6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалімін даярлау, жаңартылған білім мазмұнына сай білім беру, қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын жаңашыл технологияларды үйрету.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және морфонологиясы
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Латыннегізді қазақ жазуы
Орфография мен пунктуацияның қиын мәселелері
Қазақ тілінің дыбыстар жүйес
Тарихи жырлар поэтикасы
Тіл біліміне кіріспе
Қазақ диалектологиясы
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Әдебиеттануға кіріспе
Тіл ілімдерінің негіздері
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен этнолингвистикасы
Семасиология және этимология
Туынды сөздер
-
2 Оқу жылы
Әдебиеттегі рухани жаңғыру үдерісі
Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Орта ғасырдағы қазақ әдебиеті
Педагогика
Ғылыми зерттеу негіздері
Тәрбие жұмысының әдістемесі
Қолданбалы бизнес
Көркем мәтінді тілдік талдау және тіл мәдениеті
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Алаш арыстарының тілдік мұрасы
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
-
3 Оқу жылы
Әдеби аударма негіздері
Абайтану
Шетел әдебиетінің тарихы
Инклюзивті білім беру
Қазақ әдебиетін оқытудың интерактивті әдістемесі
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
Қазіргі компаративистика
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Абай және қазақ әдеби тілі
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Жалпы тіл білімі
Жанр және көркемдік әдіс
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетіндегі модернистік ағымдар
Білім берудегі менеджмент
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тіл біліміне қатысты алғашқы тілдік түсініктерді, тілдің пайда болуы, қалыптасуы, даму заңдылықтары, тіл білімінің салалары, тілдердің жіктелуі, тілдің қызметі сияқты мәселелерді игереді, тіл мен қоғам арақатынасын, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеуді байланыстыруды үйренеді. Жалпы тіл білімінің тарихын, тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерді, тіл білімінің теориялық мәселелерін біледі.
- Әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелерін меңгереді. Компаративистиканың негізгі бағыттарын зерттейді. Қазақ әдебиетіндегі модернистік әдеби ағымдардың негізгі идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін талдайды. Қазақ әдеби сын тарихының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралайды.
- Алған білімдерін кәсіби деңгейде оқыту процесінде қолдана алады. Қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясының негізгі ережелерін, транскрипциясын зерттейді, сөйлемдерді дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйренеді, ойды нақты және дәл жеткізе алады.
- Қазақ әдебиеті тарихының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдайды. Ежелгі кезеңнің әдеби мұрасын, негізгі тақырыптарын, идеялық бағытын, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі әдеби шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін зерттейді. Абайтанудың жетістіктері мен жаңалығы туралы білімін қалыптастырады.
- Латын әліпбиіне қатысты ережелерді, қағидаларды қалыптастырады, орфография мен пунктуацияға байланысты өз ойын айтып, пікірін ұсына алады. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін игереді, жазудың түрлеріне, қазақ жазуының қалыптасуына байланысты негізгі ұғымдарды игереді.
- Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді қалыптастырады, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін таңдайды, алған білімдері негізінде білім беру үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарын, принциптері мен заңдылықтары қолданады. Тәрбие жүйелерін құра білудің әдістемесін, сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекет бағыттары мен қызметтерін игереді. Білім алушылардың отбасымен қарым-қатынас жасаудың заманауи формалары мен әдістерін қолданады.
- Сөздің лексикалық жүйедегі орнын, лексикалық мағынасын, сөздің кеңеюі мен тарылуын анықтайды. Сөздің пайда болу заңдылықтары мен этимологиясын, эмоционалды-стилистикалық сипатын түсінеді. Фразеологизмдер мен олардың түрлерін ажыратады, оларды тыңдалымда, айтылымда, оқылымда және жазылымда қолданады. Мәтінді синтаксистік талдау дағдыларын меңгереді.
- Қазақ халық ауыз әдебиетінің пайда болуы мен дамуын, басқа ғылымдардың дамуына әсерін талдайды. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негіздерін нақтылауға үйренеді. Рухани мұраны белсенді насихаттау арқылы қазіргі қоғамдық сананы жандандыру жөніндегі жұмысты белсенді іске асыруға ықпал етеді. Қазақ халқының рухани құндылықтарын зерттейді.
- Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, латын графикасының негізгі ұғымдары туралы білімдерді қолданады.
- Қазақ әдебиетін оқытуда әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындайды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен алған білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра алады. Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесінің негізгі даму кезеңдері мен қалыптасу ерекшеліктерін, негізгі интерактивті әдіс-тәсілдер ерекшеліктерін игереді. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнымен байланыстырудың маңызын меңгереді.
- Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму жолдарынын, әдебиетке қатысты терминологияны жан-жақты меңгереді. Әдебиеттану ғылымы өзекті арналарымен, яғни әдебиет теориясы оның поэтикасынан алған білімімен көркем шығарманы талдайды. Ұлттық әдебиеттану ғылымының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда сарапқа салады. Шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығы мен өмірбаяндарын, олардың әлем әдебиетіндегі ерекшеліктерін меңгереді.
- Инклюзивті, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптары мен үйден оқыту жағдайында оқушыларды инклюзивті оқыту үлгісін қолдану жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарлайды және шешім қабылдайды. Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жоспарлайды. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың жеке жетістіктерін бақылап, талдап, қадағалайды.
- Абай шығармалары тілі мәселелеріне қатысты теориялық білім алады. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, алғашқы арналары мен тарихи негіздерін біледі, қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларын қолданады. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының қазақ әдеби тіліне қосқан үлесімен танысады. Көркем мәтіндегі ақпарат түрлерін, күнделікті сөйлеудегі мәтінаралық байланыстардың әлеуетін пайдаланады.
- Қазіргі қазақ тілінде сөзжасамдық және морфологиялық талдауды меңгереді. Сөзжасам жүйесі мен тілдің морфемалық құрамы, сөз топтарының лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері туралы пікір білдіру дағдысын қалыптастырады. Белгілі бір салада, жанрда қолданылатын тілдік бірліктердің жиынтығын ажыратады және сипаттайды, әдеби тілдің нормаларын біледі.
- Аударматану тарихы, теориясы, практикасы, аударма заңдылықтары, сөздіктердің сипаты, түрлері, құрастырылуы, қазақ лексикографиясы мен терминографиясы мәселелері туралы білім алады. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасайды. Аударылатын тілдік жүйелердің барлық деңгейінде кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып, олардың аударылу тәсілдерін меңгереді. Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы, ғылыми-практикалық мәселелерін жан-жақты жүйелі игереді.
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты