Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01101 Педагогика және психология в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)

    Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Білім берудегі эмоционалдық интеллектінің заманауи мәселелері (ағылшын тілінде)

    Қазіргі уақытта психология ғылымында түрлі психологиялық трендтердің интеграциясы, түрлі психологиялық құбылыстар мәнін зерттеу орын алуда. Бұл пән тұлғадағы эмпатия, мотивация, табандылық, қарым-қатынас дағдылары сияқты жеке қасиеттердің әртүрлі түрін қамтитын эмоционалды және жасанды интеллект түсінігі жайында теориялық түсінік береді. Сонымен қатар білім беру саласында эмоционалды интеллекттің аралас үлгілерін, жасанды интеллектіні пайдаланудың көптеген жағдайлары туралы мәлімет береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы (қазақ тілінде)

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы (орыс тілінде)

    Психологияның пәнаралық қолданбалы саласы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін зерттеу және шешу болып табылады. Пән басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын және осы процесте адамдар арасында пайда болатын қатынастарды зерттейді және реттейді. Басқарушылық қызметтің заңдылықтары, принциптері, әдістері қарастырылады: басқарушылық қызметтің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайлары талданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Медиабілім берудегі оқулық теориясы мен практикасы (қазақ тілінде)

    Бұл пәнде медиабілім мен оқулықтың тарихы, теориясы мен әдістемесінің мәселелерін қарастырады. Ең танымал медиабілім концепциясына сипаттама беріп, магистранттарға арналған медиабілім курстарын жүргізудің практикалық тәжірибесі талданады. Пән медиабілім терминдерінің сөздігін, медиабілім мен оқулықтың базалық модельдерін, мәселелерді шешуді, медиабілім мен оқулықтағы дамудың тарихи кезеңдерін қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік педагогика: мәселелері мен перспективалары (ағылшын тілінде)

    Пән тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогикалық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн, әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру, оны пайдаланудың шарттарын, тәсiлдерiн зерттеу мәселелерін талдайды. Әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң, жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)

    Пәнді оқудың мақсаты – білім алушыны ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастыру негіздерімен таныстыру, ғылыми экспериментті жоспарлау және жүргізу принциптері мен әдістерін үйрету. Пәнді меңгеру нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңашылдығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасы мен орындылығы, ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық, заманауи жобалар мен жұмыстардың нәтижелерін сапалы болжау қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Білім беру психологиясы (ағылшын тілінде)

    Бұл пән білім берудегі көкейтесті психологиялық өзекті мәселелерді шешуге бағытталады. Білім мазмұны магистранттардың жоғары мектеп жағдайындағы танымдық әрекетті ұйымдастырудағы психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды білім беруде негізге алу біліктерін қалыптастыруды көздейді .

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі педагогика және психология ғылымдырының өзекті мәселелері (қазақ тілінде)

    Магистранттарға бүгінгі әлемдік және отандық педагогика және психология ғылымдарының өзекті мәселелері, білім беру жүелерінің даму бағыттары және перспективалары туралы білімдер беру көзделеді. Білім алушылардың ғылыми шығармашылық-зерттеушілік қызметтерін жетілдіріп,педагогикалық және психологиялық мониторинг, диагностика, олардың ғылыми-практикалық маңыздылығыжөніндегі ғылыми білім, біліктермен қаруландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инновациялық білім берудің бағыттары мен перспективасы (қазақ тілінде)

    ЖОО-ғы бүгінгі инновациялық білім берудің бағыттары, перспективасы, жоғары мектептегі білім беру, оқу ұғымдары, оның құрамды компоненттері туралы білім, біліктерді қалыптастырып, үздіксіз халыққа білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерімен таныстырады. Жоғары мектеп дидактикасы дамуындағы өзекті мәселелер, инновациялық білім беру жүйесінің заманауи мәні негізінде мамандарды кәсіби-педагогикалық әрекетке даярлауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Біртұтас педагогикалық процесті басқару және оқытушы шеберлігі (орыс тілінде)

    Пән болашақ маманды ЖОО мен білім беру мекемелерінің барлық типінде біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыра білуге дайындауды көздейді. Педагогикалық процестің «педагог-студент (оқушы)» жүйесіндегі өзгермелілігі, біртұтас педагогикалық процестегі педагогтың білім алушылармен бірлесе отырып танымдық іскерлік қарым-қатынас орнатуы, білім берудің мақсаты мен міндеттерінің мәнді байланысы туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептегі іскерлік қарым-қатынас психологиясы мен мәдениеті (орыс тілінде)

    Іскерлік қарым-қатынас кез келген ұжымның барлық саласын қамтиды. Пән жоғары мектепте академиялық ортадағы болашақ маман үшін іскерлік қарым-қатынас психологиясы мен мәдениетін меңгерту көзделеді. Маманның лидерлік, тәлімгерлік, рефлексиялық сапаларын дамытуға мән беріледі. Іскерлік қарым-қатынас психологиясы мен мәдениетін меңгертуде инттеллектуалды-ақпараттық ортамен араласу біліктілігі жетіліп, кәсіби құзыреттіліктері, лидерлік сапаларын дамыту көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО оқытушысы имиджі және бренді (ағылшын тілінде)

    Пән мазмұны кәсіби құзыретті педагогты дайындау болашақ мұғалімнің педагогикалық әрекетте өзіндік шығармашылық стиліне негізделген имиджін қалыптастыруға бағытталады. ЖОО оқытушысы имиджі тұлғаның дербес ерекшеліктерін өздігінен жүзеге асыруының жоғары деңгейімен, өзіндік стильде іс-әрекет етуге қабілеттілікке байланысты білімдерді меңгеруін көздейді. Бүгінгі педагог мәртебесін көтерудің негізгі шарты ретіндегі – жеке бренд қалыптасуы туралы түсініктер беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагог-психологтың кәсіби этикасы (қазақ тілінде)

    Педагог-психологтың кәсіби этикасы – бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, көмекке мұқтаж адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады. Халыққа білім беру тұжырымдамаларындағы негізгі бағытты жүзеге асыру өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу үрдісін жаңаша іске асыру қажеттілігі, оқу педагогикалық жұмысқа айрықша мән беру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Іскерлік риторика және академиялық жазу (қазақ тілінде)

    Іскерлік қарым-қатынас туралы, түрлері, сөйлеу сапалылығы, қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларымен таныстыру; сөз сөйлеу сәтіндегі кемшіліктерден арыла білуге ұмтылыс дағдысын қалыптастыру; болашақ іскер маманның іс-әрекетіндегі қарым-қатынас тиімді болу үшін өзіндік дауысқа, сөйлеу аппаратына ие болуға үйрету, кәсіби тұрғыда аса мәнді сөз сөйлеу шығармашылығын туындатуға әзірлеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адам капиталын дамытудағы дәстүрлі педагогикалық мәдениет

    Халықтың және халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары мен құнды идеяларын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті зерттеу арқылы ғана танып біледі. Пән тұлға тәрбиесінің күрделі міндеттерін шешудегі педагог-психолог рөлін, этнопедагогикалық мәдениетін көтеруге ықпал ететін қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің құндылықтарын шығармашылықпен тарататын білімді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми мәдениет және академиялық хат (қазақ тілінде)

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау туралы білімдерін кеңейту болып табылады, ғылыми-зерттеу жұмысының және академиялық жазудың деңгейі, негізгі бағыттары, компоненттері туралы түсінік береді. Пәнді игеру нәтижесінде болашақ мұғалімдердің ғылыми мәдениеті, ғылыми ақпаратпен жұмыс істеудегі академиялық қабілеттері, ғылыми жұмыс нәтижелерін ұсыну ерекшеліктері дамып, қалыптасады. Білім алушылар мемлекеттік және шет тілдерінде ғылыми коммуникацияның әдістері мен техникаларын біледі және қолданады; ғылыми жұмыс нәтижелерін мемлекеттік және шет тілдерінде тапсырудың орфографиялық және пунктуациялық ерекшеліктерін сақтайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық қоғам педагогикасы (қазақ тілінде)

    Ақпараттық қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастырылатын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдамалар негізінде білім беру. Ақпарат, ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам жағдайындағы жеке тұлға қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогика заңдылықтарын меңгерту. Әлемдік компьютерлік революция адам тәрбиесінің, білім мазмұнын анықтаудағы жаңа ақпаратты білім технологиялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психология және білім берудегі классикалық және инновациялық тұғырлар (қазақ тілінде)

    Психология мен білім берудегі классикалық мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар – іс-әрекеттік мазмұнды қамтитын методологиялық принциптер мағынасын түсінуді, психикалық механизмдер мен түсініктерді дамыта отырып, болашақ маманның психологиялық теорияларды білім беру мен психологияда қолдану мүмкіндіктерін, іскерліктерін арттыруды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инновациялық педагогикалық технологиялар және білім беру менеджменті (орыс тілінде)

    Пәнді оқытудың мақсаты білім алушыларды инновациялық педагогикалық технологияларды дамытудағы заманауи кезеңдермен және оларды оқыту процесінде қолдану тәсілдерімен, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, педагогикалық міндеттерді шешу әдістерімен таныстыру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар инновациялық білім беру технологияларындағы негізгі тенденциялар туралы түсініктерін қалыптастырады, алған білімдерін практикалық жұмыс процесінде қолданады, бұл білім беру әлеуметтік желілерінде жұмыс жағдайында терең ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (орыс тілінде)

    Курсты оқытудың мақсаты білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен білім саласында ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдана білуге дайындау, педагогикалық әрекетте оқыту, тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінде қолданылатын алдыңғы қатарлы ақпараттық, коммуникативтік технологияларды қолдануды меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Маман азаматтық ұстанымы мен ғылыми дүниетанымын, ана тілінде және шет тілдерінде коммуникациялық бағдарламаларды құруға бейім, өзгермелі қоғам талабына жауап бере алатын белсенді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырады;
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы саласында өзін-өзі жетілдіруге және заманауи кәсіпқойлыққа бағытталған білім беру саласында іргелі білім мен дағдыларды пайдаланады;
  • Жеке және кәсіби іс-әрекеттердегі шеберлігі мен техникасы жоғары, медиабілім беру технологияларын пайдалануға қабілетті, тұлғаның әлеуметтену үдерісін және эмоционалдық интелектіні басқару қабілетін меңгереді;
  • Қазіргі педагогика және психология ғылымдары әдіснамасы мен әдістерін пайдалануға қабілетті, ғылыми-академиялық мәдениеті, кәсіби имиджі жоғары, отандық маман тұлғасы брендін қалыптастыруды көздейді;
  • Педагогикалық процесті жүзеге асырады, жасанды интеллект құралдарын, іскерлік қарым-қатынас психологиясының құралдарын еркін пайдаланады;
  • Адами капиталды дамытудағы ұлттық құндылықтарды жан-жақты, терең меңгерген, педагогика мен психологиядағы классикалық инновациялық тұғырлар сабақтастығын ұстана алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастырады;
  • Білім мен тәрбие беруді басқарудағы инновациялық (АКТ) технологияларды қолдану дағдысы қалыптасқан, коммуникативтік мәдениеті жоғары маман даярлығын қамтамасыз етеді;
  • Өзбетінше қазіргі педагогика және психология ғылым салаларының өзекті мәселелерін анықтап, түрлі ғылыми-зерттеулер жүргізу дағдылары қалыптасқан, педагогикалық-психологиялық зерттеулердегі ғылыми таным әдістерін ұтымды пайдалана алатын және ақпараттық технологияларды ғылыми-зерттеулер барысында қолдану іскерлігі жоғары, шығармашылық ізденістерді жүзеге асыра алады.

Ұқсас БББ

7M01101 Педагогика және психология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Тұран-Астана» университеті

7M01101 Педагогика және психология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Торайгыров университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Мирас» университеті (Мирас)

7M01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01101 Педагогика және психология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Инновациялық Еуразия университеті

7M01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01101 Педагогика және психология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

Top