін жетілдіру; әдебиеттің барлық салалары бойынша жүйелі білім беру; жалпы педагогика мен психологияны меңгерту және әдістемелік дағдыларын қалыптастыру; білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияларды меңгерту, цифрлық құзыреттіліктерін арттыру; ғылыми зерттеу қабілеті дамыған, шығармашылық-іскерлік дағдысы қалыптасқан, кəсіби біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті педагог маман ретінде қалыптасу; жалпы адами жəне əлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды дамыту.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен орфографиясы
Аталған курс студенттердің қазақ тілі дыбыстарының фонетикалық сипаттамасы, дауыстылардың оппозициялық айырым белгілері, қатаң дауыссыздардың айырым белгісі мен сипаттамасы, ұяң дауыссыздардың айырым белгі сипаттамасы, үнді дауыссыздардың айырым белгі сипаттамасы, әріп, фонема, дыбыс, әріп – фонема – дыбыс арақатынастары, айырмашалықтары, қазақ тілі орфоэпиясы мен орфографиясы, дыбыстардың үндесімі мен үйлесімі, екпін, интонация туралы орта мектеп деңгейінде алынған білімдерін толықтырады және жаңа зерттеу нәтижелері негізінде ғылыми айналымға енген фонетика теориясынан тың білімдер қорын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің негіздері
Курс тіл философиясы (тіл табиғаты, тілдің қызметі, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тілдің таңбалық сипаты, тілдің даму заңдылықтары, жазу теориясы ), әлем тілдерінің генеологиялық және типологиялық жіктелімі, тіл білімінің зерттеу аспектілері мәселелерін қамтиды. Тіл біліміне қатысты негізгі базалық ұғымдарды, метатілді меңгереді. Қазақ және өзге де тілдердің фоно-морфо-семантикалық жүйесі туралы ғылыми-теориялық, ғылым-практикалық ақпараттармен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі 1 (А1 level)
Курсты аяқтағаннан кейін жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік сөздікқорын кеңейтіледі, білімгердің жоғары біліктілігіне оң септігін тигізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттануға кіріспе
Пән барысында әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі талдап, түсіндіріледі. Әдебиеттанудың – сөз өнерін зерттейтін ғылым саласы екендігін оқытылады. Әдеби-эстетикалық ойдың даму сипаттарына шолу жасалады. Студент аталған пәнді оқу арқылы әдебиетті өнер ретінде ғана танып қоймай, оның заңдылықтарымен танысып, шығармашылық өнердің қыры мен сыры туралы алғашқы түсінік-пайымдарын қалыптастырады. Сонымен қатар білім алушы кез-келген шығарманы тақырыптық тұрғыдан, композициялық құрылым жағынан, жанрлық ерекшелігіне қарай жіктеп және оған ғылыми тұрғыда баға беруге машықтанады. Әдебиет теориясының терминдерін зерттеу жұмыстары мен ауызша сөйлеуде сауатты қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ фольклоры
Қазақ фольклоры пәні аясында студенттер фольклорды бұрынғыдай халық ауыз әдебиеті деп қана емес, оны халық шығармашылығы ретінде танып, аталған пәннің жекелеген салаларын меңгереді. Фольклордың халық тарихымен, тұрмысымен, этнографиясымен байланысын зерделей отырып, фольклористика ғылымының тарихы мен теориясы туралы кәсіби түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогика
Педагогика аймағындағы қызметті атқаруға байланысты қажетті білім, біліктермен қамтамасыз ету, студенттердің кәсіби құндылықтарын қалыптастырып, оларға қажетті педагогика негіздерінің тұтас сипатын білім жүйесі ретінде беру және оны саналы түрде практикада қолдануға үйретеді. Болашақ мамандардың кәсіби іс әрекетінің тиімділігін анықтайтын қарым-қатынастың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың азаматтық ұстанымын, жалпы мәдениетке, отбасына, қоғамға қатынасын айқындайтын білімді береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Пәнді оқытудың мақсаты халық әдебиетінің тарихы мен теориясын жан-жақты түсінік беріп, олардың өзіндік ерекшеліктері мен басты ұстанымдары, тұрмыс – тіршілікке қатыстылығы жайлы ұғым беру. Пәннің аясында фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, халық әдебиетінің көп қырлы сипаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, қазақ фольклорының зерттелуі, фольклор мен әдебиеттің тектестігі, бір-біріне әсері, фольклордың тұрмыс-салтпен тікелей және жанамадай қатыстылығы қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түрік тілі 2 (А2 level)
Білімгер кәсіби қызмет саласында стильдік сауаттылықты меңгере алады, ғылыми, іскерлік, баспа мәтіндерін жаза алады, кәсіби деңгейде түпнұсқа дереккөздерден оқи және аудара алады, тілдік қарым-қатынастың прагматикалық құралдарын меңгере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті курсының басты бағыты студенттердің ой-санасына ежелгі әдебиеттің тарихпен байланыстылығын, бабаларымыздың мәдениеті, әдебиеті Орталық Азияны мекендеген көне тайпалармен ұласатындығын, заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарға кететін сақ, ғұн дәуірлерінің өзінде төл жазуының, өзіндік мәдениетінің, әдебиетінің, бір сөзбен айтқанда, өркениетінің болғандығын, осылардың ізімен қазақтың төл әдебиетінің қалыптасуын ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып, жаңаша ұғым қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
Қазіргі қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесі, фразеологиялық және лексикографиялық жүйесі туралы ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық ақпараттарды қамтиды. Сөз семантикасы теориясы негізінде сөз мағынасының семантикалық құрылымына компонентті талдау, лексикалық, этимологиялық, фразеологиялық және лексикографиялық тұрғыдан талдау жасауды меңгереді. Қазақ лексикасының қолданылу сипаты мен сөйлеу коммуникациясында сөздің атқаратын стильдік қызметіне қарай стилистикалық талдау жүргізуді игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Арт білім беру
Пәннің мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және мәдени құндылықтарды түсінуге ықпал ету. Пәннің мазмұны өнердің түрлі салаларымен таныстыру, шығармашылық ойлау мен практикалық дағдыларды дамыту, өнер тарихы мен теориясын меңгеру, және мәдени құндылықтарды бағалауды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Пән грамматика мен сөздік қорды және түрлі тақырыптарға арналған ағылшын мәтінін талдауға, түсінуге бағытталған. Пән білім алушылардың ағылшын тілінде мәтін құрауда идея мен аргументтерді байланыстыра алу, өз жұмысын сыни бағалау, нақты және қысқаша мәтіндер жазу, фактілер мен пікірлерге сыни пікір білдіру дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі туралы білімдермен қамтамасыз етеді. Болашақ мұғалімдердің дүниетанымдық ұстанымын дамыту және теориялық білімдерін практикалық біліктіліктерге алмастыру қабілеттері ретінде түйінді құзыреттіліктер жиынтығын қалыптастырып, дамытады. Олардың үздіксіз білім алуға ұстанымын қалыптастыруға, педагогиканың тәрбиелік қырын біліммен қатар ұстанудың жүйесінен бағыт береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Курс мазмұны қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары, грамматикалық категория мен грамматикалық мағына және олардың түрлері туралы терең ғылыми түсініктерді қамтиды. Сөздің морфемдік құрамы, сөздің лексика-грамматикалық сипаты, сөздердің түрленім жүйесіндегі заңдылықтар жайында теориялық тұжырымдар игеріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Хандық дәуір әдебиеті
Пәннің аясында қазақ әдебиетінің ауқымда кезеңі саналатын жыраулар поэзиясының тарихи-теориялық мәселелері қарастырылады. Хандық дәуір әдебиетінің даралық белгілер, толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері, жанрлық қырлары зерделенеді. Толғаудың - импровизациялық дәстүрдегі даралық сипаты, мазмұнына, тақырыбына қарай жіктелуі, тілдік-семантикалық, образдық сипаты талданады. Жыраулар поэзиясын поэтикалық сипаты айқындалады. Жыраулар поэзиясының поэтикасын талдап, өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік – студенттердің табысты бизнесті бастау және басқаруға байланысты білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған курс. Курс бизнес мүмкіндіктерін анықтау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыруды қамтамасыз ету, маркетинг және сату стратегиялары, команданы басқару сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Курс студенттерге білімдерін нақты әлемдегі жағдайларға енгізу туралы сыни және шығармашылық ойлауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Жыраулар поэзиясы
Жыраулық поэзияның ежелгі түркілік поэзиямен сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраулар поэзиясына тән белгілерді, ғылыми жіктемелері, көркемдік негіздері қарастырылады. Жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасын таниды. Жыраулық мұраның тарихилық мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан игереді. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін саралап, мәтін талдау арқылы ұлттық, поэтикалық құндылығына баға береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Сөйлеу дағдылары және нетворкинг
Мақсаты тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдануды, тілдік қарым-қатынаста сөздік қорларын қолдана білуді, әлеуметтік ортамен нетворкингке түсуді, түрлі жағдайлар мен құбылыстарға бетпе бет кездесуде орынды қолдана алуды меңгерту болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экономика
Сабақта қоғамдағы тауарлар мен қызметтерді өндіруді, бөлуді және тұтынуды реттейтін принциптер, жүйелер және динамика жан-жақты қарастырылады. Макроэкономика, микроэкономика, нарықтық құрылымдар және экономикалық саясат сияқты тақырыптарды зерттеу арқылы қатысушылар жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейде экономикалардың жұмыс істеуі туралы түсінік алады. Бұл курстың мақсаты студенттерді экономикалық құбылыстарды түсінуге, негізделген шешімдер қабылдауға және экономикалық даму мен өркендеуге үлес қосуға қажетті біліммен және аналитикалық құралдармен қаруландыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Экология
Курс организмдер мен олардың қоршаған орта арасындағы өзара байланысын түсінуге, қоршаған ортаны қорғауға және қамқорлыққа тәрбиелеуге арналған. Қатысушылар экожүйелер, биоәртүрлілік, табиғатты қорғау, ластану және тұрақты өмір сүру тәжірибесі сияқты тақырыптарды зерттейді. Курс адамдарға планетаның денсаулығын қалыптастырудағы өз рөлін тануға мүмкіндік беру және оларды болашақ ұрпақ үшін табиғи әлемді қорғау және сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдауға шабыттандыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
Әдебиет теориясы пәнін оқу барысында сөз өнері туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдеріне, әлемдік эстетика тұғырнамаларына, көркем образдар жүйесі мен әдеби ағымдар мен бағыттарға, шығармашылық процесске жан-жақты түсініктер беріледі. Әдебиеттану ғылымы теориялық негіздерінің жаңа сапаға көтерілуі, әдеби даму үрдісінің тарихи және әлеуметтік арналары, дәстүр мен жаңашылдық мәселелері, тарихи шындық пен көркемдік таным арақатынасы, стиль, мазмұн мен пішін, әдеби жанрлардың даму ерекшеліктері теориялық тұрғыда қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ХIХ ғасыр әдебиеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінде аталған кезең әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар анықталады. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарыны анықталып, тарихи жырларға талдау жасалады. ХІХ ғасырда белең алған айтыс өнерінің даму ерекшеліктері, сал-серілер өнер жайлы теориялық, танымдық ақпараттарға талдау жасалады, сараланады, салыстырыла отырып, баға беріледі. Сонымен қатар, Махамбет поэзиясындағы бостандық күрес рухы, Зар заман ағымының тарихи-әлеуметтік негіздері Шортанбай, Мұрат Мөңкеұлы, Дулат Бабатайұлының шығармашылықтары негізінде нақты мысалдармен түйінделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Курстың мазмұны сөздердің, сөйлемдердің арасындағы функционалды-семантикалық қатынастың қалыптасуы мен түрлері, сөздердің тіркесімділік қабілеті, сөз тіркестерінң түрлері, синтаксистік бірліктерге берілген анықтамалар және басқа да синтаксистік теорияларды қамтиды. Сөйлемге тән белгілер анықталып, сөйлемдерді топтастырудың семантикалық, құрылымдық, функционалды ұстанымдары айқындалып, сәйкесінше қазақ тіліндегі сөйлемдердің түрлері туралы тұжырымдар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Cабақ әртүрлі орталарда адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажетті іргелі білім мен тәжірибені береді. Бұл курс қатысушыларды ықтимал қауіптерді, төтенше жағдайларды және өмірге қауіптерді анықтау және оларға әрекет ету үшін қажетті дағдылармен жабдықтауға бағытталған. Қатысушылар өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда эвакуациялау тәртібі, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері және қауіпсіздіктің жалпы хаттамаларымен танысады, бұл оларға қауіптерді азайтуға және күнделікті жағдайларда өзін және басқаларды қорғауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Құқық
Курс қазіргі заманғы негізгі құқықтық жүйелер; құқық және құқықтық қатынастар нормалары; жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі; еңбек, отбасылық және азаматтық құқықтар және азаматтардың міндеттері; сот төрелігі; құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік туралы негізгі құқықтық ұғымдар мен базалық мәліметтер теориялары бойынша қажетті білім береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Теоретикалық поэтика
Теориялық поэтикаға кіріспе арнаулы курсының міндетіне – әдебиет теориясының көркем сөзге қойылатын басты талаптарының негізінде эпикалық, драмалық,лирикалық үлгідегі көркем туындылардың мәтінін талдау жатады. Көркемдік құбылыстар әлеміндегі жаңа тәсілдер мен талдауларды, әдебиетті зерттеудегі төте әдістерді іздестіру –бұл пәннің басты ерекшелігі болып табылады. Пән аясында студент көркем шығарманың тақырыптық-көркемдік, идеялық ерекшелігін ашуды уақыт пен кеңістікке, сюжет пен тартысқа, композицияға талдау жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Бұл курс негізгі құқық нормаларын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың негіздерін зерттеу болып табылады. Студенттер сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарымен, педагогтің этикасымен және кәсіби мінез-құлқымен танысады. Курс білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін зерделеуді, этикалық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауды қамтиды. Оқыту барысында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде құқық пен қоғамға жауапты және заңға бағынатын көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық» пәні студенттерді қаржылық менеджмент негіздеріне және жеке қаржыны басқарудың практикалық дағдыларына тәрбиелеуге бағытталған. Ол бюджеттеу, инвестициялау, салық салу, қарызды басқару және қаржы нарықтарының негіздерін түсіну сияқты тақырыптарды зерттеуді қамтиды. Мақсаты студенттерді кәсіби және жеке өмірінде негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға қажетті құзыреттермен жабдықтау болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Сөз мәдениеті және педагогтың сөйлеу шеберлігі
Пәннің басты нысаны – сөйлеу мәдениеті туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, білім алушы сөйлеудің нормативтік, коммуникативтік және этикалық компоненттері, сөйлеу қарым-қатынасы, оның қағидалары, сөйлеудің логикалық мазмұндық құрылымы, сөйлеудің мәнерлілік құралдары, педагогтің сөйлеу техникасы, педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы педагогтың сөйлеуі, түсіндіру монологы, педагогикалық сөйлеуінеқойылатын этикалық талаптар, мұғалімнің сөйлеуінің тәрбиелік және білім берушілік әсері сияқты ұғымдармен жете танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні болашақ филолог мамандарға ұлт тілінің ең жоғары даму көрсеткіші – әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен, ауызекі сөйлеу тілмен арақатынасы сияқты мәселелердің теориялық-практикалық негізін ұғындырады. Қазақ әдеби тілінің дамып, қалыптасу жолын шартты кезеңдерге бөліп, кезеңдерді тілдік материалдармен талдап түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Жазушының шығармашылық шеберханасы
Пәннің негізгі мақсаты, қазақ әдебиеті классиктерінің әдеби мұрасы хақында бұрынғы берілген бағаларға сын көзбен қарап, әдебиеттанудың соңғы әдіс-тәсілдері арқылы жетілдіре зерттеп, кең тынысты, көп қырлы шығармашылық шеберханасын ашу, қаламгерлік құпиясына ену. Сонымен қатар, жазушы шығармашылығымен таныса отырып, әр студенттің жеке қабілет-қарымы мен шығармашылық потенциалын дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Балалар әдебиеті
Пәннің мақсаты – балалар әдебиеті туралы түсінік беру, теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Аталған курсты меңгерген студент көркем шығармаларды оқышылардың жас ерекшелігіне байланысты іріктей біледі, сондай-ақ оқып зерделенген шығармалардағы аса маңызды авторлық, лирикалық және публицистикалық толғаныстардың, шегіністердің суреттеулер мен сипаттаулардың, шығарманың идеялық-көркемдік мазмұндағы мәнін, сюжет элементтерінің бір-бірімен себеп-салдарлық байланысын көрсете алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің тарихы
Бұл курста қазақ әдеби тілінің стильдері: ауызекі сөйлеу, ресми, ғылыми, публицистикалық, көркем әдебиет стильдері теориялық және практикалық жағынан қарастырылады. Пәнді меңгеруде болашақ қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысын шешен де тартымды сөйлеуге, жазу барысында тілдік бірліктерді белгілі бір әдеби нормаға сай дұрыс та әсерлі қолдануға, көңілдегі көрікті ойдың тіл арқылы айқын да анық жеткізе алуға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні оқытудың теориялық-практикалық жетістіктеріне сүйене отырып, озық тәжірибелерді талдап, тану арқылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеуге негізделеді. Оқыту ұстанымдары мен жаңашыл технологияларды теориялық және практикалық тұрғыдан меңгертеді.Оқытудың қазіргі күйін танып білуге, болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Пəннің мақсаты – білім алушыларға оқыту нəтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалдық бағалау технологиясының моделі жайында түсінік беру. Пəннің міндеттері: - білім алушыларға бағалаудың түрлері жəне ұстанымдары жайында мағлұмат беру; - бағалау кезеңдері жəне инструменттерін талдата меңгерту; - критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау жəне суммалық (ішкі жəне сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Мектептегі әдебиет пәнінің ерекшелігі мен функционалды міндеттерін саралайды; пән бағдарламасын түсініп қолдану, көркем шығармамен жұмыс кезеңдерін ажыратып, әдебиет сабағында жүргізілетін жұмыстардың түрлеріне қарай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын үйренеді; болашақ мұғалімнің біртұтас педагогикалық үдерісті жобалауы мен жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық шеберлік пәні аясында бүгінгі күннің талабына сай психологиялық-педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы мұғалім шеберлігінің мәнін және оны қалыптастыру жолдарын, мұғалімге тән білім мен білік дағдыларын қалыптастыратын кәсіби дайындық түрлері қарастырылады. Пән аясында студент курстың методологиялық, теориялық, практикалық негіздері, оқыту технологиясы, педагогикалық техника және өзін-өзі басқаруды игеру мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
ХХ ғасыр қазақ әдебиеті
Пән аясында ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдай сипатталады. Осы кезең әдебиетінде шартты түрде бөлінетін үш бағыт: діни ағартушылық бағыт, демократтық бағыт, ұлт азаттық бағыт өкілдері анықталып, оларға тән тақырыптық, идеялық, көркемдік ізденістер талданады. Сонымен қатар Алаш зиялыларының әрқайсысының еңбектеріне жеке тоқталып, ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, анализ, интерпретация жасалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Пән мазмұны білім беруде қолданылатын онлайн платформалардың жіктелімін, қолданысын қамтып, 4Т моделі негізінде жүргізіледі. Оның ішінде Т1 - түсіндіруге (жаңа тақырыпты түсіндіруге), Т2 - түрлендіруге (жаттығулар мен тапсырмаларды түрлендіруге), Т3 - тексеруге (білімді бағалауға), Т4 - топтастыруға (сабақ жоспары, электронды оқулық, т.б) қажетті онлайн платформалардың сабақ барысында қолданылу тәсілдері, тиімді тұстары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетіндегі аталған жылдар әдебиеті 'жылымық; сипатымен ерекшеленеді. Осы кезең әдебиетін өту барысында прозадағы, поэзиядағы, драматургиядағы, сын жанрындағы ізденістер сараланып, нақты шығармалар аясында талдау жасалады. Атап айтса, неомифологизм, тұлғаның екіге жарылуы, сана ағымы, ішкі драматизм, т.б. сынды сол кезеңде жаңалық болған әдеби үрдістерге талдау жүргізіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әдебиеттегі жаңа жанрлар
Әдебиеттегі жаңа жанрлар мен әдеби көркем сын деп аталатын бұл пән бүгінгі қазақ әдебиетіндегі жаңа жанрларды, жаңа есімдерді анықтауды мақсат етеді. Аталған курста магистранттар прозадағы, поэзиядағы және драматургиядағы жаңа жанрларды анықтап, осы жанрларда жазылып жатқан тың шығармаларға талдау жүргізеді. Ғылыми фантастика, фэнтези жанрының ерекшелігі мен даму тарихы, жастар мен жасөспірімдер прозасындағы жаңа жанрлар, комикс жанрының қазақ прозасындағы орны мен қызметі , бұқаралық әдебиет, желілік (сетевая литература) әдебиет, т.б. сынды мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиеті
Аталған курста студенттер 1960-1980 жылдар прозасын, поэзиясын, драматургиясын, әдеби сынына қатысты теориялық ақпараттар алады. Қазіргі қазақ әдебиетіне тән басты тақырыптық-мазмұндық, идеялық ізденістер сараланып, дәстүр мен жаңашылдық мәселелері анықталады. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырып, соғыс тақырыбы, өнер тақырыбы, т.б. тақырыптарға арнайы тоқталып, талдау жасалады. Әдебиеттанушы-ғалымдардың аталған жылдарда жазылған шығармаларға қатысты ғылыми зерттеулері, пайым-пікірлері негізге алынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мәтін лингвистикасы
Мәтін және дискурс теориясына қатысты ғылыми-теориялық тұжырымдармен танысады. Мәтін және дискурс теориясын лингвистикалық, мәтінтанымдық, прагматикалық, стилистикалық, лингвокогнитивтік аспект жағынан қарастырады. Мәтін құраушы тілдік бірліктердің қызметін айқындау; мәтін және оның түрлері, мәтінді оқыту және мәтінмен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдерін, мәтінмен жұмыс тапсырмаларын ұйымдастыру мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жазбаша мәтінді редакциялау негіздері
Оқу барысында студенттер әдеби тілдің стилистикалық жүйесімен, ғылыми, ресми, әдеби-көркем, публицистикалық және әдеби стилдердің қолдану аясының ерекшеліктермен, мәтінмен жұмыс жүргізу, редакторлық сараптама және мәтінді түзету жұмыстарымен танысатын болады. Бұл пән редактор жұмысының ерекшелігін білуге және меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар білім алушылар мәтінді редакторлық сараптаудан өткізудің негіздерін, редактор мен автор, редактор мен оқырман қарым-қатынасының қыр-сырын, мәтінді талдау мен түзетудің әдістемелік негізін, редакциялаудың психологиялық және логикалық алғышарттарын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әдеби сын тарихы
Курста қазақ әдебиетіндегі сын жанры мен оның тарихы, даму сипаты, тақырыптық ерекшеліктері қамтылады. Әр кезеңдері жазылған көркем-әдеби сын үлгілеріне талдау жасалады, салыстырылады, бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі. Білім алушылардың сыни ойлау мен жазу дағдылары артып, маман ретінде сын пікір білдіру құзіреті артады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Оқытудың жаңа технологиялары
Пән білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оқытудың жаңа технологияларын меңгертеді. Оқытудың жаңа технологияларының түрлері, оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиялақ ерекшелігіне сай пайдаланудың жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, практикада қолданудың тиімділігі түсіндіріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі стилистикасы
Студенттер бұл пәнді оқып үйреу барысында стилистиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құраларын және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игереді. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы ақпараттар ала отырып, мәтінге стилистикалық талдау жасауға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлем әдебиеті
Әлем классиктерінің көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, жалпы шығармашылығының өзекті мәселелерін тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырып, бай әрі бағалы деректер негізінде, әдеби талдау жасауға машықтанады. Шетел әдебиетіндегі классикалық туындыларды оқу барысында студенттер қазіргі әлемдік әдеби процесстегі философиялық мәселелерге тереңдей еніп, оның ерекшеліктерімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Мәтінді оқыту және талдау әдістемесі
Курс мазмұны мәтін, мәтіннің құрылымдық және мазмұндық түрлері, мәтін тұтасымдығы мен байланысын жүзеге асыратын тілдік бірліктер, мәтінді талдаудың лингвистикалық, мәтінтанымдық және антропоөзектік аспектісін қамтиды. Мәтінді оқыту түрлері, мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері игеріледі, мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары үйретіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Шығыс әдебиеті
Шығыс әдебиетінің мәні мен мазмұнын, оның дүниежүзілік әдебиеттегі орнын айқындай отырып, халықтар байланысы, тарихи тамырлардың бірлігі және оның әдебиеттігі көріністері туралы сөз қозғалады. Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетімен арақатанасы, бір-біріне тигізген әсерін, ежелгі қазақ әдебиетінің түрік тектес халықтар әдебиетімен тамырластығын көрсетеді. Шығыс әдебиетінің қазақшаға аударылуы, Қазақстанда Шығыс әдебиеті туралы жүргізілген зерттеулер, шыққан кітап, мақалаларды сараптап, әдеби шығармалармен танысу, жұмыс істеу ерекшеліктері мен әдіс- амалдары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Инкюзивті білім беру қағидаларын түсініп, оқушының даралық ерекшеліктерін айқындайды, оқудағы кедергілерді саралайды; оқу үдерісіндегі нәтижелерді қорытындылауға, педагогикалық технологияларды іс-әрекетке кіріктіруге үйренеді; сыни ойлау, диалогті оқыту, топтық жұмыс әдістерін қоладанады; бағалау критерилерін құрып, оқу үдерісін тиімді жоспарлауға, сараптамалық-эмпирикалық зерттеуге машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мұғалімнің кәсіби бағдары
Пән мазмұны жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей мұғалімдерінің біліктілік санаттарына қойылатын талаптар (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер), әр санат бойынша атқарылатын шаралар және оның ұйымдастырылу жолдарын қамтиды. Сонымен қатар пән аясында Ұлттық біліктілік тестілеудің өту барысы, дайындық жұмыстары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің негізгі мақсаты – болашақ филолог мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және академиялық жазылым дағдыларын дамытуға дағдыландыру. Пән аясында ғылыми зерттеу әдістерін талдау мен оларды тиімді ұйымдастыруды, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жүргізуді, зерттеу ортасын жоспарлауды, эксперимент және оның түрлерін өткізуді, ғылыми анализ жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгеру арқылы ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады.
- Филологиялық пәндерді оқытуға қажетті инновациялық технологияларды, интербелсенді әдістерді сабақ беру үдерісінде пайдаланып, компьютерлік сауаттылығын кәсіби мақсатта қолдана алады.
- Басқарушылық-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесі мен түсінігін кәсіби деңгейде практикада қолданып, педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін меңгереді.
- Филология саласындағы ғылыми-теориялық зерттеулердің методологиясын меңгеріп, лингвистикалық және әдеби зерттеулердің нысанына сәйкес тиісті әдіс-тәсілдер жүйесін практикада қолдана отырып, зерттеу жұмысын жасай алу дағдыларын дамытады.
- Ұлттық және рухани құндылықтарды өз бойына дарыта отырып, оны болашақ ұрпақ санасына қалыптастырады.
- Қазақ әдебиетінің түрлі даму кезеңдеріне жататын материалдарды сапалы игеріп, әдеби материалдарға кешенді теориялық талдау жүргізеді.
- Қазақ тіл білімінің салалары бойынша озық білімдерді жан-жақты игере отырып, білімі мен түсінігін көрсетіп, лингвистиканың өзекті мәселелеріне қатысты аналитикалық және критериалды ойлау тұрғысынан талдау жасайды.
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен əдебиеті
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті