Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

  • Когнитивтік лингвистика

    Пәннің оқыту мақсаты тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін меңгереді. Тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздеуді үйренеді. Тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Пәннің мақсаты өзіндік талдау әдіс-тәсілдермен көркем мәтінге тілдік-лингвистикалық талдау жасауға, яғни дыбыстық қабаттан мәтінге дейінгі аралықтағы тілдік бірліктердің қызметін талдауға, сол арқылы көркем шығарма тілінің өзіндік ерекшеліктерін, олардың жасалу жолдарын, көркем құралдардың лингвопоэтикалық қызметін анықтауға үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пәннің мақсаты - Әдебиеттану ғылымының салаларын, олардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет берілді. Шығармашылық мәселесінің тарихпен, философиямен, көркем өнері түрлерімен байланыстылығын таныстырады. Әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастырады. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері, даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пәннің мақсаты - тіл туралы ғылымның негізгі мәселелерін таныту арқылы тіл білімінің жекелеген салаларын терең меңгереді.Тіл мен қоғам, тіл мен ойлау, тілдердің өзара қарым- қатынасы мен олардың даму заңдылықтары, Әдеби тіл мен оның жалпыхалықтық тілмен, ауызекі сөйлеу тілімен арақатынасы, тілдердің жіктелу жүйесі сынды толып жатқан тілдік мәселелерді ұғынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономикалық теория және кәсіпкерлік негіздері/ Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет/ Экология/ Тіршілік қауіпсіздігі/ Ғылыми зерттеу әдістері)

    Бұл модуль студенттердің экономикалық-құқықтық және экологиялық саладағы теориялық білімдерін, студенттердің құқықтық және экологиялық сауаттылығын арттыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешуге, сыбайлас жемқорлықтың көріну нысандарын зерделеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелері қаралады. Осы модульді зерделеу бағыттарының бірі студенттердің ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызмет саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздері мен жүргізу әдістеріне оқыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Пәнді оқыту мақсаты оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсартып, білім алушыларға қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде басым бағыттарды меңгерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ жазуының тарихы

    Пәннің мақсаты: Түркі этнографиясындағы жетістікті, көне түркі руникалық жазуының тарихын, қазақ жазуының тарихы мендамуын меңгерту. Жазу таңбасы мен дыбыстың шығуы, даму тарихы туралы түсінік береді. Руникалық жазу, көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен зерттеулерге талдау жасайды. Көне түркі алфавиті мен жазуының шығу тегі мен басқа тілдермен байланысын ашып көрсету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы

    Пәннің мақсаты – тілдің дыбыстық жүйесі мен оның дыбыстық құрамы ерекшеліктерін, үндестік заңын, орфоэпия мен орфография талаптарының сақталуын, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан түсінік алады. Лексикалық бірліктің шығу тегі мен этимологиясы тұрғысынан талдау дағдылары қалыптасады. Студенттің тіл байлығын қалыптастыруға, оның тіл мәдениетін меңгеруіне бағытталады. сөйлегенде, жазғанда ойға лайық сөз таңдап, оны орынды қолдану мәдениетін меңгеруге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ежелгі дәуірдегі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті

    Пәнді оқыту мақсаты: VI-XV ғасырлар аралығындағы Орхон-Енисей аңғарынан табылған ескерткіштер, Қарахан әулеті билік жүргізген тұстағы әдеби ескерткіштер, Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралар туралы мәлімет береді. Жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін таныту. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Пәнді оқытудағы негізгі мақсат-студенттердің білім дәрежесінің өсуі, әдебиетіміздің тарихына тереңдей енуін қамтамасыз ету. Халық әдебиетінің ғасырдан ғасырға жеткен әдеби-рухани мұралары, тақырыптық, көркемдік сипаттары, жанрлық ерекшелігі, тарихы, жиналуы, зерттелуі, классификациялау принциптері қарастырылып, фольклор тарихы мен жазба әдебиеті арасындағы байланысы түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ фольклорының поэтикасы

    Пәннің мақсаты - фольклордың жазба әдебиетінен айырмасын, әдебиеттегі типизациялау мен ауыз әдебиетіндегі идеализациялау құбылыстарының бір-бірімен дербес бағытта жүргізілетінін теориялық тұрғыда меңгереді. Қазақ әдебиетін типологиялық тұрғыдан зерттеу арқылы оның фольклормен сабақтастығын танып-танытуда, әдебиет пен фольклордың жалпы теориясын меңгеру дағдысын көрсете алады. Әдеби және фольклорлық шығармалардың поэтикалық ерекшелігін талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Студенттерді оқыту және тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін жоғарылату, студенттің тұлғалық қасиеттерін біртұтас көзқарас ретінде қалыптастыру, білім беру мен кәсіптік қызметті меңгерудің және жетілдірудің, оқыту дағдыларын дамыту, зияткерлік жұмыс мәдениетін, өзін-өзі оқытуды дамыту факторы ретінде; педагогикалық білім негізінде міндеттерді тиімді шешу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы психология

    Пәнді оқытудағы негізгі мақсат студенттерді психологияның жалпы заңдылықтарын меңгертіп, оның нақты қолданбалы салаларын, қазіргі жетістіктерін, ғылыми жетілуге қаншалықты әсер еткендігіне саналы түрде зерттеуге қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу

    Пәннің мақсаты студенттерге шешендік өнердің тарихын, ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін, дамуына қойылатын алғы шарттарынан, қойылатын талаптарынан мәлімет беріп, ұлттық шешендік өнердің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы , шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлерді, шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысын, тақырыбын, түрлерін, стильдік табиғатын, біртұтас өнер, импровизациялық өнер екендігін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері жайлы біліммен қаруландырып, критериалды бағалаудың моделі, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың мән-мағынасымен таныстырып, критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыздандыруды дайындай алу білігін арттырып, критерийлік бағалауды жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Пәннің мақсаты білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандырып, болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің мәні және негізгі міндеттерімен таныстырып, айырықша қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пәннің мақсаты ондағы көзделген негізгі міндеттерге болашақ мұғалімдерге оқушылардың сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларды меңгерту, тәрбие процесін және оны әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде нәтижелі ұйымдастыру жағдайын түсіндіру, тәрбие процесін ұйымдастырудың ең жетілген жаңа жүйелері мен технологияларын жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы және морфологиясы

    Пәннің мақсаты сөз және оның формалары, сөз құрамы, морфемалар, сөздердің тұлғалық өзгеруі, грамматикалық ерекшеліктері жөнінде жүйелі ғылыми-теориялық білім беру, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау әдістері мен тәсілдерін меңгерту. Жаңа сөздің жасалуы арқылы сөздік құрамының толығып, баю арнасының көзі лексикамен, фразеологиямен, морфология салаларымен тығыз байланыста өтіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жыраулар поэзиясы

    Пәннің мақсаты жыраулар поэзиясы туралы білімді тереңдету, әдебиеттанушылық талдау дағдыларын дамыту. Жыраулар мұрасындағы ел тағдырының көркем суретін, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерді, елдік мұрат идеясын түсіндірудің тарихи-мәдени код тәсілдерін үйрету. Бүгінгі күн шындығымен тарихи-философиялық, гуманистік-дидактикалық сабақтастығын айқындау және оны жаңа мазмұнда меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі IT

    Пәннің мақсаты қазіргі заман ағымына сай цифрлық білім беру форматын педагогика саласына енгізу арқылы пәнді оқыту барысында білім алушыларға білім берудің қазіргі парадигмасын, оқытудың табиғатын, мақсаттары мен әдістерін, процедуралары туралы жаңа идеялар таныстырып, заманауи педагогикалық инновациялардың негізгі бағыттарына шолу жасап, инновациялық педагогиканың базалық принциптерін игереді, болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігі дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын толық меңгеру арқылы үйренеді. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы тығыз байланыстылығын меңгереді. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау болып табылады. Оқыту үдерісіндегі мәселелерді талдап, оңтайлы шешім қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пәннің мақсаты қазіргі заман ағымына сай цифрлық білім беру форматын педагогика саласына енгізу арқылы пәнді оқыту барысында білім алушыларға білім берудің қазіргі парадигмасын, оқытудың табиғатын, мақсаттары мен әдістерін, процедуралары туралы жаңа идеялар таныстырып, заманауи педагогикалық инновациялардың негізгі бағыттарына шолу жасап, инновациялық педагогиканың базалық принциптерін игереді, болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігі дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы және қазақ диалектологиясы

    Пәннің мақсаты оқытудың түрлерін, әдіс-тәсілдерін меңгеріп, қазіргі қазақ тілі салаларынан білім алып, қазақ әдебиетіне қосылған жаңа есімдер, тың проблема көтерген шығармалар, поэзия, проза, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктері жөнінде терең білім алып, студенттердің ұлттық дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры молаяды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Абай және ұлттық руханият

    Абайтанудың туу, қалыптасу және даму жолдары сараланады. Ақын мұрасын, шығармашылығын зерттеудің басым бағыттары, қазіргі абайтану ілімінің сан алуан ғылыми проблемалық мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

    Пәннің мақсаты берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шараларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алаштану

    Пәннің мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық идеясы болаған Алаш зиялыларының тарихына арналған ғылыми еңбектерді оқып үйрену, тарихи талдау жасау, ғылыми монографиялар мен құжаттық материалдармен таныстырып, Алаш қозғалысының тарихын ғылыми тұрғыдан білім беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі

    Пән синтаксистік өрнектердің байланыс формалары мен түрлері, сөйлем мүшелері, қарапайым сөйлемдердің түрлері және оларды құру тәсілдері туралы теориялық білім береді, олар аналитикалық, синтетикалық тәсілдің негізі болып табылады. Сөйлемнің коммуникативті мақсатына, предикативті бірліктердің санына, құрылымына, негізгі мүшелердің қатысуына байланысты оқитын білім мазмұнын студент тәжірибеде жетілдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты әдебиет саласынан алған білімдерін болашақ педагогикалық қызметінде пайдалана білуді, оқушылардың оқу материалын терең, тиянақты игергендігін анықтау жолдарын, ғылыми-тәрбиелік жұмыстарды жоспарлап өткізуді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білімін бағалауды игереді. Болашақ мамандар жоғары оқу орнында қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздерін, оқытудың тиімді жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты - ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру, әдебиеттің ұлт ой-санасын оятудағы міндетін айқындау, әдеби тұлғалардың романтизм мен реалистік әдіс-тәсілдерді қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік қолтаңбасын бағамдау. Белгілі өкілдердің шығармашылығы, творчестволық жетістіктері мен кемшіліктерін саралалап, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыларын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Пәннің мақсаты - сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен тәсілдерін, синтаксистік бірлік ретінде қаралатын сөз тіркесінің лингвистикалық табиғатын, оның нақты белгілерін айқындап, анықтауға дағдыландырып, сөйлемдердің классификациясын, сөйлем мен пайымдауды меңгерту басты құзыреттіліктер ретінде қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сын тарихы

    Әдеби сынның қазіргі кезеңі пәнінде берілген шығарманың мазмұнына сыни тұрғыдан қарау, басқа туыстас халықтардың әдебиеттерімен байланысы, ұлттық әдеби сынның тарихын жасаудағы заңдылықтары қарастырылады. Қазақ әдеби сынының қазіргі жағдайы, бағыттары, даму деңгейі қамтылып, әдеби сын тұрғысынан талданған ғылыми еңбектер зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты: ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихына қосылған жаңа туындылар, тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиетіндегі реалистік сипат пен көркемдік қиял жинақталуының сабақтастығы және идеялық-композициялық желісіндегі ұлттық-этнографиялық сипатты танып біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі

    Пәнді оқыту мақсаты қазақ тілі құрмалас сөйлемінің негіздері мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталып, осы саланы игеру нәтижесінде сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерін сипаттап, тіл ғылымы жүйесіндегі орнына талдау жасап, алған теориялық білімін кәсіби қызметінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • 1917-1990 ж.ж. қазақ әдебиеті

    Пән мақсаты 1917-1990 жж. қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқыту арқылы оның басты әдеби сарынын, азаттык танымын, өзіндік сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беріп, әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларының көркемдік шеберлік сырларын тереңдете оқытып, ғылыми пікірлерін нақты деректермен тұжырымдау жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітануға кіріспе

    Пән түркі тілдерінің зерттелуін, түркітану ғылымының негізгі бағыттары, өзге халықтар тілдерінің зерттелуі, қазақ тіліне аударылу дәрежесі, жариялануы және жетістіктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлем әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты әлем елдері халықтарының әдебиетіндегі шығармашылық мәселесінің өз елдерінің тарихымен, пәлсапасымен, ғылымымен, көрнек өнері түрлерімен /әуез, бейнелеу, сымбат, сәулет/ байланыстылығы тығыз бірлікте қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы

    Курсының мақсаты – қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерімен, олардың шығармаларымен таныстырып қана қоймай, олар жөнінде зерттеулер мен ой-пікірлердің тарихын саралай отырып, ақын-жазушы шеберлігін танытатын шығармалардың әдеби көркемдігі мен құрылысына тереңдеп үңіліп, әр ақын-жазушының шығармаларын көркемдік ерекшелігіне қарай даралап, талдай білуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы -тарихи грамматикасы

    Пәннің мақсаты түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастырып, Студенттерге түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беретін, туыстас тілдерінің ерекшеліктерінен зерттеу жасауға қабілеттіліктерін арттыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Жалпы тіл білімі пәні барлық тілдерді зерттей келе, төмендегі мақсаттарға негізделеді: тілдің мәні мен табиғатын, сонымен қатар лингвистиканың аспектілері мен тіл салалары және оларды зерттейтін ғылымдар жүйесін анықтау, тілдердің жүйеленуін мен жіктелуін, яғни, классификациясын құру, лингвистикалық талдаудың әдістемесін жасау, тіл білімінің тәсілдері мен әдістемесін жүйелендіру және жетілдіру, тілдердің дамуындағы ортақ заңдылықтар, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл ерекшеліктері мен тілдердің типологиялық, генеалогиялық топтарға бөлінуін қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Компьютерлік лингвистика

    Пәнді оқыту мақсатына лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, тілдің мәні, тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдары қарастырылып, дамыта оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиет теориясы

    Пәнді оқу барысында әдебиет туралы ғылымның негізі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігі, көркемдік-эстетикалық танымы қалыптасады, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтанады. Көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік әдістер мен бағыт, ағымдар,стиль мәселесі жөнінде білім беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби үрдіс

    Курс әдебиеттің өзекті мәселелерін қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры, лирикалық жыр үлгілерінде кездесетін теориялық элементтер қарастырылып, әдебиеттің даму заңдылықтары, шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілері айқындалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының әдебиеті

    Түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму сипатын қарастыру. Әр халықтың фольклорымен және бүгінгі дәуірдегі классикалық әдеби мұрасымен танысу, ондағы эстетикалық таным, ұлттың әдеби арна ерекшелігін айқындау. Әлемдік көркем сөз өнері шеберлігіне және әдеби қозғалысқа тигізетін түркі халықтары әдебиетінің ықпалын кеңірек ашу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітану мәселелері

    Түркі әдебиетінің басты даму бағыттарын жүйелеу. Түркі әдебиетіне ортақ арналарды – идея, сюжет, кейіпкерлер мен мотив және стиль ерекшеліктерін жүйелеу. Қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері екендігін түсіндіру. Қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен танысу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми цикл білімдерін интеграциялау дағдыларын қолданады, тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлейді, өзінің кәсіби қызметінде қазіргі қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, толеранттылығы мен демократиялық құндылықтарының басымдықтарында өзінің азаматтық ұстанымын бекітеді.
  • Тіл материалдарын лингвистикалық тұрғыдан сипаттап дағдыландырады; ғылымының теориялық негіздерімен таныстырады, қазақ тілінің стильдік тармақтары туралы мағлұмат береді; түркі тілдерінің дамытады, қалыптасу кезеңдерін меңгереді; қазақ тілі синтаксисінің негізгі заңдылықтарын тани біледі.
  • Білім беруде педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырып, оқушылардың даму динамикасын оқыту мен тәрбиелеудің жеке процесін талдай біледі; білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық процесін бақылап, мұғалімдердің жұмысын басқара біледі.
  • Тіл білімі ғылымында қалыптасқан жаңа бағыттар жөнінде жан-жақты мәлімет меңгереді. Қазақ лингвистикасында қалыптасқан бағыттар туралы ғылыми пайымдаулармен танысып, олар жөніндегі теориялық тұжырымдарды біледі. Қазақ лингвистикасында қалыптасып отырған жаңа бағыттар жөнінде ой қорытуға құзыретті болады.
  • Оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі ережелері мен әдістерін білу; - оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы ең маңызды ережелер туралы білімді меңгеру; - критериалды бағалау бойынша жалпы әдістемелік ұсыныстарды меңгеру; - инклюзивтік педагогиканың мамандық бойынша басқа пәндермен талдауға қабілетті.
  • Халық әдебиетінің ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдай білуге құзыретті.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін меңгере отырып, критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен қағидалары, сабақты өткізу, оның құрылымы, білім беру технологиялары, тиімді оқытуға бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдерді талдауға қабілетті.
  • Әдебиеттану саласындағы өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді айқындап, олардың дамуы мен айналым қозғалысын, әдебиеттанулық зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдері жүйесін меңгеруге қабілетті.
  • Әдебиеттану ғылымының теориялық және практикалық мәселелерін, әдебиеттің ерекшеліктерін, ұғымдары мен категорияларын, көркем шығарманың құрылымдарын, мазмұны мен пішінін, әдеби жанрлар мен көркемдік әдістерін, әдеби бағыт-ағымдарын, әдеби процесс мәселелері мен әдебиет теориясының дамуын зерттеуде құзыретті.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top