Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01101 Педагогика және психология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, білім беру үдерісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, халықаралық талаптарға сай, кәсіби біліктілігі жоғары, психологиялық-педагогикалық білім беру үдерісін басқарудың мазмұнын, формаларын, әдістері мен құралдарын жүзеге асыруға дайын, өзгермелі еңбек нарығының талаптарына бейімделе алатын, кәсіби құзыретті жаңа формация мамандарын дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психология және адам дамуы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Студенттердің жалпы психология курсы білімдерін игеру, психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың психологиялық ойлауын дамытуды, сонымен қатар, студенттерді олардың кәсіби психологиялық даярлығын күшейтуге және психологиялық білімнің маңызды салаларының бірі даму психологиясын терең оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және практикалық білімдермен таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: болашақ мамандықтардың әлеуметтік мәні мен мазмұны туралы танысады, педагогикалық ғылым мен практикадағы құзіреттілік тұрғыда білім берудің мәні жайлы біледі, өздігімен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу негіздерін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жас ерекшелік педагогикасын оқуда студенттер әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын қарастырады. Студенттер мектепке дейінгі, бастауыш сынып, жеткіншектер мен жасөспірімдер дамуының психологиялық ерекшеліктері үйретіледі. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жас және дара ерекшеліктерімен таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік психологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерге адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму барысында адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі туралы ашып көрсетеді. Жас ерекшелік психологиясындағы адамның даму кезеңдері, жас аралығы, жас сатылары, жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістері, оларды қолдану мәселелері үйретіледі. Сонымен қатар әр адамның даму жасына байланысты психикалық заңдылықтары, тұлғаның психологиялық қасиеттері жан-жақты таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдары көрсетіледі. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері, ұстанымдары, формалары, әдіс-тәсілдері туралы ғылыми білімдер жүйесімен және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы қолдау көрсету әдіс-тәсілдері таныстырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психотерапия
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты:Курс психотерапия негіздерін, психолог пен психотерапевтің кәсіби қызметінің спецификалық түрі ретінде, психотерапияның принциптері мен заңдылықтарын, оның қарым-қатынасы мен өзара байланысын және оқытумен, тәрбиелеумен, кеңес берумен, тренингтік және адамның тұлғалық өсуіне, дамуына, түзетуі мен өзгеруіне бағытталған, көмек көрсететін кәсіптерде жұмыстың басқа да формаларымен таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Пән аясында студенттердің теориялық білімдерін арттырып, психологиялық дайындықтары нығайтылады; жеке адам психодиагностикасының ғылыми-теориялық негіздері тереңдетіліп оқытылады; психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу ережелері таныстырылады. Сондай-ақ адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін бағалау әдістері мен жолдары көрсетіледі; психологиялық практиканың әр түрлі облыстарында психологиялық-педагогикалық диагностикалауды ұйымдастыра алу дағдысы қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ педагогтарда адамның психикалық денсаулығы туралы тұтас түсінік қалыптастыру; психикалық денсаулықтың алдын алу және суицидтің алдын алу әдістері мен негізгі бағыттарын анықтау. Адамның психикалық денсаулығын анықтайтын негізгі факторлармен таныстыру. Болашақ педагогтарда психикалық денсаулықтың алдын алу және суицидтің алдын алу бойынша білім жүйесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тұлғаның дифференциалды психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пән аясында тұлғаның дифференциалды психологиясының ғылыми -зерттеу жұмысын жобалау, жүргізу жолдары мен оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ индивидтер мен топтар арасындағы айырмашылықтар, олардың себептері мен салдарын қалай зерттеуге болатындығы үйретіледі. Тұлғаның дифференциалды психологиясы шеңберінде алынған теориялық білімдердің көптеген практикалық міндеттерді шешу бағыттарымен таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: педагогикалық-психологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері мен мазмұнын үйренеді, ақпарат көздерінен алынған нәтижелерді зерттеу мен өңдеу тәсілдері туралы мағлұматтармен танысады, педагогикалық-психологиялық ғылыми-зерттеу жүргізу барысын қамту жолдарын көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Психологиялық-педагогикалық коррекция
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пән аясында психологиялық-педагогикалық коррекцияның қазіргі ғылыми-теориялық негіздері тереңдетіліп оқытылады; психологиялық-педагогикалық коррекциялық жұмыстың негізгі принциптері,түрлері мен практикалық коррекция әдістері таныстырылады.Сондай-ақ психологиялық практиканың әр түрлі облыстарында психологиялық-педагогикалық коррекциялауды ұйымдастыра алу дағдысы мен өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығы қамтамасыз етіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдаланып, болашақ педагогтың оқытуды ұйымдастыруы, цифрлық білім беру контенттерін құру және кәсіби педагогикалық ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру құзыреттіліктерін жетілдіру болып табылады. Оқытуда цифрлық білім беру қорларын пайдалану сабақтың көрнекілік, ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық форматтағы оқу-әдістемелік материалдар сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануға, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Арттерапия практикумы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Студенттерге психодиагностика және психокоррекция әдісі ретінде арт-терапия туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Студенттерді психологиялық білім жүйесіндегі арттерапияның рөлі, орны және маңызымен таныстыру. Диагностикалық зерттеу және зерттеу жүргізудің негізгі арт-терапиялық және этикалық принциптерін көрсету.Арт-терапиялық үдерісті талдауды және оның тиімділігін кәсіби тұрғыдан бағалауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Практикалық психология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Практикалық психология пәні студенттер бойында практикалық психолог қызметінің негізгі жұмыс бағыттары туралы білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған. Психологиялық қызметтің мазмұны мен маңызы, қазіргі әдістерін, жаңа психотехнологияларды, сонымен қатар психолог жүмысының жеке тұлғалық мазмұндылық, технологиялық компоненттерімен таныстырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Психологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Психологияны оқыту әдістемесі білім беру үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын, құралдары мен тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Психология бойынша оқу сабақ формаларын және оны жүргізу әдістемесін ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Заман талабына сай психологияны оқытудың әдіснамасын кәсіби іс-әрекет негізінде меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Эксперименталды психология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:экспериментальды психология ғылымындағы зерттеу әдісінің психологиялық табиғатын, эмпирикалық мәліметтерді алудың жалпы сипатымен студенттерді таныстыра отырып, психологиялық эксперименттерді жоспарлау, ұйымдастыру, зерттеу қортындысын жасай алуға ғылыми жағынан кеңінен тоқталады. Экспериментальды психология пәні студенттерді ғылыми зерттеулерді және оның құрылымы жөніндегі білімдерін бекітуді қалыптастыруға бағытталған және психологиялық экспериментальды ғылыми зерттеулер жүргізуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстар мен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пәнінің мақсаты: Педагогиканы оқыту әдістемесі курсы болашақ мамандардың білім беру ұйымдарында педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға дайын болу құзыретін қалыптастыру. Педагогиканы оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері, ұстанымдары, мазмұны, әдістері, формалары мен тәсілдері туралы ғылыми білімдер жүйесімен таныстырады. Білім беру ұйымдарында педагогиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру, басқару тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің құрылымы ретінде қарастырылады. Педагогикалық шеберліктің көрінісі – педагогикалық этика, педагогикалық тактика мен эрудиция және педагогикалық қарым-қатынас пен кәсіби рефлекция. Педагогикалық іс-әрекетті кәсіби меңгеру – шеберлік деңгейімен өлшенеді. Педагогтың шығармашылық қалыптасуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі педагогикалық шеберлік нәтижесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіптік білім беру педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: оқыту процесінде болашақ мамандардың кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруды үйренеді, психологиялық теориялық білім негіздерімен танысады, болашақ педагог-психолог мамандарын еңбек пен кәсіпке дайындау бойынша оқыту тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті теориялық негіздермен және практикалық ептіліктермен қаруландыруды көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты:Педагогикалық психология курсын оқу барысында оның зерттейтін пәнін, әдістерін, психикалық дамуын, жеке адамның өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарымен таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Пәнді оқыту барысында - студенттерге шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның теориялық және қолданбалы зерттеу аймағындағы жетістіктері көрсетіледі. Үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары (конформизм феномені, жетекшілік және лидерлік, топтық тұтастық мәселесі) туралы, жеке адамның әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері (әлеуметтану және әлеуметтік бағдар) туралы білімдер үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: «Этнопедагогика» курсы педагогикалық мамандықтардағы студенттерді жалпы педагогикалық үдерісте ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін жете түсіндіреді, білім мазмұнын ұлттық дәстүрде ұйымдастыра білуге даярлайды, ұлттық сана мен ұлттық болмысты қалыптастыруға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пәнді оқыту барысында студенттерге өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері, біліктер мен дағдылары кәсіби педагогикалық тұрғыда көрсетіледі. Өзінің және басқа да қоғам мүшелерінің мінез-құлқын реттей алуға, өзінің жеке дара тәжірибесін қоғам талаптарының нормаларымен сәйкестендіре алуға үйретіледі. Қоғамдағы мұғалім ролін жете түсіну, өзінің рухани адамгершілік дамуын ұғына білу мәселелері таныстырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: «Әлеуметтік педагогика» курсы қоғам мен әлеуметтік ортаның адам қалыптасуына ықпалын зерттейді және балаларды қоғамға сай етіп тәрбиелеу мен ендірудің жолдарын түсіндіреді. Әлеуметтендіру институттарның қызметі мен жұмыс мазмұнын сипаттап, ондағы жұмысты ұйымдастыруды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Креативті педагогика және психология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Креативті педагогика және психология тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Педагогикалық және психологиялық білімді, дағдыларды, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыруға және қойылған мақсаттарға жету және шығармашылық бағытты пайдалану қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Баланың креативтілігін қалыптастыру мен дамытуда жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістерін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психокоррекция саласындағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында студенттерге тренингтің түрлері мен негізгі бағыттарын, тренинг жүргізушісінің ролі мен функциясын, тренингтерді ұйымдастыру әдістемесін меңгертеді.Тренер-психологтың кәсіби ролі мен топпен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері таныстырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы психология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Болашақ психологтарды дамуында ауытқулары бар балаларды түзету – дамыту тәрбиесімен және оқытумен психологияны қолданудың маңызды саласымен таныстыру. Арнайы қажеттіліктері бар балаларға психологиялық көмек көрсету әдістерін практикалық көрсету және пысықтау.Әріптестермен және клиенттермен қарым-қатынаста алған білімдерін сауатты және еркін пайдалануға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қарым-қатынас психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Қарым-қатынас барысында адамдардың өзара түсінісу және бірін-бірі қабылдау дағдылары көрсетіледі. Топтар арасындағы қарым–қатынасты нығайту және әр түрлі жағдайларға төзімділік көрсету тәсілдері қарастырылады. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамның ішкі жан дүниесін түсініп, өз ойын дұрыс жеткізу ережелері таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңартылған білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық практикум
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту нәтижесінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастырудың сипаты көрсетіледі. Жаңартылған білім беру жағдайындағы мұғалімнің жеке және кәсіби сапалық қасиеттері, педагогикалық іскерлігі, кері байланысты жүзеге асыруға даярлығы, педагогикалық үдерістегі рөлі үйретіледі. Оқушылардың интербелсенді оқуын ұйымдастырудың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қолданбалы психология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пәннің аясында педагог-психологтың кәсіби жұмысын ұйымдастыру және қолданбалы психологияның әдіснамалық мәселелері, білім беру құрылымындағы педагог-психолог, оның іс-әрекетінің этикалық және кәсіби принциптері, шаралары жан-жақты көрсетіледі. Сонымен қатар педагог-психологтың кабинетін ұйымдастыру, әдістемелік жабдықтар, диагностиканың бағыттары мен әдістері, мектепте оқуға психологиялық дайындық диагностикасы үйретіледі. Практикалық психологиядағы психологиялық кеңес беру, психотерапия және түзету жұмыстары терең таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұлғаға бағытталған білім беру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пән аясында көп деңгейлі кәсіби білім берудің басым бағыттарының бірі – тұлғаға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің сапасы тереңдетіліп оқытылады; еліміздің, қоғамның динамикалық дамуы, бүгінгі өзгермелі заманға лайық өмір сүре алатын тұлғаны қалыптастыру жолдары көрсетіледі; бүгінгі мектеп оқушыларының іс-әрекетке бейімділігі, тәуелсіз болуы, педагогтарға білім алушылармен қарым-қатынаста жаңа әдіс-тәсілдері таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Пенитенциарлық психология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:Пенитенциарлық психология адамды құқықтық әрекеттің атқарушысы және әсерленуші ретінде қарастырып, зерттейді. Адам бойындағы құқықтық сана-сезімі, құқықтық және құқыққа қарсы атқарылатын жүріс-тұрыспен әрекетті оның психологиялық түрткілер жүйесін сүйемеледейтін психикалық қалыптарды және талпыныстарды зерттеу пәні ретінде қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: «Білім берудегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» пәнінің мазмұны білім беру жүйесіндегі басты мəселе жас ұрпаққа білім бере отырып, адамгершілік сапаларын қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында ұрпақтың жан-жақты дамуына, ең алдымен білімді болуына назар аудара отырып, білім алушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру және ойлай білу қабілетін арттыру, Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтегі мектеп психологының жұмыс мақсаты, міндеттеріне сәйкес практик-психологтың жұмысының мазмұнын анықталу қажет.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Конфликтологияның заманауи мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: «Конфликтология» курсы болашақ мамандардың конфликтология саласында тұлғаның дамуы мен тәрбиесіндегі міндеттерді одан әрі жүзеге асыруына, қоғамда кикілжіңсіз іс-әрекет қалыптастыруына бағытталған.Конфликтология курсының білімін зерттеу және меңгерудің негізінде студенттердің психикалық ойлауы дамиды. Семинар және практикалық сабақтарда қарым-қатынас психологиясы мен шиеленісті шешу бойынша іскерлік және дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі білім беру технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пән аясында әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдыларды шыңдап, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру мақсатында оқытылады; білім беру технологияларының құрал-саймандармен жұмыс істеу әдістері көрсетіледі; технологиялық ойлау дағдылары дамытылады; оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерге тәрбиелеу принциптері таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пән аясында басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттары көрсетіледі. Сондай-ақ басқару психологиясының қазіргі уақыттағы мәселелері мен басқару психологиясының ғылыми ұғымдар аппараты таныстырылады; адамдарды тәрбиелеу, оқыту және кәсіби бағдарлау үшін басқару психологиясы саласында алынған білімдердің маңыздылығы түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби кеңес беру психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Студенттерді отандық және шетелдік психологияда қалыптасқан психологиялық кеңес берудің негізгі тәсілдерімен, міндеттерімен және әдістерімен таныстыру; психологиялық кеңес берудің практикалық міндеттерін шешу үшін қажетті қызметтің белгілі бір түрлері мен тәсілдерін меңгеру; психологиялық кеңес беру әдістерін қолдана отырып тәжірибелік жағдайларды практикада көрсету және пысықтау, психолог-консультанттың жеке кәсіби қасиеттерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салыстырмалы педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:Білім берудің шетелдік тәжірибесін өз еліндегі тәжірибемен салыстырып, айырмашылықтарына педагогикалық баға беріп, танып, біліп алуларына мүмкіншілік жасау. Салыстырмалы педагогиканың ғылым ретінде теориялық-әдістемелік негіздері, ұстанымдары, формалары, әдіснамасы мен әдістері туралы ғылыми білімдер жүйесімен және әлемдегі білім беру тенденцияларының дамуы мен оның XXΙ ғасырдың бас кезеңдеріндегі реформалары таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Отбасы тәрбиесіндегі психологиялық практикум
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Отбасылық тәрбие бойынша психологиялық практикум отбасылық проблеманы зерттеуде қолданылатын отандық және шетелдік әдебиетте жарияланған диагностикалық процедураларды жүйелеу мәселелерін қарастырады. Ұсынылған әдістемелер зерттеушіге отбасылық жүйенің жағдайын бағалауға, отбасының барлық негізгі кіші жүйелерінің: ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар қызметінің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Девиантология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Студенттерге девиантты мінез-құлықтың дамуына бағынатын негізгі бағыттар мен бағдарларды таныстыру. Қоғамдағы өмір сүру сапасын анықтайтын әлеуметтік нормалардың ерекшеліктерін меңгерту. Девиантты мінез-құлықты диагностикалау әдісін көрсету. Девиантты мінез-құлық көмегімен профилактикалық және түзету бойынша негізгі тапсырмаларды ашықтау. Девиантты мінез-құлықтың құндылығын болжауды қалыптастыру, әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі алдын алу және түзету қағидаларын көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады

  • Код ON2

    - жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; -психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы жаңа жетістіктерді біледі және қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте қолдана алады

  • Код ON4

    -оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі; -оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, диагностикалайды, нәтижелерін қолдана біледі

  • Код ON5

    -ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаға педагогикалық қолдау көрсетеді; -инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі

  • Код ON6

    -оқу-тәрбие үдерісіне кәсіби қоғамдастықтардың, құқық органдарының, медициналық әлеуметтік қызметтерінің, балалар, жасөспірімдер қозғалыстарының, жастар ұйымдарының т.б. өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасауға қабілетті; - мектеп тәжірибесін зерттейді, бағалайды, өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін және басқа да дәлелдік дереккөздерді пайдаланады

  • Код ON7

    - теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолданады; - кәсіби қызмет нысандарында (педагогикалық, психологиялық сабақтары, факультативтер, үйірмелер, іскерлік ойындар, түзету-дамыту топтары, әлеуметтік-психологиялық тренингтер және консилиумдар және т. б.) өзге халықтардың мәдениетіне толеранттылық танытады

  • Код ON8

    - педагогикалық және психологиялық диагностикалау барысында балалар мен жасөспірімдердің жеке-типологиялық, тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып диагностикалайды және нәтижелерін дәлдікпен көрсетеді; -оқу үдерісінің стратегиялары мен жаңа модельдерін жобалау үшін педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау әдістерін талдайды

  • Код ON9

    - әлеуметтік-психологиялық факторлардың жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қызметін анықтайды; - оқыту және дамыту жағдайларында болған проблемаларды талдап көрсетеді; - көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болуды түсіндіреді

  • Код ON10

    - жағымсыз әсерлерді алдын алу мен жеңудің әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық механизмдерін анықтай отырып қолданады; - өзінің кәсіби қызметі бойынша педагогикалық және психологиялық проблеманың алдын алуға, анықтауға, жоюға қабілетті; - балалардың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарын диагностикалай алады және олардың қарым-қатынасы реттеу жолдарын түсіндіреді

  • Код ON11

    - ерікті көмекшілерді әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жұмысқа қосуға ықпал ету ерекшеліктерін анықтайды; - әр түрлі әлеуметтік топтармен қатынас жасау түрлері мен әдістерін, кәсіптік көшбасшылықтың негіздерін меңгерген; - балалардың физиология мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлайды, педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды, білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды және білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады

  • Код ON12

    - топта жұмыс істеуге қабілетті, өз пікірін ұжым пікірі мен ұштастыра біледі, қақтығыстарды шешуде өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары сенім көрсетеді; -командада жұмыс жасауға қабілетті, тұлғалық және мәдениет айырмашылықтарын шыдамдылықпен қабылдайды және кәсіптік даму мақсатында әріптестерімен бірге қызмет жасайды

6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B01101-Педагогика және психология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 6B011 Педагогика және психология
Бакалавриат

Зулқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 6B01101 – Педагогика және психология
Бакалавриат

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қайнар академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Қазақстан инновациялық академиясы

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01101 Педагогика және психология
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top