Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Алғашқы қоғам тарихы
    Несиелер: 4

    Адамзат қоғамының қалыптасуының алғы шарттары және дәуірлену мәселелері, эрониология мәселелері, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтың пайда болуы мен дамуын оқытады. Адамның пайда болуы мен қоғамдық құрылыстағы мәселелерге, алғашқы қоғамдық топтардың қалыптасуы мен дамуы жеке меншік, таптық қоғамның құрылуына тарихи анализ жасайды. Алғашқы шаруашылық түрлері: бірігіп аң аулау кәсібі, терімшілік т.б жүйесімен танысады. Жер бетіндегі алғашқы адамдардың рухани мәдениеті, дүниетанымдық көзқарастар мен ғылыми білім көздерінің қалыптасуы туралы білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археология
    Несиелер: 5

    «Археология», «археологиялық мәдениет» ұғымдарымен таныстырады. Археологияның басқа ғылымдармен, Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеумен байланысын көрсетеді. Археологиялық нысандарды модельдеу әдістерін зерттейді, археологиялық объектілердің хронологиясы мен кезеңдеуін, археологиялық ескерткіштердің типологиясы мен түрлерін, археологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесімен, тас, қола, темір дәуірі археологиясымен таныстырады. Адамзаттың ертедегі мәдени дамуын көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 5

    Жазба, фольклорлық және материалдық деректер негізінде ежелгі қоғамның кезеңделуін, әлеуметтік ұйымдасуын, ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін зерделейді, ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтайды. Афины мемлекетінде демократияның пайда болу себептерін, мемлекетаралық қатынастарды түсіну үшін «империя» ұғымын ашып көрсетеді. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін, ежелгі қоғамның дамуына діннің әсерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 6

    Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мен тіршілігін, кезеңдеуді жазба және материалдық деректер негізінде зерттейді. Ежелгі және орта ғасыр мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу үдерістерін, көшпелілердің наным-сенімдерін, дүниетанымын, олардың Орталық және Алдыңғы Азиядағыорны мен рөлін анықтайды. Феодалдық қатынастардың дамуы туралы білімді қалыптастырады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын, үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын, адамның дүниетанымының өзгеру себептерін, қоғамдық өмірдегі діннің рөлін, антифеодалдық көтерілістердің себептерін, салдарын, феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерінтарихи деректер негізіндесипаттайды. Шығыстағы монархия формаларын, ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін, экономикалық қатынастардың формаларын зерделейді. Тарих бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Тарихтағы «орта ғасыр», «феодализм» ұғымдыры, оның хронологиялық шеңбері мен кезеңдері, халықтардың ұлы қоныс аударуы, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы, ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері тарихи деректер мен тарихшы-медиевистердің еңбектерінің негізінде оқытылады. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін, шаруалар көтерілістерін, феодалдық соғыстарды, абсолютизмнің қалыптасуын сипаттайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән тарихи деректер негізінде Азия және Африка елдерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуын XVII ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қарастырады. Шығыс елдері үшін жалпыға бірдей қабылданған кезеңдерге бөлудің шарттылығын, олардың өркениеттік даму ерекшелігі көрсетіледі. Азия және Африка халықтары мен елдерінің тағдырындағы отарлау мен трансформацияланудың ролі зерттелінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Еуропа және Америка елдерінің жана заман тарихы
    Несиелер: 5

    Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық және рухани дамудың ерекшеліктерін анықтайды. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы бойынша жаңа ғылыми категориялық аппаратпен және негізгі деректермен таныстырады. Жаңа тарих бойынша негізгі тұжырымдамалар мен іргелі еңбектер туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Өлкетану
    Несиелер: 5

    Туған өлкенің аңыз-ертегілері, өлкенің тарихи деректері мен ескерткіштері, өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар, өлкетану мұражайы, тарихи жәдігерлер, топонимдер, өлкенің ұлттық қолөнері қарастырылады. Өлкеде өмір сүретін халықтар, туған өлке тарихының қазіргі куәгерлері, өлкенің туристік маршруттары, туған жердің «Атымтай жомарттары», туған өлкенің шежіресі, өз туған мектебінің тарихы зерделенеді, пәнаралық байланысты интеграциялайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстанды Ресейдің жаулап алу процесін, кезеңдерін, Қазақ хандығының Абылайдың тұсында көтерілуін, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы отарлық реформалардың салдарын қарастырады.Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде ХХ ғ. басында саяси өмірдің жандануын, тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттейді.Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Түркі халықтарының тарихы
    Несиелер: 6

    Түркі халықтарының тарихы дүниежүзілік тарихтың біртұтас үдерісі мен құрамдас бөлігі ретінде, олардың мәдени байланыстары қарастырылады. Проблемалар бойынша ғылыми әдебиеттер мен деректер, кезеңдеу қөрсетіледі. Ежелгі және орта ғасырлардағы түркі мемлекеттілігінің мәселелері, олардың өзара байланысы мен сабақтастығы талданады. Қазіргі заман әлемінде түркітілдес елдердің этно-геосаяси жағдайы, демографиялық проблемалары мен рөлі анықталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Архивтану негіздері
    Несиелер: 6

    «Архивтану», «архив ісі», «архивтік құжат», түсініктерімен, әртүрлі елдердегі мұрағат ісінің қалыптасу және даму тарихымен, мұрағаттанудың теориялық мәселелерімен, мұрағаттық деректер негізінде оқиғаларды моделдеумен, ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырады. Мұрағаттардың негізгі функцияларын, ведомстволық және мемлекеттік мұрағаттардың жұмыс ережелерін ашып көрсетеді. Құжаттардың құндылығы мен оларды жинақтау, пайдалану мәселелерінде білімді интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихи білім беруде дизайн ойлау технологиясын қолдану әдістемесі
    Несиелер: 5

    Проблемалық аймақтарды мұқият зерттейді, негізгі мәселені тұжырымдайды, оны шешу жолдары, жаңа идеялар жасайды, оның әртүрлі нұсқаларын ұсынады, проблемаларды шешу моделінің прототиптерін жасайды және әртүрлі форматтағы идеялардың, әдістердің, техниканың және құралдардың ауқымы мен маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдерді сынайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстан мұражайлары
    Несиелер: 6

    Терминдермен, нормативтік құқықтық актілермен, «музей» сөзінің этимологиясымен таныстырады. Музейлердің пайда болу алғышарттарын, даму тарихын, музей заттары арқылы ақпаратты сақтау және насихаттау ережелерін, экспозицияны модельдеу, музейлердің түрлерін, типтерін, музейлік деректерді жинақтау және іріктеу критерийлерін, қорлардың композициялық құрылымын, электрондық технологияларды қолдануды оқытады, пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Мектептегі тарих пен қоғамдық пәндерге қатысты нормативті құжаттармен таныстырады. Дәстүрлі әдістер мен инновациялық технологияларды, мультимедиялық құралдарды, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың нысандары мен әдістеріне, критериалды бағалау технологияларын, қысқа мерзімді оқу жоспарларын әзірлеуді оқытады, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстан архивтері
    Несиелер: 6

    Қазақстан архивтерін ұйымдастыру мен даму тарихымен, негізгі нормативтік актілермен, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» ҚР Заңымен, мұрағаттық деректер негізінде оқиғаларды моделдеумен, ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырады. ҚР архив ісі, құжаттану жүйесін дамыту бағдарламасын, ҚР ҰАҚ нормативтік-әдістемелік құжаттарын оқытады. Құжаттардың құндылығы мен оларды жинақтау, пайдалану мәселелерінде білімді интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мұражайтану негіздері
    Несиелер: 6

    Терминдермен, нормативтік құқықтық актілермен, «музей» сөзінің этимологиясымен таныстырады. Музейлердің пайда болу алғышарттарын, даму тарихын, музей заттары арқылы ақпаратты сақтау және насихаттау ережелерін, экспозицияны модельдеу, музейлердің түрлерін, типтерін, музейлік деректерді жинақтау және іріктеу критерийлерін, қорлардың композициялық құрылымын, электрондық технологияларды қолдануды оқытады, пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен қазіргі уақыт аралығындағы Еуропа мен Американың жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихына жан-жақты сипаттама береді. Қазіргі кезеңдегі Еуропа және Америка елдерінің географиялық кеңістікте алатын орны, дүниежүзі тарихындағы әлеуметтік-мәдени және шаруашылық-экономикалық даму ерекшеліктері, тарихи даму үрдісі жайлы ғылыми негізде түсініктеме береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектепте мұражайтану және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру негіздерін: сабақта өлкетану материалдарын пайдалану, сыныптан тыс іс-шараларды, өлкетану үйірмелерін ұйымдастыруды оқытады. Мектеп мұражайының экспозициясын модельдеу негіздерін, өлкетану жорықтары мен экспедицияларын ұйымдастыруды қарастырады. Оқушылармен ғылыми-зерттеу жобаларын орындау үшін өлкетану материалдарының мүмкіндіктерін түсіндіреді. Тарихи, географиялық, әдеби, өлкетану бойынша білімді интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тарихты оқытудың инновациялық және компьютерлік технологияларын қолдану
    Несиелер: 5

    Оқытудың инновациялық технологияларын қолдануда ақпаратты жинау, бағалау, сақтау, дайындау, ұсыну, алмасу үшін ақпараттық, мультимедиялық және компьютерлік технологияларды пайдаланады. Дректерді өңдеудің техникалық қамтамасыз ету құралдарымен, желі байланысының дағдыларымен таныстырады. Тарихқа қатысты мəтіндерді, кестелерді, мəліметтер қорын, мультимедианы, бағдарламалау орталарында ұсынылған ақпаратты талдауды, синтездеуді, бағалауды зерттейді. Қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Архив деректеріндегі Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихы
    Несиелер: 6

    Ресей, Өзбекстан, Қазақстан мемлекеттік архивтерінің құжаттары бойынша Оңтүстік Қазақстанның тарихымен, Түркістан облысының мұрағат қорларының негізінде жасалған -«Шымкент облысының Кеңес Одағының батырлары», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шымкент облысы», «Естелік кітабы» жинақтарымен, архив деректері бойынша оқиғаларды моделдеуді, ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырады. Тарих бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Тарихи дерек көздері негізінде ХХ - ХХІ ғ. басындағы елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуы, отарлауға қарсы күрес тарихы, тәуелсіздікке ие болу, даму жолын таңдау зерттеледі. Өркениеттің алуан түрлілігі: Қытай және социалистік елдер, Жапония және «Азия айдаһарлары», мұсылман елдері, тропикалық Африка әлемі ашылып көрсетіледі. Қазіргі әлемдегі Шығыс елдерінің рөлі анықталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат бере отырып, Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениеті, этногенез сабақтастығы мәселелеріне білім алушының назарын бағыттайды. Әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білуге жол ашады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шет елдер тарихының деректемесі және тарихнамасы
    Несиелер: 5

    Деректанудың ортақ заңдылықтары, теориясы, тарихы және әдіснамасы, негізгі принциптері, кезеңдері, деректермен жұмыс істеудің проблемалары мен әдісі, деректерді сыныптау проблемасы, жекелеген дәуiрлердегi тарихшылардың, елдердің тарихи мектептері мен ағымдарының концепциялары қарастырылады.Тарихнамалық зерттеудің негізгі аспектілері,деректанулық, тарихнамалық еңбектердің модельдері оқытылады. Ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарих бойынша пәнаралық білім интеграцияланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON2

    Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын зерделеу үшін ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерін қолдана және олардың нәтижелерін академиялық стилде рәсімдей отырып, тарихи деректер, ғылыми теориялар мен еңбектерді талдайды;

  • Код ON10

    тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениеті мен академиялық адалдығын көрсетеді;

  • Код ON8

    оқыту мақсаты мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық технологиялар мен АКТ қолдана отырып оқу үдерісін ұйымдастырады;

  • Код ON12

    гуманитарлық, экономикалық, экологиялық білім негізінде әлеуметтік және кәсіби салада туындаған даулы мәселелерді шеше алады.

  • Код ON9

    критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді оқу жоспарын әзірлеу технологияларын қолданады;

  • Код ON4

    әр түрлі тарихи кезеңдерде тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды;

  • Код ON1

    отан және дүниежүзі тарихы кезеңдері, отандық және әлем тарихы оқиғалары, құбылыстары, процестері туралы қазіргі ғылым талабына жауап беретін білімін көрсетеді;

  • Код ON11

    психологиялық-физиологиялық, педагогикалық, инклюзивті білім негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алады.

  • Код ON7

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды;

  • Код ON3

    танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдай біледі;

  • Код ON6

    өз елінің және әлемдік мұражайлық және мұрағаттық мәдениет ескерткіштерін анықтау және сақтау үшін тарихи білімін қолданады;

  • Код ON5

    Қазақстан мен әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін түсіндіреді;

Top