Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01302 Бастауыш білім бизнес инновациямен в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бастауыш білім беруді ұйымдастыру білігін меңгерген және білім беру саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қабілетті бастауыш білім беру деңгейі үшін педагогтерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Музыкалық-практикалық іс-әрекеттің негіздері және вокалдық-хорлық орындаушылық
Бастауыш сынып оқушыларына тілдік білім беру негіздері
Инновациялық білім беру өнімдерін әзірлеу
Сауатты жазу негіздері
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Бастауыш мектеп педагогикасы
Аппаратты қою және орындау (домбыра, фортепиано, баян, аккордеон, гитара)
Абайтану
Бизнестегі шығармашылық ойлау тәжірибесі
-
2 Оқу жылы
Есеп шығару практикумы
Бастауыш сынып оқушыларына математикалық білім беру негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы
Бастауыш оқытудың негізгі теориялары
Робототехника және бастауыш сынып оқушысының есептеуіш ойлауы
Балалар әдебиетін мәнерлеп оқу практикумы
Инновациялық бизнес негіздері
«Әліппе» оқу пәнін оқыту әдістемесі
«Математика» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Кіші мектеп оқушыларының қарапайым экономикалық білімдерін дамыту әдістемесі
Бастауыш білім психологиясы, өзара әрекеттесу және коммуникация
Экономикалық модельдер және бизнесті жоспарлау
Бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстану-ғылыми білім беру негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
-
3 Оқу жылы
Білім беру қызметтерін ілгерілету
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту әдістері мен технологиялары
Инклюзивті білім беру ортасы
Бастауыш білім берудегі педагогикалық зерттеулер
«Қазақ (Орыс) тілі» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Жасанды интеллект негіздері
Кәсіби және зерттеу қызметінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Персоналды басқару және команда құру
Бастауыш сынып оқушыларын бағалау және дамыту әдістері
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсіл
Экология және тұрақты даму
Академиялық жазу негіздері
-
4 Оқу жылы
«Дүниетану» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Зерттеулер, даму және инновациялар
Бастауыш сынып сабақтарын жоспарлау және саралап оқыту
«Еңбекке баулу» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Инновациялық менеджмент
Деректерді талдау және білім беру талдауы
«Ағылшын тілі» оқу пәнін оқыту әдістемесі
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Технологиялық кәсіпкерлік
Шағын жинақталған бастауыш мектептегі педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы
«Дене шынықтыру» оқу пәнін оқыту әдістемесі
«Бейнелеу өнері» оқу пәнін оқыту әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талдауға қабілетті, барлық субъектілердің қызметін бағалай алады, заманауи әдістерді, оқыту технологиясын таңдайды және қолданады, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлайды және өткізеді, кері байланыс алудың әдістері мен құралдарын игереді, рефлексия әдістері мен тәсілдерін қолданады; білім алушылардың көптілді тұлғасын тәрбиелеуде мақсатты түрде оқу-тәрбие үдерісін модельдейді; оқитын саласындағы оқу-тәжірибелік, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімін қолданады;
- білімін қазіргі заманғы лингвистика саласындағы теориялық негіздер мен ережелер тәжірибесінде қолданады, мақсатты тілдерде қарым-қатынас жасайды: қазақша Т1, орысша Т2, ағылшынша Т3, лингвистикалық мәдениет;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін модулдейді, өнімді жасау үшін гипотезаны, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түрде түсіндіру үшін әртүрлі дерек көздерден ақпаратты талдайды, жинақтайды, шығармашылықпен түрлендіреді; зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін көрсетеді.
- салауатты өмір салты технологиясын қолданады, білім алушыларды психологиялық қолдауға үйретудің негіздерін біледі, мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін орындаушылық, вокалды-хор, көркем әрекет, эстетикалық, рухани сапалар негіздерін игереді; академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаларын түсіне отырып сақтайды;
- Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану бойынша білімдерін пайдаланады, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың біртұтастығын көрсетеді; әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді;
- теориялық білімді практикада қолданады, практикалық қызмет саласында педагогикалық шеберлік пен зерттеу дағдыларын дамытады; көшбасшылық және әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын пайдаланады;
- оқитын саласындағы озық білімге негізделген білімі мен түсінігін көрсетеді; бастауыш мектеп пәндерінің мәнін, олардың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін бағалайды; білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды қолданады; оқитын саласындағы туындаған мәселелерді шешеді және аргументтерді тұжырымдайды;
- инклюзивті білім беру құндылығы мен білім алушылар дамуының жеке-психологиялық және әлеуметтік-эмоционалды зияткерліктің ерекшеліктерін есепке алып қолданады;
- кәсіпкерлік идеяны іске асыру формаларын қолданады: бизнес-жоспар және техникалық-экономикалық негіздеме; іскерлік шешімдер қабылдау үшін қажетті тез өзгеретін экономикалық ақпараттың рөлін түсінеді; бастауыш білім беруді дамытудың басымдықтары негізінде инновациялық бизнес-идеяларды қалыптастырады; құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және персоналды басқару тетіктері саласында білімді пайдаланады;
- оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын қолданады, білім алушылардың субъективтілігін, коммуникативтілігін, адамгершілік пен толеранттылықты, ынтымақтастық және сыни ойлау қабілетін дамыту үшін оқыту мен тәрбиелеуде әдіснамалық тәсілдемелерді қолданады;
- білім беру үдерісінде жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі іс-әрекеттерді, робототехниканы, заманауи цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ұйымдастыру амалдарын қолданады;;