Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, латын графикасының негізгі ұғымдары туралы білімдерді қолданады.
  • Латын әліпбиіне қатысты ережелерді, қағидаларды қалыптастырады, орфография мен пунктуацияға байланысты өз ойын айтып, пікірін ұсына алады. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін игереді, жазудың түрлеріне, қазақ жазуының қалыптасуына байланысты негізгі ұғымдарды игереді.
  • Қазақ әдебиеті тарихының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдайды. Ежелгі кезеңнің әдеби мұрасын, негізгі тақырыптарын, идеялық бағытын, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі әдеби шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін зерттейді. Абайтанудың жетістіктері мен жаңалығы туралы білімін қалыптастырады.
  • Әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелерін меңгереді. Компаративистиканың негізгі бағыттарын зерттейді. Қазақ әдебиетіндегі модернистік әдеби ағымдардың негізгі идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін талдайды. Қазақ әдеби сын тарихының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралайды.
  • Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді қалыптастырады, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін таңдайды, алған білімдері негізінде білім беру үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарын, принциптері мен заңдылықтары қолданады. Тәрбие жүйелерін құра білудің әдістемесін, сынып жетекшісінің тәрбиелік іс- әрекет бағыттары мен қызметтерін игереді. Білім алушылардың отбасымен қарым-қатынас жасаудың заманауи формалары мен әдістерін қолданады.
  • Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму жолдарынын, әдебиетке қатысты терминологияны жан-жақты меңгереді. Әдебиеттану ғылымы өзекті арналарымен, яғни әдебиет теориясы оның поэтикасынан алған білімімен көркем шығарманы талдайды. Ұлттық әдебиеттану ғылымының әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда сарапқа салады. Шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығы мен өмірбаяндарын, олардың әлем әдебиетіндегі ерекшеліктерін меңгереді.
  • Алған білімдерін кәсіби деңгейде оқыту процесінде қолдана алады. Қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясының негізгі ережелерін, транскрипциясын зерттейді,сөйлемдерді дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйренеді, ойды нақты және дәл жеткізе алады.
  • Қазіргі қазақ тілінде сөзжасамдық және морфологиялық талдауды меңгереді. Сөзжасам жүйесі мен тілдің морфемалық құрамы, сөз топтарының лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері туралы пікір білдіру дағдысын қалыптастырады. Белгілі бір салада, жанрда қолданылатын тілдік бірліктердің жиынтығын ажыратады және сипаттайды, әдеби тілдің нормаларын біледі.
  • Инклюзивті, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптары мен үйден оқыту жағдайында оқушыларды инклюзивті оқыту үлгісін қолдану жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарлайды және шешім қабылдайды. Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жоспарлайды. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың жеке жетістіктерін бақылап, талдап, қадағалайды.
  • Қазақ әдебиетін оқытуда әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындайды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен алған білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра алады. Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесінің негізгі даму кезеңдері мен қалыптасу ерекшеліктерін, негізгі интерактивті әдіс-тәсілдер ерекшеліктерін игереді. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнымен байланыстырудың маңызын меңгереді.
  • Қазақ халық ауыз әдебиетінің шығу тегі мен дамуын оның басқа да ғылымдарды дамытуға жасаған әсер, ықпалын бағамдайды. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негіздерін нақтылай алуға дағдыланады. Қазақ тарихи жырларының деректері мен дәйектемелері арқылы ел мен жер тарихына қатысты пікірлер айтып, суырыпсалмалық өнердің тарихқа байланыстылығын дәлелдейді. Рухани мұраларды белсенді насихаттау арқылы қазіргі қоғамдық сананы жаңғырту жұмыстарын белсенді түрде іске асыруға ықпал етеді. Қазақ халқының рухани құндылықтарын игеру арқылы ұлттың тағдыры мен келешегін игереді.
  • Сөздің лексикалық жүйедегі орнын, лексикалық мағынасын, сөздің кеңеюі мен тарылуын анықтайды. Сөздің пайда болу заңдылықтары мен этимологиясын, эмоционалды- стилистикалық сипатын түсінеді. Фразеологизмдер мен олардың түрлерін ажыратады, оларды тыңдалымда, айтылымда, оқылымда және жазылымда қолданады. Мәтінді синтаксистік талдау дағдыларын меңгереді.
  • Тіл біліміне қатысты алғашқы тілдік түсініктерді, тілдің пайда болуы, қалыптасуы, даму заңдылықтары, тіл білімінің салалары, тілдердің жіктелуі, тілдің қызметі сияқты мәселелерді игереді, тіл мен қоғам арақатынасын, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеуді байланыстыруды үйренеді. Жалпы тіл білімінің тарихын, тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерді, тіл білімінің теориялық мәселелерін біледі.
  • Абай шығармалары тілі мәселелеріне қатысты теориялық білім алады. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, алғашқы арналары мен тарихи негіздерін біледі, қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларын қолданады. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының қазақ әдеби тіліне қосқан үлесімен танысады. Көркем мәтіндегі ақпарат түрлерін, күнделікті сөйлеудегі мәтінаралық байланыстардың әлеуетін пайдаланады.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

Top