Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Әдебиеттану ғылымының салаларын, олардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, аталған ғылымның қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет беріледі. Шығармашылық мәселесінің тарихпен, философиямен, көрнек өнері түрлерімен байланыстылығын таныстырады. Қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастырады. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері, даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Студенттерге тіл білімінің ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысы, қарауына жататын проблемалары, оларды зерттейтін салалары мен түрлерін қамти отырып, жалпы тіл теориисының негізгі проблемаларын терология. Студенттерді лингвистикиң негізгі ұғымдары және терминдерімен таныстырады, олардың лингвистикалық білім шеңберін кеңейтеді. Дәріс сабақтарында тіл білімінің ішкі салаларын: фонетика, лексикология, грамматики оқып, тілдік талдау жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 6

    Халық әдебиетінің ғасырдан ғасырға жеткен әдеби-рухани мұралары, тақырыптық, көркемдік сипаттары, жанрлық ерекшелігі, тарихы, жиналуы, зерттелуі, классификациялау принциптері қарастырылып, фольклор тарихы мен жазба әдебиеті арасындағы байланысы түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың экономикалық шаралар жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ ол үшін экономикалық ғылымның заңдылықтары мен әдістерін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
    Несиелер: 5

    Экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. СтуденттердІ әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 4

    VI-XV ғасырлар аралығындағы Орхон-Енисей аңғарынан табылған ескерткіштер, Қарахан әулеті билік жүргізген тұстағы әдеби ескерткіштер, Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралар туралы мәлімет береді. Студенттерді түркі әдебиетінің даму кезеңдерімен, ол кезеңдердегі әдеби мұралар мен тарихи ескерткіштердің ой-мұратымен, мән-мағынасымен, бүгінгі қазақ әдебиетімен үндестік бірліктерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Нормативті қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Білім алушылар нормативті фонетика, нормативті лексика, нормативті грамматика, тілдің нормлану заңдылықтары, тілдің нормлануының қазіргі жайы, они кодификациялау жөнінде білім меңгереді. Қазақ тіл білімінің салалары (фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис) бойынша теоретилық білім алып, кешенді тілдік талдаулар жасауға машықтанады. Пәннің мақсаты ‒ қазақ тілінің негізгі құрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан оқыту, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән gедагогиканы оқыту мазмұнын, педагогикалық ғылымның қалыптасуының негізгі кезеңдерін және қазіргі педагогиканы зерттеу пәнін қарастырады. Адам өмірінің анатомиялық және физиологиялық параметрлерін ескере отырып, педагогикалық процестердің негізгі механизмдерін талдау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын игеруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Латын негізді қазақ әліпбиі
    Несиелер: 5

    Қазіргі латын әліпбиіндегі әріптердің ерекшеліктерін меңгеріп, дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен, дыбыстық өзгерістердің түрлерімен танысады, қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы туралы пікір қалыптастырады. Жаңа әліпби негізінде қазақ тілін жазу ережелері, латын графикисындағы қазақ әліпбиін жазу нормаларын анықтайтын құқықтық құжатпен таныстыру, теориялық білім беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 4

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру. Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шығыс әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Шығыс классикалық әдебиеті үлгілерін оқып-танысады, әлем әдебиетімен сабақтастырады. Шығыс халықтарының əдеби байланыстары, әлем халықтарының əдебиеттері рухани мəдениеттің негізгі арнасы болып саналатындығын игереді. Шығыс халықтары əдебиеттерінің тарихы, шығыс халықтарының əдебиеттерін сабақтастыра оқып-үйрену арқылы сөз өнерінің жалпы адамзатқа ортақ көркемдік тереңдіктерін игерту, əдебиеттен берілетін парасаттылық, зиялылылық негізінде жастардың интеллектуалдық қуатын жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ хандығының негізі қалануымен байланысты қалыптасқан жеке әдебиетімізге жан-жақты талдау жасалып, терең теориилық мағлұматтар меңгереді. Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындау. Жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін таныту. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, зерттеу нысаны, фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер, фонема, фонологиялық ерекшелігі, дыбыс, оның түрлері, дыбыстардың бір-біріне әсері, буын және екпін, интонация, үндестік заңы, орфография, орфоэпия, қазақ графикасының дамуы, қазіргі жай-күйі туралы ғылыми білім алады. Пәннің мақсаты ‒ қазақ тілінің дыбыс жүйесін, заңдылықтарын, фонологиялық ерекшелігін меңгерту, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолдана отырып, дыбыстарды сауатты айтуға, жазуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін меңгереді. Тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздеуді үйренеді. Адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары және паралингвистика
    Несиелер: 5

    Антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуын, зерттеу нысанын, қағидаттары мен ұстанымдарын, ұлттық сана, оның тілдегі көрінісін қарастырады. Компьютерлік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, антропологиялық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған. Сонымен қатар қазіргі қазақ тіл білімінде тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып дамуы жөнінде білім береді. Қарым-қатынастың бір түрі – бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру, қарым-қатынастың әр түрлі қырларын, қолданылу ерекшеліктерін, мағыналарын сипаттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 19 ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялыққұрғыда түсіндіріледі. Қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне ғылыми баға беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің шығу тегі, атқаратын қызметі, зерттелу дәрежесі, сөз, сөз мағынасы мен қазақ тілінің сөздік құрамы, фразеологиясы, лексикологияның лексикография, этимологиямен байланысы туралы терең мағлұмат алады. Қазақ тіл білімі лексикология саласының дамуы, қалыптасуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін беру, сондай-ақ қазақтың осы күнгі ұлттық әдеби тілінің құрылысын таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының әдебиеті
    Несиелер: 5

    Әдебиетіміздің көне қатпары – сақ-ғұн-түрік дәуіріндегі үлгілерімен танысады. Түркі жұртының жазу-сызу, көне тарихи ескерткіштері, қала мәдениетінен тұратын түркі өркениеті болғандығына көз жеткізеді. Түркі халықтары әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы, олардың әлем әдебиетімен байланысы жөнінде таныстыру. Туысқан халықтар арасындағы тамырластықты зерделеу, еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, көрнекі ойлау жүйесі, мақсат-мүддеміздің бір екенін ұғыну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі
    Несиелер: 5

    Морфеманың теориялық негіздері, морфтар жүйесі мен орыс тілінің әсері мен осы жүйеге қатысы, лексика-грамматикалық сипаты, құрылым, семантика және функциялық ерекшеліктері, морфтар морфонологиясы туралы теориялық мағлұматтарды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семасиологиясы
    Несиелер: 5

    Семасиология ілімінің пайда болуы, оның лингвистика аясындағы орны, дыбыс пен мағына арасындағы белгілер, сөздердің лексикалық мағынасы, мағынаның құрылымы, тілдік жүйемен байланысы, лексикалық тұлғалар арасындағы парадигмалық, синтагмалық қатынас, валенттілік, сөйлемдегі синтагмалық қатынастар жөнінде білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абайтану ғылымының қалыптасу, даму жолы жөнінде пікір қалыптастырады. Абай шығармаларының жанрлық, тілдік, стильдік өзгешеліктерін таниды, теориялық білімді практикада қолдана біледі. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстырады. Білім алушылардың әдістемелік тұрғыдан жетілуіне, когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Этнолингвистика
    Несиелер: 5

    Этнолингвистикалық мектептер, этнолингвистиканың парадигмалары, этнолингвистиканың қоғамдық-әлеуметтік пәндермен сабақтастығы жөнінде терең теориялық мағлұматтар меңгереді. «Тіл және адам», «Тіл және мәдениет», «Тіл және этнос» жөніндегі лингвофилософиялық концепциялар жөнінде, сондай-ақ лингвистикалық пәндермен арақатынасы және өзара байланысы, тілдің танымдық қызметтері, тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеудің амал-тәсілдерін қaрaстырa отырып, терең теориялық білім беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тілді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануды игереді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылықпен таныс болады, теориялық білімді практикада қолдана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби ағымдар мен бағыттар
    Несиелер: 5

    Прозалық шығармалардың (әңгіме, повесть, роман) жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, жазушылардың қоғам, заман келбетін ашатын тақырыптарға жазылған туындылардағы ізденістерінің қыр-сыры, қазіргі өлең өрнегінде қалыптаса бастаған құрылымдық жүйелер, қазақ поэзиясындағы ізденістер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Балалар тақырыбына қалам тербеген қаламгерлердің шығармашылығы, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы, даму жолы, тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздері, тәрбиелік мәні жөнінде білім игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сөз таптарының топтастырылуы
    Несиелер: 5

    Сөздердің лексикалық, грамматикалық табиғатындағы алуан түрлі өзгерістер, оларды қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай саралануы, топтасуы, сөз таптары жасалып, олардың әрқайсысының өзіндік жалпы кагорияльды мағынаға ие болуы, морфологиялық жағынан тұлғалануы жөнінде білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Көркем шығарманы жан-жақты талдап, бағалауға, әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеруге, көркемөнерге сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ өлеңінің құрылысы
    Несиелер: 5

    Өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына, дыбыс үндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар, өлең жырдың күнделікті айтылатын жай сөздерден, қара сөздерден басты айырмасы жөнінде таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары, оларды ажыратудың жолдары, стилистикалық норма туралы терең мағлұмат қарастырылады. Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдары және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты қарастырып, теориялық білімді практикада қолдана білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтары (сөз таптары), олардың ерекшеліктері тілдегі грамматикалық ұғымдар, мағыналар мен формалар туралы білім игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасырдағы қазақ прозасы
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуына түрткі болған жағдайлар, көркем прозаның тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары жөнінде білім меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Тілдің сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық заңдылықтар, сөзжасамның амал-тәсілдері, сөзжасамдық типтері, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық мағына, әр сөз табының сөзжасамы, сөзжасамға қатысты мәселелермен таныс болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасыр басындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр басындағы көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 5

    Түркі тілдерінің және жеке түркі тілдерінің дыбыстық өзгерістерін, түбір мәселелерін, грамматикалық сипаты мен ортақ жақтарын, ерекшеліктерін, морфологиялық формаларын салыстырмалы аспектіде қарастырып, теориялық білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Синтаксис теориясының негіздерін, синтаксис теориясының лингвистикалық мазмұн-мәнін терең түсініп, жалпы тіл білімі мен қазақ тілі ғылымындағы грамматикалық теориялардың қалыптасуы мен даму кезеңдерінен мағлұмат алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем прозадағы психологиялық талдау
    Несиелер: 6

    Психологизм, психологиялық талдау, сана ағымы, ой ағымы, аәдебиеттегі психологизм көріністерін көркем туындылардың мәтін құрылымынан тану, психологиялық талдау тәсілдері мен түрлері, автордың философиялық-эстетикалық тұжырымдамасы туралы білім меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ прозасы (1960-1990 жылдар)
    Несиелер: 5

    1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің тәуелсіз елдің талап-тілегі тұрғысынан жаңаша бағаланған тарихы, көркем туындыны жан-жақты қарастыру, оның көркемдік, идеялық мән-мазмұнын ашудың түрлі амал-тәсілдерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Әдеби тіл анықтамасы, қызметі, оның жалпыхалықтық тілмен арақатынасы, әдеби тіл нормасы, әдеби тілдегі стильдер жүйесі саралана отырып, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихында болған әр дәуірге тән тілдік үлгілер, оның ерекшеліктері жөнінде білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет
    Несиелер: 6

    ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихына қосылған жаңа туындылар, тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиетіндегі реалистік сипат пен көркемдік қиял жинақталуының сабақтастығы және идеялық-композициялық желісіндегі ұлттық-этнографиялық сипатты танып біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдебиетінің өсу жолы, қалыптасу, даму процесі, халықтың рухани қазынасының баюына айрықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы ақын-жазушылары, шығармашылық жолы, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасалып, теориялық білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сыр бойының көркем әдебиеті (1960-2010 жылдар)
    Несиелер: 6

    Саналы ғұмырын Сыр өңірінің әдебиетіне арнаған әдебиет өкілдері, олардың азаматтық рухқа толы шығармалары, ол шығармалардың жаңа дәуір әдебиеті кезеңіндегі орны, проза саласында қазақ әдебиетін үлкен биіктерге көтеруі жөнінде терең мағлұмат меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын толық меңгеру арқылы үйренеді. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы тығыз байланыстылығын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танытып, әдеби тіл нормаларымен, тілдік әдістемелік білімдермен қаруландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Әдебиет саласынан алған білімдерін болашақ педагогикалық қызметінде пайдалана білуді, оқушылардың оқу материалын терең, тиянақты игергендігін анықтау жолдарын, ғылыми-тәрбиелік жұмыстарды жоспарлап өткізуді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білімін бағалауды игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 6

    Әдебиет туралы ғылымның негізі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігі, көркемдік-эстетикалық танымы қалыптасады, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтанады. Әдебиет туралы ғылымның тарихы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, өнердің халықтығы, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік әдістер мен бағыт, ағымдар,стиль мәселесі жөнінде білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON8

    Оқытудың түрлерін, әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі қазақ тілі салаларынан білім алады. Қазақ әдебиетіне қосылған жаңа есімдер, тың проблема көтерген шығармалар, поэзия, проза, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктері жөнінде терең білім алады.

  • Код ON3

    Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары, фольклор және ұлт тарихы, фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры, т.б. меңгереді. Тіл білімінің өзіндік зерттеу нысанасын, зерттеу салаларын, олардың ерекшеліктерін, адамзат баласы тілінің шығып, қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет алады. Психологиялық көзқарасы қалыптасады. Оқушылардың физиологиялық дамуын зерттейді.Ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эстетикалық ой-сана дамуының жайынан, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы мәлімет алады.

  • Код ON6

    Сөздік құрам мен негізгі сөздік қордың айырмасын ажыратылып, сөздердің стилистикалық қолданысы, фразеологизмдер мәселелері қарастырады. Сөз табиғатын ашып көрсетіп, түсінік қалыптастырады. Сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына туралы ақпарат алады. Әдеби тіл анықтамасы, қызметі, оның жалпыхалықтық тілмен арақатынасы, әдеби тіл нормасы, әдеби тілдегі стильдер жүйесі саралана отырып, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихында болған әр дәуірге тән тілдік үлгілер, оның ерекшеліктерін зерттейді. Оқытудың әдістерін, тәсілдерін меңгереді.

  • Код ON5

    Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындайды. Жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін танысады. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсінеді, әлемдік сөз өнері дамуының тарихын әдеби шолу жасайды.

  • Код ON4

    Білім беру менеджментінің негізгі түсініктерімен және бағыттарымен, оның типтік міндеттері мен оларды шешу тәсілдерін меңгереді. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арқасында іске асатынын, дыбыстың тілдегі қызметін біледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, меңгереді. Қазіргі қазақ тілі білімінің дамуындағы жаңа бағыттар, олардың жалпы тіл біліміндегі зерттелуін игереді.

  • Код ON1

    Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады.

  • Код ON7

    Кәсіптік қызмет саласында АКТ қолдануды меңгереді. Оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі мен техникасы бойынша болашақ маманның кәсіби-педагогикалық білімі қалыптасады. Қазіргі қазақ әдебиетін меңгеру, 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті қаламгерлер туындыларының көркемдік-идеялық табиғатын, көркемдік-эстетикалық мәнін игеру жолдары жөнінде білім алады. Синтаксис теориясының лингвистикалық мазмұн-мәнін терең түсініп, қазақ тілі ғылымындағы грамматикалық теориялардың қалыптасуы мен даму кезеңдерінен теориялық мағлұмат алады.

  • Код ON2

    Шет тілін меңгереді, орыс тілін жетік біледі, латын негізді қазақ әліпбиінің жазу нормаларымен танысады. Әдебиеттанудың терминдерімен танысады, әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін қарастыруды меңгереді, әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих ғылымдарымен байланысын талқылауға жаттығады, философиялық көзқарастарды саралай біледі.

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top