Синтаксистегі сыйыстыру

  • Синтаксистік құрылыстағы үнемдеу – танымдық, психологиялық талғамның жемісі. Мәселе құрылымның күрделілігінде емес, мазмұнның ауқымдылығында. Сөйлем құрылысының ұзақтығымен емес, ондағы ақпараттың кеңдігімен бағалы, құнды. Осы ретте үнемдеудің жоспарлы түрде және кенеттен пайда болатын құбылыс екендігі анықталады. Тіл білімінің функционалдық бағыттағы прагмалингвистика, паралингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, әлеуметтік лингвистика сынды салаларымен де біте қайнасып жатады. Үнемдеу құбылысына түскен сөйлемдердің құрылымын ескере отырып, оның психолингвисткалық мән-жайларын түсіндіру ұсынылып отырған зерттеудің мақсаты болып табылады. Осыларға байланысты мынадай нақты міндеттер қойылады: – синтаксистегі үнемдеу құбылыстары туралы еңбектердегі пікір-тұжырымдарды саралау арқылы өзіндік зерттеу жолымызды айқындау; – үнемдеу құбылысына түсетін сөйлемдер құрылымының ерекшеліктерін белгілеу; – сөйлемнің айтылыстан бұрын алдын ала іштей жоспарланатындығын көрсету; – үнемдеу құбылысы қатарына жататын конструкциялардағы құрылымдық синтагмалардың пайда болу, жасалу және хабардың өту кезеңдерін айқындау; – толымсыз сөйлемдер құрамындағы үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық себептерін ашу.
  • Образовательная программа 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 3
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top