Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Аналитикалық және проективті геометрия

    Жазықтықтағы және кеңістіктегі сызықтар мен беттер теориясының негізінде, координаталық жүйе мен векторлық алгебра элементтерін пайдалану арқылы сызықтар мен беттердің теңдеулерін құру және олардың қасиеттерін зерттеу мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, проекциялау элементтері, практикалық қолданулары қарастырылады. Қолданбалы бағыттағы тапсырмаларды құрастыру мәселелерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебра және сандар теориясы

    Классикалық алгебраның матрицалар, анықтауыштар, векторлық алгебра, сызықты теңдеулер жүйесі, сызықты операторлар, көпмүшеліктер теориясы бөлімдері, сандардың бөлінгіштік теориясы, сандық функциялар, салыстырулар мен олардың қасиеттері, индекстер мен алғашқы түбірлер тақырыптарында қамтылған математиканың негізгі ұғымдары, теоремалары, тұжырымдары және дәлелдеулер қарастырылады. Тапсырмаларды құрастыру мәселелерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Элементарлық математика

    Мектеп математикасындағы сандар, өрнектер, фунциялар, теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері, математикалық анализ элементтері бөлімдерінде қамтылған математиканың негізгі ұғымдары жоғары математикалық көзқарас тұрғысынан талданады, есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары, және есеп шығаруды бағалаудың критерилері қарастырылады. Есеп шығару дағдыларын меңгеруде теориялық және практикалық әдебиеттерді талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Геометрия негіздері және дифференциалдық геометрия

    Геометрия негіздері бойынша теоретилық білімді игеру, геометрияның логика-аксиоматикалық құрылымдарды талдау және практикада өлшеу теорииларының негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Евклидттік кеңістіктегі сызықтармен беттерді дифференциалдық геометрия әдістерін қолданып зерттеу. Беттің ішкі геометриясына шолу жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық анализ 1

    Бір айнымалы функциялар, шек, туынды, дифференциал, жоғары ретті туындылар, аудан, көлем есептеудегі анықталмаған және анықталған интегралдар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Шамалар арасындағы тәуелділіктерді сандық қатынастар тұрғысынан зерттеу әдістерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математикалық анализ 2

    Фигуралардың аудандары мен көлемін есептеу кезінде қолданылатын анықталмаған және анықталған интегралдар теориясы, жуықтау және қатарлар теориясының бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Мәселелерді шешу жолдарын талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Еселі интегралдар және өрістер теориясы

    Математиканың классикалық математикалық анализ саласының еселі интегралдар теориясы, қисық сызықты интегралдар, стереометрия, механика, физикадағы беттік интегралдар, өрістер теориясының элементтері бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар және дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары қарастырылады. Пәннің ғылымдағы орны мен рөлі, модельдеуді қолдану негізінде проблемыларды талдау, пәндік білімді интегрлау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Математикалық логика және дискретті математика

    Логикалық алгебра, дискреттік функциялар, графтар, басқару жүйелерін синтездеуге қатысты негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Математикалық тілдің әртүрлі берілуі, теорияның қайшылықсыздығын, тәуелсіздігі мен толықтығын дәлелдеу әдістері, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлі, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Математиканы оқыту әдістемесі

    Математиканы оқыту әдістемесі пәні, математиканы мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, теоремаларды дәлелдеу, есеп шығаруға үйрету, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

    Ықтималдықтар теориясының оқиғалар алгебрасы, кезейсоқ шамалар, үлкен сандар заңдары, болжау түрлерінің заңдылықтары, математикалық статистиканың бастапқы және негізгі теориялары қарастырылады. Есептің шешімдер жиынын табу жолдары мен комбинаторикалық анализ негіздерін практикада қолдану, танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлі, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Қарапайым сызықтық дифференциалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешудегі классикалық есептердің қисынды қойылуы және оларды шешудің белгілі әдістері, практикада қолданулары қарастырылады. Сандық әдістер, оптималды басқару, вариациялық есептеу салаларындағы күрделі мәселелерді шешудегі алатын орны, модельдеуді қолдану негізінде проблемаларды талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудың дербес әдістемесі

    Сандық жүйе, өрнектерді түрлендіру, рационал теңдеулер мен теңсіздіктер, функционалдық тәуелділік, геометриялық фигуралардың белгілері мен қасиеттері, мәтіндік есептер, функцияның шегі, туындысы, интегралы, ықтималдықтар теориясы, комбинаторика, статистика элементтері және есептер шығаруда білімін практикада қолдану тәсілдері әдістемелік тұрғыдан қарастырылады. Есептерді шығаруда бағалау критерийлерін анықтау, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудағы қолданбалы бағдарламалар пакеттері

    Maple, MatLAB, Mathematica, MathCAD сияқты қолданбалы программалар пакеттерінің мүмкіндіктері және оларды пайдаланып есептер шығару мәселелері қарастырылады. Қолданбалы бағдарламаларды математиканы оқытуда пайдаланудың әдіс-тәсілдері, олармен жұмыс жасауда ақпараттық мәдениет көрсету мен пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Мектеп математика курсының қолданбалы бағыты

    Мектептегі математика курсының қолданбалы бағыты оқушылардың математикалық білімінің сапасын арттыру, олардың математикалық білімдерін күнделікті практика есептерін шешуге және одан әрі кәсіби қызметте қолдану мақсатында жүзеге асырылады. Математиканы оқытудың қолданбалы бағыты физика, химия, география, сызу, еңбекке баулу курстарымен пәнаралық байланыстарды, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды және компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз етуді; ойлау мен іс- әрекеттің математикалық стилін қалыптастыруды қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Математикадан мәтіндік есептер және оларды қолдану

    Мәтіндік есептердің оқушылардың логткалық ойлауын дамытудағы рөлін анықтау және түсіну; әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіру; математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану; дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; мәтіндік есептерді шешудің тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, пәнаралық байланыстарды ашу жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Физика

    Пән кинематика, динамика, статика заңдарын, зат құрылысы, жарыққа қатысты негізгі заңдылықтарды, жарықтың сыну, шағылу заңдарын, атомно-экономсының модельдері мен элементар бөлшектер жөніндегі теорияны түсінуге. Физикалық заңдардың негізі, мәселенің шешімін талдау, сандық білім беру ресурстарын кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді сипаттау жолдары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Математикалық есептер шығару практикумы (алгебра)

    Мектеп математикасының оқулығында қарастырылатын ұғымдар мен есептерді шешудің әдіс-тәсілдері, есеп құрастыру жолдары мен бағалау критерийлерін анықтау және оларды практикада дидактикалық материалдар ретінде қолдану мәселелері қарастырылады. Есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептер шығару практикумы (геометрия)

    Жай және құрама есеп түрлерін шығару, сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу, есепті шешуде тірек сұлбаны талдау, есептерді әртүрлі тәсілдермен, арифметикалық, алгебралық әдістермен шығару қарастырылады. Математикалық білімін практикада қолдануға, пәндерді интеграциялауға, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуға, АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға бағдарланған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика тарихы

    Математиканың даму кезеңдері, математикалық символдардың пайда болуы мен жетілдірілуі, математикалық теориялардың қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың өмір тарихы мен қызметтері қарастрылады. Математиканы оқытуда тарихи мәліметтерді практикада қолдану, математиканың ғылымдағы орны мен рөлі және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математиканы оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары

    Математиканы оқытудың жаңартылған бағдарламаға негізделген мазмұны, тәсілдері, әдістері құралдары, оқыту мен бағалаудың инновациялық технологиялары және оларды қолданудың тиімділігін креативті бағалау тәсілдері қарастырылады. Мобильдік қосымшаларды қолдану тиімділігі көрсетіледі. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау, диагоностикалау, ҚМЖ және оқу кейстерін жасау, АКТ арқылы кері байланыс орнату, жоба жұмыстарын орындауда пәндік білімді интеграциялау, коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Функциональдық және комплексті анализ элементтері

    Функциональдық анализдің және комплексті анализдің негізгі элементтеріне қатысты ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар және дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары қарастырылады. Проблеманы талдау, дифференциалдық теңдеулер, сандық әдістер, оптималды басқару саласының қисынды, қисынсыз қойылатын классикалық емес есептерін шешуде функционалдық және комплексті анализдің алатын орны және пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикадан сандық білім ресурстарын әзірлеу

    Пәннің мазмұнында АКТ мен сандық білім ресуртарына қатысты ұғымдардың түсіндірмелері, білім ресурстарының түрлері, математикадан сандық білім ресуртарын қолдану әдістемесі және оларды әзірлеудің әдістемелік және бағдарламалық жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикадан оқушылардың жобалық қызметі

    Жобалар әдісі, математикадан оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері, әдістері, қалыптары және мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыратын жоба жұмыстарының үлгілік тақырыптары мен жоспарларын түзу және оларды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық салулар

    Жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық салу есептерін шығарудың теориялық негізі мен әдістерін меңгеруді қамтамасыз ету. Мектепте конструктивті геометрияны оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері мен әдістемелік ерекшеліктерін ұғынуға жол ашу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикалық модельдеу негіздері

    Кез-келген құбылыстың, процестің немесе обьект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың идеалдық (тілдік), материалдық (математикалық, информациялық, компьютерлік) нұсқасын құру (жасау) жəне талдау жолдарын қарастырады. Танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану, пәннің ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Элективті пәндерді жасақтау әдістемесі

    Элективті пәндерді оқыту мақсаты мен міндеттері, әдістері, қалыптары және мазмұны, элективті пәндердің жоспарын түзу, оқу сабақтарын ұйымдастыру және түрлі дидактикалық мақсаттарды қамтитын оқу үлгілерін құрастыру қарастырылады. Элективті курсты жасақтауда инновациялық технологиялар мен критериалды бағалауды қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикадан олимпиадалық есептерді шығару

    Мектеп математикасы бойынша қиындатылған және стандартты емес есептерді шығарудың теориялық мағлұматтары мен әдіс-тәсілдерін практикада қолдану қарастырылады. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығаршамылық қабілетін дамытуға кәсіби дярлаудың технологиясы және дарынды оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға дағдыландыратын элективті курстарды әзірлеу тәсілдері, командада жұмыс істеуде коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде проблемаларды шешу жолдарын талдайды;
  • математикалық тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, есептер шешуде сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады;
  • оқушының тұлғалық сапасын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәндік және пәнаралық білімді интеграциялайды;
  • технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемалар шешімдерінің креативтілігін бағалайды;
  • критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау технологияларын пайдаланады;
  • оқу үдерісін оқушының жеке мүддесіне сай ұйымдастыруда және математика пәнін оқытуда АКТ-ны пайдаланады;
  • математиканың базалық және бейіндік пәндері бойынша білімі мен түсініктерін көрсетеді;
  • пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектейді;
  • тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениетін көрсетеді;
  • инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;

Ұқсас БББ

6B01501 Математика

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01501 Математика

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01501 Математика

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01501 Математика (IP)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B01501 Математика

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01501 Математика

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01501 Математика

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01501 Математика пәнінің мұғалімі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01501 Математика

Шымкент университеті

6B01501 Математика

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01501 Математика (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01501 Математика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01501 Математика

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

Top