Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Қоғамтану білімі (пәнаралық курс)
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқықтық институттар мен оның негізгі салаларын сипаттайды. Қазақстан республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің заңнамалық негіздерін зерттейді. Көшбасшылық қасиет пен инновациялық әрекет дағдысын қалыптастыру мәселлерін қарастырады. Көшбасшының өз қызметінің құрылымына инновациялық үдеріс нәтижесінде туындаған өзгерістерді енгізу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны мен шығармашылық қызметін, әдебиеттану ғылымындағы орнын қарастырады. Оның отандық әдебиеттің көркемдік қағидаларын қалыптастырудағы үлесін зерттейді. Білім алушылардың бойында ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдылары мен құзіреттіліктер қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 6

    Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысын; тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымын; тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуын зерттейді; тілдердің пайда болуы туралы теорияларды, жасанды тілдерді; тілдердің генеологиялық, типологиялық классификациясын; тіл білімінің салаларын, олардың зерттеу нысанын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиет теориясы мен сыны
    Несиелер: 6

    Шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен характер, сюжет пен композиция, өлең құрылысы, әдеби тіл мен стиль мәселелерін қамтиды; Жалпы көркемдік дамудың тарихи сипаты, әр дәуірдегі бағыт-бағдары, әдеби ағымдар мен әдістер, жанрлар және жанрлық түрлер, қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігі, шығарманың әдеби көркемдік құрылымы, әдеби үдерісті қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ ауыз әдебиеті
    Несиелер: 6

    Фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы жөнінде білім беруге бағытталған. Фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталу ерекшеліктері қамтылады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
    Несиелер: 6

    Қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық жүйесін қамтиды. Дауысты және дауыссыз дыбыстар классификациясы мен емлесі; буын, екпін, үндестік заңы, ықпал түрлері, фонетикалық, лексикалық құбылыстар және олардың түрлерін, сөз және мағына, оның түрлерін, семантикалық категориялар, лексикологияның салаларын қарастырады. Орфография және орфоэпия, графика, жазу тарихы, жаңа қазақ әліпбиі жайлы білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін қарастырады және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, мәні мен мазмұнын қарастырады, жаңартылған орта білім мазмұны аясында тәрбиелеу қағидаларын зерттейді. Болашақ педагогтың өз бетімен білім алу және кәсіби тұрғыда өз-өзін жетілдіруге мүдделілігін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Тәңірлік дәуір әдебиеті, сақтардың қаһармандық дастандары, ғұндардың батырлық жырлары, түркі жазба жәдігерлері, ислам дәуірі әдебиеті, этикалық-дидактикалық поэзия, Алтын Орда дәуірі әдеби мұралары, таихи шежіре және көркемдік дәстүр қарастырылады. Жыраулар шығармашылығындағы синкреттілік, поэзиясыныңы бейнелілігі жайлы білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Іскерлік қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Ауызша және жазба іскери сөз әдебі, келсіссөз жүргізу, іскерлік кездесуде өзін-өзі ұстауды, таныстырылым, тұсаукесер өткізу дағдыларын; келіссөз жүргізу әдебін қарастырылады. Кәсіби іскерлік қарым-қатынас барысында үйлесімді сөйлеу және мінез-құлық стратегиялары мен тактикасын сауатты пайдалануды қалыптастырады. Қазақ тілінде іс қағаздар жүргізуді, құжат түрлерін, жіктелісін, деректемелерін, қазақ тілінде электронды құжат айналымды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ жазуының тарихы мен емлесі
    Несиелер: 5

    Жазудың маңызы мен қызметі, даму тарихы, фонема және графема ұғымдары, жазудың негізгі категориялары, үндесім заңы және қазақ жазуын қарастырады. Қазақ жазуының тарихы, әліпби түрлері мен емле ерекшеліктері, негізгі орфографиялық қағидалар, ғалымдардың емле ережелері жайлы тұжырымдары, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелерін сипаттайды. Жаңа емле ережесі бойынша білім беруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 6

    Қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерін, грамматикалық мағына, олардың берілу жолдарын, қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын, жұрнақ және жалғау түрлерін, олардың даму эволюциясын, қатысымдық қызметін қарастырады. Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің түрлері, олардың жасалу жолдары, сөз таптары және оның категориялары, түрленуі жайлы білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы көрнек өнерінің тұтастығы (синкретизм), оның өкілдері: сал-серілер, әнші-ақындар шығармашылығы, ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығы, дәстүрлі айтыс өнері, нәзира дәстүрінің көріністері, зар заман поэзиясы қарастырылады. Жазба әдебиеттің дамуы, регресшіл және прогресшіл романтизм бағытындағы шығармалар, әдебеттегі «атамекен» концептісі, ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі, шығармалардың идеялық-тақырыптық, поэтикалық ерекшеліктерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін, даму жолдарын; қазақ тiлiн оқытудың ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, заманауи сабақ үлгілерін, қазақ тілі бойынша оқу мақсаттарын, оқу бағдарламасы бөлімдерін қарастырады. Жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ, ҚМЖ), жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесін, Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиеті сабағын жоспарлауды, жоспар түрлерін, әдіс-тәсілдер жүйесін, әдеби шығарманы меңгерту жолдарын, жаңа технологияларды тиімді пайдалануды қарастырады. Әдебиеттен жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесі, оқу бағдарламасындағы «Түсіну және жауап беру», «Анализ және интерпретация», «Бағалау және салыстыру» бөлімдерін, қазақ әдебиеті бойынша БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін, рефлексияны, әдебиеттен білімді критериалды бағалауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абайдың шығармашылық өмірбаяны, өскен ортасы, заман көрінісі, қоғамдық жағдай; ақын өлеңдері мен қарасөздерінің тақырыбы, көркемдігі, лирикалары, шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы, Абай поэзиясына Шығыс, Батыс әдебиетінің әсері, поэмаларының идеялық мазмұны, қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар, Абайтану ғылымының тууы мен қалыптасу, даму тарихы, Абайтану ғылымының негізін салған ғалымдар еңбектері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қашықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Функционалды грамматика негіздері
    Несиелер: 5

    Функционалды грамматика теорияларының қалыптасуына, функционалды грамматиканың функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік беріліп, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды-семан­тикалық өрістер қамтылады. Қазақ тіліндегі грамматкалық бірліктердің темпоралдылық- мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік, компаративтік- салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік, сандық, кеңістік т.б. қызметтері, семантикалық функциялардың өзектелінуінің тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мағжантану
    Несиелер: 5

    Мағжанның шығармашылық өмірбаяны, өскен ортасы, заман көрінісі, қоғамдық жағдай; ақын өлеңдері мен поэмаларының тақырыбы, көркемдігі, лирикалары, шығармаларындағы түркі дүниесі тақырыбы, поэмаларының идеялық мазмұны, қазақ поэзиясына Мағжан әкелген жаңалықтар, мағжантану ғылымының тууы мен қалыптасу, даму тарихы, мағжантану ғылымының негізін салған ғалымдар еңбектері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Фонетикалық, лексика-фразеологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік стилистиканы, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін, стильдік қатенің түрлерін қарастырады. Стилистиканың ұғым-категорияларын, зерттеу әдістерін, қазақ тілінің стилистикалық құралдарын, стилистикалық мағына және синонимдерді меңгертуге бағытталған. Тілдік-стилистикалық мәдениетті қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жазба жұмыстар әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі, әдістемесі, талдау жұмыстарының түрлері, жазбаша лексикалық жаттығулар, оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі қарастырылады. Жазба жұмыстардың түрлері, оларға қойылатын талаптар, әдеби мәтінмен жұмыс, эссенің құрылымы мен түрлері, жазба жұмысты бағалау критерийлері меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуын, зерттеу нысанын, «тілдегі адам» немесе «адамның тілі» проблемасын, негізгі қағидаттары мен ұстанымдарын, ұлттық сана, оның тілдегі көрінісін қарастырады. Компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар, психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, психолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Тарихи-әдеби контекстегі әдебиеттану мектептерінің дамуы мен қалыптасуы, биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі, тарихи поэтика мен салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың әдістемелері, әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану, неомифологизм және мифопоэтика, герменевтика мәселелері қамтылады. Әдебиеттің дамуын әдебиет тарихымен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игертеді; әдебиеттанудың көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін; әдеби мектептер мен ағым, көркемдік өсу жолын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процесс, түрлі ағымдар мен бағыттар, сол дәуірдегі әдебиет өкілдері, олардың әдеби мұралары, көркем шығармалардың тақырыбын, идеясын және поэтикасын қамтиды. Пән алаш әдебиеті, жазба әдебиет өкілдерінің шығармашылығы, діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы шығармалар, қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм, 1930-60жж. қазақ прозасындағы жаңалықтар, әңгіме жанрының шеберлерін, қазақ романдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 5

    Шетел әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдерін, классикалық шығармаларды, қазіргі әдебиетпен сабақтастығын, әлемдік әдебиеттің ХХІ ғасырдағы даму заңдылықтары, оған әсер етуші факторлар, жалпы әдеби процесс, оның даму жолы, бағыттары, қазіргі кезеңдегі түрлі ағымдар мен әдеби бағыттар, оның өкілдерінің шығармашылығы қарастырылады. Көне грек, рим әдебиетінен бастап, ағылшын, француз, герман, орыс әдебиеті өкілдерінің классикалық шығармалары, оның поэтикасы, образдар әлемі меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 6

    Бағалаудың өлшемдік технологиясының ғылыми негіздері, пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау өлшемдері, критериалды бағалау жүйесі, түрлері, түйінді құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған бағалау, өзін-өзі бағалау механизмі, оқу жетстіктерін мониторингілеу талаптары қарастырады. Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланысты ұйымдастыру және жиынтық бағалау бойынша тапсырмаларға дескриптор құру, сондай-ақ баға қою механизмі меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Іскерлік қарым-қатынас және шешендік өнер
    Несиелер: 5

    Қазақ тіл мәдениетінің негіздерін, шешен сөйлеудің логикалық-құрылысы, тақырыбы, түрлері, стилі, әдістерін қарастырады. Сөйлеу мәдениетінің қатысымдық сапасын (байлығы, дәлдігі, тазалығы, қысқалығы, көркемдігі), пікірталастыру мәдениетін, жұртшылық алдында сөйлеуді, академиялық шешендік; сөйлеу этикетін, сөйлеу техникасы және дикциямен жұмысты меңгертеді. Шешендік өнер тарихы, шешендік өнер шарттары, шешенге қойылатын талаптар, шешендік сөздің түрлері (дау, арнау, толғау), идеялық, эстетикалық мазмұны қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектептегі қазақ әдебиеті курсы
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетінің мектепте оқытылу тарихы; қазақ әдебиетінен жазылған алғашқы оқулықтар; тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетін оқытудың мазмұндық ерекшелігі қарастырылады. Қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын; қазақ әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін жазылым тапсырмаларын, қазақ әдебиеті пәнінен БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін, жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ғалымдар ізденістері, әдіскерлердің әдістемелік ізденістерін бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығын, өміршеңдігін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Педагогикалық шеберлік компоненттері; мұғалімнің кәсіби ерекшеліктерін; педагогикалық қызмет деңгейлері мен мінез-құлқын; педагогикалық эрудицияны; педагогтың теориялық дайындалу мазмұнын; жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін басқарудағы оқытушының шеберлігін; «мұғалім -оқушы», «мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынасты зерттейді. Педагог мамандығындағы актерлік, режиссерлік шеберлік элементтерін, педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясын; педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика, пластиканы; сөз әрекетінің психологиялық құрылымын, педагог сөзі тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық факторларын; педагогикалық такт, этиканы, рефлексияны меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектептегі қазақ тілі курсы
    Несиелер: 6

    Қазақ тілінің білім беру мекемелерінде оқытылу тарихы, қазақ тілі бағдарламалары ондағы өзгерістер, қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, оқулықтардың басылуы қарастырлады. Қазіргі мектептегі «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны, оны оқытудың қағидалары мен ұстанымдары, интербелсенді оқыту әдістемесі, қазақ тілінен алған білімді бағалау әдістері меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Сөз тіркестері, тіркесу амалдары мен формалары, есімді және етістікті тіркестер; сөйлемді тану принциптері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуін қамтиды. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипатын, салалас, сабақтас аралас, көп компонентті түрлері, жасалу ерекшеліктері, құрмалас сөйлемнің интонациясы, тыныс белгілері және оны оқыту жайлы теориялық білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Заманауи педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің педагогикалық, әдіснамалық негіздері, инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары, технологияларды таңдауда оқушының қабілетін, психологиялық және жас ерекшелігін ескеру мәселелері қарастырылады. Модульдік оқыту технологиясы, кейс технологиясы, жобалау технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың мотивациясын туғызу, оқу мақсатын, критерийлерін, тапсырмаларды әзірлеуде Блум таксономиясын пайдалану, сабақты зерттеу Lesson study, сауалнама, сұхбаттасу, бақылау, қазіргі мұғалімнің түйінді құзыреттіліктері, моделі меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қаламгерлері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, құрылымын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін меңгертеді. Жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, даму процесі, сол дәуірдегі қазақтың айтулы ақын-жазушыларының шығармашылық жолы қарастырылады, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби процесс, бағыттар мен ағымдар сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жетісу әдебиетін оқыту
    Несиелер: 6

    Жетісу өңірінен шыққан ақын - жазушылар өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы туған өлке тарихы, мәдениеті, әдебиеті меңгертіледі. Жергілікті әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесі қамтылады. Жетісу жеріндегі ақын-жазушылардың әдеби мұрасы, оның идеялық-композицялық ерекшеліктері, поэтикасы, қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы, жергілікті әдебиет өкілдерінің бағдарламада қамтылуы, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепте этнографизмдер негізінде ұлттық тәрбие беру
    Несиелер: 5

    Қазақ этнографиясы: анықтамасы, мазмұны, зерттелуі; қазақ халқының этносаяси тарихы, дәстүрлі қазақ қоғамының рухани және материалдық мәдениеті, шаруашылығы, әлеуметтік өмір тіршілігінің сан түрлі салалары, діни наным-сенімдері, ауыз әдебиеті мен дәстүрлі ән-күй өнері; қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы; әдет-ғұрып, салт-сана қарастырылады. Этнографизмдерді классификациялау мәселесі, түп-төркіні; тұрмыстық заттарға байланысты этнографизмдер; салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты этнографизмдер; діни наным-сенімге қатысты атаулар; қазақ тіліндегі өлшем және тәулік кезеңдері атаулары меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Педагогтың оқу-әдістемелік құжаттары
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі басшылыққа алатын құжаттарды: ҚР «Білім» туралы заңы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдарды енгізу, оқу бағдарламалары, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдар, оқытудың жаңа технологиялары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, критериалды бағалау нұсқаулығы т.б. меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON10

    қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының даму, қалыптасу жүйесіне қатысты өз көзқарасын дәлелдейді; оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемдік технологияларын ұсынады; оқыту әдістерінің тиімділігін талдайды.

  • Код ON1

    көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады.

  • Код ON11

    педагогикалық қызметті басқарады, жоспарлайды, болжайды; қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды интербелсенді әдістермен, ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен ұйымдастырады және эксперимент жүргізеді, пән бойынша базалық – нормативтік құжаттар мен оқулықтарды талдайды, оқу үдерісі барысында оқулықтардағы тапсырмалардың тиімділігін бағалайды.

  • Код ON6

    білім беру мекемелеріндегі әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарға өзгеріс енгізе алады, бағалайды; оқу үдерісінде техникалық құралдарды пайдаланады; қазақ тілі мен әдебиетін қашықтықтан оқыту технологияларымен оқытады; педагогикалық этикетті, дəстүрді сақтайды.

  • Код ON3

    тәрбиеленушілер мен оқушылардың жеке білім қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін болжайды, жоспарлайды және басқара алады, білім беру жүйесі мен педагогикалық ой-өрістің негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы ғылыми түсінік жүйесін қалыптастырған.

  • Код ON5

    жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарын, функционалды грамматика теориясын түсіндіреді; іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын ажырата алады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді.

  • Код ON9

    қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу, бағалау, дидактикалық материалдарын дайындайды; пән бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді; мектептегі қазақ тілі және әдебиеті бойынша қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды құрастырады; қазақ тілі мен әдебиетін меңгертуде тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтар, этнографизмдер негізінде ұйымдастырады.

  • Код ON4

    қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; тіл білімінің жаңа бағыттарын жіктейді; жазу теориясы бойынша ғылыми мәліметті баяндайды; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін сипаттайды.

  • Код ON12

    қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша зерттеу жүргізеді.

  • Код ON2

    құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті.

  • Код ON8

    қазақ және шетелдік ақын-жазушыларының шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; шешендік өнердің даму тарихын салыстырады.

  • Код ON7

    әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын түсіндіреді, сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажырата алады; әдеби тұжырымдарды салыстырады.

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top