Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01101 Педагогика және психология (Бейінді) в Болашақ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мемлекеттің даму келешегін есепке ала отырып, бәсекеге қабылетті, жоғары білікті, парасатты, ұйымдастырушылық-басқару қабілеті бар, өзідік ойлауға әрі қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге қабылетті мамандарды даярлау. Магистранттарды даярлауды бағалауда объективтілік пен ақпараттандыруды, білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіру, Қазастанның бірыңғай білім беру кеңесітігінің қызметін қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы «Bolashaq» академиясы
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Менеджмент
Бұл курс бөлімшенің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру, ұйымның мотивациялық саясатын әзірлеу білігін қарастырады. Кәсіби қызметте іскерлік және басқарушылық қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу, басқару әдістерінің жүйесін пайдалана отырып, тиімді шешімдер қабылдау, менеджмент ерекшеліктерін ескеру (салалар бойынша).
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Психологиялық-педагогикалық конфликтология
Бұл курс кофликтология және аралас ғылымдар саласында (психология, социология, педагогика): жаңашыл жетістіктерді қарастырады. Ауқымды назарды конфликтологияның өзекті мәселелері- педагогикалық үрдісте конфликтінің туындауы мен дамуының заңдылықтарын, оларды шешу жолдары, әлеуметтік конфликтілер мәселелеріне, конфликтіні реттеу мен профилактика әдістерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогикалық ортадағы дау-дамайдың алдын алу
Бұл курс конфликтінің педагогикалық ортада даму сатыларын, педагогикалық ұжымда шиеліністерді басқару принциптерін, конфликтілік жағдаяттарда әрекет стильдерін зерттеуді қарастырады. Педагогикалық үрдісте конфликтілерді жеңу мен алдын алу жолдары туралы білімдерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тұлғалық дамуды психологиялық сүйемелдеу
Тұлға дамуын психологиялық сүйемелдеу курсы педагог-психологтың жұмысысың тиімді шарттарын зерттеуді қарастырады, білім беру мен тәрбиелеуде жүйесіндегі біріңғай, өзара әрекеттскен кәсіби маңызын дұрыс түсінуді қалыптастырады, оқу-тәрбие мекемелерінің мәселелерін шешеді, ғылымның даму және қалыптасу жолдарын, жалпы теориялық мәселелерді және практикалық міндеттерді қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Психологиялық-педагогикалық бағыттағы кәсіби іс- әрекеттің ғылыми зерттеуі
Бұл курс психологиялық-педагогикалық бағыттағы кәсіби іс- әрекеттің ғылыми зерттеу жұмыстарын меңгеруге бағытталған. Бұл бағыт зерттеу жұмысымен айналысушыларға қазіргі педагог-психологтың әрекеті жайлы жүйе қалыптастырады. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы кәсіби іс- әрекеттің ғылыми зерттеу жұмыстарының мәнін ашуға мүмкіндік береді, сонымен қоса кәсіби бағыттағы зерттеу қажеттілігімен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Магистірлік диссертацияны даярлаудың ерекшеліктері
Бұл курс білім беру үрдісінде педагогикалық зерттеу мәселелерінің барысында психологиялық әдістерді тиімді қолданудың жолдарын қарастырады. Психологиялық әдістердің түрлерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар зерттеу жұмысын жүйелі етуге, психологиялық-педагогикалық әрекетте ғылыми зерттеулердің қажеттілігін көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Практикалық психология
Данный курс направлен на овладение магистрантами методологическими основами и приемами психологического воздействия в рамках оказания психологической помощи участникам образовательного процесса. Курс способствует расширению теоретических представлений о работе психолога-практика. Научить овладению методологическим основам и приемам психологического воздействия в рамках оказания психологической помощи участникам образовательного процесса.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивтық білім берудің пихологиялық-педагогикалық негіздері
Бұл элективті оқу курсы педагогикалық бағыт бойынша оқитын магистранттарға арналған , өйткені Қазақстанның жалпы білім беру мекемелерінде интеграцияланған оқыту технологиясын іске асырудың табыстылығы білім беру интеграциясы субъектілерінің өздері, оның ішінде құрамына ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар енгізілген оқушылардың инклюзивтік топтарында жұмыс істейтін болашақ пән мұғалімдері дайындалғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулердегі психологиялық әдістер
Бұл курс білім беру үрдісінде педагогикалық зерттеу мәселелерінің барысында психологиялық әдістерді тиімді қолданудың жолдарын қарастырады. Психологиялық әдістердің түрлерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар зерттеу жұмысын жүйелі етуге, психологиялық-педагогикалық әрекетте ғылыми зерттеулердің қажеттілігін көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Курс психология заңдылықтары тұрғысынан білім беру саласындағы кәсіби қызметті талдау қабілетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне, кәсіби қызметте психологиялық заңдарды қолдану, тұлғаның ұйымдастырушылық мінез-құлқының технологиясы және тұлғааралық қарым-қатынасты орнату, басқарушылық функциялардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау және олардың кәсіби қызметке әсерін анықтауға арналған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Психологиялық кеңес берудің технологиясы
Бұл курс магистранттарға іс тәжірибе жүзінде еңбек және педагогикалық іс-әрекетті зерттеу үшін қолданылатын барлық әдістер мен әдістемелер жиынтығын меңгеруге мүмкіндік береді. Психологиялық кеңес берудің бағыттарымен, кеңес берудің тиімді жолдарымен танысады. Психологиялық ғылым және практиканың жаңашылдық әдістері мен технологиясының интеграциясын қарастырып отырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық-педагогикалық демеу
Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дағдарыс жағдаяттарын жеңу
Бұл курс магистранттарға дағдарыс жағдайлардың алдын алуға, сол жағдайларда шешім қабылдау, қолға алу дағдыларын меңгереді. Дағдарыстың тұлға дамуына мүмкіндік беретін жолдарын көруге үйренеді. Дағдарысты адам дамуының бір сатысы ретінде қарауға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас негіздері
Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық ахуал құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Магистратурада шет тілін оқыту болашақ магистрдің кәсіби қызметінде тілді белсенді меңгеру дағдылары мен іскерлігін одан әрі дамыту негізінде шет тілді білім берудің халықаралық стандарттары шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдетуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Қарым қатынас психотехнологиясы
«Психотехнология қарым қатынас» курсы болашақ мамандарға оқу –тәрбиелік үрдісте әріптестерімен, студенттермен кәсіби-педагогикалық өзара әсер етуде, магистранттарды білім және тәрбие үрдісінің шеңберінде тәжірибелік кәсіби әрекетке даярлау. Сондай – ақ, қарым – қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бірфакторы екені де белгілі. Ол студенттердің топтық іс – әрекеттінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез – құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады. Сондықтанда жан – жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту – тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін,олардың қарым – қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивтық білім берудің педагогикасы және психологиясы
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық техника
«Педагогикалық техника» курсы оқытушының маңызды құралының бірі, оны игере алу әр түрлі педагогикалық жағдаяттарда студенттермен нәтижелі өзара әрекетке негіз болады. Техниканы меңгере алу педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетін бейнелейтін адамгершілік және эстетикалық позициясын кеңінен ашады. Бұл курсты игеруі болашақ магистрантқа тәжірибесінде әр әдісті тиімді қоладнуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жоспарлау қабілеті; эмпирикалық деректерді өңдеу, сандық және сапалық талдау жүргізу дағдыларын меңгеру. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті.
- Еркін оқуға, алдағы анализімен таңдалған мамандық бойынша тұпнұсқалық әдебиеттерді аударуға, алынған ақпаратқа интерпретация жасайды.
- Кәсіби басқару қызметін талдауды жүзеге асыру, кәсіпқойлықты дамытуға құзыреттілікті қолдану. Басқару қызметінің құрылымы мен әлеуметтік-психологиялық мазмұнын, менеджмент қызметін, басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін білу.
- Психика мен тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылатын әртүрлі психологиялық тәсілдерді қолдана білу; қарым-қатынас және шығармашылық тапсырмаларды ұжымдық орындау. Клиентпен өзара іс-қимылдың қадамдық үлгілерін құру қабілеті; клиенттің әлеуетті ресурстарын анықтау.
- Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін арнайы көрнекі құралдарды дайындау қабілеті; инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналарға (олардың заңды өкілдеріне) жүйелі кеңес беруді жүзеге асыру.
- Педагогикалық, басқарушылық ортада жағымсыз жанжалдардың пайда болуын ескерту, эмоциялық уайымдауды басқару қабілеті. Қақтығыстардың негізгі себептері мен түрлерін, олардың пайда болу, даму және шешу заңдылықтарын шеше білу, типтік қақтығыстардың алдын алу, реттеу және шешу. Жанжалды адамдармен қарым-қатынаста психологиялық қорғау әдістерін меңгеру және жанжалдарды реттеу және шешу кезінде делдалдық технологиясын меңгеру.
- Педагогтер мен білім алушылардың қарым-қатынас деңгейлерін анықтау қабілеті; педагогтердің студенттермен, қызметкерлермен қарым-қатынасындағы манипуляция түрлері мен тәсілдері; адамдардың түсінуіне, олардың жағдайын, көңіл-күйін, мінез-құлқын барабар бағалауға көмектесетін адамның психологиялық ерекшеліктерін білу. Кәсіби қызметте жаңа технологияларды шығармашылықпен қолдану, коммуникативтік әсер ету; кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың әртүрлі технологияларын қолдану, басқару міндеттерін шешу.
Ұқсас БББ
7M01101 Педагогика және психология
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01101 Педагогика және психология
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
7M01101 Педагогика және психология
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01101 Педагогика және психология
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01101 Педагогика және психология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01101 Педагогика және психология
«Тұран-Астана» университеті
7M01101 Педагогика және психология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01101 Педагогика және психология
Торайгыров университеті
7M01101 Педагогика және психология
«Мирас» университеті (Мирас)
7M01101 Педагогика және психология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01101 Педагогика және психология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M01101 Педагогика және психология
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01101 Педагогика және психология
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
7M01101 Педагогика және психология
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
7M01101 Педагогика және психология
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01101 Педагогика және психология
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01101 Педагогика және психология
Инновациялық Еуразия университеті
7M01101 Педагогика және психология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01101 Педагогика және психология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01101 Педагогика және психология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01101 Педагогика және психология
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01101 Педагогика және психология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01101 Педагогика және психология
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
7M01101 Педагогика және психология
Alikhan Bokeikhan University (ABU)