Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынасты анықтайды. Педагогикалық тұрғыдан кәсіби шеберліктерін арттыруға дағдылайды. Тұжырымдау, салыстыру, талдау, мәселелерін нақтылап, шешу жолдарын меңгертеді. Жаңа технологияларды кәсіби қызметінде шығармашылықпен пайдалануға машықтандырады. Біліктілігі мен іскерлігін жоғарғы деңгейге көтеруге бағыттайды. Ғылыми кәсіптік – педагогикалық дайындыққа жету мақсатына бағыттайды, қызметтің барлық түрін кәсіби тұрғыда шыңдауға дағдылайды
Селективті тәртіпҰлы ойшылдармен көрнекті ағартушылардың тәрбиелік идеяларын меңгерту барысында тәрбие ұғымына түсінік береді. Педагогикалық ойлардың дамуы мен негізгі бағыттарын меңгертеді. Жетекші педагогикалық мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарастырады. Кәсіби педагогикалық білімді ғылыми негізде талдайды. Қазіргі жағдайда үздіксіз білім берудің тенденцияларын қарастырады.
Селективті тәртіпОқытылатын шет тілінің өлшемдеріне сәйкес өз ойларын ғылыми түрде бағыттайды. Шеберлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Шетел тілінде кез-келген тақырыпта диалог, монолог түрлерінде қарым-қатынас жасауда, өз ойын дәлелдеуге, нақты жеткізуге бейімдейді. Тілдесудің психологиялық негіздері мен кәсіби білімін айқындайды. Білім беруде көптілділік тәсілдемесін орындауға машықтандырады.
Тірі және өлі табиғаттың құбылыстарының бір-бірімен байланысын, табиғат заңдылыктарын түсіндіреді. Диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады. Жаратылыстану ғылымының даму барысында дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырып адам мен табиғат арасындағы байланысты меңгертеді. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен экологиялык тәрбие, табиғатты аялау, үнемдеу маңыздылығын айқындайды.
Селективті тәртіпТірі және өлі табиғаттың құбылыстарының бір-бірімен байланысын, табиғат заңдылыктарын түсіндіреді. Диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады. Жаратылыстану ғылымының даму барысында дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырып адам мен табиғат арасындағы байланысты меңгертеді. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен экологиялык тәрбие, табиғатты аялау, үнемдеу маңыздылығын айқындайды.
Селективті тәртіпҚазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуын, зерттелуін, мақсат-міндеттерін, қазақ тілін оқытуға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптарды анықтайды. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері сараланады. Кәсіби қызметте оқытудың зерттеу нәтижелерін, тілдерді оқыту парадигмасын жіктейді. Бастауышта оқытуда тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма үлгілері көрсетіледі. Жаңартылған білім берудегі интербелсенді әдістерді ұсынады.
Селективті тәртіпБастауыш мектепте «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту жүйесі, білім беру жүйесіндегі маңызын, оқытылу ерекшеліктерін, мәтіндермен жұмыс жасаудың әдістемесін анықтайды. Бастауышта әдебиет теориясынан берілетін бастапқы түсініктерді есте сақтауға машықтандырады. Әдеби шығармалармен жұмыс үдерісін /ертегілер, мысалдар, өлеңдерді оқыту ерекшеліктері, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді, ғылыми мақалалар мен әңгімелерді оқыту, мазмұндама және шығарма жұмыстары/ жүргізуге бағыттайды.
Селективті тәртіпҚазіргі кезеңдегі балалар әдебиетінің даму бағыт-арналары, методологиялық мәселелері, балалар әдебиетінің зерттелуі сипатталады. Жанрлық ерекшеліктері ажыратылады. Халық ауыз әдебиеті түрлері, отандық, шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілері сараланады. Балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын оқыту көзделеді. Әдебиеттану терминдерінің көркем шығарманы талдауда қолдану жолдары, мәнерлеп оқуға үйретудің әдіс-тәсілдері тұжырымдалады.
Селективті тәртіпДүниетануды оқыту әдістемесі ғылымының даму кезеңдері, табиғатты танып–білу әдістемесін дамытуға үлес қосқан ғалым–методистердің еңбектері, пәннің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі сипатталады. Сабақ түрлері, сабақ құрылымы, сабақ мақсаттарын талдау, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жолдары, сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері, олардың нәтижесі айқындалады. Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер дәйектеледі.
Селективті тәртіпҚазақ халқының этностық ұғымдары мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін қалыптастырады. Халықтық тәрбиенің шығу тарихы мен ғылыми теориясын меңгертеді. Жалпыадамзаттық идеалдар негізінде жас ұрпақты тәрбиелейді. Ұлтаралық қарым-қатынаста толеранттылық танытуға баулиды. Жалпы және кәсіби мәдениеттің қалыптасуына бағыт-бағдар береді. Тарихи-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын қалыптастырады.
Селективті тәртіпБасқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын, принциптерін, концепцияларын түсіндіреді. Дұрыс шешім қабылдау кезінде немесе дұрыс жүріс-тұрысты анықтауда рационалды шешім қабылдауға баулиды. Адамдармен тығыз контактіде нақты жағдайларды есепке алып міндетті түрде шешім қабылдар алдында, өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйене жұмыс жасауды үйретеді. Басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.
Селективті тәртіпСауат ашу әдістемесінің психологиялық және лингвистикалық негіздерін, оқу және жазу үдерістерінің психофизиологиялық сипаттамасын анықтайды. «Сауат ашу» оқулығының маңыздылығын, оқу бағдарламасының мақсатын сипаттайды. Пәнді оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, әдістерді, ақпараттық коммуникативтік, педагогикалық технологияларды айқындайды. Оқытуды ұйымдастырудың құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелерін, оқу мақсаттарының жүйесін тұжырымдайды.
Селективті тәртіпБалалар организмінің функцияларының жасқа байланысты қалыптасуы мен даму заңдылықтарын қарастырады. Болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомия-физиологиялық ерекшеліктерді оқытады. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін кәсіби шешуге дағдыландырады. Жеке тұлғалардың психологиялық, физиологиялық даму заңдылықтарына, зиянды әсер ететін факторларды жою, еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөніндегі ұсыныстарды қарастырады.
Білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің мақсат, міндеттерін сипаттайды. Мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтайды. Жеке тұлғаның қалыптасуы, тәрбиесі, дамуы, қазіргі кездегі тәрбие беру түрлері сараланады. Болашақ мамандарды даярлауға шығармашылық тұрғыдан қарап, ізденісті күшейту мен білім берудің жаңа технологияларын қолдануға бағытталады.
Селективті тәртіпӘлемдік және дәстүрлі діндердің құрылымын, тәжірибесі мен ерекшеліктерін анықтайды; Экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын жіктейді. Дін философиясы мен теологиясының басты бағыттарын сипаттайды. Әлемдік діндердегі идеялардың мазмұнына, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмыстарына талдау жасайды. Діни толеранттылық қасиеттерін үйретеді.
Бітірушінің тұтас педагогикалық процесті басқару дайындығын қалыптастыруға негізделеді. Оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіруге бағытталады. Өз бетінше ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттарын өткізуге ынталандырады
Өткен дәуір ғұламаларының оқу-ағарту, тәрбие, білім беру саласындағы ой-пікірлері мен еңбектерінің тарихи маңызын түсіндіреді. Тарихи ұлттық сана-сезімді, тарихи мәдени білімді қалыптастырады. Терең, жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландырады. Кәсіби педагогикалық білімдердің ғылыми негіздерін меңгертеді. Тарихи педагогикалық әдебиетпен жұмыс істеуді үйретеді.
Селективті тәртіпМузыканың мәні мен ерекшеліктерін, оның адам өмірінде әлеуметтік рөлін ашып көрсетеді. Олардың бойында музыка өнері туралы білім жүйесін, музыканы дұрыс қабылдау дағдыларын, музыкадағы өмір мазмұнын білу қабілеттерін қалыптастыру жолдарын үйретеді. Сыныптан тыс музыкалық жиындарды өткізуде өз бетінше жұмыс жасауға баулиды. Психологиялық жүйелердің өзара қатынасымен түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіндіреді.
Селективті тәртіпОқу процесінде оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде білімін жетілдіріп, жан-жақты зерделеу қабілетін меңгертеді. Студенттердің өздігінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дайындайды, дипломдық жұмыс жазу қабілетін бағалайды. Нақты зерттеу міндеттері негізінде зерттеудің қажетті әдістерін талдап, заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға машықтандырады
Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөлі көрсетіледі. Оқушыларды зерттеу жұмыстары, оқушылар ұжымын тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ата-аналармен, жеке оқушымен жүргізілетін жұмыс формалары мен әдістері айқындалады. Тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары, сынып жетекшісінің оқушыларды сауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары, жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері сараланады.
Селективті тәртіпБірінші сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастырудың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері анықталады. Оқушыларды жазуға үйретудің әдіс – тәсілдері, графикалық және каллиграфиялық қателер және оларды болдырмау жолдары сипатталады. Көркем жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптарды орындауға, жазуға үйретудің заңдылықтарын теориялық және практикалық жағынан қолдануға машықтандырады.
Селективті тәртіпӨсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын анықтайды. Шығу тегі мен эволюциясын, салала��у заңдылығын систематика, эволюция, филогенез, флористика, таксономиялық категориялар және таксономиялық бірліктері түсініктерін қалыптастырады. Өсімдіктердің экологиялық жүйелердегі орыны және шаруашылықтағы, табиғаттағы маңызын анықтаудағы іскерліктері мен дағдыларын дамытады.
Селективті тәртіпКіші мектеп жастағы оқушылардың психологиялық дамуы, ғылым ретіндегі сипаттамасы, әдістері мен міндеттері, оқушының психологиялық дамуын зерттеу әдістері сипатталады. Бала жасының даму ерекшеліктерін, жеке басының қалыптасу заңдылықтарын анықтайды. Адамның іс-әрекеті мен тұлғалық құрылымы, даму динамикасы көрсетіледі. Психика туралы ұғым және мұғалімнің оны зерттеуінің маңызы, психика туралы әртүрлі теориялар мен көзқарастар сараланады.
Селективті тәртіпИнформатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі, оқыту мақсаттарын баяндайды. Ақпарат және ақпараттық процестерін, ақпаратты ұсыну, компьютер бағыты, формализациялау және модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау, ақпараттық технологиялар мазмұндық сызықтарын оқытудың нақты әдістемелерін толық қарастырып сипаттайды. Ақпараттық технологияларды және халықаралық тәжірибеде пайдаланатын жаһандық трендтерді кәсіби қызметінде пайдалануды үйретеді.
Селективті тәртіпШешендік өнердің тарихы мен оның негізгі мектептерін, тілдік, логикалық, психологиялық-педагогикалық тәсілдерін анықтайды. Шешендік өнерде жетілудің негізгі бағыттарын, педагогтың кәсіби сөйлеу мәнерін ұсынады. Шешендік шеберлік жөніндегі теориялык білім, қарым-қатынас дағдылары талданады. Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері мен түрлері, аудитория алдында бейнелі де көрнекті сөйлеудің түрлі құралдарын пайдалану жолдары тұжырымдалады.
Селективті тәртіпТіл мәдениетінің қазіргі концепциялары, кәсіптік коммуникация психологиясының негіздерін қарастыруға бағытталады. Ұлттық тілдің стилистикалық мүмкіндіктері, әр түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасау түрлері мен әдістері (сыртқы стейкхолдерлер білімі) сипатталады. Сөз стереотиптерінің өзгеру себептері тұжырымдалады.
Селективті тәртіпПән мен тілді кіріктіріп оқытудың негізгі қағидаларын ажыратады. Атап айтсақ мазмұн, коммуникация, мәдениет және таным түрлері. Әр сабақты қағидатына сәйкес жоспарлау қажеттігі дәлелденеді. CLIL әдіснамасы негізінде тілдік, танымдық дағдыларды дамыту жолдары көзделеді. Өткен білімдерді пысықтау әдістері, оқу тәжірибесінде бағалаудың баламалы тәсілдерін, қалыптастырушы бағалауды қолдану жолдарын ұсынады.
Селективті тәртіпҚазіргі менеджменттің мәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін, педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын қарастырады. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологияларды кәсіби тұрғыдан (модерация, жобалау) қолдануды үйретеді. Тұтас педагогикалық процестің диагностикасын әзірлейді. Мектепті басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастырады
Құндылық танымның түрлі ұғымдарын тануға, келісті карым-катынас жасауға үйретеді. Әлеуметтік ортаға қалыптасуға және өмірдегі өзгеріп жаткан жағдайларға бейімдейді. Өмірдің мәні мен мазмұнын анағұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі қоғамда тұлғаның рөлі мен өзін танытуы үшін негізгі қажеттіліктер қалыптасады. Бүгінгі жас ұрпақты өзіне сенімді қабілетті, жігерлі тұлғалардың рухани дүниесін бағалайды.
Селективті тәртіпТабиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Экология бағытында алған білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге, оларды алдын-алу іс-шараларын жасауға дайындайды. Жаңа техника мен технологиялық процесстердің қауіпсіз жағдайларын анықтайды. Табиғи ортаның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға өндірістің техногенді әсерлерін бағалай білуге үйретеді.
Ағылшын тілі пәні бойынша ғылым мен практиканың соңғы жетістіктерінің негізінде кәсіби-әдістемелік түсінік қалыптастырады. Әлеуметтік-педагогикалық талапқа сәйкес кәсіптік-пәндік дайындығын қамтамасыз етеді. Әдістемелік жүйенің негізгі категорияларын (мақсатын, мазмұнын, ұстанымдарын, әдістерін т.б.) олардың жаңа ұғымдық мәнін түсіндіре отырып меңгертеді. Ағылшын тілін оқыту барысында инновациялық педагогикалық және коммуникативтік-ақпараттық технологияларды қолдануға машықтандырады.
Селективті тәртіпТілдің қоғамдық мәні, құрылымдық ерекшеліктері, тіл көркемдігі, тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын қарастырады. Қазіргі қазақ тілі салаларының коммуникативті, когнитивті, лингвомәденитанымдық ерекшеліктері жағынан дамуын, тілдің өзге ғылым салалары арасындағы орнын саралайды. Оқытудың инновациялық технологиялары, оқытудың теориясы мен практикасының қазіргі жайын, даму тенденциясын талдайды. Тіл мәдениетін игеруге, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған.
Білім беру мекемесінің құрамы, құрылымы, құжаттарымен танысады. Мекеменің жұмысын зерттеу негізінде оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық құндылықтар жүзеге асырылады, алған теориялық білімдерін практикада ұштастырады. Білім беру әдістерін, ерекшеліктерін біледі, педагогикалық процестерді ұйымдастыруды үйретеді.
Психикалық дамуды зерттеудің әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Жеке психикалық құбылыстарды тұтастай психикалық ұйым элементтері ретінде қарастырады. Психологиядағы теория мен практиканың өнімді байланысын меңгертеді. Даму психологиясындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді қолданады. Білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын зерттейді
Селективті тәртіпИнклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі заманауи модельдер жөніндегі ұғымдар қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-психологиялық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білім негіздерін практикада қолданады. Білім беру ұйымдарындарының қызметкерлері мен балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастырады.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық мәселелері, дүниетаным және оның мәні мен мазмұны баяндалады. Ұлттық дүниетаным және оның ерекшеліктері, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары сараланады. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орнын айқындайды. Қазақ ағартушы ғалымдарының бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға байланысты көзқарастарын талдайды
Селективті тәртіпБірінші сынып окушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық– педагогикалық негізі, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мақсат-міндеттері, білім берудің мазмұны айқындалады. Бірінші сынып окушыларын мектепте жүйелі оқытуға дайындау жолдары көзделеді. Жаңартылған білім беруде бірінші сынып оқушыларын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері ұсынылады.
Селективті тәртіпГуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника компоненттерімен таныстырады. Әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, қатынастары мен іс-әрекетіндегі көріністердің заңдылықтарын ұғындырады. Дүниетанымын, қабілетін дамытып әлеуметтік мәні бар қажетті жұмыстарға бейімдейді. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын меңгертеді. Жәйлі психологиялық климат құруда кәсіптік қарым-қатынас құрады
Селективті тәртіпСөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгертеді. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу процесінде оптимистік көзқарас қалыптастырады. Дидактикалық тәрбиелік міндеттерді шешу үшін жүйелі ойлау және өзіндік дамудағы қажеттілігін, дербес зерттеушілік белсенділігін дамытады.
Селективті тәртіпБағалау жəне олардың түрлері, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін айқындайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын қарастырады. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдарын сипаттайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау) ажыратуды түсіндіреді.
Хор және ән айту, вокалды-хор дағдыларын дамытады. Үлкен аралас хор ұжымының қатарына кіретін қатысушы ретінде практикалық жұмысқа үйретеді. Ән салу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ хормен жұмыс әдістерін игертеді, дидактикалық принциптер мен ән кезінде адам организімінде жүретін психофизикалық процесті меңгертеді.
Селективті тәртіпҰлттық әліпби жобасын жасау критерийлері мен принциптерін, әліпби ауыстыру тұжырымдамасының жобасын ұсынады. Әлипбиге ауыстырудың отандық тарихи мен шетелдік тәжірибесі сараланады. Жаңа әліпбидің ғылыми-теориялық негіздері, латын графикасы ретіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру арқылы қазақ жазуын реформалаудың кешенді ғылыми-теориялық, практикалық мәселелері талданады. Жаңа әліпбидің ғылыми-практикалық мәселелерін ұсынады.
Селективті тәртіпДидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негіздері анықталады. Дидактикалық оқыту құралдарының танымдық және әдістемелік маңызы жайлы пікірлер сараланады. Көрнекі оқу құралдарының классификациясы және олардың жалпы сипаттамалары талданады. Дидактикалық материалдардың оқу процесіндегі орны және ерекшелігі, педагогтың заманауи оқыту құрылғыларымен жұмыс жасау әлеуеті тұжырымдалады.
Селективті тәртіпТәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидаларын қарастырады. Тәрбиелік жүйенің оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік бағыттарын меңгертеді. Педагогикалық қолдау тактикасын кәсіби қызметінде пайдалануға машықтандырады. Қазіргі заман жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтарын анықтайды. Мектеп пен сыныптың, оқушы мен отбасының өзара әркеттестігін ұйымдастыруда түрлі формаларды жоспарлауды үйретеді. Балалар ұжымын дамытуда тәрбие жұмыстарының стратегиясын талдайды.
Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесіне түсінік береді. Халықтық педагогикалық дәстүрлерді сақтау, қайта жаңғырту, нығайту жұмысына теориялық тұрғыдан мәнін түсіндіреді. Жас буынның дамуын ынталандырады. Жалпы мәдени құндылықтарды меңгертеді. Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларын үйретеді.. Жаңа қоғамның жас отбасыларын құруда қазақ халқының тәлім-тәрбиесінің жолдарын талдайды.
Селективті тәртіпКәсіби маманды қалыптастыру ретінде өз мамандығының деректерін мемлекеттік тілде студентке меңгертеді, кәсіби қазақ тілін оқытудың нақты бағыт-бағдарын айқындайды. Заманауи бағытындағы кәсіби қазақ тілі туралы мағлұматтарын, айырмашылықтарын, оқытудың талаптарын мен міндеттерін, тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Коммуникативтік жағдаяттар, компоненттері, контекспен байланыстылығы, тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметін қалыптастырады.
Қоршаған əлемнің бір – бірімен өзара байланысын, табиғатта болып жатқан құбылыстардың себептерін айқындайды. Жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысының әлеуметтік ролін талдайды. Жаратылыстану бағытындағы білімнің адам үшін маңыздылығын көрсетеді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасты қалыптастырады. Бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған орта туралы қалыптасқан ғылыми түсініктерді рациональды ойлау қабілетін қалыптастырады.
Селективті тәртіпЛогикалық есептердің көмегімен бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру жолдары қарастырылады. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қойылатын өлшемдерді топтастырады: мазмұнды есептерді талдап шығару, сиқырлы фигуралар, тірек сызба, нұсқалар арқылы есеп өрнектер құрастыру, логикалық есептер шығару, оқушы шығармашылығы. Логикалық операцияларды және оларға қолданылатын амалдарды, амалдардың қасиеттері мен заңдарын тұжырымдайды.
Селективті тәртіпМатематикадан есеп шығару практикумы мазмұнының, әдістерінің, ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерінің жалпы сипаттамасы анықталады. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеуге үйрету, шығармашылық және қызықты есептерді оқыту әдістері сипатталады. Алған теориялық білімін есеп шығаруда тиімді қолдана білуге бағыттайды
Селективті тәртіпМемлекеттiк жастар саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаларын пайдалануды үйретеді. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдатады. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуды машықтандырады. Жастар саясатында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қалыптастырады.
Бастауышта математика пәнін оқытудың мақсат, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін, формаларын, көрнекілік түрлері мен сабақ өткізу формаларын анықтайды. Бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламаларының мазмұнын қарастырады. Математикалық дамуды, оқытудың білімділік, құзыреттілік нәтижелерін бағалауды, оқытудың инновациялық технологияларын қолдануды қарастырады. Құзырлылық, функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын ұсынады, өзіндік шешімдерді тұжырымдауға итермелейді
Қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс-жүзінде асыру мәселелерін қарастырады. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдіс, тәсілдер мен технологиялармен қаруландырады. Тәрбие, оқыту және дамыту арасындағы өзара байланысты зерттейді. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің проблемаларын қарастырады.
Селективті тәртіпБалалардың, жеткіншектер мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі мәселелері айқындалады. Олардың тұлғалық дамуына бағытталған әр түрлі типтегі білім беру - тәрбиелеу мекемелеріндегі (жалпы білім беретін, арнайы білім ұйымдарында) әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлері сипатталады. Оқушыларға әлеуметтік көмек берудегі педагогтың басты міндеттері тұжырымдалады.
Селективті тәртіпКәсіпкерлік және құқықтық заңдарды, категорияларды және оның қызметтерін түсіндіреді. Құқықтың, кәсіпкерліктің негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды. Экономикалық-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Қоғамдағы орын алатын қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу сипатталады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және кәсіпкерлік тұжырымдамаларын жобалауды қарастырады.
Педагог ғалымдардың ой-пікірлері мен ғылыми теориялық негіздерін тұжырымдайды. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Оқыту мен тәрбиенің қазіргі педагогикалық технологияларын кәсіби әрекетінде қолдануға қабілеттендіреді. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет түрлерін талдайды. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды әзірлейді.
Қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білімді қалыптастырады. Адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады. Дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытады. Әртүрлі жастағы адамдардың дене мәдениетінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды.
Селективті тәртіпОқыту процесінің іргелі идеялары мен тұжырымдамаларын, негізгі категорияларын, жетекші педагогикалық теорияларды, заңдылықтарды сипаттайды. Бастауышта жаңартылған білім берудің мазмұны ерекшеліктері, әдіснамалық негіздері, формасы, оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттары анықталады. Педагогикалық теория мен мектеп практикасының өзара диалектикалық байланысын, оқытудың жаңа технологияларын саралайды. Оқытудың жаңа модельдері, қысқа мерзімді жоспар жасау жолдары қарастырылады
Селективті тәртіпЖеке тұлғалық қасиеттердің қалыптастыруын анықтайды. Өзін-өзі басқару дағдыларды қалыптастыруға бағыттайды. Арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы арқылы психологиялық көмек және қолдау көрсетуді меңгертеді. Жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтерді кәсіби тәжірибеде пайдалануға машықтандырады. Түрлі мәселелерді шешуде нақты жағдаятты саралауды үйретеді. Байланысқа түскен қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалайды.
Селективті тәртіпКіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту теориясы мен бағыттары жаңартылған білім беру мазмұнына сай қарастырылады. Математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын белгілейді. Математикалық жаттығулар ұғымдары және олардыңбастауыш математикалық білімге кәсіби бағыттылығының сипаттамасы көрсетіледі. Әртүрлі әдістер бойынша тапқан шешімдерді салыстырып, оларды бағалап тиімді шешімді табуға бағыттайды.
Селективті тәртіпБілім алушыларға жалпы педагогиканың әдіснамалық негіздері, оның ішінде бейнелеу өнерін оқытудың әдіснамалық, ғылыми практикалық негіздерін меңгеруді және талдауды үйретеді. Қазіргі орта білім берудің мазмұны, оқытудың қазіргі әдістері мен құралдары, оқытудың қазіргі ұйымдастыру формаларын игеріп басшылыққа алуға дағдыландырады. Оқытудың қазіргі жаңартылған педагогикалық технологияларын сыни бағалап, қажетті тұжырымдар жасауға машықтандырады
Селективті тәртіпБастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық негіздері баяндалады. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі, дидактикалық шарттары айқындалады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану жолдары ұсынылады.
Селективті тәртіпҚазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарындағы жаңа гуманитарлық білімнің даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананың 5 ТЖҚ1, ТЖҚ 2, ТЖҚ3, ТКҚ 12 жаңғыруы мен заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге бағыт-бағдар береді.
Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді; салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыруда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда азаматтық ұстанымын көрсете алады.
Экономика және құқық, экология, нақты ғылым салаларындағы кәсіби дағдыларды, кәсіпкерлік пен көшбасшылық қабілеттерін игереді, сонымен қатар жаңа әлеуметтік-саяси жағдайларға, өзгерістерге бағдарлануға, дін және философиялық таным негіздерін білу арқылы қоршаған шындыққа баға беруге қабілетті
Қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптары бойынша оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана алады
Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынастық мәселелерді шешуде тілдің лингвистикалық ресурстарын ауызша және жазбаша түрде интерпретациялайды; оқыту мен тәрбиелеуде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасының ерекшеліктерін, гуманистік педагогиканың заманауи тұжырымдамаларын, білім саласындағы ұлттық заңнамаларды, балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін, жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесін анықтайды; ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға педагогикалық қолдау көрсетеді; қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың ушыққан және күрделі мәселелерін талқылауда обьективті шешім таба алады
Білім берудегі инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес қолданады; білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеуде креативтілік танытады; құндылықтар жүйесіне негізделіп өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады
Психологиялық-физиологиялық білім негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алады; таңдалған оқу мақсаттарына сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды меңгереді; тәлімгердің жетекшілігімен педагогикалық міндеттерді шешу барысында мониторинг зерттеулердің нәтижелерін қолданады
Оқу-тәрбие жұмысын педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдеріне, заңдылықтарына және негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырады; пәнаралық байланыс пен оқытудың инновациялық технологияларын қолданып оқу үдерісін құрастырады; білім саласына қатысты нормативті құқықтық құжаттарды пайдалана алады.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай білім алушы кәсіби қызметінде өз бетімен педагогикалық міндеттерді құрастырады; сабақтарға негізгі және қосымша оқу-әдістемелік материалдарды, өзіндік сандық білім ресурстарын әзірлейді; пән мен тілді кіріктіріп оқытуға арналған қажетті материалдарды, жинақтайды және дайындайды
Бастауышта білім алушылардың тілдік, логикалық, танымдық, шығармашылық, іскерлік, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алады
Педагогикалық шеберлікті, авторлық жаңашылдық идеяларды іске асырады; іскерлік этика нормасын сақтауға қабілетті.
Педагогикалық, ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралай алады; білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді; практикада теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін ұтымды, орынды қолдана алады
«Bolashaq» академиясы
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаҚазақстан-Американдық еркін университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаЕ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаМахамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаШымкент университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаОңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша"Сырдария" университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: ҚазақшаСемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БББТ: B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша